Aqorda 🇰🇿
58.1K subscribers
12.7K photos
2.62K videos
14.4K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жиында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Көлік министрі Марат Қарабаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев, «Accor» қонақүйлер желісінің ТМД бойынша бас директоры Алексис Деларофф, «Orient Finance Group» компаниясының акционері Руслан Шаекин, «PANA Group» компаниясының тең құрылтайшысы Нұржан Ниязалиев, «SkyWayTravel» туристік компаниясының директоры Әсем Қозбағарова сөз сөйледі.

* * *

На совещании также выступили министр туризма и спорта Ермек Маржикпаев, министр транспорта Марат Карабаев, аким города Алматы Ерболат Досаев, аким Восточно-Казахстанской области Ермек Кошербаев, генеральный директор сети отелей Accor по СНГ Алексис Деларофф, акционер компании Orient Finance Group Руслан Шаекин, соучредитель компании PANA Group Нуржан Ниязалиев, директор туристической компании SkyWayTravel Асем Козбагарова.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризмді дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінің толық нұсқасы

Полное
выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на совещании по развитию туризма
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Марат Сұлтанғазиев:

➤ облыстың биылғы қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады:
– жалпы өңірлік өнім көлемі 5 триллион теңгеге жеткен облыс еліміз бойынша бесінші орында тұр;
– қаңтар-мамыр айларындағы қысқа мерзімдік экономикалық көрсеткіш 107,9 пайызды құраған;
– өнеркәсіптің жалпы көлемі жөнінен өңдеу өнеркәсібі (88,5%) жетекші орынға ие;
➤ ауыл шаруашылығы, байланыс қызметі, көлік, құрылыс салаларында және сауда-саттық секторында да айтарлықтай өсім қарқыны байқалатынын айтты;
➤ облыс аумағында 7 индустриялық аймақ құрылып жатқаны жөнінде баяндалды. Өңірдің 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфеліне жалпы құны 3,7 триллион теңге болатын 207 жоба енген. Биыл сомасы 446,7 миллиард теңге болатын 58 жоба жүзеге асырылып, 5,3 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ;
➤ шағын және орта бизнестің дамуы жөнінде мәлімет берді:
– 2024 жылдың басындағы дерекке сәйкес өңірде 136,7 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6,3 пайызға көп;
– «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 53 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Оның 46-сына тиісті қаржылай қолдау көрсетілген;
➤ өңірдегі әлеуметтік мәселелер, соның ішінде үш ауысымды мектептердің проблемасы жоспарлы түрде шешіліп жатқанын айтты:
– былтыр 13,8 мың орындық 13 мектептің құрылысы аяқталған;
– 2024-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы да 53 мектеп салу жоспарланып отыр.
➤ Алматы облысында жүргізілген «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының алғашқы бес аптасының қорытындысы таныстырылды. Облыс тұрғындары қоғамдық орындарды абаттандыру және жаппай ағаш отырғызу ісіне белсенді атсалысқан. Аталған шара аясында 19 506 тонна қоқыс жиналып, 6600 гектардан астам аумақ тазартылған.

❗️Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық мәдениетті қалыптастыратын маңызды қадам екенін атап өтіп, облыс әкіміне аталған жұмысты тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.

✔️Кездесу барысында облыс орталығы Қонаевты, жаңадан құрылған Алатау қаласын және тұтас агломерацияны дамыту перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысына қала құрылысына қатысты құжаттаманы әзірлеу және бекіту жұмыстарының аралық нәтижесі таныстырылды.

❗️ Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың стратегиялық даму жоспарын орындауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ Alatau City жобасын жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторлармен қарым-қатынасты жандандыруды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады Марат Сұлтанғазиев: ➤ облыстың биылғы қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады: – жалпы өңірлік өнім көлемі 5 триллион теңгеге…
Глава государства принял акима Алматинской области Марата Султангазиева

Марат Султангазиев:

➤ доложил об основных показателях социально-экономического развития региона за январь-май 2024 года:
– валовый региональный продукт области достиг 5 трлн тенге, по этому показатели она занимает пятое место в стране;
– краткосрочный экономический индикатор за январь-апрель составил 107,9%;
– обрабатывающая отрасль занимает лидирующее положение в общем объеме промышленности (88,5%);
➤ рассказал, что наблюдается значительная динамика роста в таких отраслях, как сельское хозяйство, услуги связи, транспорт, строительство и торговый сектор;
➤ сообщил о формировании на территории области 7 индустриальных зон. Инвестиционный портфель региона до 2030 года включает в себя 207 проектов на 3,7 трлн тенге. В этом году будет реализовано 58 проектов на 446,7 млрд тенге с созданием 5,3 тыс. рабочих мест;
➤ проинформировал о развитии малого и среднего бизнеса:
– на начало 2024 года в регионе действует 136,7 тыс. субъектов МСБ, что на 6,3% больше, чем в предыдущем году;
– в рамках программы «Ауыл аманаты» создано 53 сельскохозяйственных кооператива, 46 из которых получили финансовую поддержку;
➤ доложил, что в регионе планомерно решаются социальные вопросы, в том числе проблема трехсменных школ:
– в прошлом году построено 13 школ на 13,8 тыс. мест;
– в 2024-2025 годах в рамках национального проекта «Комфортная школа» планируется возвести 53 школы;
➤ представил итоги первых пяти недель экологической акции «Таза Қазақстан». Жители Алматинской области активно участвовали в благоустройстве общественных пространств и массовой посадке деревьев. За время акции было собрано 19506 тонн мусора, очищено более 6600 гектаров территории.

❗️Глава государства назвал инициативу «Таза Қазақстан» важным шагом к формированию экологической культуры и дал поручение акиму продолжить данную работу на постоянной основе.

✔️В ходе встречи были обсуждены перспективы развития областного центра Қонаев, нового города Алатау и всей агломерации. Главе государства представили промежуточные результаты разработки градостроительной документации.

❗️Касым-Жомарт Токаев поручил продолжить работу над исполнением стратегических планов развития области, а также активизировать усилия по взаимодействию с потенциальными инвесторами для реализации флагманского проекта Alatau City.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Асхат Жұмағали:

✔️жемқорлыққа қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады:
– жыл басынан бері елімізде 947 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 660 адам әшкереленген. Оның 104-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар;
– тергеу амалдары аяқталған қылмыстық істер аясында 193,5 миллиард теңге өтелген. Жалпы, 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,03 триллион теңге көлемінде мүліктік активтер мен қаржы қайтарылған;
– биыл білім, ғылым, спорт, дәрі-дәрмек сатып алу, құрылыс, жер телімдерін бөлу салаларына жүргізілген талдау және мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша 113 есеп әзірленген;
– мемлекеттік органдарға жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған мыңнан астам ұсыныс берілген;
– алдын алу шаралары аясында, соның ішінде «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталына мониторинг жүргізу арқылы 31 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеген;
– «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру кезінде 7,5 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалып, 67 түйткілді кейс шешімін тапқан;
✔️жол саласындағы жемқорлық әрекеттерді жоюға қатысты тапсырмасының орындалу барысы жөнінде баяндады:
– «ақшаны бояу» пилоттық жобасын әлеуметтік маңызы бар салаларда, соның ішінде жол құрылысында іске асыру жоспарланып отыр;
✔️жыл басынан бері Қатар, Гонконг, Әзербайжан және Ресей Федерациясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарымен ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойылғаны жайында мәлімет берді. Аталған құжаттар құқықтық көмек көрсету, активтерді қайтару, адамдарды іздестіру, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына және сатып алу үдерісіне мониторинг жүргізу мәселелері бойынша серіктестікті нығайтуға бағытталған.

❗️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM