Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.5K photos
2.6K videos
14.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
🇰🇿📞🇷🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

▪️Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

▪️Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы үйлесімді іс-қимылдарын жоғары бағалады.

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿📞🇷🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті ▪️Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік…
🇰🇿📞🇷🇺 Президент Касым-Жомарт Токаев провел телефонный разговор с Президентом России Владимиром Путиным

▪️В ходе переговоров собеседники обсудили текущее состояние и перспективы казахско-российского сотрудничества, отметив его поступательное развитие в духе стратегического партнерства и союзничества.

▪️Главы государств высоко оценили слаженное взаимодействие правительств двух стран по выполнению достигнутых договоренностей в торгово-экономической, инвестиционно-промышленной и культурно-гуманитарной областях.

▪️Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин обменялись мнениями по актуальным вопросам международной повестки, а также сверили часы по графику предстоящих встреч.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы эколог, ECO Network жобасының жетекшісі Евгений Мұхамеджановты қабылдады

Кездесу барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған орта проблемаларын шешу ісіне азаматтарды, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті кеңінен тарту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Евгений Мұхамеджановтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ECO Network жобасын оң бағалады. Мемлекет басшысы, ең алдымен, адамның мәдениетін, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды бөлек сұрыптау және қайта өңдеуді көздейтін «Экохаб», «Жасыл кеңсе», «Жасыл мектеп» бағыттары экомәдениетті дәріптеудің тиімді тетігі ретінде жаппай таратуға лайық тәжірибе екенін атап өтті.

▪️Евгений Мұхамеджановтың айтуынша, қазірдің өзінде ECO Network жобасына Қазақстан бойынша жүздеген компания мен оқу орындары қосылған. Олар бизнес процестеріне экостандарттарды енгізіп, экономиканы декарбонизациялау үдерісіне елеулі үлес қосып жатыр.

Президент экологтың бастамалары жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының идеологиясымен үндес екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Евгений Мұхамеджановтың «Жасыл Алматы» жобалық кеңсесінің жетекшісі ретінде шаһардың экологиялық мәселелерін шешудің тиімді әрі креативті тәсілдерін жүзеге асыратынына сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял эколога, руководителя проекта ECO Network Евгения Мухамеджанова

В ходе встречи Президента Казахстана с известным экоактивистом были рассмотрены вопросы формирования экологической культуры и широкого вовлечения граждан, неправительственных организаций и бизнеса в решение экологических проблем.

Касым-Жомарт Токаев положительно оценил проект ECO Network, который реализуется по инициативе Евгения Мухамеджанова. Глава государства считает актуальными такие направления, как «Экохаб», «Зеленый офис», «Зеленая школа», которые предусматривают, в первую очередь, формирование культуры человека и его отношения к окружающей среде, а также сортировку и переработку бытовых отходов. Президент отметил, что широкая реализация этих начинаний может стать эффективным механизмом популяризации экокультуры.

▪️По словам Евгения Мухамеджанова, к проекту ECO Network уже подключились сотни компаний и учебных заведений по всему Казахстану. Они внедряют экостандарты в бизнес-процессы и вносят значительный вклад в процесс декарбонизации экономики.

Президент обратил внимание на то, что инициативы эколога перекликаются с идеологией общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан».

Касым-Жомарт Токаев выразил уверенность в том, что Евгений Мухамеджанов в качестве руководителя проектного офиса «Жасыл Алматы» реализует эффективные и креативные способы решения экологических проблем города.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы «Жол ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС директоры Бағдат Телтаевты қабылдады

🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол құрылысы және жол жабындылары механикасын зерттеуші ғалым Бағдат Телтаевпен кездесті.

🟦Жүздесуде Алматы қаласындағы және еліміздегі жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары, инновациялық технологияларды енгізу және аталған салаға маман даярлау мәселелері талқыланды.

🟦Мемлекет басшысына қалалардың қарқынды дамуына байланысты туындаған, көлік инфрақұрылымына айтарлықтай салмақ түсіретін басты проблемалар мен сын-қатерлер туралы мәлімет беріліп, оларды шешу жолдары жөнінде баяндалды.

🟦Атап айтқанда, Бағдат Телтаев жол құрылысына құрамында полимер қосындылары бар асфальтбетон қолдану тәжірибесінің сәтті өткенін жеткізді. Жүргізілген сынақ нәтижесінде аталған технология жолдың ойылуына және жарықшақтардың пайда болуына, сондай-ақ тағы да басқа климаттық әсерлерге төзімді екені анықталды.

🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Бағдат Телтаевқа ризашылығын білдіріп, жол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін ғылыми зерттеулерді жалғастырудың және жол құрылысына озық технологияларды енгізудің маңызды екеніне назар аударды. Айтылған ұсыныстар негізінде Үкіметке және салалық министрлікке тиісті тапсырмалар беріледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял директора ТОО «Дорожный научно-производственный центр» Багдата Телтаева

🟦Президент Касым-Жомарт Токаев принял ученого в области дорожного строительства и механики дорожных покрытий Багдата Телтаева.

🟦Встреча была посвящена обсуждению перспектив развития дорожной инфраструктуры в Алматы и стране в целом, внедрению инновационных технологий и подготовке кадров в данной области.

🟦Глава государства был проинформирован о ключевых проблемах и вызовах, связанных с динамичным развитием мегаполисов, которое приводит к существенной нагрузке на транспортную инфраструктуру, и путях их решения.

🟦В частности, Багдат Телтаев поделился успешным опытом использования в дорожном строительстве асфальтобетона с применением полимерных добавок. Апробирование показало, что данная технология обеспечивает устойчивость к образованию колеи, трещин, а также климатическим воздействиям.

🟦Президент выразил благодарность Багдату Телтаеву за вклад в развитие отрасли и подчеркнул важность продолжения научных исследований и внедрения передовых технологий для повышения качества и безопасности дорожной инфраструктуры. По итогам высказанных предложений Правительству и профильному министерству будут даны соответствующие поручения.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесті

Глава государства Касым-Жомарт Токаев встретился с учеными


t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Бүгін Сіздермен Ғылым ордасында жиналып отырмыз. Қуаныштымын. Бұл – қазақ ғылымының қара шаңырағы.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, соңғы кездері бұл ғимарат әбден тозып кетті. Сондықтан мен осыдан екі жыл бұрын бұл жерде күрделі жөндеу жүргізу жөнінде нақты тапсырма бердім. Содан бері біраз шаруа атқарылды. Іші де, сырты да заман талабына сай жаңғыртылды. Ең бастысы, ғимараттың тарихи келбеті сақталды. Жыл соңына дейін бұл жұмыс толық аяқталады, абаттандыру жұмысы жүргізіледі. Жаңарған Ғылым ордасы бүгінгі және болашақ ғалымдар үшін қызмет ете береді.

Жалпы, осы жерде халқымыздың көптеген көрнекті ғалымдары еңбек еткен. Ғылым ордасында есімі ел тарихына жазылған біртуар тұлғаларымыздың ізі қалған. Сондай ұлт перзенттерінің бірі әрі бірегейі – академик Қаныш Сәтбаев. Биыл ғалымның туғанына 125 жыл толды. Академик Қаныш Сәтбаев елімізді өркендетуге орасан зор үлес қосты. «Ғалымның хаты өлмейді» деген. Халқымыз әлі күнге дейін оның ашқан жаңалықтарының игілігін көріп отыр.

Қазір – ғылым мен білімнің заманы. Отанымызды көркейтеміз десек, ең алдымен, осы екі саланы дамытуымыз керек. Бұдан басқа жол жоқ»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Я рад нашей сегодняшней встрече. «Ғылым ордасы» – колыбель казахской науки.

Как известно, за последнее время это здание изрядно обветшало. Поэтому два года назад я дал поручение провести здесь капитальный ремонт. В соответствии с современными требованиями были проведены реставрационные работы как внутри, так и снаружи здания. Самое главное – был сохранен его исторический облик. До конца года будут полностью завершены работы и проведено благоустройство. «Ғылым ордасы» продолжит служить сегодняшним и будущим ученым.

Здесь трудились многие выдающиеся деятели науки, имена которых вписаны в историю страны. Один из таких величайших представителей нашего народа – академик Каныш Сатпаев. В этом году исполнилось 125 лет со дня его рождения. Каныш Сатпаев внес огромный вклад в развитие нашей страны. Его научные открытия и по сей день служат во благо людям. Недаром говорят: «Ғалымның хаты өлмейді» («Слова ученого не умирают»).

Мы живем в эпоху науки и образования. Во имя процветания нашей Родины мы должны уделить особое внимание развитию этих сфер. Другого пути нет»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды. Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек.

Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс.

Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет. Жалпы, осы бағытта біраз шаруа атқарылып жатыр. Мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты тапсырма бердім. Барлық мәселе менің тікелей бақылауымда.

Қазір «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Кеше Сенат оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат. Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек. Ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де өте маңызды. Сондықтан Заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескерілетін болады»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«У страны, которая полагается только на сырье, нет будущего. Нам нужны ученые, инженеры, изобретатели. Наши специалисты должны быть образованными и квалифицированными, чтобы выдерживать глобальную конкуренцию.

В этот сложный период, когда обострилось соперничество между государствами во всех сферах, наша страна начала переход к новой модели экономики. Мы приступили к созданию справедливой, инклюзивной и конкурентоспособной экономики. В ее основе должны быть наука и инновации.

Нам необходимо войти в числе ведущих, а не ведомых стран. Одним словом, следует повышать наш научный потенциал. В целом, работа в этом направлении ведется. На заседании Национального совета по науке и технологиям я дал ряд конкретных поручений. Решение всех проблем осуществляется под моим непосредственным контролем.

В настоящее время в Парламенте рассматривается законопроект «О науке и технологической политике». Вчера Сенат одобрил его в первом чтении. Это очень важный и долгожданный документ. Необходимо совершенствовать систему управления наукой. Особую важность приобретает вопрос социальной поддержки ученых. Поэтому в законе будут максимально учтены интересы научного сообщества»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы:

«Өздеріңізге мәлім, ғылымға бөлінетін қаржы ұдайы артып келеді. Білікті кадрлар әзірлеуге арналған грант саны соңғы жылдары бір жарым есе көбейді.

Қазақстанда әлемнің беделді 12 жоғары оқу орнының филиалы жұмыс істеп тұр. Көп ұзамай тағы бірнешеуі ашылады. Зерттеу жұмыстарымен айналысатын университеттер көбеюде. Технология парктері және инжиниринг орталықтары ашылып жатыр. Жыл сайын 500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді. Министрлік жас ғалымдарға мыңдаған грант бөліп жатыр. Мұның бәрі ғылымды дамытуға оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

Мен шетелге сапарларым кезінде ғалымдармен жиі кездесемін. Оларды қазақ ғалымдарымен тығыз байланыс орнатуға шақырамын. Өткен аптада сингапурлық ғалымдармен және ондағы жоғары оқу орындарының ректорларымен арнайы жүздестім. Енді Сингапурда ғылыми кадрларымызды оқытатын болдық. Жалпы, Сингапур сияқты экономикасы озық елдерден көп нәрсе үйренуге болады.

Постиндустриалды дәуірде әлемге ашық болу және инновацияға ұмтылу кез келген елдің табысқа жетуі үшін аса маңызды фактор саналады. Сондықтан үздік халықаралық тәжірибені мұқият зерттейміз және одан үлгі аламыз. Озық технологиялар мен идеяларды енгіземіз»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства:

«Как известно, средства, выделяемые на науку, постоянно растут. Количество грантов на подготовку квалифицированных кадров за последние годы увеличилось в полтора раза.

В Казахстане действует 12 филиалов престижных вузов мира. В ближайшее время будет открыто еще несколько. Растет число университетов, осуществляющих научные исследования. Открываются технологические парки и инженерные центры. Ежегодно 500 ученых проходят стажировку за рубежом. Министерство выделяет тысячи грантов молодым ученым. Уверен, все это положительно скажется на развитии науки.

Во время зарубежных визитов я часто встречаюсь с учеными и призываю их наладить тесные связи с казахскими учеными. На прошлой неделе я специально встретился с учеными и ректорами высших учебных заведений в Сингапуре. Теперь мы будем обучать там наших научных работников. В целом, нам есть чему поучиться у таких стран с передовой экономикой, как Сингапур.

В постиндустриальную эпоху важнейшим фактором успеха любой страны выступает открытость миру и стремление к инновациям. Поэтому мы внимательно изучаем и перенимаем лучший международный опыт, внедряем передовые технологии и идеи»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізе отырып, барлық мүдделі мемлекетпен теңқұқықты және өзара тиімді қатынас орнатамыз. Біз серіктестікке баса мән береміз. Арамызды ажыратып, сенімге сызат түсіретін қабырға тұрғызу үшін емес, ынтымақтастық пен өзара түсіністікке бастайтын көпір салу мақсатында жүйелі жұмыс істейміз. Алайда қазіргі уақытта жанжалдар мен соғыс өрті басылмай тұрған аймақтарда мұндай сындарлы саясат жүргізу өте ауыр. Ол үшін табандылық пен сабырлық керек.

Дипломатия мен диалог жолын ұстана отырып, біз үйлесімді әрі әділетті халықаралық құрылым құруды жақтаймыз. Біз ел ішінде жан-жақты реформаларды жүзеге асырып жатырмыз. Сондай-ақ қандай да бір саяси жағдайдың ығына жығылмай немесе бөтен пікірлерге ермей, ұлттық мүддемізді көздейтін теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырмыз.

Мемлекет басшысы ретінде, мен үшін Тәуелсіздік құндылықтарын сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру және елімізді қарқынды дамыту – басты міндет. Мен әрдайым осы негізгі қағидатқа баса мән беремін. Бес жыл ішінде біз саясат пен экономикадан бастап, мәдениет пен білім беру ісіне дейінгі барлық маңызды салалар бойынша ауқымды әрі институционалды өзгерістерді жүзеге асыра алдық. Ең бастысы, біз халықтың бойындағы шынайы өзгерістерге деген сенімді ояттық. Біз өз бағытымыздан қайтпаймыз. Қолға алған реформалардың бәрін жоспарлы түрде іске асыра береміз»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Проводя сбалансированную, конструктивную внешнюю политику, выстраиваем равноправные и взаимовыгодные отношения со всеми заинтересованными государствами. Мы ориентируемся на партнерство, последовательно возводим мосты сотрудничества и взаимопонимания, а не стены отчуждения и недоверия. Однако в современном мире, где не затухают конфликты и войны, такая созидательная политика – это очень тернистый путь, для преодоления которого потребуются твердость и терпение.

Делая выбор в пользу дипломатии и диалога, мы показываем нашу приверженность построению гармоничной и справедливой международной структуры. Мы находимся в процессе реализации всесторонних реформ внутри страны, а также проводим сбалансированную внешнюю политику, исходя из наших национальных интересов, а не из соображений какой-либо политической конъюнктуры или в угоду пристрастным мнениям со стороны.

Для меня, как Главы государства, на первом месте стоят ценности нашей Независимости, благополучие народа и поступательное развитие страны. Я всегда следую этому основополагающему принципу. За пять лет нам удалось осуществить по-настоящему масштабные институциональные преобразования практически во всех ключевых сферах, от политики и экономики, до культуры и образования. Но самое главное – мы пробудили в людях веру в реальность перемен. И с намеченного пути мы уже не свернем, продолжим планомерно осуществлять все задуманные реформы»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Стратегиялық бағдарымыз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Еліміздің барлық азаматы, әсіресе жастар мұны жақсы түсінуі керек және реформалардан шет қалмағаны абзал.

Бүгінгі жас ұрпақ жаңғыру үдерістеріне атсалысып, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың игілігін толық сезінуі қажет. Дарынды, талапты және еңбекқор жастар, оның ішінде ғалымдар – заманауи Қазақстанның жарқын келбеті. Жас әрі терең білімді азаматтар – ұлтымыздың басты капиталы және қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші.

Халқымыз қашанда жаңашылдыққа құштар болған. Әрдайым білімге, шығармашылыққа және жасампаздыққа ұмтылған, бірлік пен ынтымақты ту еткен.
Бүгінде халқымыздың жоғары білім деңгейі, озық ойлау жүйесі, азаматтардың жауапкершілігі, көп тілді жетік меңгеруі және мәдени әралуандылығы ұлттық бірегейлігіміз бен қазақтың «жұмсақ күші» дейтін ұғымның негізін құрайды. Мұның бәрін бір ауыз сөзбен қазақтың «жұмсақ күші», яғни «soft power» деуге болады»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«Наш стратегический курс нацелен на поступательное укрепление нашей государственности и повышение благополучия народа. Важно, чтобы все граждане, в особенности молодежь, хорошо понимали это и не оставались в стороне от реформ.

Именно новому поколению предстоит включиться в процесс преобразований и в полной мере ощутить плоды проводимых в нашей стране реформ. Одаренная, целеустремленная и трудолюбивая молодежь, в том числе ученые, – яркий символ современного Казахстана. Молодые высокообразованные граждане являются главным капиталом нашей нации и ключевым двигателем позитивных перемен в обществе.

Во все времена наш народ был открыт ко всему новому, стремился к знаниям, творчеству и созиданию, превозносил ценности единства и солидарности. Сегодня высокий уровень образования, прогрессивное мышление, гражданская ответственность, уникальное полиязычие и культурное многообразие являются базовыми составляющими нашей национальной идентичности и ключевыми элементами так называемой казахской мягкой силы, или soft power»

t.me/aqorda_resmi