Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.3K photos
2.58K videos
14.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
🇸🇬 Сеа Киань Пен қонақжайлық танытқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығын тереңдету үшін мол әлеует бар екенін айтты

✔️Кездесуде экономикалық және инвестициялық ықпалдастық перспективаларына баса назар аударылды.

✔️Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

t.me/aqorda_resmi
🇸🇬 Сеа Киань Пен выразил благодарность Главе государства за гостеприимство и отметил имеющийся огромный потенциал для углубления сотрудничества

✔️На встрече особое внимание было уделено перспективам экономического и инвестиционного взаимодействия.

✔️Также были обсуждены вопросы региональной и международной повестки.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

✍️ Распоряжением Главы государства Утенов Аркен Хамитович освобожден от должности заместителя Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.


t.me/aqorda_resmi
Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады

✔️Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.

✔️Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады ✔️Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады. ✔️Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің…
Глава государства принял уполномоченного по защите прав предпринимателей Каната Нурова

✔️Президент принял вновь назначенного уполномоченного по защите прав предпринимателей Казахстана Каната Нурова.

✔️В ходе встречи Глава государства подчеркнул необходимость активизации работы по защите прав предпринимателей.

❗️Касым-Жомарт Токаев дал ряд поручений, направленных на выявление административных барьеров в отношении бизнеса и разработку мер по их устранению, а также создание благоприятной среды для развития отечественного предпринимательства.

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

▪️Мемлекет басшысына елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндалды. Сондай-ақ сот жүйесін реформалауға қатысты бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды.

▪️Асламбек Мерғалиев сот ісіне жасанды интеллект пен роботизация элементтері бар IT-cервистердің енгізілуі жөнінде мәлімет берді. Бұл шара соттар қызметіндегі ашықтық пен әділ сот төрелігіне ықпал етеді.

▪️Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және істерді қарау кезінде соттың барлық сатысында заңдылықты сақтау мәселесіне айрықша назар аударды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сот қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады ▪️Мемлекет басшысына елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндалды. Сондай-ақ сот жүйесін реформалауға қатысты бұған дейін берілген тапсырмаларының…
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя Верховного суда Асламбека Мергалиева

▪️Глава государства заслушал вопросы обеспечения справедливого судопроизводства в стране, а также ход реализации ранее данных поручений по реформированию судебной системы.

▪️Асламбек Мергалиев рассказал об этапах внедрения в судопроизводство IT-сервисов с элементами искусственного интеллекта и роботизации с целью повышения прозрачности деятельности судов и доступа к правосудию.

▪️Глава государства обратил особое внимание на качество проводимых реформ судебной системы и обеспечение законности при рассмотрении дел во всех инстанциях. Также он указал на важность дальнейшего внедрения информационных технологий в работе судов.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Мусин Багдат Батырбекович освобожден от должности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
Президент Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Берік Асылов:

✔️еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде баяндады;
✔️еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқықтық салада азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берді:
– прокурорлар тергеу орындары заңсыз қамауға алған 449 адамды босатқан;
– 515 адамға қатысты шыққан үкімді қайта қарау жөнінде бастама көтерген. Оның ішінде 205 сотталушының жағдайы жақсарып, 10 адам ақталған;
✔️активтерді қайтару және қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары барысында прокуратура органдарының жасанды интеллектіні пайдалануы жөнінде баяндады:
– Бас прокуратурада елден заңсыз шығарылған активтерді іздеу және ізіне түсу үшін қолданылатын «ақылды» аналитикалық платформаны пилоттық режимде сынап көру жұмыстары басталған;
– қазіргі таңда қабылданған шаралардың, соның ішінде ақпараттық жүйелерді пайдаланудың нәтижесінде іздеуде жүрген 605 қылмыскер ұсталған;
✔️бүгінде прокурорлар жүзеге асырылып жатқан 663 инвестициялық жобаға құқықтық кеңес беріп отырғанын айтты. Биыл ел экономикасына 2,4 триллион теңге көлемінде инвестиция салған 148 инвестордың түйткілді мәселесі шешілген.

❗️Президент шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтару үшін заманауи технологияларды кеңінен қолдану ісін жалғастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың және инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтың құқықтарын прокурорлық қадағалау шараларымен тиімді қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады Берік Асылов: ✔️еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде баяндады; ✔️еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық…
Глава государства принял Генерального прокурора Берика Асылова

Берик Асылов:

✔️отчитался о состоянии законности в стране и основных итогах работы по приоритетным направлениям надзорной деятельности;
✔️проинформировал о криминогенной ситуации и мерах, принимаемых по соблюдению конституционных прав граждан в уголовно-правовой сфере:
– прокурорами из служебных помещений органов следствия освобождены 449 незаконно задержанных лиц;
– инициирован пересмотр приговоров в отношении 515 лиц, в том числе улучшено положение 205 осужденных, оправдано 10 человек;
✔️доложил о применении органами прокуратуры искусственного интеллекта в работе по возврату активов и розыску преступников:
– в Генеральной прокуратуре запущено пилотное апробирование «умной» аналитической платформы по поиску и отслеживанию незаконно выведенных из страны активов;
– на сегодняшний день в результате принятых мер, в том числе с использованием информационных систем задержаны 605 разыскиваемых преступников;
✔️сообщил о том, что прокурорами сопровождается 663 инвестпроекта. В текущем году разрешены проблемные вопросы 148 инвесторов, вклад в экономику которых составляет 2,4 трлн тенге.

❗️Президент поручил продолжить использование широкого спектра современных технологий, направленных на поиск и возврат незаконно выведенных за рубеж активов. Он подчеркнул важность обеспечения защиты конституционных прав граждан в уголовном процессе и эффективной защиты мерами прокурорского надзора прав инвесторов и бизнес-сообщества.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Ермек Сағымбаев:

✔️Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижелері, ведомствоны реформалау барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берді;
✔️ұлттық қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге байланысты ҰҚК қызметін жетілдіру шаралары, соның ішінде нормативтік-құқықтық базаны дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту, озық ақпараттық технологияларды енгізу және қызметтік процестерді бюрократиядан арылту жайында баяндады;
✔️елімізде террористік және экстремистік әрекеттерге жол бермеу жұмыстарының күшейтілгені жөнінде айтты. Жыл басынан бері ҰҚК материалдары бойынша терроризм мен экстремизмге қатысы болғаны үшін 25 адам сотталған, сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында тағы 13 адам ұсталған;
✔️криминогендік ахуалды сауықтыру шаралары туралы ақпарат берді:
– Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 6 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылған және 35 адам тұтқындалған. Заңсыз айналымнан 148 қару, қолдан жасалған 5 жарылғыш құрал, 32 граната және 4431 оқ-дәрі тәркіленген;
– есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында 16 операция жүргізілген. Есірткі тасымалдайтын 18 халықаралық және 9 өңірлік арна, сондай-ақ 10 есірткі зертханасы жойылған. 800 келіден астам есірткі және психотроптық заттар, 14 тонна химиялық реагенттер мен көкнәр шикізаты тәркіленген;
– экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде мемлекетке 707 миллиард теңгеден астам сома залал келтіруге жол берілмеген және бюджетке 1,2 миллиард теңге қайтарылған;
– мемлекеттік шекараны бұзған 7 мыңнан астам адам ұсталған. Шекара арқылы қару-жарақ пен оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды тасымалдауға қатысты 395 әрекеттің жолы кесілген. Сондай-ақ 3,2 миллиард теңге көлеміндегі валютаны және құны 7,6 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз өткізуге тосқауыл қойылған;
✔️мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жасалған 50,3 миллион кибер және 819 DDoS-шабуылға тойтарыс берілгені туралы баяндады.

❗️Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызмет бағыттарына қатысты бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял председателя Комитета национальной безопасности Ермека Сагимбаева

Ермек Сагимбаев:

✔️отчитался о результатах работы КНБ с начала текущего года, ходе реформирования ведомства и задачах на предстоящий период;
✔️доложил о мерах по совершенствованию деятельности Комитета в соответствии с актуальными вызовами и угрозами национальной безопасности, в том числе развитии нормативной правовой базы, укреплении кадрового потенциала, внедрении передовых информационных технологий и дебюрократизации служебных процессов;
✔️сообщил об усилении работы по недопущению террористических и экстремистских проявлений в стране:
– с начала года по материалам КНБ за причастность к терроризму и экстремизму осуждено 25 лиц, еще 13 задержаны в рамках досудебных расследований;
✔️проинформировал о мерах по оздоровлению криминогенной ситуации:
– совместно с МВД пресечена деятельность 6 криминальных группировок, арестовано 35 человек. Из незаконного оборота изъято 148 единиц огнестрельного оружия, 5 СВУ, 32 гранаты и 4431 боеприпас;
– проведено 16 операций в рамках борьбы с наркобизнесом. Ликвидировано 18 международных и 9 региональных каналов поставок наркотиков, а также деятельность 10 нарколабораторий. Изъято свыше 800 кг наркотических средств и психотропных веществ, 14 тонн химических реагентов и сырья маковой соломы;
– в рамках обеспечения экономической безопасности и противодействия системной коррупции предотвращен ущерб государству на сумму свыше 707 млрд тенге, в госбюджет возмещено 1,2 млрд тенге;
– в сфере охраны Государственной границы задержано свыше 7 тысяч правонарушителей, пресечено 395 попыток провоза оружия и боеприпасов, наркотиков и иных запрещенных предметов. Не допущено незаконное перемещение через Госграницу валюты на сумму 3,2 млрд тенге и товаров на сумму 7,6 млрд тенге;
✔️доложил об отражении 50,3 млн кибер и 819 DDoS-атак на информационные системы государственных органов.

❗️Президент дал ряд поручений по направлениям деятельности органов национальной безопасности.

t.me/aqorda_resmi
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Қадірлі отандастар!


Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.

Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы.

Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді.

Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. Қазақ…
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем единства народа Казахстана

Уважаемые соотечественники!


Поздравляю вас всех с Днем единства народа Казахстана!
Этот праздник символизирует спокойствие и стабильность, мир и согласие в стране.

Наша уникальная цивилизация сформирована благодаря гармоничному сплаву культур, религий и традиций многих этносов, которые обрели Родину на казахской земле. Все граждане нашего государства – это единая нация, вовлеченная в строительство Справедливого Казахстана. Именно в сплоченности заключается сила нашего народа. Поэтому мы должны прилагать все усилия для сохранения и укрепления этого достояния. Это священный долг и почетная обязанность каждого гражданина нашего государства.

Общенациональное единство проходит проверку на прочность в дни испытаний. В этом году мы сообща боремся с беспрецедентными паводками. Единение нации убедительно проявилось в бескорыстной взаимопомощи, искреннем сопереживании граждан друг другу. Мы вновь показали, что в тяжелейшие моменты истории народ Казахстана един и настроен на достижение успехов и побед.

Такие высокие качества, как созидание и новаторство, трудолюбие и стремление к знаниям, солидарность и ответственность, станут надежным залогом процветания нашего народа.

Желаю всем гражданам нашей страны крепкого здоровья и благополучия!

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

С Днем единства народа Казахстана!

🎦 t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдемесі

▪️Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын.

▪️Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді.

▪️Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді.

t.me/aqorda_resmi
Заявление Президента Касым-Жомарта Токаева о переговорном процессе между Азербайджаном и Арменией в Алматы
 
▪️Приветствую согласие Азербайджанской Республики и Республики Армения провести по предложению казахстанской стороны переговоры министров иностранных дел по подготовке мирного договора между двумя государствами.

▪️Символично, что это важное мероприятие состоится в Алматы, где в декабре 1991 года была подписана историческая Алма-Атинская декларация, закрепившая основы независимого развития стран СНГ и утвердившая принципы определения межгосударственных границ.  

▪️Исхожу из того, что предстоящая встреча послужит практической реализации азербайджано-армянских договоренностей, будет способствовать скорейшему установлению прочного и долгосрочного мира в Южном Кавказе.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады

Мәди Такиев:

✔️мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берді:
– осы ретте 3 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген;
✔️өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде мәлімет берді:
– жүргізілген сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиард теңгеден астам соманы қысқарту ұсынылған. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға жұмсалады;
✔️бюджетті басқару тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аталған шаралар жаңа Бюджет кодексіне енгізілген;
✔️салықтық-кедендік әкімшілендіру ісіндегі жаңа бастамаларды таныстырды:
– жаңа Салық кодексінің жобасында салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілген, тексерулер санын қысқарту жөніндегі нормалар қарастырылған, камералық бақылау және салық берешегін өндіріп алу тәсілдері өзгертілген;
✔️Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен кедендік шекарасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Жобаның жүзеге асырылуы өткізу мүмкіндігін 6 есеге дейін ұлғайтып, өту уақытын 2 есе қысқартуға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын тексеру ісін тәулік бойы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Барлық өткізу пунктін реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр;
✔️мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау жоспары жөнінде айтты. «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасында сатып алу рәсімдерін жеңілдету және бюрократиядан арылту, құрылыс нарығында монополияға жол бермеу, барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымның сатып алуларын бірыңғай платформаға көшіру көзделген.

❗️Президент мемлекеттік қаржының жағдайын жақсарту, атап айтқанда, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларын цифрландыру арқылы жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi