Aqorda 🇰🇿
58.1K subscribers
12K photos
2.56K videos
14K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

▪️Заң медицина қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау жүйесін енгізуге және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған.

▪️Заң арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі енгізілді (Заң ресми жарияланғаннан кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енеді).

Сонымен қатар медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулер қабылданды. Атап айтқанда:

✔️тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан балалары үшін басым тәртіппен орын алу, кәсіби қызметіне заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғау, мамандығына құрметпен қарау, медициналық мамандығы бойынша әскери қызметін өткеру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқықтары берілді;
✔️«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы – мемлекеттік наградасы белгіленді;
✔️басы артық есеп немесе ақпарат беруден босату үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бұдан былай медицина қызметкерлері толтыруға міндетті құжаттама тізбесін бекітеді;
✔️аса тапшы мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем беріледі.

▪️Бұдан бөлек, Заңда шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған (Бұл норма ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды ▪️Заң медицина қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан…
✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам здравоохранения»

▪️Закон направлен на реализацию поручений Президента Республики Казахстан по внедрению системы юридической и финансовой защиты и повышению ответственности медицинских работников, а также по принятию системных мер по профилактике и борьбе с распространением среди молодежи никотиносодержащих веществ.

▪️Законом внедрено страхование профессиональной ответственности медицинских работников (вводится в действие по истечении 6 месяцев после официального опубликования Закона).

Приняты поправки, направленные на поддержку медицинских работников:

✔️предоставлены права на получение в приоритетном порядке мест для их детей в дошкольных организациях по месту жительства, защиту от незаконного вмешательства и воспрепятствования профессиональной деятельности, уважительное отношение к профессии, прохождение воинской службы по медицинской специальности или отсрочку от призыва на воинскую службу;
✔️установлена государственная награда – почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері»;
✔️для освобождения от предоставления излишней отчетности и информации уполномоченный орган в области здравоохранения будет теперь утверждать перечень документации, обязательной для заполнения медицинскими работниками;
✔️медицинским работникам остродефицитных специальностей, прибывшим на работу в сельскую местность на срок не менее 5 лет, будет осуществляться единовременная денежная выплата в стократном размере минимальной зарплаты.

▪️Законом установлен запрет на продажу, распространение некурительных табачных изделий, вейпов, ароматизаторов и жидкостей для них, а также на их рекламу (вводится в действие по истечении 60 дней после официального опубликования).

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о Евразийском экономичеcком союзе от 29 мая 2014 года».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬 Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары

🇰🇿🇰🇬 Официальный визит Президента Кыргызстана Садыра Жапарова в Казахстан


🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15-21 сәуір аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 15 по 21 апреля 2024 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿📞🇺🇿 Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты.

▪️Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

▪️Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿📞🇺🇿 Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті ▪️Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына…
🇰🇿📞🇺🇿 Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым

▪️Касым-Жомарт Токаев поблагодарил Шавката Мирзиёева и народ Узбекистана за проявленную братскую солидарность и оказанную помощь в связи с паводками в ряде регионов Казахстана.

▪️Президенты обсудили вопросы дальнейшего укрепления казахско-узбекского стратегического партнерства, а также реализацию ранее достигнутых договоренностей. Подчеркнуто динамичное развитие двусторонних отношений и кооперации на региональном уровне.

▪️Главы государств также обменялись мнениями по актуальным вопросам региональной и международной повестки дня.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Кыргызской Республики о сотрудничестве в области авиационного поиска и спасания».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения о взаимном признании документов об ученых степенях в государствах – членах Евразийского экономического союза».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы KIA корпорациясының президенті Хо-сунг Сонгты қабылдады

✔️Президент автоиндустрияны дамыту Қазақстанның өнеркәсіп саясатының негізгі бағыттарының бірі саналатынын атап өтті.

✔️ Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді. Зауыт 2025 жылы Қостанайда салынады.

▪️Жобаны жүзеге асыру үшін 90 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

▪️Зауыттың жобалық қуаты жылына 70 мың автомобиль шығаруға есептелген. Оның ішінде 50 мың автомобиль ұсақ бөлшектерден құрастыру әдісімен өндіріледі, яғни жергілікті өнім үлесі барынша жоғары болады.

✔️ Сонымен қатар Хо-сунг Сонг автомобильдің қосалқы бөлшектерін жаһандық деңгейде өндірушілерді Қазақстанға тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, елімізде автокөліктің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт салу жөнінде келісімге қол қойылды.

✔️Мемлекет басшысы KIA корпорациясының Қазақстанда автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою туралы шешімін құптады. Сондай-ақ аталған саланы дамыту үшін білікті отандық мамандар даярлау қажет екенін айтты.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял президента KIA Corporation Хо-сунг Сонга

✔️Глава государства подчеркнул, что развитие автоиндустрии является одним из ключевых направлений промышленной политики Казахстана.

✔️ Хо-сунг Сонг рассказал Касым-Жомарту Токаеву о ходе строительства завода полного цикла по выпуску автомобилей в Костанае, который будет построен в 2025 году.

▪️В реализацию проекта привлечено более 90 млрд тенге инвестиций. Планируется создать 1,5 тыс. постоянных рабочих мест.

▪️Проектная мощность завода составит 70 тысяч автомобилей в год, в том числе 50 тыс. автомобилей будет производиться методом мелкоузловой сборки, то есть с более высокой долей местного содержания.

✔️ Хо-сунг Сонг также проинформировал о проводимой работе по привлечению глобальных поставщиков автокомпонентов. В частности, подписано соглашение о намерениях по строительству завода автокомпонентов в Казахстане.

✔️Президент поприветствовал решение KIA по локализации производства автокомпонентов в нашей стране, а также отметил необходимость подготовки отечественных квалифицированных специалистов для развития отрасли.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

✍️ Распоряжениями Главы государства Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич и Дяк Аурика Георгиевна освобождены от должностей заместителя Председателя Ассамблеи народа Казахстана.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

✍️ Распоряжениями Главы государства Буларов Лугмар Харкиевич и Шин Юрий Германович назначены заместителями Председателя Ассамблеи народа Казахстана.


t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады.

Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі…
Глава государства принял заместителей Председателя АНК

Президент, поздравив вновь назначенных заместителей Председателя Ассамблеи народа Казахстана Юрия Шина и Лугмара Буларова, пожелал им успешной работы в деле укрепления единства и консолидации общества.

Касым-Жомарт Токаев также заслушал отчет заместителя Председателя – заведующего Секретариатом АНК Марата Азильханова о реализации ранее данных поручений и ходе подготовки XXXIII сессии Ассамблеи.

Глава государства сообщил, что в связи с текущей паводковой ситуацией в ряде областей, принял решение о проведении нынешней сессии Ассамблеи в онлайн-формате. Члены региональных АНК примут участие в мероприятии в режиме видеоконференцсвязи.

Президент отметил большой вклад Ассамблеи народа Казахстана в оказании помощи пострадавшим от стихийного бедствия.

❗️Касым-Жомарт Токаев дал ряд конкретных поручений по дальнейшему совершенствованию работы АНК.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM