Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.5K photos
2.6K videos
14.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева в связи с тяжелой ситуацией из-за паводков

🎦 t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан об условиях взаимных поездок граждан от 7 июля 2000 года».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
 
Заң бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау формаларын ретке келтіруге, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.
 
Нақтырақ айтқанда, салалық заңдар деңгейінде жедел ден қою шараларын қолдану, тергеу жүргізу тетіктері, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі айқындалды.
 
Бірнеше салада бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартатын өзгерістер мен  толықтырулар, соның ішінде
балық шаруашылығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы перспективалы жер учаскелерінде балықты жасанды жолмен өсіру мүмкіндігін қарастыратын;
өсімдіктер карантиніне байланысты карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыруға әкімшілік жүктемені азайтуды; (фитосанитариялық сертификаттың күшін жоюды);
өнеркәсіп саласында отандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын өз елімізде шығатын шикізатпен қамтамасыз етуді:
мұнай-газ саласында шикі мұнайдан қайта өңделген өнімдердің шығу тегін растайтын құжаттар тізбесін нақтылауды;
қаржы нарығында банктермен өзара іс-қимыл жасау кезінде бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетуді;
заңды тұлғаларды тіркеу кезінде заңды тұлғалар мен олардың филиалдарын және т.б. мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық форматына ауыстыруды көздейтін бірқатар түзету енгізілді.
 
Аталған шаралар кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолайлы жағдай туғызуға, жүргізілетін тексерулердің ашықтығын, сондай-ақ тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге арналған.
 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды   Заң бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен…
✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ведения бизнеса»
 

Закон направлен на упорядочение форм госконтроля и надзора в отношении субъектов бизнеса, улучшение условий ведения бизнеса.

В частности, на уровне отраслевых законов определены механизмы применения мер оперативного реагирования, проведения расследований, порядок проведения профилактического контроля без посещения субъекта контроля.

Приняты поправки, улучшающие условия ведения бизнеса, в том числе в сферах:

рыбного хозяйства, предусматривающие возможность искусственного выращивания рыбы на перспективных земельных участках сельскохозяйственного назначения;
карантина растений, предусматривающие снижение административной нагрузки на перемещение подкарантинной продукции (отмена фитосанитарного сертификата);
промышленности, предусматривающие обеспечение отечественным сырьем казахстанских предприятий обрабатывающей промышленности;
нефтегазовой отрасли, предусматривающие конкретизацию перечня документов, подтверждающих происхождение продуктов переработки сырой нефти;
финансового рынка, предусматривающие упрощение процедур для бизнеса при взаимодействии с банками;
регистрации юридических лиц, предусматривающие перевод в электронный формат оказания государственных услуг по госрегистрации/перерегистрации юридических лиц и их филиалов и др.

Эти меры призваны улучшить условия ведения предпринимательской деятельности, обеспечить прозрачность проведения проверок, баланс интересов потребителей, субъектов предпринимательства и государства.

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 1-7 сәуір аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 1 по 7 апреля 2024 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды.

✍️ Распоряжением Главы государства Сейдгапбаров Канат Серикович освобожден от должности заместителя Секретаря Совета Безопасности Республики Казахстан.


t.me/aqorda_resmi
📞 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті

▪️Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

▪️Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.

📌 Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

t.me/aqorda_resmi
📞 Президент Касым-Жомарт Токаев по телефону заслушал доклады акимов Акмолинской, Актюбинской, Костанайской и Северо-Казахстанской областей

▪️Акимы проинформировали Главу государства о ситуации на местах и принимаемых мерах по сдерживанию природной стихии и ликвидации последствий наводнения.

▪️Как было доложено, в целом ситуация находится под контролем, сил и средств для борьбы с природным бедствием достаточно.

📌 По поручению Президента в регионы, пострадавшие от наводнения, направлены члены Правительства во главе с Премьер-министром Олжасом Бектеновым, который возглавляет Республиканский штаб. Проводится большая работа по обеспечению безопасности граждан и решению их нужд.

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

❗️Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

❇️ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.

❇️ Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек.

t.me/aqorda_resmi
Президент Касым-Жомарт Токаев дал ряд поручений акимам областей и городов по благоустройству и озеленению территорий

❗️Глава государства поручил акимам областей и городов, не затронутых паводками, начать кампанию по очистке улиц, озеленению и облагораживанию территорий населенных пунктов. Также поручено привести в порядок дороги.

❇️ Касым-Жомарт Токаев отметил важность привлечения к этой работе на регулярной основе жителей и волонтеров. По его словам, деятельность акимов будет оцениваться и по внешнему виду населенных пунктов и общественных пространств.

❇️ В целом, руководители регионов должны заняться внедрением культуры поддержания городов в достойном и привлекательном состоянии.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады

Қанат Шарлапаев өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады:

✔️биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 7,4 пайызды құраған. Өндіріс көлемін ұлғайтуда машина жасау, металлургия, химия және жеңіл өнеркәсіп сияқты салалардың үлесі зор. Жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 180 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның арқасында 17,8 мың жұмыс орны ашылмақ;
✔️ былтыр 157 мың тұрғын үй салынған. Биыл 172 мың тұрғын үй салу көзделіп отыр. Сондай-ақ жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. «Отбасы банкі» арқылы қаржыландыру көлемі 300 миллиард теңгені құрайтын бағдарлама іске қосылады. Бұл ел азаматтарына 12 мың ипотекалық займ беруге септігін тигізеді;
✔️жер қойнауын пайдалану құқығын беруге қатысты аукциондарды электронды форматта өткізу үшін E-Qazynakz цифрлық платформасының іске қосылған. Бұл бастама процестің ашықтығы мен қолжетімділігін едәуір арттырды;
✔️қазіргі уақытта су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың құнын бекіту жұмыстары аяқталып келеді.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады Қанат Шарлапаев өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады: ✔️биылғы…
Глава государства принял министра промышленности и строительства Каната Шарлапаева

Канат Шарлапаев доложил о результатах работы и планах в сферах промышленного развития, геологии, недропользования и строительства:

✔️в январе-феврале 2024 года обрабатывающая промышленность Казахстана выросла на 7,4%, особенно за счет машиностроения, металлургии, химии и легкой промышленности. Планируется ввести 180 проектов на 1,5 трлн тенге, в процессе их реализации будет создано 17,8 тыс. рабочих мест;
✔️в прошлом году построено 157 тыс. жилищ, в этом году планируется 172 тыс. На строительство 22 тыс. арендных квартир будет выделено более 300 млрд тенге. Через «Отбасы банк» будет запущена программа с финансированием 300 млрд тенге, что позволит предоставить гражданам 12 тыс. ипотечных займов;
✔️введена цифровая платформа E-Qazynakz для проведения аукционов на право недропользования в электронном формате, что значительно повысило их прозрачность и доступность;
✔️в настоящий момент завершается утверждение стоимости проектно-сметной документации для строительства нового жилья в регионах, оказавшихся в зоне чрезвычайной ситуации.

❗️Касым-Жомарт Токаев поручил в срочном порядке обеспечить восстановление жилья, разрушенного из-за стихийного бедствия.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Президентке елімізде өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі туралы баяндады

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев доложил Президенту о результатах работы в сферах промышленного развития, геологии, недропользования и строительства

🎦 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

📞 Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады.

▪️Президенттер шекара маңындағы өңірлерде орын алған су тасқыны жағдайын талқылап, екі ел үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды.

▪️Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

▪️Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті 📞 Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және даму перспективасын…
🇰🇿🇷🇺 Глава государства Касым-Жомарт Токаев провел телефонный разговор с Президентом России Владимиром Путиным

📞 В ходе телефонного разговора президенты Казахстана и России обсудили текущее состояние и перспективы развития двустороннего многопланового сотрудничества.

▪️Лидеры обсудили паводковую ситуацию в приграничных регионах и поручили правительствам двух стран укреплять взаимодействие в борьбе с природной стихией.

▪️Собеседники отметили традиционное динамичное развитие казахстанско-российских отношений в духе стратегического партнерства.

▪️Главы государств обменялись мнениями по актуальным вопросам региональной и международной повестки дня, а также рассмотрели график предстоящих встреч.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі отандастар!


Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын!
Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі.

Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән береді, рухани тазаруға ұмтылады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсетеді. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі.

Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді.

Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әр шаңыраққа бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
Айт қабыл болсын, ағайын!

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі. Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік…
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с праздником Ораза айт

Уважаемые соотечественники!


Поздравляю вас с праздником Ораза айт, который все мусульмане встречают с особой радостью!

В священный месяц Рамазан верующие уделяют большое внимание общечеловеческим ценностям и искренне стремятся к духовному очищению, протягивают руку помощи нуждающимся, проявляют заботу об окружающих. Совершенные во время тридцатидневного поста благие поступки, основанные на терпении, стойкости и умеренности, раскрывают истинную суть Ораза айта.

Традиционная религия наших предков призывает всех людей к миру и спокойствию, милосердию и состраданию, доброте и созиданию, достижению заслуженного успеха через честный труд. Это в конечном итоге способствует укреплению единства и процветанию всего нашего народа.

Идеалы Ислама, месяца Рамазан и праздника Ораза айт гармонично переплетены с нашим культурным наследием и обычаями. Эта преемственность объединяет всех граждан, внося важный вклад в построение справедливого общества.

Пусть в нашей стране всегда царят мир и согласие, а в каждом доме будет счастье и благополучие!
С праздником Ораза айт!

t.me/aqorda_resmi