Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.5K photos
2.6K videos
14.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Отырыс барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұханбетов, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев баяндама жасады.

t.me/aqorda_resmi
В ходе заседания с докладами выступили Премьер-министр Олжас Бектенов, министр по чрезвычайным ситуациям Чингис Аринов, аким Актюбинской области Асхат Шахаров, аким Западно-Казахстанской области Нариман Турегалиев, аким Костанайской области Кумар Аксакалов, аким Восточно-Казахстанской области Ермек Кошербаев, аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев, аким Акмолинской области Марат Ахметжанов, аким Северо-Казахстанской области Гауез Нурмухамбетов, аким области Улытау Берик Абдыгалиулы, аким области Абай Нурлан Уранхаев.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

✍️
Указом Главы государства Смаилов Алихан Асханович назначен Председателем Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі туралы баяндалды.

Руслан Жақсылықов:

әскери бөлімшелердің жедел іс-қимылдарға және жауынгерлік дайындығы, басқару органдары мен жеке құрамды оқытуға бағытталған негізгі күш-жігер жөнінде айтты. Қарулы Күштердің дағдарыс жағдайында, оның ішінде қазіргідей су тасқынына қарсы күрес кезінде орталық және жергілікті билік органдарымен тиімді байланыс орнатуы маңызды екеніне назар аударылды;
Қарулы Күштерді заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтандыру, аумақтық қорғаныс әскерлерін күшейту, әскери инфрақұрылымды жетілдіру ісі жөнінде мәлімет берді;
еліміздің ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында 2024 жылға жоспарланған шаралар, сондай-ақ ауқымды оқу-жаттығу жиындарын, оның ішінде халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізу жайында айтты;
ведомствоның жауынгерлік-патриоттық тәрбие беру, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін және әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары туралы баяндады.

◾️Президент БҰҰ аясында Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлік контингент қызметінің маңызды екенін атап өтті.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі туралы баяндалды. Руслан Жақсылықов: әскери бөлімшелердің жедел іс-қимылдарға…
Глава государства принял министра обороны Руслана Жаксылыкова

Президент – Верховный главнокомандующий Вооруженными силами Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад руководителя оборонного ведомства о состоянии боевой готовности армии.

Руслан Жаксылыков:


доложил об оперативной и боевой подготовке армейских подразделений, основных усилиях, направленных на обучение органов управления и личного состава. Отмечена важность эффективного взаимодействия Вооруженных сил с центральными и местными органами власти в кризисных ситуациях, в том числе в текущий противопаводковый период;
проинформировал об оснащении Вооруженных сил современной техникой и вооружением, развитии войск территориальной обороны, совершенствовании военной инфраструктуры;
сообщил о запланированных на 2024 год мероприятиях в рамках председательства Казахстана в ШОС и ОДКБ, а также о проведении крупномасштабных учений, в том числе международного уровня;
доложил о работе ведомства по военно-патриотическому воспитанию, весеннему призыву на срочную воинскую службу, мерах по повышению социального статуса военнослужащих и престижа воинской службы.

◾️Президент отметил важность деятельности казахстанского миротворческого контингента на Голанских высотах под эгидой ООН.

❗️Глава государства поставил перед министром ряд задач, направленных на дальнейшее повышение боевого потенциала Вооруженных сил.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

✔️Кездесу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.

✔️Президент Жоғары аудиторлық палатаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді және рационалды жұмсалуын республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейде қатаң бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелетінін айтты.

✔️Әлихан Смайылов мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі ой-пікірін жеткізді, сондай-ақ ведомствоның осы жылға арналған жоспары туралы баяндады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жүктелген міндетті сапалы орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады ✔️Кездесу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды. ✔️Президент Жоғары аудиторлық палатаға бюджет қаражаты…
Глава государства принял председателя Высшей аудиторской палаты Алихана Смаилова

✔️В ходе встречи были обсуждены вопросы дальнейшего повышения эффективности системы государственного аудита и финансового контроля.

✔️Как подчеркнул Президент, перед Высшей аудиторской палатой стоит задача обеспечить жесткий контроль за эффективным и рациональным использованием бюджетных средств и государственных активов как на республиканском, так и на местном уровнях.

✔️Алихан Смаилов поделился своим видением дальнейшего развития системы государственного аудита. Он также доложил о планах ведомства на текущий год.

✔️Касым-Жомарт Токаев выразил уверенность, что опыт и профессионализм Алихана Смаилова позволят качественно реализовать все поставленные задачи.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM