Aqorda 🇰🇿
53.5K subscribers
10.5K photos
2.36K videos
12.8K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿 📞🇷🇺 Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті   ▪️Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге…
🇰🇿 📞 🇷🇺 Состоялся телефонный разговор Касым-Жомарта Токаева с Президентом России Владимиром Путиным

▪️В ходе разговора Президент Касым-Жомарт Токаев от имени всех казахстанцев выразил глубокие соболезнования Президенту Владимиру Путину и братскому российскому народу в связи с многочисленными человеческими жертвами в результате теракта в Подмосковье.

▪️Глава нашего государства решительно осудил жестокий акт насилия в отношении мирных граждан и вновь подтвердил солидарность с Россией в вопросах борьбы против терроризма.

🇷🇺 В свою очередь Владимир Путин поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за слова поддержки.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 18-24 наурыз аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 18 по 24 марта 2024 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇾Мемлекет басшысы Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады

▪️Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Кипр Республикасымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін растады. Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынас орнаған 32 жылдың ішінде елдеріміз арасында берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастық қалыптасқанына назар аударды.

▪️Президент Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Оның айтуынша, бұл қадам дипломатиялық байланыстардың жаңа кезеңіне жол ашып, өзара серіктестіктің дамуына серпін береді.

🇨🇾 Константинос Комбос қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Кипр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

▪️Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту перспективасы қарастырылды. Бұған қоса халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде БҰҰ мен Еуропа Одағы аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇾 Глава государства принял министра иностранных дел Республики Кипр Константиноса Комбоса

▪️В ходе встречи Президент подтвердил стремление Казахстана развивать партнерские отношения с Республикой Кипр. Как отметил Глава государства, за 32 года дипломатических отношений Астана и Никосия установили прочный политический диалог и наладили инвестиционное сотрудничество.

▪️Касым-Жомарт Токаев приветствовал решение Правительства Кипра об открытии Посольства в Астане. По его словам, данный шаг ознаменует новую главу в дипломатических отношениях и придаст импульс развитию партнерства.

🇨🇾 Константинос Комбос, выразив благодарность за оказанное гостеприимство, отметил наличие огромного потенциала для расширения сотрудничества между Казахстаном и Кипром.

▪️В ходе встречи состоялся обмен мнениями по перспективам развития сотрудничества в торгово-экономической, инвестиционной и туристической сферах. Также рассмотрена международная и региональная повестка дня, включая вопросы взаимодействия по линии ООН и ЕС.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді:

➤ барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты. Былтыр тартылған инвестиция көлемі 1,6 триллион теңгені құраған;
➤ өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылған;
➤ өткен жылы JOLTAP жобасы аясында 6 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасқан. Ал биыл жұмыспен қамтылатын азаматтардың санын 2 есе ұлғайту, яғни 12 мың адамнан асыру жоспарланып отыр. Жалпы 2024 жылы 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген;
➤ былтыр күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезегін және үшінші ЖЭО-ны іске қосу нәтижесінде жылу қала бойынша ұзақ уақыттан бері алғаш рет артығымен беріліп жатыр. Елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140 гигакалория;
➤ биыл «Тельман» газ жылу станциясының бірінші кезегі және «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегі, үшінші ЖЭО-ның көмірмен жылытылатын бөлігінің іске қосылатыны туралы мәлімет берді. Бұл нысандар қаланы қосымша 600 Гкал/сағат жылу қуатымен қамтамасыз етеді;
➤ әлеуметтік нысандардың құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды салып бітіру, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы айтты.

❗️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді: ➤ барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты. Былтыр…
Глава государства принял акима Астаны Жениса Касымбека

Женис Касымбек представил информацию о социально-экономическом и инфраструктурном развитии столицы:

➤ по всем ключевым экономическим показателям отмечается положительная динамика. Объем инвестиций за 2023 год составил 1,6 трлн тенге;
➤ реализуемые проекты в обрабатывающей промышленности, образовании, медицине, логистике, транспорте и других сферах позволили создать 1,8 тыс. рабочих мест;
➤ в рамках проекта JOLTAP в 2023 году было трудоустроено почти 6 тыс. граждан. В текущем году планируется охватить мерами занятости и трудоустройства в два раза больше – 12 тыс. человек. Всего в 2024 году планируется создать почти 58 тыс. рабочих мест;
➤ благодаря запуску осенью 2023 года газовой тепловой станции (ГТС) «Юго-Восток», первой очереди ГТС «Туран» и первого этапа ТЭЦ-3 город впервые за долгое время проходит отопительный сезон с профицитом тепла. Мощность новых объектов жизнеобеспечения составляет 1140 Гкал/час;
➤ в т.г. планируется ввести в эксплуатацию первую очередь ГТС «Тельман», вторую очередь ГТС «Туран» и угольную часть ТЭЦ-3. Это позволит обеспечить еще более 600 Гкал/час тепловой мощности;
➤ рассказал о строительстве социальных объектов, завершении долгостроев, сносе аварийного ветхого жилья, развитии жилых массивов, благоустройстве и озеленении города.

❗️Президент Касым-Жомарт Токаев дал ряд поручений по дальнейшему развитию столицы.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Аким Астаны Женис Касымбек доложил Главе государства о социально-экономическом развитии столицы

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысы «Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Конвенции о праве несудоходных видов использования международных водотоков».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

▪️Заң халықаралық іскерлік операцияларда және осыған қатысты мәмілелерде трансферттік баға белгілеу ісін жетілдіруге бағытталған.

▪️Заңда нарық бағасын айқындау тетіктері қайта қаралып, тауар биржаларындағы трансферттік баға белгілеу мәселесіне бақылау енгізілді. Сондай-ақ мәмілеге қатысушы тараптарды өзара байланысты деп тану критерийлері кеңейтілді және өзара байланысты резидент емес тұлғалармен мәмілелерге қатысушылар үшін жергілікті есептілікті ұсыну міндеттемесі енгізілді.

▪️Аталған түзетулер мен толықтырулар нарықтағы әділ бағаны айқындау және мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының жоғалып кетуіне жол бермеу үшін жасалып отыр. Сонымен қатар Заң трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша бақылау жүргізу кезінде тексеруші органдар мен салық төлеушілердің әкімшілік шығындарын азайтуды көздейді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды ▪️Заң халықаралық іскерлік операцияларда және осыған…
✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам трансфертного ценообразования»

▪️Закон направлен на совершенствование трансфертного ценообразования в международных деловых операциях и сделках, связанных с международными деловыми операциями.

▪️Законом пересмотрены механизмы определения рыночной цены, введен контроль по трансфертному ценообразованию на товарных биржах, расширены критерии для признания участников сделки взаимосвязанными, а также введена обязанность участников сделок с взаимосвязанными лицами-нерезидентами по представлению местной отчетности.

▪️Целью принятых поправок является определение справедливой рыночной цены и предотвращение потерь поступлений в государственный бюджет, снижение административных издержек проверяющих органов и налогоплательщиков при проведении контроля по вопросам трансфертного ценообразования.

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенатының мүшесі Стив Дэйнске ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Американың ынтымақтастығы дәстүрлі түрде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты қатынастарда парламенттік дипломатия маңызды рөл атқаратынын айтты.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды. Қазақстан Президенті елімізде инвестиция тарту, экономиканы ырықтандыру және өнеркәсіпті дамыту ісіне ерекше назар аударылып отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, энергетика, пайдалы қазбаларды барлау әрі өңдеу, инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да салалар қазақ-американ қарым-қатынастарының негізгі бағыттары саналады.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселесіне баса мән берілді.

Бұл ретте Президент Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекетті Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып қатаң айыптағанын және осындай қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, барлық ел терроризмге қарсы күресте өзара қарым-қатынастарындағы қайшылықтарға қарамастан, үлкен халықаралық коалиция аясында күш біріктіруге тиіс. Қазақстан осы маңызды іске өз үлесін қосуға дайын.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM