Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.3K photos
2.58K videos
14.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
⚡️ Глава государства:

«Инвесторам, и тем более крупным инвесторам, готовым вкладывать, например, более 50 миллионов долларов, следует оказывать весь спектр поддержки по принципу «одного окна». При этом необходимо запустить действенную систему мониторинга реализации проектов.

Государственные органы не должны увлекаться организацией формальных презентационных мероприятий. Все зарубежные командировки руководителей ведомств должны нести практическую отдачу, это значит, что нужно отчитываться по их итогам перед руководством Правительства, в необходимых случаях – перед Президентом.

Проблемы с реализацией инвестпроектов особенно четко проявляются на местном уровне. Акимы по старинке делают упор на выбивание бюджетных средств вместо привлечения частных вложений. Инвесторы, имеющие желание работать в регионах, как правило, сталкиваются с бездействием и волокитой со стороны местных властей. В результате они либо переносят сроки запуска проектов, либо вовсе уходят.

Задача привлечения частных инвестиций должна быть для акимов одной из самых важных. В целом деятельность всех государственных органов должна быть нацелена на привлечение большего объема инвестиций в экономику и соответствующим образом оцениваться. И речь не об очередном бюрократическом «жонглировании» функциями и штатной численностью, создании рабочих групп, написании концепций. Следует хорошо понимать, что это конкретная реформа, направленная на изменение подходов к деятельности государственного аппарата.

По результатам первого полугодия мы подведем итоги работы Инвестиционного штаба и предметно оценим работу каждого министра и акима в этом направлении. Спрос будет жесткий»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Елімізге ауқымды инвестиция тартудың тағы бір маңызды шарты – Ұлттық инфрақұрылым жоспары. Бұл құжат сапалы әзірленуге тиіс. Ойға келгеннің бәрін бір құжатқа жинақтап, сосын бюджеттен қаржы бөлінбеді деп сылтау айту – қолыңнан түк келмейтінін мойындау деген сөз.

Үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырамын. Негізгі басымдықтарды айқындап, стратегиялық маңызы бар жобаларға жеке инвестиция тарту мәселесін мұқият ойластыру керек. Тек аса қажет болған жағдайда ғана қаржылай қолдау шараларын қарастырған жөн.

Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиіс. Мен бұл шаруаның бағыт-бағдары туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Бизнес өкілдерімен кездесулерде де осы мәселеге тоқталдым. Уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыруы керек.

Түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет. Алайда, өзге де құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс. Тағы да ескертемін, «шаш ал десе, бас алып», асыра сілтемеу керек. Мен мұндай жөнсіз әрекеттің қай-қайсысын да қатаң айыптаймын.

Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлердің еркіндігін шектеу емес, керісінше, елімізде бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру. Бұл жұмыстың әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәні бар. Маңызды экономикалық міндетті орындауды көздейтін осы бастаманы ешкімнің жоққа шығаруына жол берілмейді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Важным условием для широкого привлечения инвестиций является качественная подготовка Национального инфраструктурного плана. Собрать, как говорится, все «хотелки» в один документ и потом жаловаться на то, что из бюджета не выделены средства, – это не иначе как расписка в своей некомпетентности.

Поручаю Правительству пересмотреть инфраструктурный план. В нем нужно определить приоритеты, точечно проработать привлечение частных инвестиций в стратегически важные проекты, предусмотреть меры финансовой поддержки лишь для крайних случаев.

Еще одним источником инвестиций должен стать возврат незаконно выведенных активов. Контуры этой работы мною неоднократно обозначались, в том числе на встречах с бизнесом. Уполномоченным структурам нужно активизировать усилия.

Поступающие средства надо направлять на реализацию важных для страны проектов. В то же время еще раз предупреждаю – нельзя «перегибать палку», произвол со стороны правоохранительных органов недопустим. С моей стороны последует жесткая реакция на каждый такой сигнал.

Наша основная задача - обеспечить благоприятный бизнес- и инвестиционный климат в стране, а не держать предпринимателей на коротком поводке. Эта работа имеет большое значение с точки зрения обеспечения социальной справедливости и призвана решить важную экономическую задачу, поэтому дискредитировать ее никому не позволено»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«ҮШІНШІ. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі, құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау қажет. Бұл жұмыс инвестиция тарту және бюджет қаражатын тиімді пайдалану ісіндегі реформалармен барынша үйлесіп, оны толықтыра түсуге тиіс.

Қазір Мәжілісте мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы қаралып жатыр. Бұл құжатты пысықтап, жетілдіру қажет. Парламент депутаттарынан осыған ерекше мән беруді сұраймын. Ең алдымен, аудиторлардың қызметін реттеу керек.

Осы орайда әркімнің заң нормаларын өз қалауына қарай икемдеп, түсіндіруіне жол беруге болмайды. Бұл – тауар, жұмыс және қызмет ұсынушыларға қойылатын талаптарға да қатысты мәселе. Олардың белгіленген мерзімді бұзғаны және жұмысты сапасыз орындағаны үшін жауапкершілігін күшейту қажет. Мұның, әсіресе, құрылыс саласы үшін маңызы зор.

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң ЕРС шарттарын қолдана отырып, инфрақұрылым жобаларын толық жүзеге асыруға мүмкіндік беруге тиіс. Бұл ретте ЕРС шарттарын жасауға дайындық шараларының мерзімі қысқа болуға тиіс. Сонда әкімдіктер басымдық берілген әрі шұғыл жүзеге асырылуға тиіс жобаларды тездетеді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«ТРЕТЬЕ. Реформа системы государственных закупок, государственно-частного партнерства, регулирования строительной отрасли. Это направление должно органично дополнить реформы в сфере привлечения инвестиций, а также эффективного использования бюджетных средств.

В настоящее время на рассмотрении Мажилиса находится законопроект о госзакупках. Документ нуждается в доработке. Прошу депутатов Парламента уделить ему особое внимание. Необходимо упорядочить деятельность аудиторов.

Здесь основным ориентиром является недопущение различных толкований норм закона, а также требований и критериев, предъявляемых к поставщикам. В то же время следует усилить ответственность поставщиков за срыв сроков и ненадлежащее качество работ, особенно в сфере строительства.

Новый закон о государственных закупках призван создать условия для полноценной реализации инфраструктурных проектов с применением EPC-контрактов. При этом сроки подготовительных процедур для заключения EPC-контрактов должны быть сжатыми, что существенно повысит оперативность акиматов при реализации приоритетных и срочных проектов»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін дамыту үшін біраз шаруа атқарылды. Бірақ нәтижесі әлі де мардымсыз. Қазір мұндай жобалар негізінен әлеуметтік салаға енгізіліп жатыр. Бұл саладан көп табыс түспейтіні белгілі. Ашығын айтқанда, біз нысандардың құрылысына бөліп төлеу арқылы қаржы құйып отырмыз. Мемлекет үшін мұндай тәсіл, әрине, тиімсіз.

Жалпы, осы саладағы нормалар мен рәсімдер жеке бизнеске салмақ салады не болмаса инвесторға өте тиімді болғанымен, мемлекетке пайда әкелмейді. Бір сөзбен айтқанда, теңгерімді, яғни балансты сақтау керек, мемлекет пен инвестордың мүддесі бірдей ескерілуі қажет.

Бірақ бізде мемлекет пен жекеменшік серіктестігі жеке жобаларды бюджеттен астыртын қаржыландыратын тәсілге айналып кетті. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігі жүйесін қайта құруға қатысты жұмыс баяу жүріп жатыр. Әзірге нақты нәтиже жоқ. Үкімет осы мәселені ретке келтіру қажет.

Ешқандай жаңалық ойлап табудың қажеті жоқ. Оған әлемдегі озық тәжірибені пайдаланып, уақыт тезінен өткен тәсілдерді ұсына алатын халықаралық ұйымдарды тартқан жөн. Бұл мәселені шұғыл шешу керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Несмотря на прилагаемые усилия все еще не раскрыт огромный потенциал государственно-частного партнерства. Данный инструмент у нас внедряется преимущественно в социальной сфере, которая, как правило, не генерирует достаточного дохода. Другими словами, мы вливаем средства в строительство объектов в рассрочку, невыгодное для государства.

Действующие нормы и процедуры в этой сфере либо обременительны для бизнеса, либо, напротив, очень выгодны инвестору, но не приносят пользы государству. Одним словом, важно сохранить баланс между интересами государства и инвестора.

Однако государственно-частное партнерство у нас представляет собой по сути схему скрытого бюджетного финансирования частных проектов. Работа по перезагрузке системы государственно-частного партнерства идет медленно, ощутимых результатов пока нет. Правительству нужно, наконец, разобраться с этим вопросом.

Не надо «изобретать велосипед» – используйте передовой мировой опыт, привлеките международные финансовые организации, которые предложат проверенные временем подходы. Эту задачу требуется решить оперативно»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Елімізді экономикалық-әлеуметтік дамыту ісінде маңызды рөл атқаратын құрылыс саласының тиімсіз басқарылуы өте өзекті мәселе болып тұр. Мысалы, жобалардың құнын сметалық есептер арқылы анықтау әдістемесі әлемдік стандарттарға сай емес.

Инвесторлар уақытын, қаражатын және жұмысқа деген құлшынысын жоғалтып, ақыры құрылысқа рұқсат беретін құжаттар көп талап етілмейтін елдерге кетіп қалады. Үкімет халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, инвесторлар үшін жобалық-сметалық құжаттарды бекіту тәртібін барынша жеңілдету керек.

Өздеріңізге мәлім, мен осыдан бір жарым жыл бұрын әлемдегі озық тәжірибеге сай келетін Қала құрылысы туралы кодекс әзірлеуді тапсырдым. Бірақ менің атыма бірқатар сарапшылар мен кәсіпкерлерден өтініштер келіп жатыр. Олардың айтып жатқан шағымдары мынадай: қазіргі Кодекстің жобасы қойылған талапқа сай келмейді, бұрыннан бар нормалар ұсынылған, жаңа тәсілдер мен шешімдер жоқ. Сондықтан, Кодекстің жобасын қайтадан мұқият қарап, жетілдіру қажет»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Актуальной проблемой является отсутствие эффективного регулирования строительной отрасли, играющей большую роль в социально-экономической жизни страны. К примеру, действующая методика определения объективной стоимости проектов, основанная на сметных расчетах, значительно отстает от мировых стандартов.

Инвесторы теряют время, деньги и мотивацию, а затем уходят в страны с минимальными требованиями к получению разрешительных документов. Правительству на основе международного опыта следует кардинально упростить порядок утверждения проектно-сметной документации для инвесторов.

Как вы знаете, полтора года назад я поручал разработать Градостроительный кодекс, соответствующий лучшим мировым практикам. В мой адрес поступает много обращений от экспертов и бизнес-сообщества, что проект кодекса не отвечает поставленной задаче, представляет собой свод уже действующих норм, не содержит новых подходов и решений. Поэтому проект нужно основательно доработать»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Қазір құрылыс саласында сараптама жасауды мемлекеттің иелігіне қайтару мәселесі қызу талқыланып жатыр. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет. Құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керек. Бұл – анық дүние. Алайда, мемлекет осы нарықты түгел иемденіп алмауы қажет. Шынайы бәсеке болуға тиіс. Үкімет барлық тараптың мүддесін ескеруі керек.

Бұл салада үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына, мүлік иелерінің бірлестігін реформалауға қатысты қордаланған мәселелер бар. Азаматтар үнемі шағымданып жатады. Алайда, құзырлы органдар әлі күнге дейін тиісті шара қолданбай отыр. Үкімет бұл мәселе бойынша жыл соңына дейін нақты шешім қабылдауы керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«В настоящее время активно обсуждается вопрос возврата государственной монополии на экспертизу в строительной сфере. Безопасность граждан – это главный приоритет, поэтому надо повышать контроль качества строительства. Но Правительству следует соблюсти баланс интересов, чтобы не допустить полного поглощения государством этого конкурентного рынка.

В отрасли также накопились острые вопросы, касающиеся долевого строительства, незаконной и точечной застройки, реформы ОСИ. Граждане регулярно высказывают недовольство, но со стороны уполномоченных органов действенных мер для решения этих проблем пока нет.До конца года жду от Правительства конкретных результатов в данном направлении»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Тағы бір өзекті мәселе – сыбайлас жемқорлық. Бұл – құрылыс саласын ғана емес, жалпы экономиканы дамытуға тосқауыл болатын фактор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай күресу қажет. Мен бұл туралы үнемі
айтып жүрмін. Осы бағытта біраз жұмыс жасалды, нәтиже де бар. Бірақ, солай екен деп, босаңсуға болмайды. Жұмысты жалғастыру қажет. Әсіресе, цифрландыруды белсенді түрде қолдану керек.

Қазір құрылыс саласында бірнеше ақпараттық жүйе бар. Осындай тәсілдер арқылы бөлінген қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз ету қажет, яғни барынша ашық және қатаң бақылау болуға тиіс. Бұл – өте маңызды мәселе. Себебі, қаржының ұрлануы, ең алдымен, құрылыстың сапасына әсер етеді және бюджетке қосымша салмақ салады. Ақшаға цифрлық теңге арқылы ен салу және оны қадағалау, басқаша айтқанда, «ақшаны бояу» бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын өте маңызды тетік болуы мүмкін.

Бүгінде цифрлық валютаны қолдануға қатысты пилоттық жобалар тиімді жүзеге асырылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Үкіметпен және Ұлттық банкпен бірлесіп, осындай жобалардың ауқымын кеңейтуді, оның ішінде құрылыс саласына барынша енгізуді тапсырамын»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Одним из факторов, сдерживающих развитие строительного сектора, да и экономики в целом, все еще остается коррупция. Я неоднократно говорил о необходимости бескомпромиссной борьбы с коррупцией, и в этом деле произошли положительные сдвиги. Однако успокаиваться рано, нужно продолжать работать, в частности, внедрять цифровые технологии.

Сейчас в строительной отрасли функционирует несколько информационных систем. Посредством таких решений надо обеспечить полную прозрачность и контроль за целевым использованием средств. Это крайне важно, поскольку вывод средств снижает качество строительства, влечет дополнительные расходы из бюджета. Для контроля расходования бюджетных средств ключевой может стать возможность маркирования и отслеживания, или так называемого «окрашивания», денег с помощью цифрового тенге.

В настоящее время реализуются пилотные проекты по использованию цифровой валюты, которые уже показывают свою эффективность. Поручаю Агентству по противодействию коррупции совместно с Правительством и Национальным банком масштабировать такие проекты, в том числе в строительной сфере»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«ТӨРТІНШІ. Экономиканы кешенді түрде ырықтандыру үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл – мемлекеттің экономикалық үдерістерге тым араласуынан біртіндеп бас тартуға мүмкіндік беретін өте маңызды реформа. Мысалы, отын-энергетика нарығындағы бағаны шектен тыс реттеу мұнай өндірісін төмендетіп, өнім тапшылығын туындатты. Үкімет бұл жағдайдан тиісті қорытынды жасады, ахуал біртіндеп түзеліп жатыр.

Сонымен бірге, ұялы байланыс нарығында олқылықтар көп. Қызмет сапасын әлі де жақсарта түсу керек. Мемлекеттің үлесін біртіндеп азайтып, басы артық шектеу және реттеу шараларын алып тастау қажет. Бұлар экономиканың барлық саласына қатысты маңызды міндеттер. Бақылаусыз монополияны, ресурстарды әділетсіз бөлуді, бәсекенің заңсыз тәсілдерін қолдануды түбірімен жою қажет.

Жекешелендіру тиімді жүргізілген жағдайда ғана экономиканың барынша еркін дамуына жол ашылады. Бұл мәселе бойынша көптеген жоспар жасалды, дегенмен, «баяғы жартас – сол жартас» күйінде қалып тұр. Себебі бұл жоспардың бәрі құр тізім ретінде әзірленді. Онда мүлікті иеліктен шығару қажеттігіне талдау жасалған жоқ, жекешелендірудің нақты шарттары да анықталмаған.

Жекешелендірілетін кәсіпорындар туралы ақпарат қолжетімді емес. Жекешелендіру тәсілін таңдау тәртібі де толық реттелмеген. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлық қаупін туындатады. Үкіметке мемлекеттік меншік тізілімін қайта қарауды және жекешелендіру үдерісінің әдіс-тәсілін нақтылауды тапсырамын»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«ЧЕТВЕРТОЕ. Необходимо принять системные меры для комплексной либерализации экономики. Это крайне важная реформа, которая позволит поэтапно отойти от масштабного государственного вмешательства в экономические процессы. К примеру, чрезмерное ценовое регулирование на топливно-энергетическом рынке привело к увеличению дефицита и снижению производства ряда нефтепродуктов. Правительство извлекло уроки, ситуация постепенно выправляется.

Немало перекосов и на рынке сотовой связи. Нужно продолжать работать над повышением качества услуг, последовательно снижать государственное участие, устранять избыточное регулирование и ограничения. Это касается всех секторов экономики. Бесконтрольные монополии, неравный доступ к ресурсам, недобросовестные методы конкуренции должны быть изжиты на корню.

Ключевым направлением в рамках либерализации экономики станет проведение эффективной приватизации. Сколько было приватизационных планов, но каждый раз мы наступаем на одни и те же грабли. Потому что все эти планы формировались по списочному принципу, без анализа необходимости отчуждения, без определения четких условий приватизации.

В свободном доступе отсутствует детальная информация по выставленным на приватизацию предприятиям. Не в полной мере регламентирован и выбор способа приватизации, что создает коррупционные риски. Поручаю Правительству пересмотреть Реестр государственного имущества и уточнить методологические аспекты процесса приватизации»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Ұлттық компанияларды IPO-ға шығару мәселесін қайта қарау өте маңызды. Бұл істе негізгі мақсат – мемлекеттік активтердің тиімділігін арттыру. Корпоративтік басқарудың заманауи әдіс-тәсілдерін енгізу қажет. Сол арқылы компаниялардың барынша ашық қызмет етуін қамтамасыз етуге болады. Үкімет алдағы екі жылда акцияларының едәуір бөлігі IPO-ға шығарылатын ірі нысандардың нақты тізімін жасауға тиіс.

Тағы бір маңызды мәселе. Квазимемлекеттік секторда ауқымды реформа жасау қажет. Қай жерде мемлекеттің үлесі сақталуы керек, қай тұста бәсекені дамыту қажет деген мәселені біржола шешіп алған жөн. Әсіресе, «Самұрық-Қазына» қорына кіретін компанияларда мемлекеттің үлесі басым. Сондықтан, жұмысты солардан бастау керек. Қорды түбегейлі сауықтыру үшін жүйелі әрі тың шаралар қажет.

Негізгі мақсат – инвесторлармен бірлесе отырып, ірі жобаларды кеңінен жүзеге асыру арқылы Қордың экономикалық құнын арттыру. Үкіметке бір ай ішінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерімен бірлесе отырып, Экономиканы ырықтандыру (либерализация) туралы Жарлықты әзірлеуді тапсырамын. Құжатта үш бағытқа баса мән берілуі керек: нарықтағы бәсекені арттыру, жекешелендіруді тиімді жүргізу және квазимемлекеттік секторды реформалау мәселелері»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Важно по-новому посмотреть на вывод национальных компаний на IPO. Здесь главным должно быть повышение эффективности государственных активов. Эту задачу можно решить за счет внедрения современных методов корпоративного управления, что обеспечит прозрачность деятельности компаний. Правительство должно определить конкретный перечень крупных объектов, которые в ближайшие два года со значительными долями выйдут на IPO.

Серьезные реформы предстоит провести в квазигосударственном секторе. Надо поставить точку в вопросе, где должно сохраниться участие государства, а где можно развивать конкуренцию. На группу компаний Фонда «Самрук-Казына» приходится самая большая доля государства в экономике, поэтому эту работу надо начать с него. Требуются новые системные меры для фундаментального оздоровления Фонда.

Ключевая цель – создать экономическую стоимость через широкое применение инструментов соинвестирования. Поручаю Правительству совместно с АСПИР, Агентством по защите и развитию конкуренции в течение месяца подготовить Указ о либерализации экономики. Документ должен фокусироваться на трех направлениях: развитии рыночной конкуренции, проведении эффективной приватизации, реформе квазигосударственного сектора»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«БЕСІНШІ. Еліміздегі өндірістің дамуына тың серпін беру қажет. Баршаға түсінікті және тиімді индустрия саясатын жүргізу үшін былтыр жеке министрлік құрылды. Содан бері біраз уақыт өтті, енді жұмыстың нәтижесін көрсету керек.

Министрлік саланың даму бағдарын анықтап, инвесторларға жол көрсетуі керек. Озық технологияны қолданатын жаңа өндірістер ашу қажет. Алайда, нақты шаралар мен әдіс-тәсілдер дайын емес.

Өндірістің дамуына серпін беретін жобалардың тізімі бар, дегенмен, бұл жұмыс та толық аяқталмаған. Бұл өндірістер экономика құрылымын өзгертуге, еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалауға және технологиялық өсімді қамтамасыз етуге тиіс. Әзірге мұның ешқайсысы іске асқан жоқ.

Көптеген жобаны қаржыландыру көздері айқындалған жоқ. Мемлекет болашақта еліміздің экономикалық өркендеуіне негіз болатын ауқымды әрі инновациялық жобаларды бірінші кезекте қолдауы қажет. Осы тұста, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртумен қатар, еліміз үшін мүлде жаңа өндіріс орындарын ашуға баса мән беру керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«ПЯТОЕ. Нужно придать новый импульс промышленному развитию страны. Для реализации внятной и эффективной индустриальной политики в прошлом году было создано отдельное министерство. Прошло уже достаточно времени, пора показывать конкретные результаты.

Министерство должно разрабатывать ориентиры для отрасли и инвесторов. Конкретные меры и подходы, которые стимулировали бы вложения в новые высокотехнологичные производства, пока не выработаны.

Перечень прорывных проектов подготовлен, но требует основательной доработки. Эти производства должны изменить структуру экономики, создать прочный промышленный каркас и точки технологического роста. Всего этого пока не произошло.

По многим из проектов не определены источники финансирования.
Приоритетную поддержку государства должны получать масштабные и инновационные проекты, закладывающие основу экономического роста на многие годы вперед. Речь идет как о модернизации действующих производств, так и о развитии совершенно новых для нашей страны секторов промышленности»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Үкімет халықаралық қаржы институттарымен, трансұлттық корпорациялармен және отандық кәсіпкерлермен арадағы сындарлы диалогты нығайта түсуі қажет. Жалпы, еліміздің болашақтағы индустриялық келбеті қандай болады, қандай кәсіпорындар маңызды рөл атқарады деген сауалдарға жауап болуға тиіс. Яғни, уақыттың талабына сай белсенді жұмыс істеу керек.

Келесі маңызды міндет бұл – қазіргі өндіріс орындарын түбегейлі жаңғырту мәселесі. Бұл жұмысты, ең алдымен, әбден тозған металлургия комбинаттарынан бастау керек. Өйткені, ондағы жағдай өте нашар деуге болады. Себеп – бәрімізге белгілі. Өндірісті дамытуға және жаңғыртуға қажетті инвестиция салынбайды. Соның салдарынан дайын өнімнің қосылған құны төмендейді, сапалы жұмыс орындары азаяды»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Правительству предстоит активизировать конструктивный диалог с международными финансовыми институтами, транснациональными корпорациями и отечественным бизнесом. В целом, должны быть ответы на вопросы, каким будет индустриальный облик Казахстана, какие предприятия завтра будут играть важную роль. Нужно действовать на опережение, в соответствии с требованиями времени.

Особого внимания требует задача кардинальной модернизации действующих производств. Следует начать с металлургических комбинатов, состояние которых находится на низком уровне. Причина известна – это отсутствие инвестиций в модернизацию и расширение производств. Как следствие, теряются добавленная стоимость продукции и качественные рабочие места»

t.me/aqorda_resmi