Aqorda 🇰🇿
52.7K subscribers
9.99K photos
2.31K videos
12.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Лесұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды

✍️ Распоряжением Главы государства Жакипов Шынгыс Лесович назначен заместителем начальника Службы государственной охраны Республики Казахстан

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды

✍️ Распоряжением Главы государства Балтабеков Ансаган Скендерович освобожден от должности заместителя начальника Службы государственной охраны Республики Казахстан


t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады

Президентке Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.

Құмар Ақсақаловтың баяндамасынан:

✔️облыс әкімі 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің негізгі макроэкономикалық өсім көрсеткіштерінде оң динамика байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 11 пайыз, құрылыс саласы 7 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция 8,5 пайыз, көлік тасымалы 3 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 5 пайыз өскен;
✔️жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп саласының үлесі 30 пайыздан асты. Әсіресе, жергілікті машина жасау кәсіпорнында шығарылатын автокөлік модельдерінің қатары көбейіп келеді. «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС жылына 30 мың Chevrolet Оnix автокөлігін құрастыру үшін құны 23 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаны жүзеге асыра бастады. Нәтижесінде 400 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ KIA машина жасау зауытының құрылысы басталды. Кореялық автоконцернмен бірлескен бұл жобаға 90 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Аталған жоба аясында жылына 70 мың көлік шығарылады және 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұған қоса, автокөліктің қосалқы бөлшектерін өндіретін локализациялық орталық салу көзделген. Жоба құны – 13 миллиард теңге;
✔️былтыр елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 21 миллиард теңге болатын 69 жоба қолға алынған. Бүгінде 37 жоба толықтай жүзеге асырылды. Нәтижесінде аймақ тұрғындарын сумен қамту көрсеткіші 86,6 пайызға дейін жеткен және қазіргі уақытта 347 ауыл таза ауызсу тұтынып отыр;
✔️бүгінде облыста жалпы сыйымдылығы 1 980 оқушыға арналған үш мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында «IQostanay» оқушылар сарайы ашылды. Орталықта 1300 баланың жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Бұған қоса, 2025 жылға дейін 7500 орындық 9 заманауи мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде 8 білім ордасы «Жайлы мектеп» жобасы аясында пайдалануға беріледі.

Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазіргі кезде Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін магистральды газ құбырын тарту үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқанын жеткізді. Бұл жоба Қостанай өңірінің елді мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз етіп қана қоймай, ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуына қолайлы жағдай жасайды. Газбен қамтамасыз ету көлемін ұлғайту бірнеше жобаны жүзеге асыруға, соның ішінде ыстық күйінде брикеттелген темір шығаратын және болат балқытатын зауыттар салуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл өңірдің экономикасын жандандырып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

❗️Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне жылыту маусымын қалыпты режимде өткізу, өңірді газбен қамтамасыз ету жобасын уақытылы жүзеге асыру мәселелерін Үкіметпен бірге айрықша бақылауға алуды, сондай-ақ көктемгі егіс науқанына әзірлікті пысықтауды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял акима Костанайской области Кумара Аксакалова

Президент заслушал отчет акима Костанайской области о социально-экономическом развитии региона за 2023 год.

Из доклада Кумара Аксакалова:

✔️по итогам прошлого года по основным макроэкономическим показателям области наблюдается положительная динамика. В частности, объемы обрабатывающей промышленности выросли на 11%, строительства – 7%, инвестиций в основной капитал – 8,5%, транспортных перевозок – 3%, ввода жилья – 5%;
✔️в структуре валового регионального продукта доля промышленности превысила 30%. В машиностроении расширяется линейка выпускаемых моделей легковых автомобилей. ТОО «СарыаркаАвтоПром» приступило к реализации инвестиционного проекта по сборке 30 тысяч автомобилей Chevrolet Onix в год. Стоимость проекта – 23 миллиарда тенге, планируется создать 400 новых рабочих мест. Совместно с корейским автоконцерном KIA началось строительство завода, объем инвестиций в который составляет 90 млрд тенге. В рамках проекта будет обеспечен выпуск 70 тысяч автомобилей в год и создано 1,5 тысячи новых рабочих мест. Кроме того, планируется строительство локализационного центра по производству автокомпонентов стоимостью 13 млрд тенге;
✔️в прошлом году началась реализация 69 проектов по водообеспечению населения на общую сумму 21 млрд тенге. На сегодняшний день полностью реализовано 37 проектов. В результате обеспеченность сельского населения водой доведена до 86,6%, 347 сел потребляют чистую питьевую воду;
✔️ведется строительство трех школ, рассчитанных на 1980 мест. В областном центре открылся Дворец школьников IQostanay. В центре созданы условия для всестороннего развития 1300 детей. Планируется строительство 9 современных школ на 7500 мест до 2025 года, 8 из них будут введены в рамках проекта «Комфортная школа».

Кумар Аксакалов отметил, что в соответствии с поручением Главы государства в настоящее время разрабатывается технико-экономическое обоснование для прокладки магистрального газопровода от Актюбинской области до города Костанай. Данный проект не только обеспечит голубым топливом населенные пункты региона, но и создаст благоприятные условия для реализации крупных инвестиционных проектов. Увеличение поставок газа в необходимом объеме позволит реализовать несколько проектов, в том числе строительство завода по производству горячебрикетированного железа и сталеплавильного завода. В свою очередь это обеспечит создание новых рабочих мест, а также придаст мощный экономический импульс развитию региона.

❗️В завершение встречи Касым-Жомарт Токаев поручил акиму области совместно с Правительством взять на особый контроль вопросы проведения отопительного сезона, своевременной реализации проекта по газификации региона, а также подготовки к весенне-полевой кампании.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Президентке өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Аким Костанайской области Кумар Аксакалов доложил Президенту о социально-экономическом развитии региона за 2023 год

🎦 t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды

✍️
Указом Главы государства Оразбай Асхат Тутхишбаевич освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Исламской Республике Иран

t.me/aqorda_resmi
✍️ Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

✍️ Решением Президента Международного Фонда спасения Арала, Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева Оразбай Асхат Тутхишбаевич назначен Председателем Исполнительного комитета Международного Фонда спасения Арала


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 8-14 қаңтар аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 8 по 14 января 2024 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

✍️ Распоряжением Главы государства Камалетдинов Султан Буркутбаевич назначен первым заместителем Министра обороны Республики Казахстан – начальником Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан, он освобожден от ранее занимаемой должности


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды

✍️ Распоряжением Главы государства Хусаинов Марат Рахимович освобожден от должности первого заместителя Министра обороны Республики Казахстан – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды

✍️ Распоряжением Главы государства Бекжигитов Русланбек Кенесбекович освобожден от должности заведующего Отделом военной безопасности и обороны Совета Безопасности Республики Казахстан


t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады

🇰🇿🇮🇹 Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

🇰🇿🇻🇦 Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства 18-19 января посетит с официальными визитами Итальянскую Республику и Государство Ватикан

🇰🇿🇮🇹 В первый день визита запланированы переговоры Касым-Жомарта Токаева с Президентом Италии Серджо Маттареллой и Премьер-министром Джорджей Мелони.

Глава государства также примет участие в инвестиционном круглом столе «Казахстан – Италия» и проведет встречи с руководством ряда крупных итальянских компаний.

🇰🇿🇻🇦19 января в Ватикане состоится аудиенция лидера Казахстана у Папы Римского Франциска.

Кроме того, Президент посетит штаб-квартиры Продовольственной и сельскохозяйственной организации (FAO) и Всемирной продовольственной программы ООН (WFP).

t.me/aqorda_resmi
Президент Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады

Мемлекет басшысына Шымкент қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Ғабит Сыздықбековтің баяндамасынан:

✔️былтырғы қорытынды бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26% артып, 724,3 млрд теңгені құрады. Былтыр 1 триллион теңгеден астам соманың өнеркәсіптік өнімі өндірілген. Құрылыс саласы айтарлықтай жанданып, 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді;
✔️өңірде өнеркәсіп саласын дамыту үшін жалпы аумағы 867 гектар болатын 5 өндірістік аймаққа инфрақұрылым тарту жұмыстары қолға алынып, инвестициялық жобалардың пулы жасақталған;
✔️қазір 128 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,4% көп. Кәсіпкерлікті дамыту үшін 3498 жобаға жалпы сомасы 19,8 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген;
✔️қалада жаңа әуежай терминалының құрылысы және теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде;
✔️шаһарда «Ізетті зейнеткер» сауықтыру орталығы, Конгресс холл, Үстел теннисі кешені және жаңа ипподром сияқты нысандар салынған;
✔️былтыр үш мектепке қосымша ғимарат, Оқушылар сарайы және Балаларға арналған шығармашылық орталық ашылған;
✔️«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18 білім беру мекемесінің құрылысы басталған;
✔️233 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үлкен жолайырық пайдалануға берілген;
✔️қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биыл қала көшелеріне 3000 бейнебақылау камерасын орнату, 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарланған. Соңғы жылдары мұндай жүйелі шараның нәтижесінде қылмыс саны 33% азайған;
✔️жылдар бойы қараусыз қалған бұрынғы Фосфоршылар сарайы қала балансына қайтарылды. Орталықтағы «Спутник» гүлзары мемлекет меншігіне өтіп, демеушілер есебінен қайта абаттандырылды.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Сыздықбековке қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Президент Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады Мемлекет басшысына Шымкент қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді. Ғабит Сыздықбековтің баяндамасынан: ✔️былтырғы қорытынды бойынша негізгі капиталға салынған…
Касым-Жомарт Токаев принял акима Шымкента Габита Сыздыкбекова

Президенту был представлен отчет о социально-экономическом развитии Шымкента за 2023 год.

Из доклада Габита Сыздыкбекова:

✔️по итогам прошлого года объем инвестиций в основной капитал вырос на 26% и составил 724,3 млрд тенге. Произведено промышленной продукции на сумму более 1 триллиона тенге. Динамично развивается строительная отрасль, в эксплуатацию введено более 1 млн кв. м. жилья;
✔️начаты работы по подведению инфраструктуры к пяти производственным зонам общей площадью 867 га, сформирован пул инвестиционных проектов;
✔️функционируют более 128 тысяч субъектов МСБ. Это на 16,4% больше, чем в 2022 году. Для развития предпринимательства поддержано 3498 проектов на общую сумму 19,8 млрд тенге;
✔️ведутся работы по строительству нового терминала аэропорта и реконструкции железнодорожного вокзала;
✔️возведены такие объекты, как оздоровительный центр «Ізетті зейнеткер», Конгресс-холл, Комплекс настольного тенниса и новый ипподром;
✔️в прошлом году введены в эксплуатацию Дворец школьников, Творческий центр для детей и пристройки к трем школам;
✔️в рамках нацпроекта «Комфортная школа» начато строительство 18 образовательных учреждений на 28 тысяч мест;
✔️на сегодняшний день отремонтировано 233 км дорог и введена в эксплуатацию крупная дорожная развязка;
✔️в текущем году на улицах города планируется установить 3000 камер видеонаблюдения и наладить освещение около 1000 улиц. За последние годы в результате таких системных мер количество преступлений сократилось на 33%;
✔️на баланс города был возвращен заброшенный годами бывший Дворец фосфорников, передан в собственность государства и реконструирован за счет спонсоров сквер «Спутник».

❗️Касым-Жомарт Токаев дал конкретные поручения по дальнейшей диверсификации экономики города, привлечению дополнительных инвестиций, а также усилению мер поддержки малого и среднего бизнеса.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Президентке қаланың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді

🎦 t.me/aqorda_resmi