Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.5K photos
2.6K videos
14.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Асламбек Мерғалиев:

▪️сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берді;
▪️Президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және Парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде елордада (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) үш кассациялық сот құру моделіне оң баға берілгенін айтты;
▪️Жоғарғы Сот алдын ала қарау институтын жоюды, «толық кассацияны» қолдануды, қаралуы 6 айдан аспайтын «ақылға қонымды мерзім» белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынды. Өз кезегінде, жоғары сот органы қадағалау ісіне және сот практикасының бірыңғай болуын қамтамасыз етуге баса мән беретінін жеткізді;
▪️әкімшілік әділеттің жұмысы мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесі жөнінде айтты. Жоғарғы Сот төрағасы цифрландыру және сот қызметінің ашықтығы мен сот төрелігінің қолжетімді болуын жақсарту мақсатында жасанды интеллект элементтерін енгізу туралы хабарлады.

Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және барлық сатыдағы істерді қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады Асламбек Мерғалиев: ▪️сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берді; ▪️Президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы…
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя Верховного суда Асламбека Мергалиева

Асламбек Мергалиев:

▪️проинформировал о текущей деятельности судебной системы;
▪️сообщил о ходе исполнения поручения Президента о проведении консультаций по созданию самостоятельной кассационной инстанции. По итогам обсуждения совместно с юридическим, научным, бизнес-сообществом и депутатами палат Парламента положительную оценку получила модель, предполагающая учреждение в столице трех кассационных судов (по уголовным, гражданским и административным делам);
▪️рассказал о том, что Верховный суд предлагает упразднить институт предварительного рассмотрения, применять «сплошную кассацию», установить «разумный срок» рассмотрения, не превышающий 6 месяцев, а также проводить судебный процесс с обязательным участием сторон. В свою очередь высший судебный орган сосредоточится на надзоре и обеспечении единообразия судебной практики;
▪️представил информацию о работе административной юстиции и развитии международного сотрудничества. Председатель Верховного суда рассказал о цифровизации и внедрении элементов искусственного интеллекта с целью повышения прозрачности деятельности судов и доступа к правосудию.

Глава государства обратил особое внимание на качество проводимых реформ судебной системы и обеспечение законности при рассмотрении дел во всех инстанциях.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Алмасадам Сәтқалиев:

▪️энергетика саласын дамытудың негізгі мәселелері мен еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы 10 айдағы көрсеткіштері, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика бағыттарындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді;
▪️аталған кезең ішінде Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 74,8 миллион тоннаны, ал мұнай өнімдерінің өндірісі 11,2 миллион тоннаны құрағанын жеткізді. Сонымен қатар 48,7 миллиард текше метр газ, 93,5 миллиард кВт/cағ электр қуаты және 15,35 мың тонна уран өндірілгенін айтты;
▪️ұлттық электр желісін дамыту үшін атқарылып жатқан шаралар, биыл маусым айында іске қосылған электр энергиясын нарықта сатудың жаңа механизмі жөнінде баяндады;
▪️қысқы жылыту маусымы қалыпты өту үшін қосымша бақылау орнатылғаны туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, энергетика нысандарын қамтамасыз ету мақсатында 5,5 миллион тонна көмір мен 100 мың тонна мазут қоры дайындалған;
▪️ведомствоның ел аймақтарына одан әрі газ құбырын тарту жоспарын таныстырды.

❗️Президент жылыту маусымының барысын және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту жобаларының іске асырылуын айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен және сұйытылған мұнай газымен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады Алмасадам Сәтқалиев: ▪️энергетика саласын дамытудың негізгі мәселелері мен еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы 10 айдағы көрсеткіштері, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика бағыттарындағы…
Глава государства принял министра энергетики Алмасадама Саткалиева

Алмасадам Саткалиев:

▪️проинформировал об основных вопросах развития энергетической отрасли и показателях топливно-энергетического комплекса страны за 10 месяцев 2023 года, а также о реализации крупных нефтегазовых и энергетических проектов;
▪️сообщил, что за указанный период добыча нефти в Казахстане составила 74,8 млн тонн, производство нефтепродуктов – 11,2 млн тонн, добыча газа – 48,7 млрд кубометров, производство электроэнергии – 93,5 млрд кВт ч, добыча урана – 15,35 тыс. тонн;
▪️доложил о реализуемых мерах по развитию национальной электрической сети, новом механизме реализации электроэнергии, введенном с июня 2023 года;
▪️представил информацию о введенном дополнительном контроле за прохождением зимнего отопительного сезона. В частности, по данным министра, для обеспечения энергетических объектов подготовлено 5,5 млн тонн угля и 100 тыс. тонн мазута;
▪️проинформировал о планах ведомства по дальнейшей газификации страны.

❗️Президент поручил держать на особом контроле вопросы прохождения отопительного сезона и реализации проектов по модернизации энергетической инфраструктуры, а также принять меры по обеспечению бесперебойных поставок ГСМ и сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам начисления детям средств из Национального фонда Республики Казахстан, их выплат и использования».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

✍️ Распоряжением Главы государства Рысбаев Айдос Какашаулы назначен заместителем Министра внутренних дел Республики Казахстан

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

Кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды.

Саясат Нұрбек:


➤ биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша стипендия мөлшері 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға көбейгенін айтты. ЖОО профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 160 мыңнан 350 мың теңгеге дейін, ал ұлттық университеттерде бұл көрсеткіш 228 мыңнан 400 мың теңгеге дейін өскені жөнінде баяндады;
➤ студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы үш есе, яғни 2022 жылғы 55 050-ден 2023 жылғы қазанда 17 488-ге дейін азайғаны туралы мәлімет берді;.
жоғары білім беру саласындағы инфрақұрылым мен цифрлық архитектураның дамуы, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кампустарының құрылысына қатысты ақпарат берді;
➤ QS рейтингіне 21 ЖОО, ал Times Higher Education рейтингіне 4 университет кіретіні жайында айтты. Жыл соңына дейін елімізде жұмыс істейтін жетекші шетелдік университеттер филиалдарының саны 8-ге жетеді;
➤ Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес өз жұмысын басталғанын баяндады. Ғалымдардың орташа жалақысы 2 есе өсіп, 252 мың теңгеге жетті. Іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ тікелей қаржыландырылатын болды. Ғылым саласының 2023-2025 жылдарға арналған жалпы бюджеті 3,3 есе артып, 643 млрд теңгені құрағанын жеткізді;
➤ Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдары тазалығы 99,5 пайыз мөлшерінде селен алу технологиясын ойлап тапқанын хабарлады. Бұл химиялық элемент медицинада, электроникада және шыны өндірісінде кеңінен қолданылады. Осы жаңалықтың арқасында Қазақстан аталған сирек металды анағұрлым тиімді бағамен экспорттай алатынын айтты.

❗️Президент білім беру деңгейін арттыру, инновацияларды ынталандыру және ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын жақсарту, сондай-ақ студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығын азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады Кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды. Саясат Нұрбек: ➤ биыл…
Глава государства принял министра науки и высшего образования Саясата Нурбека

Президенту было доложено о том, что во исполнение его поручений принята Концепция развития высшего образования и науки на 2023-2029 годы.

Саясат Нурбек:

➤ сообщил, что с сентября 2023 года в Казахстане размер стипендии по программе бакалавриата увеличен на 20%, по программам магистратуры и докторантуры – на 15%. Размер заработной платы профессорско-преподавательского состава вузов повышен с 160 тыс. тенге до 350 тыс. тенге, в национальных вузах – с 228 тыс. тенге до 400 тыс. тенге;
➤ доложил о сокращении дефицита мест в студенческих общежитиях в 3 раза – с 55 050 в 2022 году до 17 488 в октябре 2023 года;
➤ рассказал о развитии инфраструктуры и цифровой архитектуры высшего образования, в том числе о строительстве кампусов КазНУ имени аль-Фараби и ЕНУ имени Л.Н.Гумилева;
➤ сообщил, что министерством разрабатывается модель цифрового университета;
➤ доложил, что 21 вуз входит в рейтинг QS, 4 вуза – в Times Higher Education. До конца года будут функционировать филиалы 8 ведущих зарубежных университетов;
➤ проинформировал, что приступил к работе Нацсовет по науке и технологиям при Президенте. Средняя заработная плата ученых выросла в 2 раза, достигнув 252 тыс. тенге. Введено прямое финансирование НИИ, занимающихся фундаментальными исследованиями. Общий бюджет науки на 2023-2025 годы увеличился в 3,3 раза и составил 643 млрд тенге;
➤ сообщил, что ученые Satbayev University разработали технологию получения селена с чистотой 99,5%. Данный химический элемент широко применяется в медицине, электронике и производстве стекла. Благодаря открытию Казахстан сможет экспортировать этот редкий металл по значительно более выгодным ценам.

❗️В завершение Глава государства дал ряд поручений по повышению уровня образования, стимулированию инноваций, улучшению качества научных исследований, а также сокращению дефицита мест в студенческих общежитиях.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Президентке білім және ғылым бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек доложил Президенту об основных результатах работы в сфере образования и науки

🎦 t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды

✍️ Распоряжением Главы государства Турлубаев Максат Кайратович назначен руководителем Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына келді

🇰🇿⚽️🇸🇲 Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл на стадион «Астана Арена», чтобы поддержать национальную сборную Казахстана в матче против Сан-Марино

🇰🇿⚽️🇸🇲 Встреча проходит в рамках квалификации Евро 2024.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇲 Қазақстан мен Сан-Марино әнұрандары шырқалды

⚽️ Ойын басталды.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇸🇲 Прозвучали гимны двух стран

⚽️ Игра началась.

t.me/aqorda_resmi