Aqorda 🇰🇿
52.8K subscribers
9.75K photos
2.29K videos
12.1K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Президент Касым-Жомарт Токаев примет участие в Саммите БРИКС

24 августа 2023 года Глава государства Касым-Жомарт Токаев примет участие посредством видеоконференцсвязи
в заседании Диалога глав государств в формате «БРИКС плюс», который состоится в рамках 15-го Саммита БРИКС в Йоханнесбурге.

По приглашению Президента ЮАР Сирила Рамафосы Президент Казахстана выступит на заседании в качестве действующего Председателя Шанхайской организации сотрудничества.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Нұрлан Ноғаев:

▪️Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы баяндады;
▪️өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтты;
▪️ауызсу тапшылығын шешуге қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімдеді. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылатынын, соның нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге арттыру мүмкін болатынын жеткізді;
▪️Ақтау қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру жөнінде айтты;
▪️Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) күрделі жөндеу жүргізу мәселелері туралы баяндады:
– МАЭК-ке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 6,8 миллиард теңге МАЭК-тің инвестициялық бағдарламалары аясында, ал 2,6 миллиард теңге Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен бөлінген;
– Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет резервінен қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 4,9 миллиард теңге қаржы қарастырылған.

❗️Мемлекет басшысы облыс әкіміне Маңғыстау өңірі энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады Нұрлан Ноғаев: ▪️Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы баяндады; ▪️өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық…
Глава государства принял акима Мангистауской области

Нурлан Ногаев:

▪️отчитался об итогах социально-экономического развития Мангистауской области за 7 месяцев 2023 года и планах на предстоящий период;
▪️сообщил о запуске в регионе 6 инвестпроектов на сумму 5,3 млрд тенге;
▪️проинформировал о ходе решения проблемы дефицита питьевой воды. В области поэтапно до 2025 года реализуются 6 проектов, благодаря которым объемы опреснения воды можно будет увеличить на 146 тыс. кубометров;
▪️доложил о совершенствовании сферы жилищно-коммунального хозяйства города Актау;
▪️рассказал о реконструкции предприятия МАЭК:
– на проведение его ремонтных работ на т.г. выделено 9,4 млрд тенге, в том числе 6,8 млрд тенге – в рамках инвестиционной программы МАЭК и 2,6 млрд – из средств резерва акимата Мангистауской области;
– по поручению Президента из резерва Правительства выделено 4,9 млрд тенге на приобретение необходимого оборудования.

❗️Глава государства поручил акиму обеспечить бесперебойную работу энергетической системы Мангистауской области и завершить реализацию задач в рамках комплексного плана социально-экономического развития региона.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспары туралы баяндады

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Аким Мангистауской области Нурлан Ногаев доложил Президенту об итогах социально-экономического развития региона и о планах на предстоящий период

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇸 Президент АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және Үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады

Мемлекет басшысы сенаторға ілтипат білдіре отырып, оның сапары екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасуға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.

– Америка Құрама Штаттары жаһандық қауіпсіздікті нығайту, ядролық қаруды таратпау, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және демократиялық құндылықтарды ілгерілету ісінде әрдайым біздің еліміздің стратегиялық серіктесі саналған. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік ойлаймын. Әйтсе де екі елдің мүддесіне сай келетін салалардағы өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін алға қарай жылжуымыз керек, – деді Президент.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында «С5+1» форматында өтетін АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы саммитіне шақырғаны үшін Президент Джо Байденге ризашылығын білдірді.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇸 Президент принял председателя Комитета Сената США по национальной безопасности и делам правительства Гэри Питерса

Поприветствовав сенатора, Глава государства отметил, что его визит предоставляет хорошую возможность для обстоятельного обмена мнениями по вопросам двустороннего сотрудничества.

– Соединенные Штаты всегда были нашим стратегическим партнером в сферах укрепления глобальной безопасности, нераспространения ядерного оружия, обеспечения экономической устойчивости и продвижения демократических ценностей. Я думаю, что нам удалось многого достичь, но, тем не менее, нужно идти дальше для укрепления взаимного сотрудничества в областях, представляющих взаимный интерес, – сказал Президент.

В ходе беседы Касым-Жомарт Токаев выразил признательность Президенту Джо Байдену за приглашение на первый саммит лидеров стран Центральной Азии и США, который будет проходить в формате «С5+1» на площадке Генеральной Ассамблеи ООН в сентябре текущего года.

t.me/aqorda_resmi
🇺🇸 Гэри Питерс Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа қатысты негізгі мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

– Орталық Азия – әлемнің маңызды бөлігі, ал Қазақстан – Орталық Азия өңіріндегі негізгі мемлекеттердің бірі. Сондықтан біз алдағы уақытта ынтымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар екеніне көз жеткізгіміз келеді. Бұл пікірімді Президент Байден де құптайды деп ойлаймын. Ол Сізбен таяу уақытта Нью-Йоркте кездесуге ниетті. Бұл кездесу біздің қарым-қатынасымызды нығайтуға оң ықпал етеді деп ойлаймын, – деді АҚШ сенаторы.

Кездесу барысында сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

t.me/aqorda_resmi
🇺🇸 Гэри Питерс поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за предоставленную возможность для обсуждения ключевых вопросов укрепления отношений между Соединенными Штатами и Казахстаном

Центральная Азия является важной частью мира, и Казахстан выступает ключевой страной в регионе Центральной Азии. Поэтому мы хотим убедиться, что у нас есть возможности для дальнейшей совместной работы. Я полагаю, Президент Байден разделяет это мнение, и он будет рад встретиться с Вами в Нью-Йорке в ближайшее время. Это поможет нам продолжать работу над укреплением наших отношений, – сказал сенатор.

Собеседники также обсудили актуальные вопросы международной и региональной повестки дня.

t.me/aqorda_resmi
📣 Тәжікстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

🇰🇿🇹🇯 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді.

Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.

t.me/aqorda_resmi
📣 Президент Таджикистана посетит Казахстан с рабочим визитом

🇰🇿🇹🇯 По приглашению Главы государства Касым-Жомарта Токаева 25-26 августа 2023 года Президент Республики Таджикистан Эмомали Рахмон совершит рабочий визит в Астану.

В рамках визита состоятся переговоры на высшем уровне, в ходе которых будут рассмотрены вопросы торгово-экономического, транспортно-логистического и инвестиционного сотрудничества.

Лидеры двух стран также примут участие в торжественной церемонии открытия Дней культуры Таджикистана в Казахстане и осмотрят выставку сельскохозяйственной продукции Таджикистана.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇳 Президент БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Каха Имнадзені қабылдады

Мемлекет басшысы Каха Имнадзені жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның Орталық Азия мемлекеттері мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Президент Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың маңыздылығы мен қажеттігін атап өтіп, оның аймақтағы орнықты өсімді қамтамасыз ету, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісіне одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

🇺🇳 Каха Имнадзе орталық қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның өңірдегі бейбітшілікті нығайту және диалогты ілгерілету ісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Каха Имнадзе өңір елдерінің өзара жемісті ынтымақтастығына жан-жақты ықпал етуге тырысатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар кездесу барысында Ауғанстандағы қазіргі жағдай талқыланды.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇳 Президент Касым-Жомарт Токаев принял Специального представителя Генерального секретаря ООН, главу Регионального центра по превентивной дипломатии для Центральной Азии Каху Имнадзе

Глава государства поздравил Каху Имнадзе с назначением на высокую должность и выразил уверенность в том, что он внесет весомый вклад в развитие сотрудничества между государствами Центральной Азии и ООН.

Президент подчеркнул важность и востребованность Регионального центра по превентивной дипломатии для Центральной Азии и выразил готовность оказать дальнейшую поддержку его усилиям в деле обеспечения устойчивого роста, укрепления стабильности и безопасности в регионе.

🇺🇳 Каха Имнадзе поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за поддержку деятельности центра и отметил значимый вклад Казахстана в укрепление мира и продвижение диалога в регионе.

Как заверил Каха Имнадзе, он будет всесторонне содействовать плодотворному сотрудничеству стран региона.

Также в ходе встречи была обсуждена текущая ситуация в Афганистане.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿✉️🇺🇦 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿✉️🇺🇦 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿✉️🇺🇦 Президент Касым-Жомарт Токаев направил поздравительную телеграмму Президенту Украины Владимиру Зеленскому

Лидер Казахстана поздравил украинский народ с Днем независимости

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15-ші БРИКС саммиті аясында өтіп жатқан мемлекеттер басшыларының «БРИКС Плюс» диалогы отырысында сөз сөйледі

Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на заседании Диалога глав государств в формате «БРИКС Плюс», который проходит в рамках 15-го Саммита БРИКС

t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Бүгінгі саммит БРИКС-тің рөлін елеулі түрде күшейтіп, ашық диалог пен өзара түсіністік негізінде жаһандағы көптеген өзекті мәселені шешуге көмектесе алады.

Бұл саммит халықаралық аренадағы жағдай шиеленіскен кезеңде өтіп жатыр. Оның сипаттары саяси қысым жасаудан, конфронтациядан және жаппай санкция салудан көрінеді.

Сондықтан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде өңіраралық ынтымақтастықтың перспективасы мен ортақ мүдделері туралы көзқарасымызды жеткізгім келеді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«Сегодняшний саммит может значительно усилить роль БРИКС и помочь в решении целого ряда актуальных глобальных проблем на основе открытого диалога и взаимопонимания.

Нынешний саммит проходит на фоне нарастания напряженности на международной арене, характеризующейся масштабным политическим давлением, конфронтацией и широким применением санкций.

Поэтому я в качестве действующего председателя Шанхайской организации сотрудничества хотел бы поделиться нашим видением перспектив и общих интересов межрегионального сотрудничества»

t.me/aqorda_resmi