Aqorda 🇰🇿
56.7K subscribers
11.6K photos
2.5K videos
13.6K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Мемлекет басшысына жас кәсіпкер Асқар Ахметов өзінің виртуалды (VR) және толықтырылған шынайылық (AR) технологияларына қатысты жобалары жөнінде айтып берді

🎥 Молодой предприниматель Аскар Ахметов рассказал Главе государства о своих проектах в области виртуальной (VR) и дополненной реальности (AR)

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Фотостудия негізін қалаушы Мәди Жетібай Президенттен өзі түсірген фотосуретке қолтаңба қалдыруын сұрады

🎥 Основатель фотостудии Мади Жетыбай попросил Президента подписать сделанную им фотографию

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары

🎥 Рабочая поездка Президента Касым-Жомарта Токаева в Павлодарскую область

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады

«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi
Президент Касым-Жомарт Токаев опубликовал на своей странице в Twitter поздравление с Днем Абая

«Поздравляю всех с Днем Абая! Великий поэт внес огромный вклад в духовное развитие нации. Его заветы служат нравственным ориентиром для подрастающего поколения. Понятие «Адал азамат» тесно связано с его концепцией «Совершенного человека». Наш долг – чтить бесценное наследие Абая», – написал Глава государства.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️10 тамыз – Абай күні құтты болсын!

t.me/aqorda_resmi
⚜️С Днем Абая – 10 августа!

t.me/aqorda_resmi
Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады

Дархан Қыдырәлі:

▪️министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады;

▪️министрлік өз жұмысында отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы министрлік азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін атап өтті.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліге жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытын айрықша назарда ұстауды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады Дархан Қыдырәлі: ▪️министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан…
Президент принял министра информации и общественного развития Дархана Кыдырали

Дархан Кыдырали:

▪️проинформировал о работе министерства в сферах информации, общественного развития, религии и межэтнических отношений, гражданского общества, молодежной и семейной политики;

▪️сообщил о том что, особое внимание уделяется производству отечественных телесериалов и популяризации их за рубежом, повышению медиаграмотности, а также активизации сотрудничества с гражданским сектором.

Президент подчеркнул необходимость укрепления взаимодействия с институтами гражданского общества на всех уровнях, а также указал на важность широкого обсуждения с общественностью актуальных вопросов.

❗️Касым-Жомарт Токаев поручил министру обеспечить эффективную реализацию программ в области молодежной политики, уделять особое внимание деятельности религиозных объединений и межэтническим отношениям.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысына министрлік атқарып жатқан жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады.

🎥 Министр информации и общественного развития Дархан Кыдырали доложил Президенту о работе
ведомства по ключевым направлениям.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартиді қабылдады

Кездесу барысында Президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжаттарда қолдау тапқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.

Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял сэра Суму Чакрабарти

В ходе встречи Президент поблагодарил сэра Суму Чакрабарти за плодотворную работу, которую он провел на посту внештатного советника по вопросам экономического развития.

Касым-Жомарт Токаев отметил, что высказанные им в рамках заседаний Высшего совета по реформам предложения нашли поддержку в ряде программных документов. Он также положительно оценил вклад Сумы Чакрабарти в совершенствование инвестиционной политики Казахстана.

В свою очередь Сума Чакрабарти выразил признательность Главе государстве за оказанное высокое доверие.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

✍️ Распоряжением Главы государства Ерназар Ракымжан Серикбайулы назначен заведующим Отделом стратегического планирования Администрации Президента Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды:

🎖«Ерлігі үшін» медалімен:

1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;
3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды: 🎖«Ерлігі үшін» медалімен: 1) Ахметханов…
✍️ Указом Главы государства группа граждан была награждена за храбрость и самоотверженность, проявленные в экстремальной ситуации, связанной со спасением человеческой жизни во время пожара в микрорайоне «Аккент» в Алматы:

🎖медалью «Ерлігі үшін»:

1) Ахметханов Тлеужан Сапаргалиевич – менеджер ТОО «Expo Masters», город Алматы;
2) Гюнай Шюкрю – электрик ТОО «Спарк Электромеханик», город Алматы;
3) Исмаилов Эльдар Александрович – электромеханик ТОО «Спарк Электромеханик», город Алматы;
4) Йерделен Халил – оператор автокрана ТОО «Gask Construction», город Алматы;
5) Мамедов Кенан Бабаұлы – электромеханик ТОО «Спарк Электромеханик», город Алматы;
6) Романов Вадим Анатольевич – оператор автокрана ИП «Frank-Asia», город Алматы.

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады

Президент Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, оның ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанға сапары маңызды екенін атап өтті.

– Сіздің сапарыңыздың біз үшін маңызы зор. Мен еліміздің осы ұйымға мүше сенімді мемлекет ретінде ЕҚЫҰ-ны қолдайтынын айрықша атап өткім келеді. Ұйымдағы пікірлер қайшылығына қарамастан, ЕҚЫҰ – баламасы жоқ ұйым. Сондықтан біз оның әлеуетіне қолдау білдіруге күш салуымыз керек. 2025 жылы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өту аясында ЕҚЫҰ-ның өзара диалогқа арналған бірегей платформа ретінде қызмет етуіне жағдай жасау өте маңызды. Еліміздің ЕҚЫҰ-мен тығыз ынтымақтастығы, 2010 жылғы Астана саммитінің декларациясында бекітілгендей, қауіпсіз қоғамдастық құру туралы ортақ көзқарасқа негізделеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларына айрықша тоқталды.

– Екіжақты қарым-қатынасымызда ешқандай мәселе жоқ. Біз ынтымақтастығымызды кеңейту тұрғысынан елеулі нәтижеге жеттік. Еліңізді Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз және біз Скопьеде өз елшілігімізді ашу жөнінде шешім қабылдадық, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi
Буяр Османи ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара байланысты дамытуға зор маңыз артып отырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның осы ұйым қызметінің негізгі бағыттарын қолдаудағы белсенді рөлін көрсетті.

– Солтүстік Македонияның ұйым төрағасы ретіндегі ұраны – «Барлығы адамдар үшін». Бұл біздің адамға бағдарланған ұстанымымызды білдіреді. Сіздің реформалар бағдарламаңыз да адамдарға арналған әрі ол ЕҚЫҰ-ның қағидаттары мен міндеттемелерімен ғана емес, біздің ұйым төрағалығындағы басымдықтарымызбен де үндес. Сонымен қатар біз Қазақстанның өңірлік, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өткізіміз келеді, – деді министр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президенті Стево Пендаровскийге ізгі тілегін жолдап, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

t.me/aqorda_resmi
Президент Касым-Жомарт Токаев принял действующего председателя ОБСЕ, министра иностранных дел Республики Северная Македония Буяра Османи

Приветствуя Буяра Османи, Глава государства отметил значимость его визита в Астану в качестве действующего председателя ОБСЕ.

– Ваш визит очень важен для нас, и я хотел бы подчеркнуть нашу приверженность ОБСЕ в качестве надежного государства-члена данной организации. Несмотря на разногласия, которые, к сожалению, существуют в организации, ОБСЕ незаменима, и мы должны приложить усилия для поддержания ее потенциала. В свете празднования 50-й годовщины Хельсинкского заключительного акта в 2025 году жизненно важно обеспечить, чтобы ОБСЕ продолжала служить уникальной платформой для диалога. Наше прочное партнерство с ОБСЕ основывается на общем видении построения безопасного сообщества, закрепленном в Астанинской декларации саммита ОБСЕ 2010 года, – заявил Касым-Жомарт Токаев.

Глава государства отдельно остановился на перспективах укрепления отношений между Казахстаном и Северной Македонией.

– У нас нет никаких проблем в рамках двустороннего сотрудничества. Мы достигли довольно значимых результатов по расширению взаимодействия. Ваша страна рассматривается как очень важный партнер Казахстана в Европе, и мы приняли решение открыть наше посольство в Скопье, – отметил Президент.

t.me/aqorda_resmi
Буяр Османи подчеркнул, что ОБСЕ придает большое значение развитию связей с Казахстаном и регионом Центральной Азии.

По его словам, Саммит ОБСЕ в Астане 2010 году стал доказательством активной роли Казахстана в поддержке основных направлений деятельности организации.

– Девиз председательства Северной Македонии – «Все для людей», что отражает наш человекоцентричный подход. Ваша программа реформ также ориентирована на людей и во многом созвучна не только принципам и обязательствам ОБСЕ, но и приоритетам нашего председательства. Мы также отмечаем ключевую роль Казахстана как в региональном, так и межрегиональном сотрудничестве, – сказал министр.

В завершение встречи Глава нашего государства передал наилучшие пожелания Президенту Северной Македонии Стево Пендаровскому и пригласил его посетить Казахстан с визитом.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді
Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

t.me/aqorda_resmi