Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.3K photos
2.58K videos
14.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Марат Омаров:

▪️биылғы бірінші жартыжылдықтағы бәсекелестік жағдайы және негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар жөнінде айтты;
▪️монополияға қарсы тергеу амалдарының аралық нәтижелері, экономиканы монополиядан арылту және бәсекелестікті дамыту үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ монополияға қарсы органның рөлін күшейту мәселесі туралы баяндады;
▪️жыл басынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректері бойынша 48 істі тергеу аяқталған. Сондай-ақ 33 іс тергеліп жатыр. Бұл ретте жосықсыз нарық субъектілеріне 3,5 миллиард теңгеден астам айыппұл санкциясы салынған;
▪️соттың қарауында 40-тан астам монополияға қарсы іс бар екенін жеткізді.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының негізгі салаларын монополиядан арылту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру ісін жалғастыруды және бәсекелестікті дамыту бойынша қосымша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады Марат Омаров: ▪️биылғы бірінші жартыжылдықтағы бәсекелестік жағдайы және негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар жөнінде…
Глава государства принял председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Марата Омарова

Марат Омаров:

▪️рассказал о состоянии конкуренции за первое полугодие 2023 года и имеющихся барьерах, препятствующих конкуренции на ключевых товарных рынках;
▪️доложил о промежуточных результатах антимонопольных расследований, принятых мерах по демонополизации экономики и развитию конкуренции, а также об усилении роли антимонопольного органа;
▪️проинформировал, что с начала года завершено 48 расследований нарушений антимонопольного законодательства, расследуется 33 дела, на недобросовестных субъектов рынка наложены штрафные санкции на сумму более 3,5 млрд тенге;
▪️сообщил, что на рассмотрении суда находятся более 40 антимонопольных дел.

❗️Глава государства поручил продолжить реализацию комплексных мер по демонополизации ключевых отраслей экономики страны, а также подготовить дополнительные предложения по развитию конкуренции.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдады

Кездесу барысында халықтың тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін институттық деңгейде жаңғырту мәселелері талқыланды.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыповаға халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының құқықтарына кепілдіктер мен олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді. Президент көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар секілді әлеуметтік санаттағы топ өкілдерімен проактивті жұмыс істеу, сондай-ақ заңнама аясында олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына қатаң бақылау жүргізу қажеттігін айтты.

Президент мүгедектігі бар адамдардың мәселесін шешуге айрықша назар аударып, осы санатқа жататын отандастарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін заңнамалық және институттық базаны жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ ұсынылған тәсілдерді тиімді жүзеге асыру үшін Уәкілдің мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдады Кездесу барысында халықтың тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін институттық деңгейде жаңғырту мәселелері талқыланды.…
Глава государства принял Уполномоченного по правам социально уязвимых категорий населения Светлану Жакупову

В ходе встречи были обсуждены вопросы улучшения качества жизни населения и институционального преобразования системы социального обеспечения.

❗️Касым-Жомарт Токаев дал ряд поручений Светлане Жакуповой по обеспечению гарантий прав и законных интересов социально уязвимых слоев населения. В частности, он указал на необходимость проактивной работы с такими категориями, как многодетные матери, матери-одиночки, матери, воспитывающие детей-инвалидов, а также обеспечения строгого контроля над соблюдением их прав и интересов в рамках законодательства.

Глава государства акцентировал внимание на решение проблем людей с инвалидностью, поручив проработать предложения по совершенствованию законодательной и институциональной базы, которые позволят повысить уровень жизни данной категории казахстанцев. А также указал на важность тесного взаимодействия Уполномоченного с государственными органами и институтами гражданского общества для эффективной реализации предлагаемых подходов.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпова Мемлекет басшысына әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі бірқатар жобаның жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.

🎥 Уполномоченный по правам социально уязвимых категорий населения Светлана Жакупова рассказала Главе государства о реализации ряда проектов в системе социальной защиты.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿✉️🇸🇬 Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿✉️🇸🇬 Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады. Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты…
🇰🇿✉️🇸🇬 Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Сингапура Халиме Якоб

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев поздравил Президента Халиму Якоб с Национальным днем Республики Сингапур.

Глава государства высоко оценил тесное партнерство двух стран, основанное на искренней дружбе и плодотворном политическом диалоге.

Касым-Жомарт Токаев выразил уверенность в том, что достигнутые в ходе двусторонних переговоров договоренности в мае текущего года станут прочной основой для развития стратегического взаимодействия между Казахстаном и Сингапуром.

t.me/aqorda_resmi
📣 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді
 
Президенттің сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады.
 
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.
 
t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
📣 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді   Президенттің сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады.   Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды…
📣 Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл с рабочей поездкой в Павлодарскую область
 
Рабочая поездка Президента начнется с посещения Экибастузской ТЭЦ.
 
Глава государства также посетит ряд промышленных, социальных объектов региона.
 
t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты

💬 «Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент ознакомился с ходом ремонтных работ, проводимых на теплоэлектроцентрали Экибастуза

💬 «Ситуация серьезная. Износ очень большой. Надо системно заниматься этим вопросом и постоянно держать в поле зрения. То, что произошло прошлой зимой, конечно, ни в коем случае повториться не может ни в этом городе, ни в других городах. Это ответственность Правительства и всех акимов. Тяжелый урок мы извлекли из всего, что случилось. Надо сказать большое спасибо гражданам нашей страны в целом и жителям соответствующих городов за проявленное терпение и понимание. Но испытывать это терпение и понимание бесконечно ни в коем случае нельзя. Поэтому будем принимать меры», – сказал Касым-Жомарт Токаев.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз қаласындағы жылумен қамту жүйесін жаңғыртуға Үкімет тарапынан көрсетілген қолдау шаралары туралы баяндады

🎥 Первый заместитель Премьер-министра Роман Скляр доложил Президенту о мерах поддержки Правительством модернизации системы теплоснабжения города Экибастуз

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы орамішілік және магистральдық желілердің алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, бүгінде магистральдық және орамішілік желілерге жүргізілген гидравликалық сынақтар нәтижесінде анықталған 304 ақау жойылып, 62 шақырым құбыр мен 95 дана бекіту арматурасының 76-сы ауыстырылды. Сондай-ақ Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 5,4 шақырым жылу магистралі жаңартылып жатыр.

Жалпы, облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, Екібастұздағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін екі жобаны іске асыру аса қажет. Бірінші жоба – Екібастұз ЖЭО-на техникалық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін магистральдық құбыр құрылысы. Екіншісі – жаңа жылу магистралінің құрылысы. Бұл қаланың төрт шағын ауданындағы жылу жүйесінің теңгерімділігін қамтамасыз етіп, 9 мыңнан астам қала тұрғынын жылумен қамтамасыз ету параметрлерін айтарлықтай жақсартады.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства проверил ход подготовки к предстоящему отопительному сезону внутриквартальных и магистральных сетей

По словам акима Павлодарской области Асаина Байханова, на сегодняшний день по результатам гидравлических испытаний магистральных и внутриквартальных сетей устранены 304 повреждения, проведена замена 62 км трубопровода и 76 из 95 единиц запорной арматуры. За счет средств резерва Правительства ведется реконструкция 5,4 км тепломагистралей.

В целом, по информации акимата, для исключения риска аварийных ситуаций в Экибастузе требуется реализация двух проектов. Первый проект – строительство магистрального трубопровода, который позволит бесперебойно подавать техническую воду на Экибастузскую ТЭЦ. Второй – строительство новой тепломагистрали, которая обеспечит балансировку системы теплоснабжения четырех микрорайонов города и существенно улучшит параметры теплоснабжения жилищ более 9 тысяч горожан.

t.me/aqorda_resmi