Aqorda 🇰🇿
58K subscribers
12K photos
2.55K videos
14K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Главе государства представили Генеральный план развития Астаны

t.me/aqorda_resmi
❗️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы тұрғынының тұщы су тапшылығына қатысты арыз-шағымына назар аударды

Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне аталған мәселені мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

Үкіметтің мәліметі бойынша бүгінде өңірдегі су тапшылығы – ең өзекті мәселелердің бірі.

Судың жетіспеушілігі тәулігіне 77 200 текше метрді құрайды. Ауызсудың тапшылығы, әсіресе, жаз мезгілінде қатты сезіледі.

Мұнайлы ауданында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қазіргі уақытта «Каспий» су тұшыту зауытындағы істен шыққан сорғы қондырғысының жөнделіп жатқанына байланысты аудандағы су беру мөлшері тәулігіне 13 мың текше метрден 10 мың текше метрге дейін азайған.

Аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін өңірде су тұшыту зауыттары мен қондырғылардың құрылысы жүргізілуде.

Халық санының жыл сайын өсуіне байланысты «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын тәулігіне 20 мың текше метрге арттыру қажет. Бұл ауызсу беру мөлшерін тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы мақсатта Үкімет резервінен 5,6 миллиард теңге бөлу жөнінде шешім қабылданды.

Мұнайлы ауданын сумен «Маңғыстау жылу» МКК қамтамасыз етеді. Ауызсу тапшылығына байланысты «Маңғыстау жылу» МКК халыққа суды құбыр арқылы кесте бойынша жеткізеді. Сонымен қатар суды аудан тұрғындарының сұранысы бойынша су таситын көлікпен әкеледі.

«Каспий» су тұшыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізу жөніндегі жобаның жүзеге асырылуы Мұнайлы ауданының ауылдары мен Қарақия ауданы Құрық ауылының тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге және су тапшылығын толық жоюға мүмкіндік береді.

t.me/aqorda_resmi
❗️Президент Касым-Жомарт Токаев обратил внимание на обращение жительницы Мунайлинского района Мангистауской области по поводу нехватки пресной воды

Глава государства поручил Правительству и акимату области в возможно короткий срок решить данную проблему.

По сообщению Правительства, на сегодняшний день дефицит воды в регионе является одной из самых серьезных проблем.

Нехватка питьевой воды, составляющая порядка 77 200 м3 в сутки, особенно остро проявляется в летний период.

Сложная ситуация складывается в Мунайлинском районе. В настоящее время в связи с ремонтом вышедшей из строя насосной установки на опреснительном заводе «Каспий» подача воды в район снизилась с 13 тыс м3 в сутки до 10 тыс м3 в сутки.

Проводится разъяснительная работа среди жителей района.

Для поэтапного решения вопроса в регионе ведется строительство опреснительных заводов и установок.

С учетом ежегодного роста численности населения имеется необходимость в увеличении мощностей опреснительного завода «Каспий» на 20 000 м3 в сутки, что позволит довести подачу до 40 000 м3 питьевой воды в сутки.

Принято решение о выделении на эти цели из резерва Правительства 5,6 млрд тенге.

Обслуживающей организацией по водоснабжению Мунайлинского района является ГКП «Мангистау жылу». В связи с дефицитом питьевой воды ГКП «Мангистау жылу» доставляет воду для населения по водоводу в соответствии с графиком. Воду также привозят водовозами по заявкам жителей района.

Реализация проекта по доведению мощности опреснительного завода «Каспий» до 40 000 м3 в сутки позволит обеспечить население сел Мунайлинского района и села Курык Каракиянского района бесперебойным водоснабжением и полностью покрыть имеющийся дефицит.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады

Сырым Шәріпханов:

▪️министрліктің атқарып жатқан жұмыстары мен жоспары жөнінде баяндады;
▪️министрлікте алдағы уақытта жүзеге асырылатын трансформация және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары туралы мәлімдеді;
▪️төтенше жағдайлардың саны мен ауқымы ұлғайған жағдайда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайдың салдарын жоюдан бұрын оның алдын алуға бағдарлау көзделіп отырғанын жеткізді;
▪️құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру және цифрландыру ісін нығайту, сондай-ақ құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кадрлық әлеуетін арттыру, оларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту жөнінде ақпарат берді;
▪️халықты алдын ала қорғауға қажетті жағдай жасау мақсатында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге айрықша мән беріліп отырғанын айтты.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады Сырым Шәріпханов: ▪️министрліктің атқарып жатқан жұмыстары мен жоспары жөнінде баяндады; ▪️министрлікте алдағы уақытта жүзеге асырылатын трансформация және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін…
Глава государства принял министра по чрезвычайным ситуациям Сырыма Шарипханова

Сырым Шарипханов:

▪️рассказал о проводимой работе и планах министерства;
▪️доложил о предстоящей трансформации МЧС и проведении активных работ по формированию в обществе культуры безопасности;
▪️сообщил о переориентации государственной системы гражданской защиты с ликвидации ЧС на их предупреждение;
▪️проинформировал об укреплении материально-технической оснащенности, цифровизации спасательных подразделений, повышении кадрового потенциала и уровня социальной защиты спасателей и пожарных.
▪️рассказал, что в целях обеспечения необходимых условий для заблаговременной защиты населения большое внимание уделяется внесению изменений и дополнений в действующие нормативно-правовые акты.

❗️Глава государства поставил перед министерством ряд задач по снижению количества чрезвычайных ситуаций и реализации комплекса мер, направленных на обеспечение безопасности граждан.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президентке Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов министрліктің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде баяндады

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Министр по чрезвычайным ситуациям Сырым Шарипханов доложил Президенту о проводимой работе и планах министерства

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О возврате государству незаконно приобретенных активов».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды

Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.

▪️Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады.

▪️Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн. АЕК-тен асатын (44 млрд. 850 млн. теңге немесе шамамен 100 млн. АҚШ доллары) активтері болуға тиіс.

▪️Активтерді қайтару жұмыстарын арнаулы уәкілетті орган (Бас прокуратура ведомствосы) жүзеге асырады. Ол мемлекеттік органдардың ақпараты және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер негізінде мониторинг пен талдау жүргізеді.

▪️Мониторинг және талдау барысында активтерді заңсыз шығару схемасына қатысы бар тұлғалар тобы, олармен үлестес тұлғалар тобы, активтердің жиынтық мөлшері, активтерді заңсыз иемденудің, оларды елден тыс жерге шығарудың белгілері мен мән-жайы және өзге де мәліметтер айқындалады.

▪️Талдау қорытындысы бойынша, егер уәкілетті органда сатып алынған активтердің заңдылығына қатысты орынды күмән туындаса, ол активтерді қайтару жөніндегі комиссияға (Парламент депутаттарынан, қоғам қайраткерлерінен, Үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан және өзге де тұлғалардан құралған комиссияны Премьер-Министр жасақтайды) осындай субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларын тиісті реестрге қосу туралы ұсыныстар енгізеді.

▪️Заңда уәкілетті органның орынды күмәндануына негіз болатын критерийлер нақты айқындалған. Бұл – активтер құнының заңды кірістер көлеміне немесе активтерді иемденуіне, тұлғаның немесе оның үлестес тұлғаларының активтерді белгіленген шектен жоғары бағада (жауапты лауазымға орналасу кезінде не одан кейін) сатып алуына арналған шығыстарды жабудың өзге де көздеріне сәйкес келмейтін және Заңда белгіленген басқа да негіздер.

▪️Комиссия тұлғаларды Реестрге енгізу туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылықты ескере отырып, активтерді қайтару жөніндегі алдағы шаралар туралы шешім қабылдайды, қала құраушы кәсіпорындардың активтері бойынша ұсынымдар әзірлейді.

▪️Комиссия адамдарды Реестрге енгізген жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы оларды хабардар етеді және осы сәттен бастап тұлғалар активтерді иемденудің заңдылығын растай отырып, активтер туралы декларацияны тапсыра алады (бір ай ішінде не 3 ай ішінде – құжаттарды жинау және дайындау үшін неғұрлым ұзақ мерзім қажет болған жағдайда).

▪️Декларацияда субъектілер заңды тұлғаның кірістерін, активтерін, жарғылық капиталына қатысу үлестерін, Қазақстандағы және шетелдегі қарыздарды, активтердің шығу тегі туралы өзге де мәліметтерді көрсетуге тиіс.

▪️Егер тұлға активтерді иемденудің заңдылығын растай алмаса, онда мұндай активтер шығу тегі түсініксіз активтер деп танылады.

▪️Активті елден шығару немесе оны иеліктен шығару қаупі туындаған кезде, уәкілетті орган алдын алу шараларын қабылдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Главой государства подписан Закон «О возврате государству незаконно приобретенных активов»

В соответствии с нормами закона механизмы возврата будут применяться к субъектам крупной коррупции и олигопольных групп, сросшихся с лицами, имеющими административно-властные ресурсы (связи, влияние).

▪️Закон распространяется на субъектов, которые являются (являлись) лицами, занимающими ответственную государственную должность, должности в государственных юридических лицах, субъектах квазигосударственного сектора, а также аффилированных с указанными лицами субъектов.

▪️В дополнение с указанными критериями для применения положений Закона лица должны иметь в совокупности активы на сумму свыше установленного Законом порога – 13 млн. МРП (44 млрд. 850 млн. тенге, или порядка 100 млн. долларов США).

▪️Работу по возврату активов будет осуществлять уполномоченный орган по возврату активов, который на основании информации государственных органов и других не запрещенных законодательством источников будет проводить мониторинг и анализ информации.

▪️В ходе мониторинга и анализа будут определяться круг лиц, вовлеченных в схему незаконного вывода активов, круг аффилированных с ними лиц, совокупный размер активов, признаки и обстоятельства незаконного приобретения активов, их вывода за пределы страны и иные сведения.

▪️По итогам анализа, если у уполномоченного органа возникнут обоснованные сомнения в законности приобретенных активов, он будет вносить в Комиссию по возврату активов (формируется Премьер-министром из депутатов Парламента, общественных деятелей, членов Правительства, первых руководителей госорганов и иных лиц) предложения о включении таких субъектов и их аффилированных лиц в соответствующий Реестр.

▪️Законом четко определены критерии, при наличии которых у уполномоченного органа будут возникать основания для сомнений. Это несоответствие стоимости активов размеру законных доходов либо иных источников покрытия расходов на приобретение активов, приобретение лицом либо его аффилированными лицами активов свыше установленного порога и другие установленные Законом основания.

▪️Комиссия принимает решение о включении лиц в Реестр, а также с учетом социальной, политической и экономической стабильности принимает решение о дальнейших мерах по возврату активов, а также вырабатывает рекомендации по активам градообразующих предприятий.

▪️В случае включения Комиссией лиц в Реестр, уполномоченный орган уведомляет их об этом и с этого момента лица могут сдать декларацию об активах с подтверждением законности приобретения активов (в течение месяца либо в течение 3-х месяцев – в случае необходимости более длительного срока для сбора и подготовки документов).

▪️В декларации субъекты должны указать доходы, активы, доли участия в уставном капитале юридического лица, займы в Казахстане и за рубежом, иные сведения о происхождении активов.

▪️Если лицо не сможет подтвердить законность приобретения активов, то такие активы признаются активами необъяснимого происхождения.

▪️При возникновении риска вывода актива из страны или его отчуждения уполномоченный орган будет обращаться в суд с заявлением о принятии предварительных обеспечительных мер.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық…
▪️Заңсыз иемделінген активтерді қайтару ерікті түрде немесе Республиканың, шет мемлекеттердің сот актілері немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарының шешімдері негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

▪️Шарттар ақша төлеу, активтердің бір бөлігін немесе барлығын мемлекетке қайтару, сондай-ақ толық алынбаған салықтың, келтірілген залалдың, активтерді иеленген жалпы кезең ішінде тұлға тапқан табыстың сомасын, бірақ мемлекетке келтірілген залалдан кем емес сомаларды және басқа да шарттарды қамтуы мүмкін.

▪️Активтерді мәжбүрлі түрде қайтару уәкілетті органның сотқа жүгінуі арқылы азаматтық процестік заңнама қағидаларының жалпы негіздемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

▪️Заңда адал сатып алушыларды қорғау тетіктері көзделген.

▪️Мемлекет пайдасына түскен активтер Қаржы министрлігіндегі қолма-қол ақшаны бақылау шоты саналатын Арнаулы мемлекеттік қорға беріледі. Қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік, экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

▪️Активтердің шетелде болуы мүмкін екенін ескере отырып, Заңда соттар шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және өзге де құқықтық өзара іс-қимылдар үшін халықаралық құқықтық ынтымақтастық тетіктері қарастырылған.

▪️Уәкілетті орган жыл сайын активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға қарсы іс-қимыл, қабылданған жүйелі шаралар, оның ішінде ресми сайтында жарияланатын активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау шараларын қамтитын ақпарат дайындайды.

▪️Мұндай заңдарды қолданысқа енгізу жөніндегі жалпы талаптарға сәйкес, жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізілетін азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты ережелерді қоспағанда, Заң жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
✍️ Главой государства подписан Закон «О возврате государству незаконно приобретенных активов» В соответствии с нормами закона механизмы возврата будут применяться к субъектам крупной коррупции и олигопольных групп, сросшихся с лицами, имеющими административно…
▪️Возврат незаконно приобретенных активов может осуществляться в добровольном порядке либо в принудительном – на основании судебных актов Республики, иностранных государств или решений компетентных органов иностранных государств.

▪️Условия могут предусматривать выплату денег, передачу части или всех активов государству, возмещение государству сумм недополученных налогов, причиненного ущерба, сумм полученных лицом сверхдоходов за общий период владения активами, но не менее причиненного государству ущерба и другие условия.

▪️Принудительный возврат активов осуществляется путем обращения уполномоченного органа в суд на общих основаниях по правилам гражданского процессуального законодательства.

▪️Законом предусмотрены механизмы защиты добросовестных приобретателей.

▪️Поступившие в пользу государства активы будут передаваться в Специальный государственный фонд, который представляет из себя контрольный счет наличности в Министерстве финансов. Средства со Специального государственного фонда будут направляться для финансирования социальных, экономических проектов.

▪️Учитывая, что активы могут находиться за рубежом, Законом предусмотрены механизмы международного правового сотрудничества для обеспечения исполнения решений судов, обмена информацией и иного правового взаимодействия.

▪️Уполномоченный орган ежегодно будет готовить информацию по противодействию незаконному приобретению и выводу активов, принятым системным мерам, в том числе направленным на исключение причин и условий, способствующих незаконному приобретению и выводу активов.

▪️Закон вводится в действие по истечении 10 дней после опубликования, за исключением положений, касающихся прав и обязанностей граждан, которые в соответствии с общими требованиями по введению в действие таких законов вводятся в действие по истечении 60 дней после публикации.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Конституционный закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан «О прокуратуре».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам возврата государству незаконно приобретенных активов».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении дополнения в Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✉️ Мемлекет басшысы спорт ардагері Сейілда Байшақовтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ футболының аңызына айналған даңқты спорт ардагері Сейілда Байшақовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Сейілда Икрамұлы «Қайрат» футбол командасының сапында көп жылдар бойы өнер көрсетіп, жасындай жарқыраған еді. Білікті бапкер ретінде жастарды жеңіске жетудің қыр-сырына үйретіп, елімізде осы спорт түрінің дамуына зор үлес қосты. Өмірде адал еңбек етіп, өшпес із қалдырған Сейілда Икрамұлының есімі мен бейнесі мәңгі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

t.me/aqorda_resmi
✉️ Глава государства выразил соболезнования в связи с кончиной ветерана спорта Сеильды Байшакова

Президент Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму соболезнования родным и близким легенды казахского футбола, ветерана спорта Сеильды Байшакова.

– Сеильда Икрамулы долгие годы блестяще защищал честь футбольной команды «Кайрат». Будучи выдающимся тренером и наставником, он делился с молодыми футболистами опытом и знаниями, и тем самым внес значительный вклад в развитие отечественного спорта. Имя и светлый образ Сеильды Икрамулы, посвятившего свою жизнь беззаветному служению избранному делу, навсегда останутся в памяти народа, – говорится в телеграмме.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдады

📌 Президентке еліміздің биылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, сондай-ақ Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себептерін тексеру нәтижелері жөнінде баяндалды.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, батыс өңірінің энергетика жүйесінің жай-күйіне жасалған ауқымды талдау нәтижесінде энергетика кәсіпорындарының жұмысында бірқатар кемшілік жіберілгені анықталды. Бұдан бөлек, Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «МАЭК» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмысында олқылықтар бар екені мәлім болды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке мұнай өңдеу зауытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шараларын уақтылы жүзеге асырмағаны үшін сөгіс беріледі.

Бұдан бөлек, батыс энергия торабының қауіпсіздігіне тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сөгіс жариялау жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ «МАЭК» ЖШС, АМӨЗ, «KEGOC» АҚ басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.

Үкімет келешекте мұндай дағдарыс жағдайларына жол бермеу үшін Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына жаңғырту және күрделі жөндеу жүргізу, батыс энергетикалық аймағын күшейту, Атырау мұнай өңдеу зауытын сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және сол жерде өзін-өзі энергиямен қамтамасыз ететін станса салу, батыс аймағын Қазақстанның бірыңғай электрэнергетикалық жүйесіне қосу жұмыстарын және басқа да бірқатар шұғыл және жүйелі шараларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына вегетациялық кезеңі су тапшылығы жағдайында өтіп жатқан оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі туралы мәлімет берілді. Осыған байланысты Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар қажетті шаралар қабылдап жатыр. Атап айтқанда, сумен қамтамасыз ету үшін суармалы ауыл шаруашылығы дақылдарының қайсысына басымдық берілетіні анықталады, суайналым әдісі қолданылады. Бұдан бөлек, су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары белсенді жүзеге асырылуда. Арналардағы су шығынын азайту және жинақталатын су мөлшерін көбейту үшін гидротехникалық құрылыстарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайылов «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асыруға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және киіктер популяциясын орнықты басқаруға қатысты қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

t.me/aqorda_resmi