Kazakh National University of Sports
3.74K subscribers
1.06K photos
303 videos
368 files
293 links
Университет , призванный стать ведущим
общенациональным центром подготовки кадров для спортивной сферы.
Download Telegram
⚜️University of Minnesota
өкілдері жұмыс сапарымен біздің университетке келді.
Кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың перспективаларын, студенттер мен оқытушылар алмасу мүмкіндіктерін, сондай-ақ бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

⚜️Представители University of Minnesota посетили наш университет с рабочим визитом.
В ходе встречи стороны обсудили перспективы академического и научного сотрудничества, возможности обмена студентами и преподавателями, а также реализацию совместных образовательных и исследовательских проектов.
2
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Бұл мереке — ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Отанға адал қызмет етіп жүрген ер азаматтарға көрсетілген зор құрмет.
Еліміздің айбынын асқақтатып, ел қорғаны болып жүрген барша азаматтарға мықты денсаулық, күш-қуат, табыс және отбасыларыңызға амандық тілейміз.
Ел үшін атқарып жүрген еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, абыройларыңыз арта берсін! 🇰🇿💙

🇰🇿 Поздравляем с 7 мая — Днём защитника Отечества!

Этот праздник — символ мужества, чести и преданности Родине.
Поздравляем всех мужчин, которые своим трудом, ответственностью и силой духа вносят вклад в развитие страны и стоят на страже её мира и благополучия.
Желаем крепкого здоровья, благополучия, успехов и новых достижений! Пусть в ваших семьях всегда царят счастье, мир и согласие. 🇰🇿
1
⚜️Қазақ ұлттық спорт университетінің базасында Венгрия спорт университетінің Excellence Center орталығы ашылады

Қазақ ұлттық спорт университеті мен Венгрия спорт университеті спорт ғылымы, жоғары білім беру және ғылыми-педагогикалық, сондай-ақ жаттықтырушы кадрларды даярлау саласындағы Excellence Center – озық тәжірибе орталығын құру туралы келісімге қол қойды.
Орталық екі елдің оқытушылары, зерттеушілері мен студенттері арасында бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерді, біліктілікті арттыру курстарын, академиялық ұтқырлықты және тәжірибе алмасуды жүзеге асыратын халықаралық академиялық алаңға айналады.
Excellence Center базасында білім алушылар мен мамандар халықаралық білім беру курстарына, сертификаттау бағдарламаларына, бірлескен зерттеулерге, жазғы мектептерге және спорт ғылымы мен жоғары жетістіктер спорты саласындағы заманауи білім беру модульдеріне қол жеткізе алады.
Онлайн сөйлесу – жасөспірімдердің өмірінің бір бөлігі. Бірақ интернеттегі әрбір адам мейірімді бола бермейді.
Көбіне бәрі зиянсыз басталады: әзіл, комплимент, сырласу. Алайда экранның ар жағында ересек адам – онлайн-грумер болуы мүмкін.
ОНЛАЙН-ГРУМИНГ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАРАСТЫРЫЛҒАН:
ҚР ҚК 124-бабы «16 жасқа толмаған адамдарды азғындату» қамтиды:
- сексуалдық сипаттағы онлайн хат алмасу
- интимдік материалдарды көрсету
- интимдік фото/видео сұрау

Онлайн-общение – часть жизни подростков. Но не каждый собеседник в сети безопасен.
Чаще всего всё начинается безобидно: шутки, комплименты, разговоры по душам. Но за экраном может скрываться взрослый человек – онлайн-грумер.
ЗА ОНЛАЙН-ГРУМИНГ ПРЕДУСМОТРЕНА ОТВЕТСТВЕННОСТЬ:
Ст. 124 УК РК «Развращение лиц, не достигших 16-летнего возраста» включает:
- онлайн-переписку сексуализированного характера
- ⁠демонстрацию интимных материалов
- ⁠просьбы прислать интимные фото и видео
2
⚜️Қазақ ұлттық спорт университеті бизнес, менеджмент және халықаралық білім беру саласындағы Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Corvinus University of Budapest университетімен қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды.
Ынтымақтастық аясында тараптар екі бағыт бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосады:
Sport Management
Business Administration in the Sports Industry

⚜️Казахский национальный университет спорта подписал Договор о реализации программы двойного диплома с Corvinus University of Budapest – одним из ведущих университетов Европы в области бизнеса, менеджмента и международного образования.
В рамках сотрудничества стороны запускают совместные образовательные программы по двум направлениям:
Sport Management
Business Administration in the Sports Industry
1
⚜️⚜️⚜️9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
Ерлік пен батырлықтың мәңгілік үлгісін көрсеткен ардагерлерге тағзым етеміз. Бейбіт өмір сыйлаған қаһармандардың рухына құрмет білдіреміз. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен амандық болсын!

⚜️⚜️⚜️Поздравляем с 9 Мая — Днём Победы!
С глубоким уважением и благодарностью вспоминаем подвиг ветеранов, подаривших нам мирное небо над головой. Пусть в каждом доме царят мир, благополучие и счастье!
1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін біз майдан даласында Отан үшін от кешіп, ерлік жасаған жауынгерлерге және тылда табанды еңбек еткен ардагерлерге шынайы ризашылық сезіммен тағзым етеміз. Қасіретті жылдардың барлық ауыртпалығын қайыспай көтеріп, Жеңіске жеткен аға буынға айрықша құрмет көрсетеміз.

Еліміз ортақ Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған отандасымыз жанқиярлықпен шайқасты, аянбай жұмыс істеп, әскерді керек-жарақпен қамтамасыз етті.

Жүзден астам жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды, бес жүз адам Батыр атағын алды, ондаған мың азамат жауынгерлік ерлігі және қажырлы еңбегі үшін марапатталды.

Біз аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз. Жаужүрек сардарлар мен сарбаздардың құрметіне мемориалдар орнатылды, кітаптар шығарылып, фильмдер түсірілді, сондай-ақ көшелерге, мектептерге, музейлерге, әуежайларға, әскери бөлімдер мен институттарға ел қорғаған ерлердің есімі беріліп жатыр.

Қаһарман ардагерлеріміздің ерен ерлігінің мән-мағынасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – бүгінгі буынның қасиетті парызы.

Біз ержүрек майдангерлердің қайтпас қайсарлығы мен асқақ рухының арқасында дербес әрі бейбіт елде өмір сүріп келеміз, сондай-ақ, төл мәдениетімізді дамытып, қазіргі заманның игілігін сезініп отырмыз.

Қазақстанды бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Біз жаңа Конституция ережелеріне сәйкес Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз.

Ата заңымыз ешкімді ұлтына, наным-сеніміне қарай бөліп-жармайды, барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бірдей қорғайды.

Ұлы Жеңіс күні – ең алдымен, жауынгерлік ерлігі мен жігерлі еңбегінің арқасында мамыражай заманға жеткізген батырларымыздың есімін ел жадында жаңғырту күні. Бұл – ұлан-асыр тойға емес, мәнді әрі мағыналы ойға шақыратын мереке.

Халқымыздың бейбіт өмірге және өсіп-өркендеуге ұмтылысының айқын көрінісі іспеттес көк байрағымыз әрдайым ашық аспан астында желбіресін!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники!

От всей души поздравляю вас c Днем Победы!

9 мая мы с искренней признательностью воздаем должное великому подвигу фронтовиков и тружеников тыла, склоняем головы перед поколением Победителей, вынесшим на своих плечах все тяготы военного лихолетья.

Наша страна внесла огромный вклад в общую Победу. Миллионы казахстанцев отважно сражались на фронтах и самоотверженно работали в тылу, снабжая армию всем необходимым.

Более ста человек стали полными кавалерами ордена Славы, 500 – получили звание Героя, десятки тысяч отмечены наградами за воинскую отвагу и трудовое отличие.

В Казахстане бережно хранят память о беспримерной доблести наших соотечественников. В честь выдающихся бойцов и командиров возведены мемориалы, выпускаются книги, снимаются фильмы, их именами названы улицы, школы, музеи, аэропорты, военные институты и воинские подразделения.

Священный долг современников – разъяснить потомкам подлинный смысл героизма старшего поколения наших соотечественников.

Благодаря невероятному мужеству и стойкости фронтовиков мы живем в мирной, независимой стране, развиваем свою культуру, пользуемся благами современной цивилизации, узнаваемы и уважаемы в мировом сообществе.

Мы строим Справедливый Казахстан в соответствии с положениями новой Конституции, которая защищает законные права и свободы граждан независимо от их национальности, вероисповедания.

День Великой Победы – это, прежде всего, благодарная память о всех героях, которые своими ратными и трудовыми подвигами сделали ее возможной. Это «Праздник со слезами на глазах», а не повод для веселья в ходе массовых шествий.

Пусть под нашим чистым небом всегда возвышается небесно-голубой флаг Казахстана, символизируя миролюбивые, прогрессивные устремления нашего народа!

С Днем Великой Победы!

t.me/aqorda_resmi
Баршаңызды университетімізге келуге шақырамыз 🤗

Приглашаем всех желающих посетить наш университет 🤗
3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Спорт. Білім. Даму.
Үш бағыт — бір мақсат.
Болашақ чемпиондар мен білікті мамандардың мекені.

⚜️Спорт. Образование. Развите.
Три направления — одна цель.
Место, где рождаются будущие чемпионы и квалифицированные специалисты.
2
Құрметті талапкерлер!

Төменде ұсынылған файлда шығармашылық емтиханға қатысты толық ақпарат берілген. Материалда бағалау жүйесі, өту балдары, жаттығулар тізімі және басқа да маңызды мәліметтер көрсетілген.

Ақпаратпен мұқият танысуларыңызды сұраймыз.



Уважаемые абитуриенты!

В прикреплённом файле представлена полная информация о творческом экзамене. В материале указаны система оценивания, проходные баллы, перечень упражнений и другая важная информация.

Просим внимательно ознакомиться с материалом.
3