ANTIKOR 🇰🇿
17.7K subscribers
1.93K photos
580 videos
91 files
1.77K links
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жаңалықтары

Новости Агентства по противодействию коррупции РК

Call-центр: 1424
@AntikorKZ_Bot
Download Telegram
🇰🇿🇨🇳 Антикор мен Қытайдың Мемлекеттік қадағалау комиссиясы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстанға Қытай Коммунистік партиясы Тұрақты комитетінің мүшесі, тәртіпті бақылау жөніндегі орталық комиссия хатшысының орынбасары, Мемлекеттік қадағалау комиссиясы Төрағасының орынбасары Сяо Пэй бастаған қытай делегациясы келді.

Кездесу барысында тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары талқыланды.

Қазақстанның Антикор басшысы Асхат Жұмағали қытайлық әріптестерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметі және жүргізіліп жатқан заңнамалық реформалар, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді елдің бюджетіне қайтару жөніндегі шаралар және т. б. туралы хабардар етті.

Агенттік Төрағасы бір жарым жыл ішінде Антикормен шамамен 2 млрд АҚШ доллары сомасына активтерді қайтару қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Тараптар жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдістері мен шаралары бойынша пікір алмасып, одан әрі екіжақты ынтымақтастықтың форматы мен бағыттарын талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Агенттік активтерді қайтару, тәжірибе алмасу, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу бойынша одан әрі өзара іс-қимыл бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

Қытай делегациясының мүшелері Астана қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне барып, «Антикор-орталығының» жұмысымен танысты. Сондай-ақ, оларға е-Қылмыстық іс жүйесінде live-режиммен іс жүргізу процесін көрсетті.

Қытайлық әріптестер Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін және бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылау қажеттігін білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳 Антикор и Государственная надзорная комиссия Китая обсудили сотрудничество

Казахстан посетила китайская делегация во главе членом Постоянного комитета Коммунистической партии Китая, заместителем секретаря Центральной комиссии по контролю дисциплины, заместителем Председателя Государственной надзорной комиссии Сяо Пэй.

В ходе встречи были обсуждены основные направления антикоррупционной политики сторон.

Глава Антикора Казахстана Асхат Жұмағали проинформировал китайских коллег о деятельности Антикоррупционной службы и проводимых законодательных реформах, а также о мерах по возврату в бюджет страны незаконно выведенных активов и др.

Председатель Агентства отметил, что за полтора года Антикором обеспечен возврат активов на сумму порядка 2 млрд долларов США.

Стороны обменялись мнениями по новым методам и мерам противодействия коррупции, обсудили формат и направления дальнейшего двустороннего сотрудничества.

По итогам обсуждения Агентством внесены конкретные предложения по дальнейшему взаимодействию по основным направлениям – возврат активов, обмен опытом, проведение обучающих семинаров и тренингов.

Члены китайской делегации посетили Департамент по противодействию коррупции по г. Астана, где ознакомились с работой регионального «Антикор-центра». Также, им продемонстрировано ведение производства в системе е-Уголовное дело в режиме реального времени.

Китайские коллеги выразили готовность и заинтересованность в совместной работе с антикоррупционной службой Казахстана и необходимости детального обсуждения совместных проектов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸 Қазақстан Антикоры мен АҚШ Мемлекеттік департаменті активтерді қайтару мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Америка Құрама Штаттарындағы әріптестерімен жемқорлыққа қарсы күн тәртібі бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағалидің АҚШ Мемлекеттік департаментінің Есірткімен халықаралық байланыстар және құқық қорғау органдары бюросының кеңесшісі, Азия аймағында бағдарламалар мен жобаларды енгізу саласындағы сарапшы Кайл Оджимамен кездесуі өтті.

Асхат Жұмағали Агенттіктің қызметі және жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етіп, сондай-ақ американдық тараптың жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыруда және ілгерілетуде көрсетіп отырған қолдауының маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, қаржылық тергеу, активтерді қайтару, цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.

Кайл Оджима серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, қол жеткізілген келісімдерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында америкалық тарап Агенттік делегациясын Америка Құрама Штаттарында а.ж. желтоқсанында өтетін БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының мерейтойлық сессиясына қатысуға шақырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸 Антикор Казахстана и Госдеп США обсудили вопросы возврата активов

В Агентстве Республики Казахстан по противодействию коррупции обсудили с коллегами из Соединенных Штатов Америки вопросы сотрудничества по антикоррупционной повестке.

Cостоялась встреча Председателя Агентства Асхата Жумагали с советником Бюро по международным связям с наркотиками и правоохранительными органами Государственного департамента США, экспертом в области внедрения программ и проектов в азиатском регионе Кайлом Оджима.

Асхат Жумагали проинформировал о деятельности Агентства и проводимых реформах, а также отметил важность оказываемой американской стороной поддержки в реализации и продвижении антикоррупционных проектов.

Стороны обсудили вопросы двустороннего сотрудничества и договорились о проведении совместных мероприятий по вопросам финансовых расследований, возврату активов, противодействия коррупционным преступлениям, совершенным с использованием цифровых финансовых активов, криптобирж и других цифровых платформ.

Кайл Оджима выразил заинтересованность в дальнейшем развитии партнерских отношений и готовность оказать всестороннее содействие в реализации достигнутых соглашений.

В завершение встречи американская сторона пригласила делегацию Агентства в Соединенные Штаты Америки принять участие в юбилейной сессии Конференции государств-участников Конвенции ООН против коррупции, которая состоится в декабре т.г.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Орталық Азияда БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын жеделдетіп имплементациялау үшін өңірлік платформа құрылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы «БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын имплементациялауды жеделдету» өңірлік конференциясына қатысты.

Орталық Азия елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерінің басшылары БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын жеделдетіп имплементациялау үшін өңірлік платформа құру туралы шешім қабылдады.

Платформа өзара ақпарат алмасу және оқыту, білімді басқару, өңірлік жемқорлыққа қарсы саясаттың басымдықтарын келісу, техникалық көмектің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу үшін бірыңғай алаң болады.

Кездесу барысында азаматтық қоғамның жемқорлыққа қарсы күреске қатысуы және талдамалық деректерді жинауда жаңа технологияларды пайдалану мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали өзінің онлайн сөйлеген сөзінде конференцияға қатысушыларды мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі аспектілері және заңнамалық новеллалар туралы хабардар етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы сондай-ақ әлеуметтік-сезімтал салаларды айқындай отырып, азаматтардың өтініштері негізінде әзірленетін жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру туралы, сондай-ақ заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Іс-шара соңында қатысушылар 2024-2025 жылдарға арналған БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын жеделдетіп имплементациялау үшін Өңірлік платформаның Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Региональная платформа для ускоренной имплементации Конвенции ООН против коррупции создана в Центральной Азии

Делегация Агентства по противодействию коррупции приняла участие в региональной конференции «Ускорение имплементации Конвенции ООН против коррупции в Центральной Азии».

Руководителями антикоррупционных служб центральноазиатских стран принято решение о создании Региональной платформы для ускоренной имплементации Конвенции ООН против коррупции.

Платформа будет единой площадкой для взаимного обмена информацией и обучения, управления знаниями, согласования приоритетов региональной антикоррупционной политики, содействия повышению эффективности технической помощи.

В ходе встречи обсуждены вопросы участия гражданского общества в борьбе с коррупцией и использования новых технологий в сборе аналитических данных.

Председатель Агентства Республики Казахстан Асхат Жұмағали в своем онлайн выступлении проинформировал участников конференции об основных аспектах антикоррупционной политики государства и законодательных новеллах.

Руководитель Антикоррупционной службы также рассказал о реализации Карты коррупционных рисков, разрабатываемой на основе обращений граждан с определением социально-чувствительных сфер, а также о проводимой работе по возращению государству незаконно приобретенных активов.

В завершении мероприятия участники подписали План мероприятий по реализации Дорожной карты Региональной платформы для ускоренной имплементации Конвенции ООН против коррупции в Центральной Азии на 2024-2025 годы.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде баяндалды.

Асхат Жұмағалидың баяндамасынан:

➤ осы уақыт ішінде елімізде жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адамның ісі әшкереленді. Оның 158-і – түрлі деңгейдегі басшылар;
➤ сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард теңге шығын өтелді;
➤ 2022 жылдан бері бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құны шамамен 857 миллиард теңге болатын мүлік активтері мен қаржы қайтарылған;
➤ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру аясында тапсырылу мерзімі кешіктірілген, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік нысандар құрылысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Агенттік еліміздің барлық өңірі бойынша жалпы бюджеті 2,44 триллион теңгені құрайтын осындай 156 нысан бар екенін анықтаған;
➤ азаматтық қоғаммен өзара тығыз қарым-қатынас орнату арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта жемқорлықтың белең алуына бей-жай қарамайтын 2 мыңнан астам азамат бұл бастамаға атсалысып жатыр.

❗️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства принял председателя Агентства по противодействию коррупции Асхата Жумагали

Президенту было доложено о результатах работы Антикоррупционной службы за 10 месяцев текущего года.

Из доклада Асхата Жумагали:

➤ за отчетный период зарегистрировано порядка 1 500 коррупционных преступлений, изобличено более 1 100 лиц, из которых 158 – руководители различного уровня;
➤ в суд направлено более 1 тысячи дел, возмещено 282 млрд тенге ущерба;
➤ с 2022 года обеспечен возврат в бюджет и субъектам квазигосударственного сектора имущественных активов и денежных средств на сумму порядка 857 млрд тенге;
➤ в рамках реализации Карты коррупционных рисков осуществляется мониторинг строительства социальных объектов, по которым нарушены сроки сдачи, имеются риски хищений. Установлено 156 таких объектов во всех регионах страны с общим бюджетом 2,44 трлн тенге;
➤ в рамках взаимодействия с гражданским обществом реализуется проект «Антикоррупционное волонтерство», в котором на сегодня принимают участие более 2 тысяч неравнодушных казахстанцев.

❗️По итогам встречи Глава государства дал ряд конкретных поручений по продолжению системной работы по противодействию коррупции и усилению превентивных мер.

t.me/aqorda_resmi
ANTIKOR 🇰🇿
Video
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 айдағы жұмыс нәтижелері туралы

Есепті кезеңде елімізде 1500-ге жуық жемқорлық қылмыс тіркелді, 1100-ден астам адам әшкереленді, оның 158-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Сотқа 1 мыңнан астам іс жіберілді, олар бойынша 282 млрд теңге залал өтелді.

2022 жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 млрд теңге сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді.

Оның ішінде 159,8 млрд теңгесі шетелдік юрисдикциялардан түскен ақша қаражаты түрінде. Бұл сома мемлекет бюджетіне түсті.

Мәселен, Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге, Түркиядан 253 млн теңге қайтарылды.

Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдарда тіркелген жемқорлық қылмыстарға ерекше назар аударады.

Жыл басынан бері өңірлерде барлығы 215 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 137-сі басшылар.

Жемқорлыққа ұшыраған мемлекеттік қызметшілердің ең көп саны Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарына тиесілі.

Агенттік қызметіндегі басым бағыт превенция жұмысы болып табылады.

Есепті кезеңде әртүрлі салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 180-ге жуық талдау және мониторинг жүргізілді. Оларды жою бойынша 1 500-ден астам ұсыныс енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында Антикор 38 млрд теңгеден астам шығындардың алдын алды.

Еліміздің облыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде жалпы бюджеті 2,44 трлн теңгені құрайтын 156 әлеуметтік нысан белгіленді.

Оларды жымқыруға жол бермеу мақсатында құрылыс барысына мониторинг жүргізіледі. Бұл процеске жұртшылық та қосылған.

Жалпы, халықтың жемқорлыққа қарсы белсенділігі артып келеді. Ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына 2 мың бей-жай қарамайтын қазақстандық қатысуда.

Сондай-ақ, «Бизнес жол» жобасын іске асыру жалғасуда. Ол кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған. Іске қосылған сәттен бастап 24 мың бизнес субъектісіне көмек көрсетілді, 550-ден астам проблемалық кейс шешілді.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алғышарттарын, әсіресе әлеуметтік маңызы бар салаларда жою жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

_________
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
ANTIKOR 🇰🇿
Video
О результатах работы Антикоррупционной службы за 10 месяцев

За отчетный период в стране зарегистрировано порядка 1 500 коррупционных преступлений, изобличено более 1 100 лиц, из которых 158 руководители различных уровней.

В суд направлено более 1 тыс. дел, по которым возмещено 282 млрд тенге ущерба.

С 2022 года обеспечен возврат в бюджет и субъектам квазигосударственного сектора имущественных активов и денежных средств на сумму порядка 857 млрд тенге.

Из них 159,8 млрд тенге в виде денежных средств из иностранных юрисдикций. Данная сумма поступила в бюджет государства.

Так, 36,8 млрд тенге возвращено из Австрии, 116,7 млрд тенге из Лихтенштейна, из Объединенных Арабских Эмиратов – 6,3 млрд тенге, из Турции – 253 млн тенге.

Работа по возврату незаконно приобретенных активов продолжается.

Антикоррупционной службой особое внимание уделяется коррупционным преступлениям, зарегистрированным в местных исполнительных органах.

Всего с начала года в регионах изобличено 215 должностных лиц акиматов, из которых 137 - из руководящего звена.

Наибольшее число изобличенных госслужащих в коррупции приходятся на города Алматы, Шымкент, Алматинскую, Восточно-Казахстанскую, Туркестанскую, Акмолинскую области, области Абай и Жетісу.

Приоритетным направлением в деятельности Агентства является превентивная работа.

За отчетный период проведено около 180 анализов коррупционных рисков и мониторингов в различных отраслях. Внесено свыше 1 500 рекомендаций по их устранению.

В ходе мониторинга портала государственных закупок, Антикором предотвращено нерациональное расходование свыше 38 млрд тенге.

В рамках реализации Карты коррупционных рисков в областях страны, установлены 156 социальных объектов с общим бюджетом 2,44 трлн тенге.

В целях недопущения хищений за ними ведется мониторинг хода строительства. К этому процессу подключена общественность.

В целом растет антикоррупционная активность населения. В проекте «Антикоррупционное волонтерство», который был запущен в августе текущего года, уже участвуют 2 тыс. неравнодушных казахстанцев.

Также продолжается реализация проекта «Бизнеске жол». Он направлен на устранение административных барьеров, препятствующих развитию предпринимательства. С момента его запуска оказана помощь 24 тысячам субъектов бизнеса, решено более 550 проблемных кейсов.

Работа по устранению предпосылок к коррупционным проявлениям, особенно в социально значимых сферах, будет продолжена.

_____
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот @antikorkz_bot или по номеру 1424.
📣 АНОНС

Құрметті журналисттер!

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

Брифинг барысында қылмыстық және әкімшілік істер, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар мен заңнамалық нормалар айтылады.

Спикер: Арман Тлеукенов, Агенттіктің ресми өкілі

Өткізу күні мен уақыты: 2023 жылғы 15 қараша, сағат 12:00.

Өтетін орны: Қабанбай батыр даңғылы 19Б., Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимараты, 1 этаж, Пресс-орталық.

Аккредитация 19:00-ге дейін: https://forms.gle/ahfbmM6mitZkEZZv9

Анықтама үшін 1424
📣 АНОНС

Уважаемые журналисты!

15 ноября т.г. состоится пресс-конференция о деятельности Агентства по противодействию коррупции.

В ходе брифинга будут озвучены следственно-оперативная деятельность, нарушения в сфере государственных закупок и законодательные инициативы.

Спикер: официальный представитель Агентства Арман Тлеукенов

Дата и время проведения: 15 ноября 2023 года в 12:00 часов.

Место проведения: пр. Кабанбай батыра 19Б, здание Антикоррупционной службы, 1 этаж, Пресс-центр.

Аккредитация до 19:00 ч. по ссылке - https://forms.gle/ahfbmM6mitZkEZZv9

Телефон для справок - 1424
«Қазақфильм» АҚ экс-президенті жемқорлыққа күдікті

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бұрыңғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі.

Осылай, 2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған.

Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

_________
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Экс-президент АО «Казахфильм»
подозревается в коррупции


Антикоррупционной службой в целях исполнения поручений Главы государства по поиску и возврату активов изобличена преступная деятельность экс-президента АО «Казахфильм» им. Шакена Айманова».

Так, в 2017 году построенная в рамках кинопроекта «Кочевник» на берегу реки Или Алматинской области Бутафорская крепость «Туркестан», реализована по цене ниже рыночной стоимости в 44 раза коммерческой организации, аффилированной с экс-руководством Министерства культуры и спорта.

В настоящее время принимаются меры по возврату данного актива и земельного участка государству.

В соответствии со статьей 201 УПК РК, иная информация в интересах следствия разглашению не подлежит.

В соответствии с подпунктом 1 пункта 3 статьи 77 Конституции и частью 1 статьи 19 Уголовно-процессуального кодекса, каждый считается невиновным пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.

_____
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот @antikorkz_bot или по номеру 1424.
Мемлекеттік органдар 6,7 мың жемқорлық тәуекелдерін дербес анықтады

Жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдар жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау шеңберінде 6,7 мыңға жуық жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оның ішінде 3,5 мыңын залалсыздандырған.

Ағымдағы жылдың 9 айында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТББ-4 іске асыру нәтижелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен мемлекеттік органдардың кеңесінде тыңдалды.

Осылайша, мемлекеттік органдар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен комплаенсті сақтау бойынша ағымдағы жылға арналған жобалар картасын іске асыру қорытындыларын шығарды.

Жамбыл облысы бойынша әкімдіктің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының кадр жұмысындағы жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау шеңберінде 2 млн теңгеден астам сомаға тәртіптік жазасы бар қызметкерлерге сыйлықақы төлеу фактілерін анықтады. Заңсыз төленген қаражат бюджетке қайтарылды.

Ақмола облысының әкімдігі ішкі талдау барысында мүдделер қақтығысы фактісін анықтады. Аудандық әкімдіктердің бірінің аппарат басшысы 2 жыл бойы ЖК-пен бір көзден шарт жасасқан, ал ол басшының жұбайы болған. Осы факті бойынша материалдар тексеру жүргізу үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жіберілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» жобасы бойынша жақын туыстарының бірлескен жұмысының 1800-ден астам фактісі, мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық міндеттерді жүзеге асырудың 122 фактісі, бұрын жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдаудың 12 фактісі, мемлекеттік функцияларды орындаумен сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыратын 10 адам анықталды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзғаны үшін 179 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың 73 қызметкері, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 16 қызметкері, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 23 басшысы және 66 жеке тұлға, сондай-ақ, 31 мемлекеттік органның басшысы бар.

Салынған айыппұл сомасы 54,8 млн теңгеден асады.

_________
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,
@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
6,7 тысяч коррупционных рисков самостоятельно выявили госорганы

Местными исполнительными и центральными государственными органами в рамках внутренних анализов коррупционных рисков выявлено порядка 6,7 тысяч коррупционных рисков, из них 3,5 тысяч устранено.

Результаты реализации ТБН-4 «Предупреждение и противодействие коррупции» за 9 месяцев т.г. были заслушаны на совещании Антикоррупционной службы и госорганов.

Так, госорганы подвели итоги реализации Карты проектов на текущий год по проведению внутренних анализов коррупционных рисков, соблюдению антикоррупционных ограничений и комплаенса в субъектах квазигоссектора.

Управлением координации занятости и социальных программ акимата по Жамбылской области в рамках внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности кадровой работы Центра оказания специальных социальных услуг выявлены факты выплаты премий работникам, имеющим дисциплинарные взыскания на сумму более 2 млн тенге. Незаконно выплаченные средства возвращены в бюджет.

Акиматом Акмолинской области в ходе внутреннего анализа установлен факт конфликта интересов. Руководитель аппарата одного из районных акиматов на протяжении 2-х лет заключал договора из одного источника с ИП, руководителем которого являлась его супруга. Материалы по данному факту направлены в уполномоченный орган по делам госслужбы для проведения проверки.

В рамках проекта по «Соблюдению норм антикоррупционного законодательства» установлено более 1800 фактов совместной работы близких родственников, 122 фактов осуществления должностных обязанностей при наличии конфликта интересов, 12 фактов принятия на работу лиц, ранее совершивших коррупционные правонарушения, 10 лиц, осуществляющих деятельность, несовместимую с выполнением государственных функций.

В целом, за 10 месяцев т.г. за нарушение норм антикоррупционного законодательства к административной ответственности привлечено 179 лиц, в том числе 73 работника местных исполнительных органов, 16 работников территориальных подразделений центральных государственных органов, 23 руководителя субъектов квазигоссектора и 66 физических лиц.

Из них 31 руководитель государственного органа.

Сумма наложенного штрафа составила более 54,8 млн тенге.

_____
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот
@antikorkz_bot или по номеру 1424.