ANTIKOR 🇰🇿
17.7K subscribers
1.92K photos
579 videos
91 files
1.76K links
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жаңалықтары

Новости Агентства по противодействию коррупции РК

Call-центр: 1424
@AntikorKZ_Bot
Download Telegram
⚡️ Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.

А.ж. 3 наурызындағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ В Суде №2 района Байқоңыр города Астана завершено рассмотрение дела в отношении генерального директора ТОО «Астана-Зеленстрой» А.Наурызәлі по факту получения 9 миллионов тенге от заместителя директора ТОО «Табиғат-Сервис НС» С.Карловой за оказание предпочтения и беспрепятственное подписание актов выполненных работ по текущему содержанию зеленых насаждений.

Приговором суда от 3 марта т.г. Наурызәлі признан виновным в получении взятки и ему назначено наказание в виде штрафа в размере двадцатикратной суммы взятки – 185 миллионов тенге с лишением права занимать должности в государственных учреждениях.

Карлову суд приговорил к штрафу в размере пятнадцатикратной суммы взятки – 135 миллионов тенге.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Алматы жылу желілерінің бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алғаны үшін сотталды:

– «Алматы жылу желілері» ЖШС (бұдан әрі - АЖЖ) бас директоры К. Бейсенбиновке 560 млн. теңге сомасындағы айыппұлға;

– АЖЖ бас инженері Д. Қазымбетов 560 млн. теңге сомасындағы айыппұлға;

– АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С. Джингильбаев 560 млн. теңге көлеміндегі айыппұлға;

Пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС директоры Б.Разимбеков 400 млн. теңге айыппұл түрінде жаза тағайындаумен сотталды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд. 80 млн. теңгені құрады, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.

АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 млн. теңге сомасында пара алды деп күдіктенді.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады (сот үкімі заңды күшіне енген жоқ).

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Генеральный директор и другие руководители Алматинских тепловых сетей осуждены за коррупцию

Приговором суда №2 Медеуского района г. Алматы осуждены за получение взятки:
– генеральный директор ТОО «Алматинские тепловые сети» (далее – АлТС) Бейсенбинов К. к штрафу в сумме 560 млн. тенге;
– главный инженер АлТС Казымбетов Д. к штрафу в сумме 560 млн. тенге;
– начальник Управления капитального строительства АлТС Джингильбаев С. к штрафу в сумме 560 млн. тенге.

За дачу взятки осужден директор ТОО «СпецКоммунСтрой» Разимбеков Б. с назначением наказания в виде штрафа в сумме 400 млн. тенге.

Указанные лица пожизненно лишены права занимать должности на государственной службе

Общая сумма штрафа для осужденных составила 2 млрд. 80 млн. тенге, что является равным бюджету строительства школы на 350 мест или детского сада на 320 мест.

Должностные лица АлТС подозревались в получении взятки от Разимбекова Б. в сумме 16 млн. тенге за беспрепятственное подписание актов выполненных работ и перечисление денежных средств по договорам о проведении реконструкции тепловых сетей в г. Алматы.

В соответствии со ст.41 УК РК, при неуплате штрафа в установленные сроки, мера наказания заменяется на лишение свободы (приговор суда не вступил в законную силу).

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Антикор мен ІІМ-дегі парасаттылыққа тексерудің алдын ала нәтижелері талқыланды

Елордада мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің парасаттылығын тексеру жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелерін талқылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасында Integrity check парасаттылыққа тексеруді енгізу көзделген.

Мемлекет басшысы Тұжырымдаманы бекіте отырып, механизмді халықаралық тәжірибеде жақсы нәтижелерді көрсететін шара ретінде атап өтті.

«Әлемдік тәжірибеде парасаттылықты тексеру ізгілендірудің жалпы саясаты шеңберінде енгізілді, себебі қылмыстық жауапкершілік қолданылмайды. Пара алуға келісім білдірген жағдайда, өзге де пайдалар мен артықшылықтар берілген жағдайда тестіленуші жұмыстан шығарылуға тиіс», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов.

«Integrity check» парасаттылықты тексерудің пилоттық жобасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері арасында және одан кейін ішкі істер органдарында жүргізілді.

Пилоттық жобаны енгізу жеке құрам арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бөлігінде өзінің тиімділігін көрсетті және қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін арттырды.

Тексерумен қамтылмаған, бірақ басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы хабарлаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің саны артты. ІІМ жүйесінде жолдағы оқиғаларының азаюына әсер етті, ал оларға азаматтардан пара беру әрекеттері туралы рапорттар саны 10 есе өсті.

Сонымен қатар, кейбір жағдайларда бұл жемқорлық қылмыстың жолын кесуге көмектесті.

Парасаттылыққа тексеру мемлекет пен азаматтардың мүдделеріне ықтимал залалдың алдын алуға болатын превенциялық тетігін білдіреді.

Дөңгелек үстел барысында Азия Даму Банкінің өкілдері Integrity check құралын енгізудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті. Ол АҚШ, Австралия, Венгрия, Молдова, Румынияда сәтті жүзеге асырылуда.

Нью-Йорк полициясының консультанты Мария Хаберфельдтің айтуынша, бұл механизм алғаш рет NYPD жүйесіне енгізілген, бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді және құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында жемқорлықтың алдын алудың ең пәрменді тетігі ретінде белгіленеді.

Сыбайлас жемқорлық жағдайын жасанды модельдеу коррупцияға қарсы іс-қимылдың тиімді тетігі бола қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін айтарлықтай арттыра алады.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Предварительные результаты проверки на добропорядочность в Антикоре и МВД обсудили на круглом столе

В столице представители государственных органов и неправительственных организаций обсудили результаты пилотного проекта по проверке на добропорядочность сотрудников Антикоррупционной службы и Министерства внутренних дел.

В целях повышения эффективности борьбы с коррупцией в Концепции антикоррупционной политики на 2022-2026 годы предусмотрено внедрение механизма внедрения проверки на добропорядочность – Integrity check.

Глава государства, утверждая Концепцию отметил механизм, как меру, показывающую хорошие результаты в международной практике.

«В мировой практике проверка на добропорядочность введена в рамках общей политики гуманизации, так как уголовная ответственность не применяется. В случае выражения согласия на получение взятки, иных выгод и преимуществ тестируемый подлежит увольнению», - сказал первый заместителя Председателя Агентства по противодействию коррупции Дмитрий Малахов.

Пилотный проект проверки на добропорядочность «Integrity check» был проведен среди сотрудников Антикоррупционной службы и следом в органах внутренних дел.

Внедрение пилотного проекта показало свою эффективность в части профилактики правонарушений среди личного состава и повысило уровень ответственности сотрудников.

Увеличилось число сотрудников антикоррупционной службы, не охваченных проверкой, но сообщающих о незаконных действиях третьих лиц. С начала реализации мероприятия рапорта поступили от 65 таких сотрудников. В системе МВД повлияло на уменьшение дорожных происшествий, а количество рапортов о попытках дачи им взяток от граждан увеличилось в 10 раз.

Кроме того, в отдельных случаях это помогло пресечь коррупционное преступление.

Проверка на добропорядочность представляет собой превентивный механизм, при котором возможно предотвратить потенциальный ущерб интересам государства и граждан.

В ходе круглого стола представители Азиатского Банка Развития поделились международным опытом внедрения инструмента Integrity check. Он успешно реализуется в США, Австралии, Венгрии, Молдове, Румынии.

По словам консультанта полиции Нью-Йорка Марии Хаберфельд, данный инструмент впервые был внедрен в системе NYPD, используется по сей день и обозначается как самый действенный механизм превенции коррупции среди сотрудников правоохранительных органов.

Искусственное моделирование коррупционной ситуации может стать эффективным механизмом в противодействии коррупции и серьезно повысить уровень ответственности сотрудников.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Integrity check» парасаттылыққа тексеру механизмі туралы

Дмитрий Малахов, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары

🔹🔹🔹

О механизме проверки на добропорядочность «Integrity check»

Дмитрий Малахов, первый заместитель Председателя Агентства
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің парасаттылығын тексеру нәтижелері туралы

Серік Құлажанов, Антикордың Жеке қауіпсіздік департаменті басшысының у.м.а.

🔹🔹🔹

О результатах проверки на добропорядочность сотрудников Антикоррупционной службы

Серик Кулажанов, вр.и.о. руководителя Департамента собственной безопасности Антикора
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің парасаттылығын тексерудің аралық нәтижелері

Арман Саданов, ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы

🔹🔹🔹

Промежуточные результаты проверки на добропорядочность сотрудников органов внутренних дел

Арман Саданов, руководитель Департамента собственной безопасности МВД
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Парасаттылықты тексеру тетігі туралы

Мария Хаберфельд, Нью-Йорк қ. полиция кеңесшісі

🔹🔹🔹

О механизме проверки на добропорядочность

Мария Хаберфельд, консультант полиции г.Нью-Йорк
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Integrity check және арандатушылық арасындағы айырмашылық туралы

Назгүл Ерғалиева, АДБ жобасы бойынша Ұлттық консультант, қылмыстық сот төрелігі саласындағы маман

🔹🔹🔹

Об отличии Integrity check и провокации

Назгуль Ергалиева, национальный консультант по проекту АБР, специалист в сфере уголовного правосудия
⚡️ Экология басқармасының лауазымды адамдары жемқорлық үшін сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 сотының үкімімен пара алғаны үшін (ҚК 366-бабы) Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқарма басшысы орынбасарының м.у.а. М. Жексембаевқа 96 млн. теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды (параның 30 еселенген мөлшері).

Пара бергені үшін (ҚК 367-бабы) «Экосервис-С» ЖШС басшысы Ғ. Беркінбаев пен «Компания Стройтекс» ЖШС басшысы А. Мапаевқа сәйкесінше 73 млн. астам және 64 млн. теңге сомасында айыппұл салуға үкім шығарылды.

Парақорлыққа делдал болғаны үшін (ҚК 368-бабы) «Eco Almaty» ЖШС менеджері Б. Рахым 32 млн. теңге мөлшерінде айыппұлға сотталды.

Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы есебі 265 млн. теңгеден астам соманы құрады.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Экология және қоршаған орта басқармасының лауазымды тұлғасы М. Жексембаев «Реннесанс плюс» ЖШС өкілі Ғ. Беркінбаевтан қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау үшін Алматы қаласының тұрғын үй кешендерінің аумағында жер учаскелерін бергені үшін 5 млн. теңге шамасында ақшалай қаражат алды.

М. Жексембаев «Компания Стройтекс» ЖШС директоры А. Мапаевтан Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының әкімшілік ғимаратының ЖСҚ әзірлеуге бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жалпы қамқорлығы үшін делдал Б. Рахым арқылы 3 млн. теңгеден астам ақшалай пара алды.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады (сот үкімі заңды күшіне енген жоқ).

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Должностные лица Управления экологии осуждены за коррупцию

Приговором суда №2 Медеуского района города Алматы за получение взятки (ст.366 УК) осужден вр.и.о. заместителя руководителя Управления экологии и окружающей среды города Алматы Жексембаев М. Ему назначено наказание в виде штрафа в сумме 96 млн. тенге (30-тикратный размер взятки).

За дачу взятки (ст.367 УК) также приговорены к штрафам в сумме более 73 млн. и 64 млн. тенге руководители ТОО «Экосервис-С» Беркинбаев Г. и ТОО «Компания Стройтекс» Мапаев А.

За посредничество во взяточничестве (ст.368 УК) менеджер ТОО «Eco Almaty» Рахым Б. к штрафу в размере 32 млн. тенге.

Общая сумма штрафа для осужденных составила более 265 млн. тенге.

Указанные лица пожизненно лишены права занимать должности на государственной службе и субъектах квазигосударственного сектора. 

Должностное лицо Управления экологии и окружающей среды Жексембаев М. путем обмана и злоупотребления доверием получил от представителя ТОО «Реннесанс плюс» Беркинбаева Г. денежные средства около 5 млн. тенге за предоставление земельных участков на территории жилых комплексов города Алматы для сбора и сортировки твердо-бытовых отходов.

Жексембаев М. также получил взятку в размере более 3 млн. тенге от директора ТОО «Компания Стройтекс» Мапаева А. через посредника Рахым Б. за общее покровительство по ранее заключенному договору о государственных закупках на разработку ПСД административного здания Управления экологии и окружающей среды города Алматы.

В соответствии со ст.41 УК РК, при неуплате штрафа в установленные сроки, мера наказания заменяется на лишение свободы (приговор суда не вступил в законную силу).

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Антикор Алматы облысының судьясы мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты тергеу жүргізуде

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деп күдіктенеді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77 - бабы 3-тармағының 1 тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінә соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Антикор ведет расследование в отношении судьи и сотрудника Департамента госдоходов в Алматинской области

Антикоррупционной службой по Алматинской области проводится досудебное расследование в отношении судьи Специализированного межрайонного экономического областного суда и сотрудника подразделения Департамента государственных доходов Алматинской области.

Судья подозревается в получении взятки при посредничестве работника налогового органа за вынесение решения по гражданским делам о признании банкротами 2-х предприятий, имеющих налоговую задолженность перед государством.

В соответствии со ст.201 УПК иная информация в интересах следствия распространению не подлежит.

В соответствии с подпунктом 1 пункта 3 статьи 77 Конституции и частью 1 статьи 19 Уголовно- процессуального кодекса, каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.
❗️БАҚ назарына!

«Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум

Форумда жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құрудың халықаралық тәжірибесі мен ұлттық тәжірибесі таныстырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі мақсаты - квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу болып табылады.

Халықаралық және қазақстандық сарапшылармен бірлесіп, Қазақстандағы осы институттың проблемалық мәселелері мен даму перспективасы талқыланатын болады.

📌 Күні: 2023 жыл 31 наурыз.
🕤 Басталуы: сағ.9: 30
📍 Іс-шараның өтетін орны: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 45, «Пекин палас» қонақ үйінің ғимараты, 2 қабат.

Трансляция Агенттіктің Facebook парақшасы мен YouTube арнасында өтеді:
Facebook: https://www.facebook.com/events/1298948560749678/
YouTube:
https://youtube.com/live/nG66rDkXtxo?feature=share

БАҚ аккредиттеу:
Гүлнұр Даутова +7 702 257 96 06
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️Вниманию СМИ!

Антикоррупционный форум

«Развитие антикоррупционного комплаенса в Республике Казахстан».

На Форуме будут презентованы международный опыт и национальная практика построения системы антикоррупционного комплаенса.

Основной целью антикоррупционного комплаенса является недопущение коррупционных правонарушений в субъектах квазигосударственного и частного секторов.

Совместно с международными и казахстанскими экспертами будут обсуждены проблемные вопросы и перспектива развития данного института в Казахстане.

📌 Дата: 31 марта 2023 года.
🕤 Начало: 9:30 ч.
📍 Мероприятие пройдет по адресу: г. Астана, ул. Сығанақ, 45, в здании гостиницы «Пекин палас», 2 этаж.

Трансляция будет проводиться на странице Facebook и YouTube–канале Агентства:
Facebook: https://www.facebook.com/events/1298948560749678/
YouTube:
https://youtube.com/live/nG66rDkXtxo?feature=share

Аккредитация СМИ:
Гульнур Даутова +7 702 257 96 06
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ANTIKOR 🇰🇿 pinned «❗️Вниманию СМИ! Антикоррупционный форум «Развитие антикоррупционного комплаенса в Республике Казахстан». На Форуме будут презентованы международный опыт и национальная практика построения системы антикоррупционного комплаенса. Основной целью антикоррупционного…»
Кәсіпкерлер мен мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғасы сотталды

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 сотында «Евраскон» ААҚ (Әзірбайжан Республикасы) компаниясының өкілдері З. Исмиевке, Г. Гадировқа және «Аймереке» ЖШС директоры А. Байкенжеге қатысты істі қарау аяқталды.

Олар мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындыларын қайта қарағаны үшін Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына пара берді деп күдіктенді.

Осы жылғы 27 наурыздағы сот үкімімен аталған адамдар пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, пара беруге итермелегені үшін Б. Керейтбаев пен Г. Шөкенов кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, адамдар тобында бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Астана қаласы бойынша ІМАД маманы Д. Төлеубаев кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған адамдардың барлығы да мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылған.

Сот тергеу әрекеттерін жүргізуге белсенді кедергі келтірген Д.К. Төлеубаевтың туысы – А.А. Әкімбаевты (теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы жедел полиция қызметкері) кінәлі деп таныды. Ол билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық жасап, жемқорлық қылмыстарын жасауда айыпталушыларды айыптайтын заттай дәлелдемелерді жасырған. Сот оның бостандығын 2 жыл 6 айға шектеді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Агенттіктің ресми өкілі Арман Тлеукенов