ANTIKOR 🇰🇿
17.7K subscribers
1.93K photos
580 videos
91 files
1.77K links
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жаңалықтары

Новости Агентства по противодействию коррупции РК

Call-центр: 1424
@AntikorKZ_Bot
Download Telegram
⚡️ Қазақстанның 150 мыңнан астам азаматы тегін заңгерлік кеңес алды

Құқықтық ағарту жемқорлықтың алдын алудың қажетті шарасы ретінде 2024 жылғы 30 мамырда жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді.

Халық заңгері – бұл мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар халықты қабылдап, тегін заңгерлік көмек көрсететін іс-шара.

Іс-шара аясында мемлекеттік органдардың 2 мыңнан астам өкілі және құқықтың 1 мыңға жуық жетекші сарапшысы халыққа түрлі мәселелер бойынша кеңес берді.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін өткізу орындары сауда орталықтары, ХҚКО және ЖОО ғимараттары белгіленді.

Нәтижесінде, еліміздің 187 елді мекенінде 150 мыңнан астам азамат су тасқынына қарсы іс-шаралар аясындағы сұрақтармен қоса заңгерлік кеңес алды.

Акцияны аймақтық адвокаттар алқасы, заң кеңесшілері палаталары, нотариустар және жеке сот орындаушылары сияқты көптеген заң қауымдастықтары қолдады.

Сонымен қатар, іс-шараларды ұйымдастыруға жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарынан 700-ге жуық студент қатысты.

Жемқорлықтың алдын алудың қажетті шарты болып табылатын азаматтарымыздың құқықтық мәдениетін арттыруға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет акцияны ұйымдастырушылардың бірі ретінде баса назар аударады.

______
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,
@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Более 150 тыс. граждан Казахстана получили бесплатные юридические консультации

Правовое просвещение определено в качестве необходимой меры предупреждения коррупции, в связи с этим 30 мая 2024 года проведена ежегодная республиканская акция «Народный юрист».

Народный юрист – это мероприятие, в рамках которого представители государственных органов, юристы и адвокаты проводят прием населения и оказывают бесплатную юридическую помощь.

В рамках мероприятия более 2 тыс. представителей государственных органов и порядка 1 тыс. ведущих экспертов права проконсультировали население по различным вопросам.

Для удобства жителей местами проведения определены торговые центры, ЦОНы и здания ВУЗов.

В результате, в 187 населенных пунктах страны более 150 тыс. граждан получили юридические консультации, в том числе в рамках противопаводковых мероприятий.

Акцию поддержали многие юридические сообщества, такие как региональные коллегии адвокатов, палаты юридических консультантов, нотариусы и частные судебные исполнители.

Кроме того, порядка 700 студентов из числа антикоррупционных волонтеров участвовали в организации мероприятий.

Агентство выступает одним из организаторов акции, поскольку повышение правовой культуры наших граждан является необходимым условием профилактики коррупции.

______
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот
@antikorkz_bot или по номеру 1424.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Асхат Жұмағали:

✔️жемқорлыққа қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады:
– жыл басынан бері елімізде 947 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 660 адам әшкереленген. Оның 104-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар;
– тергеу амалдары аяқталған қылмыстық істер аясында 193,5 миллиард теңге өтелген. Жалпы, 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,03 триллион теңге көлемінде мүліктік активтер мен қаржы қайтарылған;
– биыл білім, ғылым, спорт, дәрі-дәрмек сатып алу, құрылыс, жер телімдерін бөлу салаларына жүргізілген талдау және мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша 113 есеп әзірленген;
– мемлекеттік органдарға жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған мыңнан астам ұсыныс берілген;
– алдын алу шаралары аясында, соның ішінде «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталына мониторинг жүргізу арқылы 31 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеген;
– «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру кезінде 7,5 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалып, 67 түйткілді кейс шешімін тапқан;
✔️жол саласындағы жемқорлық әрекеттерді жоюға қатысты тапсырмасының орындалу барысы жөнінде баяндады:
– «ақшаны бояу» пилоттық жобасын әлеуметтік маңызы бар салаларда, соның ішінде жол құрылысында іске асыру жоспарланып отыр;
✔️жыл басынан бері Қатар, Гонконг, Әзербайжан және Ресей Федерациясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарымен ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойылғаны жайында мәлімет берді. Аталған құжаттар құқықтық көмек көрсету, активтерді қайтару, адамдарды іздестіру, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына және сатып алу үдерісіне мониторинг жүргізу мәселелері бойынша серіктестікті нығайтуға бағытталған.

❗️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства принял председателя Агентства по противодействию коррупции Асхата Жумагали

Асхат Жумагали:

✔️доложил о принимаемых мерах по противодействию коррупции:
– с начала года зарегистрировано 947 коррупционных преступлений, изобличено 660 лиц, из которых 104 – руководители различного уровня;
– в рамках завершенных уголовных дел возмещено 193,5 млрд тенге. В целом с 2022 года обеспечен возврат имущественных активов и денежных средств государству и субъектам квазигоссектора на сумму 1,03 трлн тенге;
– в текущем году подготовлено 113 отчетов по итогам анализа и мониторинга в сферах образования, науки, спорта, закупа лекарственных средств, строительства и распределения земель;
– госорганам вынесено более 1 тыс. рекомендаций и предложений, направленных на устранение коррупционных рисков;
– в рамках предупредительных мер, в том числе путем мониторинга портала «Единое окно закупок», предотвращено нерациональное использование бюджетных средств на сумму более 31 млрд тенге;
– при реализации проекта «Бизнеске жол» защищены права порядка 7,5 тыс. предпринимателей, разрешены 67 проблемных кейсов;
✔️проинформировал о ходе исполнения поручения по устранению коррупционных проявлений в дорожной отрасли:
– пилотный проект по «окрашиванию денег» планируется реализовать в социально значимых сферах, в том числе и строительстве дорог;
✔️доложил о том, что с начала текущего года подписано 4 меморандума о сотрудничестве с антикоррупционными ведомствами Катара, Гонконга, Азербайджана и Российской Федерации. Документы направлены на укрепление партнерства в вопросах оказания правовой помощи, возврата активов, розыска лиц, мониторинга целевого использования бюджетных средств и закупок.

❗️По итогам встречи Глава государства дал ряд поручений.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ «Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деп күдіктелуде

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті.

Бұдан басқа, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікті.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО:
https://disk.yandex.kz/i/Qvi4INukUX36Pg

______
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,
@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Экс-гендиректор ТОО «Астана-Зеленстрой» подозревается в совершении коррупционных преступлений

Антикоррупционной службой по г.Астане проводится досудебное расследование в отношении бывшего генерального директора ТОО «Астана-Зеленстрой».

Он подозревается в покушении на мошенничество и подстрекательстве к даче взятки в сумме 15 млн тенге должностным лицам правоохранительных органов за прекращение уголовного дела.

Кроме того, подозревается в злоупотреблении своими должностными полномочиями путем завышения стоимости выполненных работ по посадке многолетних кустарников, заказчиками которых являлись местные исполнительные органы г.Астаны.

С санкции суда подозреваемый заключён под стражу.

Расследование продолжается.

Согласно статьи 201 Уголовно-процессуального кодекса, иная информация в интересах следствия распространению не подлежит.

В соответствии с подпунктом 1 пункта 3 статьи 77 Конституции и частью 1 статьи 19 Уголовно-процессуального кодекса каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.

ВИДЕО ДЛЯ ТЕЛЕКАНАЛОВ:
https://disk.yandex.kz/i/Qvi4INukUX36Pg

______
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот
@antikorkz_bot или по номеру 1424.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣 АНОНС

Құрметті журналистер!

Ағымдағы жылдың 19 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми өкілінің кезекті брифингі өтеді.

Брифинг тақырыбы:
1. Жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы
2. Антикордың ағымдағы қызметі туралы

Спикер: Данияр Бигайдаров, Агенттіктің ресми өкілі

Өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 19 маусым, сағат 12:00.

Өтетін орны: Қабанбай батыр даңғылы, 19Б, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимараты, 1 этаж, Пресс-орталық.

Аккредитация 18 маусым сағат 13:00-ге дейін: https://forms.gle/36ZpMnEGkrCvLnVEA

Анықтама үшін: 8 7172 909424, 8 7172 909199
📣 АНОНС

Уважаемые журналисты!

19 июня т.г. состоится очередной брифинг официального представителя Агентства по противодействию коррупции.

Тема брифинга:
1. О работе по профилактике коррупции
2. О текущей деятельности Антикора

Спикер: официальный представитель Агентства Данияр Бигайдаров

Дата и время проведения: 19 июня 2024 года в 12:00 часов.

Место проведения: пр. Кабанбай батыра 19Б, здание Антикоррупционной службы, 1 этаж, Пресс-центр.

Аккредитация до 13:00 ч. 18 июня по ссылке - https://forms.gle/36ZpMnEGkrCvLnVEA

Телефон для справок: 8 7172 909424, 8 7172 909199
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Түркістан облысы Цифрландыру басқармасы басшысы орынбасарының м.а. жемқорлық үшін сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының м.а. М. Мырзасейітовке, осы басқарманың бөлім басшысы А. Жолсейітовке және кәсіпкер Э. Исаковқа қатысты үкім шығарды.

2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңде мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын жасасқаны, олар бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қою үшін жалпы сомасы 14,6 млн теңгені құрайтын бірнеше рет пара алғаны және бергені үшін, сонымен қатар Жолсейітов бұдан басқа - пара беруге және алаяқтық жасауға итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Жолсейітов Төлеби ауданының Цифрландыру бөлімінің басшысы лауазымына ауысқаннан кейін осындай әрекеттерді орындағаны үшін жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен Исаковтың 903 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды.

Аталған үкіммен Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Мәулен конкурстың жеңімпазын анықтағаны және ауданның ауылдық округтеріне IT-қызметтерді мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасағаны үшін Исаковтан 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Мырзасейітовке 8 жыл, Исаковқа - 7 жыл, Жолсейітовке - 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен бірге аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот Мәуленнің өліміне байланысты оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты.

Үкімді жариялау облыстық Цифрландыру басқармасы ұжымының қатысуымен өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО:
https://disk.yandex.kz/i/UFvWOQIC94Rriw

______
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,
@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Осужден и.о. заместителя руководителя Управления цифровизации Туркестанской области за коррупцию

Межрайонным судом по уголовным делам города Шымкент оглашен приговор в отношении и.о. заместителя руководителя Управления цифровизации, оказания государственных услуг и архивов Туркестанской области Мырзасеитова М., руководителя отдела этого же Управления Жолсеитова А. и предпринимателя Исакова Э.

Они признаны виновными в неоднократном получении и даче взяток на общую сумму 14,6 млн тенге в период с августа 2022 года по июль 2023 года за заключение договоров госзакупок услуг по информатизации и цифровизации госорганов, подписание по ним актов выполненных работ, а Жолсеитов помимо этого - подстрекательстве к даче взятки и мошенничестве.

Установлено, что Жолсеитов после перевода на должность руководителя Отдела цифровизации Толебийского района обманным путем завладел денежными средствами Исакова в сумме 903 тыс тенге под предлогом передачи вышестоящим должностным лицам за выполнение аналогичных действий.

Этим же приговором в получении взятки в сумме 5 млн тенге от Исакова за определение победителем конкурса и заключение договора госзакупок IT-услуг сельским округам района признан виновным руководитель Аппарата акима Отырарского района Маулен А.

Приговором суда Мырзасеитову назначено наказание в виде лишения свободы сроком на 8 лет, Исакову - 7 лет, Жолсеитову - 4 года.

Вместе с тем указанные лица пожизненно лишены права занимать должности на государственной службе.

В отношении Маулен судом уголовное преследование прекращено в связи со смертью.

Оглашение приговора состоялось с участием коллектива областного Управления цифровизации.

Приговор в законную силу не вступил.

ВИДЕО ДЛЯ ТЕЛЕКАНАЛОВ:
https://disk.yandex.kz/i/UFvWOQIC94Rriw

______
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот
@antikorkz_bot или по номеру 1424.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жемқорлыққа қарсы еріктілер 7 млрд теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды

Өткен жылдың тамыз айында іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы өз қатарына 2,7 мыңнан астам белсендіні біріктірді.

Олардың күш-жігерінің арқасында 7 млрд теңгеден астам сомаға тауарлар мен қызметтерге бағаны көтеру тәуекелдеріне жол берілмеді.

Мысалы, жемқорлыққа қарсы еріктілер Орал қаласының әкімдігінің 45 млн теңге сомасына бейнеконференцбайланыс жабдығын сатып алуын тоқтатты, себебі ұқсас жабдықтың нарықтық құны шамамен 4 млн теңгені құрайды.

Шымкент қаласының еріктілері білім басқармасымен және бірнеше мектептермен жетім балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша сатып алуды қайталау фактісін анықтады. Уақытылы ден қою нәтижесінде бюджет қаражатының 78 млн теңге сомасында тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Түркістан қаласында еріктілер жылу энергиясын есептеу кезінде тарифтерді негізсіз көтеру фактісін анықтады. Көп қабатты тұрғын үйлерде есептеу құралдары орнатылғанына қарамастан, есептеу шаршы метрмен жүргізілген, бұл жылыту құнының өсуіне әкелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 32 көпқабатты тұрғын үйдің 2 мыңнан астам тұрғыны үшін шамамен 13 млн теңгеге қайта есептеу жүргізілді.

Елордада еріктілер «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша берілген 30 пәтердің жағдайын тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша мердігерлер радиаторлар мен электр розеткаларының болмауы, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстары және басқа да ақаулар сияқты көптеген кемшіліктерді жойды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қызметінің арқасында халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық бақылау қамтамасыз етіледі.

______
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,
@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Антикоррупционные волонтеры предотвратили нерациональное использование более 7 млрд тенге

Проект «Антикоррупционное волонтерство», запущенный в августе прошлого года, объединил в свои ряды более 2,7 тыс. активистов.

Благодаря их усилиям предотвращены риски завышения цен на товары и услуги на сумму более 7 млрд тенге.

Например, после вмешательства волонтёра, акимат города Уральска отменил закупку оборудования для видеоконференцсвязи на сумму 45 млн тенге, так как рыночная стоимость аналогичного оборудования составляет около 4 млн тенге.

Волонтерами города Шымкент выявлен факт дублирования управлением образования и несколькими школами закупки по организации летнего отдыха для детей-сирот. В результате своевременного реагирования предотвращено неэффективное расходование бюджетных средств в сумме 78 млн тенге.

В городе Туркестан волонтерами установлен факт необоснованного повышения тарифов при расчете теплоэнергии. Несмотря на то, что в многоэтажных жилых домах установлены приборы учета, начисление производилось в квадратных метрах, что приводило к увеличению стоимости отопления.

В результате принятых мер произведен перерасчет для более 2 тыс. жильцов 32 многоэтажных жилых домов на сумму порядка 13 млн тенге.

В столице волонтёры проверили состояние 30 квартир, выданных по программе «Арендное жильё для работающей молодёжи». По результатам проверки подрядчики устранили многочисленные недостатки, такие как отсутствие радиаторов и электрических розеток, а также незавершённые строительно-монтажные работы и другие дефекты.

Благодаря деятельности антикоррупционных волонтеров обеспечивается общественный контроль, направленный на решение социально значимых вопросов населения.

______
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот
@antikorkz_bot или по номеру 1424.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ANTIKOR 🇰🇿
⚡️ ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты 2021…
⚡️ ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар – балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К. Суықбаев сотталды.

Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

______
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,
@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM