ANTIKOR 🇰🇿
17.8K subscribers
1.94K photos
582 videos
91 files
1.77K links
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жаңалықтары

Новости Агентства по противодействию коррупции РК

Call-центр: 1424
@AntikorKZ_Bot
Download Telegram
📣 Құрметті журналистер!

Ағымдағы жылдың 6 наурызында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі бойынша брифинг өтеді.

Брифинг тақырыбы:
1. Мемлекеттік органдарда жемқорлықтың алдын алу
2. Антикордың ағымдағы қызметі туралы

Спикер: Арман Тлеукенов, Агенттіктің ресми өкілі

Өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 6 наурыз, сағат 12:00.

Өтетін орны: Қабанбай батыр даңғылы 19Б., Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимараты, 1-қабат, Пресс-орталық.

Аккредитация 5 наурыз сағат 09:00-ге дейін: https://forms.gle/dS5hPbNffz6SdtrW8

Анықтама үшін: Гүлнұр 8 702 257 9606
Інжу 8 747 014 7917
📣 Уважаемые журналисты!

6 марта т.г. состоится брифинг о деятельности Агентства по противодействию коррупции.

Тема брифинга:
1. Профилактика коррупции в государственных органах
2. О текущей деятельности Антикора

Спикер: официальный представитель Агентства Арман Тлеукенов

Дата и время проведения: 6 марта 2024 года в 12:00 часов.

Место проведения: пр. Кабанбай батыра 19Б, здание Антикоррупционной службы, 1 этаж, Пресс-центр.

Аккредитация до 09:00 ч. 5 марта по ссылке - https://forms.gle/dS5hPbNffz6SdtrW8

Телефон для справок: Гульнур 8 702 257 9606
Инжу 8 747 014 7917
⚡️ Антикор Төрағасы А. Жұмағали Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының курсанттарымен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіптік даярлықтың үшінші легінің тыңдаушыларымен кездесті.

Әңгімелесу барысында Агенттік Төрағасы органның қызметіне және елдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан жүйелі шараларға тоқталды.

Ол мемлекеттік органдардың қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және талдау мәселелеріне, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы ағарту және қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, А. Жұмағали заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару және жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әлемдік стандарттары енгізілетін заңнамалық бастамаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар туралы айтып берді.

«Біздің жұмысымыз қызықты. Агенттікте аналитикалық әлеует жақсы дамыған, талдаушылар бар. Біз мемлекеттік органдармен бірге жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау, ішкі мониторингтер жүргізіп, жемқорлықтың себептері мен шарттарын ашамыз.

Негізгі мақсат – қалыптасқан жемқорлық схемаларға кейіннен басқа шенеунік келіп отырмауы үшін бар схемаларды ашу. Яғни, егер біз қылмысты анықтасақ, соңына дейін жетуіміз керек, неге жасалғанын біліп, осы схемалар бұдан әрі жұмыс істемеуі үшін тиісті шаралар қабылдау керек», - деп атап өтті Асхат Жұмағали.

2023 жылдың соңында Академияда іріктеудің құжаттарды қабылдау, әңгімелесуден, әскери-дәрігерлік комиссиялардан, полиграфологиялық тексеруден өту, емтихан тапсыру кезеңдерінен өткен 50 курсант оқиды Барлығы 546 өтінім берілді, яғни 10 адам бір орынға үміткер болды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап курсанттар бір айлық тағылымдамадан өту үшін Агенттіктің аумақтық департаменттеріне жіберіледі. Практикалық сабақтар аяқталғаннан кейін олар Академияда соңғы курстан өтіп, содан кейін тұрақты қызметке жіберіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Жұмағали тыңдаушыларға табыс тілеп, халық пен мемлекеттің игілігі үшін адал және лайықты қызмет атқаруға шақырды. Ол олардың әрқайсысының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ортақ іске қосатын үлестерінің маңыздылығын атап өтті.

_____
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,
@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Председатель Антикора А.Жумагали встретился с курсантами Академии правоохранительных органов при ГП

Председатель Агентства по противодействию коррупции Асхат Жумагали встретился со слушателями третьего потока первоначальной профессиональной подготовки в Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре.

В ходе беседы Председатель Агентства остановился на деятельности органа и принимаемых системных мерах по противодействию коррупции в стране.

Особое внимание он уделил вопросам превенции и анализу коррупционных рисков в деятельности госорганов, а также работе по антикоррупционному просвещению и формированию в обществе нетерпимости к коррупции.

Также, А. Жумагали рассказал о проведении масштабной работы по возврату государству незаконно выведенных активов и реализации законодательных инициатив, в рамках которых будут внедрены эффективные мировые стандарты борьбы с коррупцией.

«Работа у нас интересная. В Агентстве очень развит аналитический потенциал, есть аналитики. Мы проводим различного рода анализы: внешний анализ коррупционных рисков вместе с госорганами, внутренний мониторинг, вскрываем причины и условия совершения коррупции.

Основная цель - вскрыть те схемы, которые существуют, чтобы в последующем другой чиновник не пришел и на эти схемы не сел. То есть мы если выявили преступление, должны до конца дойти, узнать почему совершено, что способствовало, соответственно, принять меры, чтобы эти схемы не работали дальше», - отметил Председатель Агентства.

В конце 2023 года на обучение в Академию зачислено 50 курсантов, которые прошли все этапы отбора: прием документов, прохождение собеседования, военно-врачебных комиссий, полиграфологического исследования, сдачу экзамена. Всего было подано 546 заявок, то есть на одно место претендовали 10 человек.

С 1 апреля т.г. курсанты направляются для прохождения месячных стажировок в территориальные подразделения Агентства. По окончанию практических занятий, они пройдут завершающий курс в Академии и затем будут направлены для постоянного прохождения службы.

По итогам встречи Асхат Жумагали пожелал слушателям курса дальнейших успехов, призвал честно и достойно нести службу на благо народа и государства. Он отметил важность вклада каждого из них в общее дело по противодействию коррупции.

_____
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот
@antikorkz_bot или по номеру 1424.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Антикор бизнеске заңсыз араласу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың басынан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша 6 лауазымды тұлғаға қатысты 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, оның ішінде 5 іс сотқа жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Мемлекет басшысы отандық бизнестің қатысуымен өткен кезекті кеңесте құқық қорғау органдарына бизнесті қорғау саласында бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.

Агенттік бұл тапсырманы 3 негізгі бағыт бойынша іске асырады:

1. «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде бизнес субъектілеріне құқықтық көмек көрсету;

2. кәсіпкерлердің өтініштерін сапалы және уақтылы қарау;

3. адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тартудан қорғау. Ол үшін Агенттік ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеудің аумақтық департаменттерінің келісуін және бизнеске қатысты жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуді көздейтін алгоритм әзірленіп, қолданылуда (жеткізуді, ұстауды; күдікті ретінде тануды; қорғауға құқығы бар куә, куә ретінде жауап алуды; тінту, алу, тексеру, құжаттаманы алу, жоспардан тыс тағайындауды келісу көзделген тексерулер; тыйым салу, мүлікке уақытша шектеулер белгілеу).

Бұл алгоритмді қолдану кәсіпкерлерді 900-ден астам тергеу әрекетінен қорғады. Бұл кәсіпкерлердің 9 айдан астам жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Бизнесті қорғау жұмыстары жалғасады.

_____
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,
@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Антикор ведет досудебные расследования по фактам незаконного вмешательства в бизнес

Антикоррупционной службой с начала текущего года по фактам незаконного вмешательства в деятельность субъектов предпринимательства начато 8 досудебных расследований в отношении 6 должностных лиц. Из них 5 дел направлены в суд.

Напомним, что в 2022 году Главой государства на очередном совещании с участием отечественного бизнеса, правоохранительным органам дан ряд конкретных поручений в сфере защиты бизнеса.

Агентством данное поручение реализуется по 3 ключевым направлениям:

1. оказание правовой помощи субъектам бизнеса в рамках проекта «Бизнеске жол»;

2. качественное и своевременное рассмотрение обращений предпринимателей;

3. ограждение добросовестных предпринимателей от необоснованного вовлечения в орбиту уголовного преследования. Для этого внутри Агентства разработан и применяется алгоритм, предусматривающий согласование территориальными департаментами регистрации досудебных расследований и проведение отдельных следственных действий в отношении бизнеса (предусмотрено согласование доставления, задержания; признания в качестве подозреваемого; допрос в качестве свидетеля, свидетеля, имеющего право на защиту; проведения обысков, выемок, осмотров, изъятия документации, назначения внеплановой проверки; наложения ареста, установления временных ограничений на имущество).

Применение данного алгоритма оградило предпринимателей от проведения свыше 900 следственных действий. Это позволило сэкономить более 9-ти месяцев рабочего времени предпринимателей.

Работа по защите бизнеса будет продолжена.

_____
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот
@antikorkz_bot или по номеру 1424.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ANTIKOR 🇰🇿
⚡️ Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына…
⚡️ Ұлытау облысы Мәдениет басқармасының басшысы сотталды

Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты парақорлық фактісі бойынша үкім шығарды.

Жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот процесі ашық форматта өткізілді.

Процеске облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ облыстың, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының мемлекеттік қызметшілері онлайн режимде қосылды.

Осылайша, аталған лауазымды тұлғалар облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.

Сот үкімімен осы мемлекеттік мекемелердің басшыларына әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы» ЖШС мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

_____
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,
@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ANTIKOR 🇰🇿
⚡️ Руководитель Управления культуры, развития языков и архивного дела области Ұлытау подозревается в получении взятки Антикоррупционной службой по области Ұлытау проводится досудебное расследование в отношении руководителя ГУ «Управление культуры, развитие…
⚡️ Осужден руководитель Управления культуры области Ұлытау

Жезказганским городским судом оглашен приговор в отношении руководителей Управления культуры, развития языков и архивного дела области Ұлытау и Центра защиты историко-культурного наследия по факту взяточничества.

В целях профилактики коррупции, формирования антикоррупционной культуры в обществе судебный процесс проведен в открытом формате.

К процессу в онлайн режиме были подключены сотрудники областного управления культуры, развития языков и архивного дела, а также госслужащие акимата области, городов Жезказган, Сатпаев, Каражал, Жанааркинского и Улытауского районов.

Так, указанные должностные лица в сговоре получили взятку в размере 2 млн тенге от представителя подрядной организации за подписание актов по договору госзакупок работ по археологическим раскопкам в древних могильниках на территории области и общее покровительство.

Приговором суда руководителям данных госучреждений назначены наказания в виде 6 лет лишения свободы каждому.

Представителю компании-подрячика ТОО «Центр по изучению и сохранению культурного наследия» назначено наказание в виде 3,5 лет лишения свободы.

Все осужденные также пожизненно лишены права занимать должности на государственной службе.

Приговор в законную силу не вступил.

_____
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, незамедлительно сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот
@antikorkz_bot или по номеру 1424.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ «Ақшаны бояу» бойынша пилоттық жобалар іске қосылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Президенттің цифрлық теңгенің көмегімен бюджет қаражатын игеру процесінде «ақшаны бояу» пилоттық жобаларын масштабтау жөніндегі тапсырмасын іске асыру талқыланды.

Кеңесті ведомство басшысы А.Жұмағали Қаржы министрі М.Такиевтің, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Б.Шолпанқұловтың, көлік, өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму вице-министрлерінің, сондай-ақ өңірлер әкімдерінің орынбасарлары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - ӘКК) мен мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының қатысуымен өткізді.

Өздеріңіз білетіндей, а.ж. 7 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалау және қадағалау жөніндегі жобаларды масштабтауды тапсырды.

Осы бағытта бюджет қаражатын игеру үдерістерінде «ақшаны бояу» тетігін енгізу ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасына негізделді.

Бұл тетік Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің Қазынашылығымен өзара іс-қимыл жасай отырып енгізетін «цифрлық теңге» платформасы негізінде іске асырылатын болады.

«Әрине, цифрлық теңге – жымқыруға жол бермеудің маңызды, прогрессивті құралы. Оны енгізу бюджет қаражатын тиімді, мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – біздің басты міндетіміз», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы.

«Ақшаны бояуды» пилоттық енгізуді іске асыру үшін жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың бірі ретінде – жол салу, ӘКК-нің бөлінген қаражатын пайдалану және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуды субсидиялау айқындалды.

Пилоттық сынақтан өткізу Республикалық маңызы бар жолдардың жекелеген учаскелерінен, облыстық ӘКК-нің бірінен және «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлетін инвестициялық субсидиялар бойынша басталады.

Кеңеске қатысушылар жобалардың егжей-тегжей мәселелерін, платформа жұмысының техникалық аспектілерін және «боялған ақшаны» қадағалау мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ әр кезеңнің нақты орындаушылары мен мерзімдерін анықтады.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық мүдделі тараптар Жол картасын бекітті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жобаның іске асырылу барысы туралы үнемі хабардар етіп отырады.

ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/i/iPRQ3TczVc4FpA

_____
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,
@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Запущены пилотные проекты по «окрашиванию денег»

В Антикоррупционной службе обсудили реализацию поручения Президента по масштабированию пилотных проектов «окрашивания денег» в процессе освоения бюджетных средств с помощью цифрового тенге.

Совещание провел руководитель ведомства А.Жұмағали при участии министра финансов М.Такиева, заместителя председателя Национального Банка Б.Шолпанкулова, вице-министров транспорта, промышленности и строительства, сельского хозяйства, цифрового развития, а также заместителей акимов регионов и руководителей социально-предпринимательских корпораций (далее - СПК) и госпредприятий.

Как известно, 7 февраля т.г. на расширенном заседании Правительства Глава государства поручил масштабировать проекты по маркированию и отслеживанию денег с помощью цифрового тенге.

В данном направлении внедрение механизма «окрашивания денег» в процессах освоения бюджетных средств было заложено в Концепции антикоррупционной политики, утвержденной Указом Президента РК.

Данный механизм будет реализован на основании платформы «цифрового тенге», которая внедряется Национальным Банком во взаимодействии с Казначейством Министерства финансов.

«Безусловно цифровой тенге это важный, прогрессивный инструмент по недопущению хищений. Его внедрение позволит обеспечить эффективное, целевое использование бюджетных средств. Это и является нашей с вами основной задачей», – отметил Председатель Агентства.

Для реализации пилотного внедрения «окрашивания денег» определены одни из наиболее подверженных коррупции сфер – строительство дорог, использование выделенных средств СПК и субсидирование приобретения сельхозтехники и оборудования.

Пилотное апробирование начнется с отдельных участков дорог республиканского значения, в одном из областных СПК и по инвестиционным субсидиям, выделяемым АО «КазАгроФинанс».

Участники совещания обсудили детальные вопросы проектов, технические аспекты работы платформы и возможности отслеживания «окрашенных денег», а также определили конкретных исполнителей и сроки каждого этапа.
По итогам мероприятия всеми заинтересованными сторонами утверждена Дорожная карта.

Антикоррупционная служба будет регулярно информировать о ходе реализации проекта.

ВИДЕО ДЛЯ ТЕЛЕКАНАЛОВ: https://disk.yandex.kz/i/iPRQ3TczVc4FpA

_____
❗️ Если Вы столкнулись с коррупцией, незамедлительно сообщайте и присылайте фото/видео в наш бот
@antikorkz_bot или по номеру 1424.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM