ANTIKOR 🇰🇿
16.7K subscribers
1.77K photos
493 videos
91 files
1.64K links
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жаңалықтары

Новости Агентства по противодействию коррупции РК

Call-центр: 1424
@AntikorKZ_Bot
Download Telegram
Құрметті журналистер!

Агенттіктің аумақтық департаменттерінің жаңалықтары департаменттердің жекелеген сайттарында жарияланады. Сайттарға сілтеме арқылы кіруге болады.

Оған қоса, жаңалықтар Антикордың @antikor.kaz Instagram-парақшасының stories-терінде қосымша жарияланады.

Аймақтық департаменттердің соңғы жаңалықтары:
1. Антикор жауап алу және сотқа дейінгі тергеу кабинеттерін көрсетті
2. Ақмола облысында оқу кабинеті мен бензинді жоғары бағада сатып алмақ болған
3. «Бизнеске жол» жобасы аясында 300-ден астам ақмолалық кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды
4. Ақтөбеде жер алу үшін кәсіпкерге әлеуметтік жобаларды іске асыруға 5 млн. теңге салуын талап еткен
5. Кәсіпкерге кафе салу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын бермеген
6. Атырауда кәсіпкерден тегін бизнес-жоспар үшін төлем талап етілді
7. БҚО-да кәсіпкерге 40 миллион теңгеге салық заңсыз есептелген
8. БҚО-ның полиция қызметкерлері жүк көлігінің өтуіне кедергі келтірген
9. Оралда мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін заңсыз қысқартқан
10. Қызылордада кәсіпкердің жерді жалға алу келісім-шарты заңсыз бұзылған
11. Шымкент қаласында 42 мектеп асханаларын жалға алушылардың құқықтары қорғалды
12. СҚО-да заңсыз алынған жер учаскесі кәсіпкерге қайтарылды
13. Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді
14. Заңсыз бизнеске қамқорлық жасаған полиция қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Жазылып, соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыздар!

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Уважаемые журналисты!

Новости территориальных департаментов Агентства публикуются на отдельных сайтах департаментов. Доступ к сайтам по ссылке.

Для удобства новости дублируются в stories в Instagram-аккаунте Антикора - @antikor.kaz

Последние новости региональных департаментов:
1. Антикор показал кабинеты допроса и досудебного расследования
2. Учебный кабинет и бензин по завышенным ценам хотели закупить в Акмолинской области
3. Права более 300 акмолинских предпринимателей защищены в рамках проекта «Бизнеске жол»
4. В Актобе за получение земельного участка от предпринимателя требовали 5 млн тенге для реализации социальных проектов
5. Предпринимателю отказали в предоставлении архитектурно-планировочного задания на строительство кафе
6. В Атырау с предпринимателя требовали оплату за бесплатный бизнес-план
7. В ЗКО предпринимателю незаконно начислили налогов на 40 миллионов тенге
8. Сотрудники полиции ЗКО препятствовали проезду грузового транспорта
9. Руководители дошкольных организации Уральска незаконно уменьшали срок исполнения договора о госзакупках
10. В Кызылорде незаконно расторгнут договор аренды земли предпринимателем
11. В Шымкенте защищены права 42 арендаторов школьных столовых
12. В СКО бизнесмену вернули незаконно изъятый земельный участок
13. Руководитель Управления культуры, архивов и документации Алматинской области подозревается в хищении бюджетных денежных средств
14. К 7 годам лишения свободы приговорен полицейский за покровительство незаконного бизнеса

Подписывайтесь и следите за обновлениями!

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
ANTIKOR 🇰🇿
❗️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Астана қаласының прокуратурасымен бірлесіп, заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері…
⚡️ Антикор Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтар туралы тергеуді аяқтады

Антикоррупциялық қызмет Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар қатарынан ұйымдастырылған топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Қылмыстық іс «Web-Модуль» және «ИИС ЦОН» ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау фактілері бойынша тергелді.

Қылмыстық топ 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында заңнамада қарастырылған алымдар мен төлемдерді төлеместен шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңсыз тіркеді.

Осыған байланысты мемлекетке 1,4 млрд теңге көлемінде аса ірі көлемде залал келтірілді.

Барлығы 30 адам қылмыс жасады деп күдіктелуде. Олардың қатарында Астана қаласы бойынша № 2 Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, 4 полиция қызметкері мен автокөліктерді заңсыз рәсімдеу бойынша өз қызметтерін ұсынған делдалдар бар.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Антикоррупциялық қызмет азаматтарды көліктерді тіркеу кезінде делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырады.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ANTIKOR 🇰🇿
❗️ Антикоррупционной службой совместно с Прокуратурой города Астаны пресечена противоправная деятельность организованной преступной группы, состоявшей из числа сотрудников НАО «Правительство для граждан» и гражданских лиц, занимавшихся нелегальной постановкой…
⚡️ Антикор завершил расследование по делу о СпецЦонах

Антикоррупционной службой завершено досудебное расследование в отношении организованной группы из числа работников Специализированного отдела НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по г. Астане и гражданских лиц.

Уголовное дело расследовалось по фактам неправомерного ввода и уничтожения сведений о транспортных средствах в информационных системах «СЦ «Web-Модуль» и «ИИС ЦОН», подделки письменных форм сделок.

Установлено, что преступная группа в период с января по май 2022 года незаконно зарегистрировала 475 ввезенных из-за рубежа автомашин без уплаты предусмотренных законодательством сборов и платежей.

В связи с чем был причинен ущерб государству в особом крупном размере в сумме 1,4 млрд тенге.

Всего в совершении преступлений подозреваются 30 человек. В их числе руководитель СпецЦОНа №2 по г. Астане, 4 сотрудника полиции и посредники, которые предлагали свои услуги по незаконному оформлению транспортных средств.

В настоящее время идет ознакомление с материалами уголовного дела.

Вместе с тем, в соответствии с подпунктом 1 пункта 3 статьи 77 Конституции и частью 1 статьи 19 Уголовно-процессуального кодекса, каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.

Антикоррупционная служба призывает граждан не прибегать к услугам посредников при регистрации автомобилей.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Channel name was changed to «ANTIKOR 🇰🇿»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Антикоррупциялық қызмет Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады.

2013 жылы ол Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жеке меншік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірді. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берді. Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады.

Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Антикоррупционной службой завершено расследование в отношении экс-акима города Кентау.

В 2013 году он, будучи сотрудником Канцелярии Премьер-Министра, склонил собственника частной компании к даче взятки ответственным должностным лицам в особо крупном размере, обещая за это обеспечить победу в тендере по строительству. Получив требуемую сумму денег, он присвоил её себе и потратил часть денег на приобретение нового дома в г.Астане, дорогостоящей автомашины и нескольких единиц грузовой техники.

Его деяния квалифицированы как подстрекательство к даче взятки в особо крупном размере и мошенничество, с санкции следственного суда он находится под стражей.

В настоящее время материалы уголовного дела переданы в прокуратуру города Астаны для проверки законности принятого решения и дальнейшего направления в суд.

Иная информация в интересах следствия не подлежит разглашению.

Вместе с тем, в соответствии с п.п.1 п.3 ст.77 Конституции Республики Казахстан и ч.1 ст.19 УПК РК, каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.


Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Шетелдік инвесторлардың құқықтары қорғалады – Антикор

Антикоррупциялық қызмет БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасымен бірлесіп «Халықаралық инвестициялық жобалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бизнесті қорғау» халықаралық семинарын өткізді.

Қазақстан өкілдері қатысушыларға елімізде іске асырылып жатқан инвестициялық саясаты бойынша толықтай жеткізіп, республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі, бизнесті дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қызметінің тәжірибесімен бөлісті.

Өз кезегінде Антикор семинар қатысушыларына «Бизнеске жол» кәсіпкерлерді қорғау жобасын таныстырды.

Жоба шеңберінде кәсіпкерлерге нақты мәселелерді шешуге практикалық көмек көрсетіліп, ал талдау арқылы жүйелік проблемалар жойылуда.

Мысалы, жер комиссияларының отырыстарында жерді ұзарту мәселесін қарау практикасы тоқтатылды, мемлекеттік органдар өкілдері тарапынан бизнестің негізсіз тексерулері жойылды, кәсіпкерлердің тергеу іс-әрекеттерін жүргізу жөніндегі іс-шараларға негізсіз шақыруларының жолын кесті.

Сонымен қатар, Антикоррупциялық қызмет кәсіпкерлерге көмек көрсетудің әзірленген тетіктері негізінде шетелдік инвесторларға да көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Cеминар барысында Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Босния, Герцеговина және Түркия сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері басшылықтарының кездесулері өтті.

Оған қоса, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық серіктестік желісін нығайтуға, сондай-ақ «Бейбіт және инклюзивті қоғамға тұрақты даму мүддесі үшін жәрдемдесу, барлығына сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейде тиімді, есеп беретін және инклюзивті институттар құру» № 16 Тұрақты даму мақсатына сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Мұндай маңызды іс-шараның Алматы қаласында, Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығын құру жоспарланған, БҰҰ Өкілдігі ғимаратының қабырғасында өткізілуінің символдық мәні бар.

Сонымен қатар, екі күндік семинар аясында қатысушылар халықаралық инвестициялық жобалардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ ұлттық тәжірибелер мен коррупцияға қарсы стратегияларды таныстырды.

Семинар соңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәуелсіз агенттігі арасында өзара тәжірибе алмасуға, бірлескен іс-қимылға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Австрия, Әзірбайжан, Албания, Армения, Беларусь, Босния, Герцеговина, Грузия, Моңғолия, Иран, Қытай, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Черногория сияқты елдердің өкілдері қатысты.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Права зарубежных инвесторов будут защищены - Антикор

Антикоррупционная служба совместно с Управлением ООН по наркотикам и преступности организовала международный семинар на тему: «Борьба с коррупцией в международных инвестиционных проектах. Защита бизнеса».

Представители Казахстана подробно довели до участников реализуемую в стране инвестиционную политику, рассказали об антикоррупционной системе республики, принимаемых мерах по развитию бизнеса, а также презентован опыт деятельности Международного финансового центра «Астана».

В свою очередь, Антикор презентовал участникам семинара проект по защите предпринимателей «Бизнеске жол».

В рамках которого предпринимателям оказывается практическая помощь в решении конкретных вопросов, а посредством аналитики устраняются системные проблемы.

К примеру, прекращена практика рассмотрения вопроса продления земли на заседаниях земельных комиссий, устранены необоснованные проверки бизнеса со стороны представителей госорганов, пресечены необоснованные вызовы предпринимателей на мероприятия по проведению следственных действий.

Вместе с тем, Антикоррупционной службой на основе уже выработанных механизмов оказания помощи предпринимателям, будет продолжена работа по оказанию помощи и зарубежным инвесторам.

В ходе семинара состоялись встречи руководства антикоррупционных служб Казахстана, Монголии, Китая, Боснии. Герцеговины и Турции.

Также, участники получили возможность обменяться наработанной практикой и знаниями, а также укрепить сеть международного партнерства в области борьбы с коррупцией, также в соответствии с Целью устойчивого развития №16 «Содействовать мирному и инклюзивному обществу в интересах устойчивого развития, обеспечить доступ к правосудию для всех и создавать эффективные, подотчетные и инклюзивные институты на всех уровнях».

Символично, что такое значимое мероприятие проведено в стенах здания Представительства ООН – UN PLAZA, в городе Алматы, на площадке которого планируется создать Региональный центр ООН по Целям устойчивого развития для стран Центральной Азии и Афганистана.

Кроме того, в рамках двухдневного семинара участники обсудили актуальные вопросы, связанные с коррупцией в международных инвестиционных проектах, а также презентовали национальные практики и антикоррупционные стратегии.

В завершении семинара между Антикоррупционной службой Республики Казахстан и Независимым Агентством по борьбе с коррупцией Монголии подписан Меморандум о сотрудничестве, направленный на взаимный обмен опытом, совместные действия.

В мероприятии приняли участие международные эксперты, а также представители таких стран, как Австрия, Азербайджан, Албания, Армения, Беларусь, Босния, Герцеговина, Грузия, Монголия, Иран, Китай, Кыргызстан, Турция, Узбекистан и Черногория.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты инвесторларды қорғау жөніндегі мемлекеттік саясат туралы

🔹🔹🔹

Марат Башимов, депутат Мажилиса Парламента РК о государственной политике по защите инвесторов
Антикор Қазақстанның ірі қалаларында азаматтарды қабылдайды

2023 жылғы 26 мамырда сағат 17:00-де Антикоррупциялық қызмет өкілдері азаматтарды қабылдайды, ал еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.

Азаматтарды қабылдау еліміздің барлық ірі қалаларында өтеді.

Сілтеме бойынша өтіп, өз қалаңызды табыңыз: https://prg.kz/narod_jur

Ақпараттарды келесі бағыттар бойынша алуға болады:
- Азаматтық құқық және процесс
- Банк құқығы
- Атқарушылық іс жүргізу
- Неке-отбасы құқығы
- Мұрагерлік құқық
- Тұрғын үй құқығы
- Еңбек құқығы
- Жер құқығы
- Қылмыстық құқық және процесс
және басқа бағыттар бойынша.

Сіздің ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге алып келіңіз, сонда мамандар толық және сапалы ұсыныстар бере алады.

КІРУ ТЕГІН
Антикор проведет прием граждан в крупных городах Казахстана

26 мая 2023 г. в 17:00 часов представители Антикоррупционной службы проведут прием граждан, а ведущие юристы и адвокаты страны проконсультируют по любым правовым вопросам.

Прием граждан пройдет во всех крупных городах страны.

Переходите по ссылке и находите Ваш город: https://prg.kz/narod_jur

Консультации можно получить по следующим направлениям:
- Гражданское право и процесс
- Банковское право
- Исполнительное производство
- Брачно-семейное право
- Наследственное право
- Жилищное право
- Трудовое право
- Земельное право
- Уголовное право и процесс
и по другим направлениям.

Принесите с собой документы по Вашему делу, чтобы специалисты могли дать более полные и качественные рекомендации.

ВХОД СВОБОДНЫЙ
Құрметті журналистер!

Агенттіктің аумақтық департаменттерінің жаңалықтары департаменттердің жекелеген сайттарында жарияланады. Сайттарға сілтеме арқылы кіруге болады.

Оған қоса, жаңалықтар Антикордың @antikor.kaz Instagram-парақшасының stories-терінде қосымша жарияланады.

Аймақтық департаменттердің соңғы жаңалықтары:

🔹Шортанды ауданы кентінің әкімі лауазымды тұлғаға пара бергені үшін сотталды

🔹Ақмола облысында кәсіпкерге жеңілдетілген дизель отынын беруден негізсіз бас тартылған

🔹Еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құндылықтарды ілгерілету

🔹Мектептердегі алымдар үшін жауапкершілікті еске салады

🔹БҚО-да жер қатынастары саласындағы бірқатар бұзушылықтарды анықталды

🔹Мемлекеттік қызметшілер тергеу изоляторында болды

🔹Жетісуда халықты жұмыспен қамту бағытындағы бюджет қаражатын жымқыру себептері мен салдарын қарастырып, оларды жою жолдарын ұсынды

🔹Психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бар

🔹Маңғыстау облысында кәсіпкер атқарған жұмысының ақысын ала алмаған

🔹Шымкентте тұрғындардың үйлеріне табиғи газ беру жаңартылды

🔹ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылым көрсетілді

🔹Түркістан: Қарамағындағы қызметкердің жемқорлық қылмысын жасауына жол берген аудан әкімі мен оның орынбасарының жауапкершілігін қарау ұсынылды

📣ХАБАРЛАНДЫРУ! Ұлытауда білім басқармасы мен бағынысты мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде. ҚАТЫСУ

Жазылып, соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыздар!

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Уважаемые журналисты!

Новости территориальных департаментов Агентства публикуются на отдельных сайтах департаментов. Доступ к сайтам по ссылке.

Для удобства новости дублируются в stories в Instagram-аккаунте Антикора - @antikor.kaz

Последние новости региональных департаментов:

🔹Аким поселка Шортандинского района осужден за дачу взятки должностному лицу

🔹В Акмолинской области предпринимателю необоснованно отказывали в выдаче льготного дизельного топлива

🔹Продвижение антикоррупционной культуры и ценностей в трудовых коллективах

🔹Антикор Алматинской области напомнил об ответственности за поборы в школах

🔹Антикор ЗКО выявил ряд нарушений в сфере земельных отношений

🔹Госслужащие ЗКО посетили СИЗО

🔹Антикор Жетісу рассмотрены причины и условия хищений в сфере занятости населения, предложены пути по их устранению

🔹Сотрудники центра психического здоровья подозреваются в превышении должностных полномочий

🔹Оплату за выполненные работы не мог получить бизнесмен в Мангистауской области

🔹Антикор Шымкент: возобновлена подача природного газа в дома

🔹В ВКО состоялся показ театральной постановки на антикоррупционную тематику

🔹Туркестан: Предложено рассмотреть ответственность акима и его заместителя, за допущение совершения коррупционного преступления подчиненным

📣ОБЪЯВЛЕНИЕ! Антикор Ұлытау проводит внешний анализ коррупционных рисков в деятельности управления образования и подведомственных учреждениях. УЧАСТВОВАТЬ

Подписывайтесь и следите за обновлениями!

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
⚡️ Антикор Қазселденқорғау ісі бойынша тергеуді аяқтады

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM