ANTIKOR 🇰🇿
17.7K subscribers
1.92K photos
579 videos
91 files
1.76K links
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жаңалықтары

Новости Агентства по противодействию коррупции РК

Call-центр: 1424
@AntikorKZ_Bot
Download Telegram
📣 Алматы облысы Іле ауданының ауыл тұрғындарына қолжетімді бағамен газ қосылады

Іле ауданы Қоянқұс ауылының тұрғындары үйлерді газбен қамтуда қосудың жоғары құны мәселесін бірнеше рет көтерді.

Ауданда газдандыруды «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы жүзеге асырады. Компания елді мекенге дейін газдандыруды жүргізеді, ал ауылдардағы ішкі газ құбырларын осыған арнайы лицензиясы бар жеке компаниялар қосады.

Қоянқұс ауылында «Ер-кай» ЖШС компаниясы жұмыс жүргізеді. Әр үйге газ қосу тарифі олардың сметасы бойынша 1 млн теңгеге дейінгі соманы қамтиды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауданның жергілікті атқарушы органдарымен бірге Алматы облысының газ шаруашылығы өкілдерімен кездескеннен кейін мәселе оң шешімін тапты.

Қоянқұс ауылында газдандыру бұрын жоспарланғаннан екі есе төмен бағамен - 425 мың теңгеден жүргізіледі. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына газды қосу бағасын бөліп төлеу мүмкіндігі берілді.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Сельчанам Илийского района Алматинской области подключат газ по доступной цене

Населением села Коянкус Илийского района неоднократно поднимался вопрос высокой стоимости подключения домов к газоснабжению.

В районе газификация осуществляет Алматинский производственный филиал АО «КазТрансГаз-Аймак». Компания проводит газофикацию до населенного пункта, а внутренние газовые трубы в селах подключают частные компании, имеющие на это специальную лицензию.

Такой компанией в селе Коянкус определено ТОО «Ер-кай». Тариф за подключение газа до каждого дома по их смете составлял до 1 млн тенге с потребителя.

После встречи Антикоррупционной службы совместно с местными исполнительными органами района с представителями газовых хозяйств Алматинской области вопрос был решен положительно.

Производить газификацию в селе Коянкус будут по цене в два раза ниже ранее запланированной - по 425 тысяч тенге. Кроме того, сельчанам дали возможность подключения газа в рассрочку.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ басшысы әшкереленді.

Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021 - 2022 ж. аралығында қызмет мүддесіне қайшы, пайда табу мақсатында рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып түсетін (артық тиеумен) кенді тасымалдаумен айналысатын үлестес ЖШС-ны әкімшілік жауапкершіліктен алып тастаған. Бұл өз кезегінде бюджетке 65,5 млн. теңге сомасында алымдар түспеуге әкеп соқты.

А.ж. 17 қыркүйекте Өскемен қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Антикоррупционной службой по Восточно-Казахстанской области изобличен руководитель РГУ «Инспекция транспортного контроля по ВКО», который используя свое служебное положение в период с 2021 - 2022 гг. вопреки интересам службы, с целью извлечения выгод для себя уводил от административной ответственности аффилированное ТОО, занимающееся перевозкой руды с превышением допустимых весовых параметров (перегрузом), что повлекло недопоступление в бюджет сборов в сумме 65,5 млн. тенге.

17 сентября т.г. Следственным судом г.Усть-Каменогорск в отношении подозреваемого санкционирована мера пресечения в виде «содержания под стражей».

В настоящее время проводится досудебное расследование, иная информация в соответствии со статьей 201 Уголовно-процессуального кодекса, разглашению не подлежит.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Ағымдағы жылы 21 қыркүйекте Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Е.З. Мараимовке, камералдық бақылау бөлімінің басшысы А.М. Ағабекке, Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Е.С. Турсунбековке және «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС-ның құрылтайшысы К.К. Кожахметовке қатысты үкім шығарды.

Жоғарыда аталған адамдар «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз ретінде танылуына ықпал жасау үшін пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу деректері бойынша айыпталған.

Сот үкімімен Е.З. Мараимовке қатысты 8 жыл мерзімге, А.Ағабекке қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге, К.Кожахметовке қатысты 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша Е.С. Турсунбековке қатысты 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар мемелекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 21 сентября т.г. Аль-Фарабийским районным судом г.Шымкент оглашен приговор в отношении руководителя Департамента внутреннего государственного аудита по ВКО Мараимова Е.З., руководителя отдела камерального контроля Ағабек А.М., заместителя руководителя Департамента внутреннего государственного аудита по г.Шымкент Турсунбекова Е.С. и учредителя ТОО «KAZPROFSTROY HOLDING» Кожахметова К.К.

Вышеуказанные лица обвинялись в получении, дачи взятки и посредничестве во взяточничестве за оказание содействия в признании победителем в государственных закупках ТОО «KAZPROFSTROY HOLDING».

Приговором суда Мараимову назначено наказание в виде 8 лет, Ағабек 7 лет 6 месяцев, Кожахметову 7 лет лишения свободы.

Этим же приговором по факту посредничества во взяточничестве Турсунбекову назначено наказание в виде лишения свободы сроком на 2 года.

Осужденные пожизненно лишены права занимать должности на государственной службе.

Приговор не вступил в законную силу.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
🎬 Кто такой сотрудник Антикора?

Мы запускаем серию роликов о сотрудниках Антикоррупционной службы.

Истории основаны на реальных событиях. В них вы увидите настоящую жизнь действующих и бывших офицеров Антикора, их проблемы, увлечения и хобби.

Первый выпуск фильма опубликован на YouTube канале.

https://youtu.be/sFs-3eZikpE

Приятного просмотра!
📣 Сообщник Сатыбалдыұлы объявлен в розыск

Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции продолжает досудебное расследование в отношении Сатыбалдыұлы Қ. и других лиц по фактам уклонения от уплаты налогов и других обязательных платежей в бюджет, а также легализации (отмывания) денег и иного имущества, полученных преступным путем.

В ходе следствия установлено особо доверенное лицо Сатыбалдыұлы Қ. – гражданин Казахстана Эфенди Кемаль, 1983 года рождения, являющий учредителем и директором ряда коммерческих предприятий.

Преступная роль Эфенди заключалась в решении вопросов в околотаможенной сфере, легализации (отмывании) денег и иного имущества, полученных преступным путем. Для этого ему от Сатыбалдыұлы Қ. была выдана доверенность на снятие денег со счета. К примеру, только по одному эпизоду Эфенди за 3 дня июля и августа 2018 года обналичил с личного счета Сатыбалдыұлы Қ. 37 млрд. тенге и 62 млн. долларов США.

С февраля т.г. Эфенди скрывается за пределами Казахстана и уклоняется от явки в орган уголовного преследования. Его противоправные деяния квалифицированы по ст. 218 ч. 3 п. 3 Уголовного кодекса РК и он объявлен в розыск.

Досудебное расследование продолжается.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қ.Сатыбалдыұлына қатысты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Тергеу барысында Қ. Сатыбалдыұлының аса сенімді адамы - Қазақстан азаматы Эфенди Кемаль, 1983 жылы туған, бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры анықталды.

Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру (жылыстату) болды.
Ол үшін оған Қ. Сатыбалдыұлы шоттан ақша алуға сенімхат берген. Мысалы, Эфендидің бір эпизоды бойынша ғана 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айының 3 күн ішінде Қ.Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 млрд. теңге және 62 млн. ақша алған.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүр.

Оның құқыққа қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сараланып, іздеу жарияланды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарына қосылды

Василий Левит
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ Агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылады.

Василий Левит 1988 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, білімі жоғары.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Ел дамуына қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Серебряный призер Олимпийских игр Василий Левит вступил в ряды Антикоррупционной службы

Василий Левит
назначен руководителем управления физической подготовки персонала Агентства по противодействию коррупции.
Перед ним ставится задача по повышению уровня физической подготовки сотрудников Антикоррупционной службы, а также популяризации службы в правоохранительных органах.

Василий Левит родился в 1988 году, уроженец Костанайской области, образование высшее.

Заслуженный мастер спорта РК, Участник двух Олимпийских игр, серебряный призер Олимпийских игр 2016 года, двукратный бронзовый призер чемпионата мира (2017, 2019), первый в истории Казахстана трехкратный чемпион Азии (2009, 2015, 2017), двукратный призер чемпионата Азии (2019, 2021), многократный победитель и призер международных и национальных турниров по боксу.

За вклад в развитие страны награжден орденом «Барыс» 2 степени.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Қазақстанның Жемқорлықты бақылау индексі 6 позицияға өсті

Дүниежүзілік банк әлемнің 214 еліндегі ең беделді жыл сайынғы «мемлекеттік басқару индикаторлары» зерттеулерінің нәтижелерін жариялады.

Бағалау 6 индекс бойынша жүзеге асырылады: «Сыбайлас жемқорлықты бақылау», «Мемлекеттік басқарудың тиімділігі», «Заңның үстемдігі», «Реттеуші ортаның сапасы», «Саяси тұрақтылық» және «Халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі».

Нәтижелер процентиль шкаласы бойынша көрсетіледі – төмен көрсеткіштері бар елдердің пайызы көрсетіледі.

Сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі бойынша Қазақстан кестенің ортасында өз орнын алды. Өткен рейтингте біздің елден төмен нәтижелер елдердің 42% көрсетті, жаңа рейтингте – 48%.

Осылайша, бір жыл ішінде Қазақстан өз позициясын 6 тармаққа жақсартты, ал жалпы соңғы 5 жылда екі еседен астам өсім байқалады. Ағымдағы жылдың көрсеткіші еліміздің осы рейтингке қатысқан барлық уақыт ішінде ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Біздің елден кейінгі қатарларда Аргентина, Бразилия, Индонезия, Марокко, Сербия, Түркия және басқа да мемлекеттер орналасқан.

Деректер Bertelsmann Stiftung, Economist Intelligence Unit, Freedom House, Gallup, IHS Markit World Economic Service, IMD, PRS Group, World Justice Project, World Economic Forum және Varieties of Democracy Project бойынша есептелді.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
На 6 позиций вырос Индекс контроля коррупции Казахстана

Всемирный банк опубликовал результаты одного из самых авторитетных ежегодных исследований «Индикаторы государственного управления» в 214 странах мира.

Оценка осуществляется в разрезе шести индексов: «Контроль коррупции», «Эффективность госуправления», «Верховенство закона», «Качество регуляторной среды», «Политическая стабильность» и «Учет мнения населения и подотчетность госорганов».

Результаты отражаются по шкале процентилей – указывается процент стран, имеющих более низкие показатели.

По Индексу контроля коррупции Казахстан занял позицию в середине таблицы. В прошлом рейтинге результаты ниже нашей страны показало 42% стран, в новом – 48%.

Таким образом, за год Казахстан улучшил свои позиции на 6 пунктов, а в целом за последние 5 лет отмечается более чем двукратный рост. Показатель текущего года самый высокий за все время участия нашей страны в данном рейтинге.

Ниже нашей страны расположились Аргентина, Бразилия, Индонезия, Марокко, Сербия, Турция и другие государства.

Данные рассчитывались по таким источникам, как Bertelsmann Stiftung, Economist Intelligence Unit, Freedom House, Gallup, IHS Markit World Economic Service, IMD, PRS Group, World Justice Project, World Economic Forum и Varieties of Democracy Project.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Антикор қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды

Әлеуметтік желілерде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне қатысты атыс қаруын қолданумен қорқытатын бейне тараған.
Осы факт бойынша келесіні хабарлаймыз.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан.

А.ж. 22 қыркүйегінде осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

А.ж. 29 қыркүйегінде күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Майор полиции угрожавший сотруднику Антикора арестован

В социальных сетях распространяется видео, в котором человек в гражданской одежде угрожает применением огнестрельного оружия в отношении сотрудника Антикоррупционной службы.
По данному факту сообщаем следующее.

Антикоррупционной службой по Алматинской области проводится досудебное расследование в отношении должностных лиц Управления полиции Карасайского района по факту получения денежных средств (взятки) в сумме 500 тысяч тенге за увод от уголовной ответственности.

При проведении обыска сотрудниками Антикоррупционной службы майор полиции, не подчиняясь законным требованиям, угрожал применением огнестрельного оружия.

22 сентября т.г. по данному факту зарегистрировано уголовное дело по ст.380 Уголовного кодекса (Угроза в отношении представителя власти).

29 сентября т.г. с санкции суда подозреваемый арестован.

Расследование продолжается.
Иная информация в интересах следствия разглашению не подлежит.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 ҚазТемірТранс Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 сотымен «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Жоғарыда аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды, берді деп айыпталды.

Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Директор Костанайского филиала ҚазТемірТранс осужден за коррупцию

3 октября 2022 года судом №2 города Костанай вынесен обвинительный приговор в отношении директора Костанайского филиала АО «Қазтеміртранс» Б. Усабекова и директора ТОО «Вадиса М» С. Таирова.

Вышеуказанные лица обвинялись в получении и даче взятки за беспрепятственную и ускоренную поставку грузовых вагонов.

Приговором суда Усабекову назначено наказание в виде 6 лет лишения свободы в учреждении средней безопасности.

Этим же приговором по факту дачи взятки Таирову назначен штраф в размере двадцатикратной суммы взятки, что составляет 24 млн тенге.

Осужденные пожизненно лишены права занимать должности на государственной службе.

Приговор не вступил в законную силу.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Антикор ҚТЖ жұмысында көптеген жемқорлық тәуекелдерін анықтады

«Қазақстан темір жолы», «Атамекен» ҰКП өкілдерінің, қоғамдық кеңес мүшелерінің және жүк жөнелтушілердің қатысуымен өткен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚТЖ қызметінде анықталған жемқорлық тәуекелдері туралы айтты.

Олар вагондарды беру кезіндегі әкімшілік кедергілермен және жемқорлық схемаларымен, тиісті цифрландырудың болмауымен, теміржолшылардың кәсіпкерлермен тікелей байланысымен, қағаз нысанда өтінімдер берумен және т.б. байланысты болған.

Анықталған жемқорлық тәуекелдері қылмыстық статистикамен расталады.

Мәселен, соңғы 5 жылда ҚТЖ лауазымды тұлғалары мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты 136 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша 52 адам сотталды. Бұл саладағы қылмыстардың көпшілігі парақорлық (70%) және ұрлық (13%) фактілеріне байланысты.

Негізінен қылмыстар орындалған жұмыстар актілеріне қол қою кезінде заңсыз сыйақылар алумен, жұмысқа қабылдаумен және қызмет бойынша ауысумен, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін вагондар мен тепловоздарды жеделдетіп және кедергісіз берумен байланысты.

Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов өз сөзінде жүргізілген талдауға сәйкес ҚТЖ жекелеген бөлімшелерінде вагондармен айла-шарғы жасау бойынша жемқорлық схемалары құрылғанын атап өтті. Жасанды кедергілер мен оларды бөлудің жасырын процедурасына байланысты кәсіпкерлер өз мәселелерін ақша үшін бейресми түрде шешуге мәжбүр.

«Іс жүзінде пара берген адам өз жүктерін уақтылы жібереді. Бұл проблемалардың барлығы кәсіпкерлердің дәлелдерімен ғана емес, қылмыстық істердің нақты материалдарымен де расталады. Жақында ғана Қостанай облысы бойынша ҚТЖ бөлімшесінің басшылары сотталды, олар заңсыз сыйақылар үшін вагондар беру жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған», - деп атап өтті Д.Малахов.

Мәселен, «Қазтеміртранс» Қостанай филиалының бұрынғы басшысы Усабековке қатысты қылмыстық іс бойынша оған вагондарды беру немесе бас тарту мәселесін өз бетінше шешуге мүмкіндік берген жасырын процестер анықталды.
Усабеков лоббизм жасаған кәсіпкерлер тәулік бойы өз вагондарын тапшылық кезеңінде де алды, ал басқалары өз кезегін бірнеше апта күтуге мәжбүр болды.

Б. Усабеков жасаған қылмыстары үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара беруші фирмаға 24 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Кеңес қорытындысы бойынша Малахов айтылған ұсынымдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатаң бақылауында болатынын атап өтіп, ҚТЖ-ны осы мәселелерді дереу шешуге шақырды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Антикор выявил множество коррупционных рисков в работе КТЖ

В ходе совещания с участием представителей «Қазақстан темір жолы», НПП «Атамекен», членов Общественного совета и грузоотправителей Антикоррупционная служба озвучила выявленные коррупционные риски в деятельности КТЖ.

Они связаны с административными барьерами и коррупционными схемами при подаче вагонов, отсутствием должной цифровизации, прямым контактом железнодорожников с предпринимателями, предоставлением заявок в бумажной форме и др.

Выявленные коррупционные риски подтверждаются и уголовной статистикой.

Так, за последние 5 лет зарегистрировано 136 уголовных дел в отношении должностных лиц КТЖ и его подведомственных организаций. По ним осуждено 52 человека. Большинство преступлений в этой сфере приходится на факты взяточничества (70%) и хищения (13%).

В основном преступления связаны с получением незаконных вознаграждений при подписании актов выполненных работ, приемом на работу и переводами по службе, а также ускоренной и беспрепятственной подачей вагонов и тепловозов для перевозки грузов.

В своем выступлении первый заместитель Председателя Агентства Дмитрий Малахов отметил, что согласно проведенному анализу в отдельных подразделениях КТЖ созданы коррупционные схемы по манипуляции с вагонами. Из-за искусственных барьеров и непрозрачной процедуры их распределения, бизнесмены вынуждены неформально решать свои вопросы за деньги.

«На деле получается так – кто дает взятку, тот и своевременно отправляет свой груз. Все эти проблемы подтверждаются не только доводами предпринимателей, но и конкретными материалами уголовных дел. Буквально недавно осуждены руководители подразделения КТЖ по Костанайской области, которые организовали преступную схему по подаче вагонов за незаконные вознаграждения», – подчеркнул Д. Малахов.

Так, по уголовному делу в отношении экс-главы костанайского филиала «Казтеміртранс» Усабекова обнаружено, что непрозрачные процессы, которые позволяли ему самовольно решать вопрос предоставления или отказа вагонов.

Предприниматели, которых лоббировал Усабеков в течение суток получали свои вагоны даже в период их дефицита, когда другим приходилось ждать своей очереди неделями.

Б. Усабеков за совершенные преступления приговорен к 6 годам лишения свободы, а фирме-взяткодателю вынесен штраф в размере 24 млн тенге.

По итогам совещания Малахов отметил, что озвученные рекомендации будут находиться на строгом контроле Антикоррупционной службы и призвал КТЖ незамедлительно приступить к решению этих проблем.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 33 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметкерлеріне қатысты жер учаскелерін беру кезінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тексерулер Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсынылған материалдары бойынша жүргізілуде.

Астана қаласында, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 65 жер учаскесі белгіленді. Оларды жергілікті атқарушы органдар «Astana», «Тараз», «Сарыарқа» және «Солтүстік» ӘКК инвестициялық жобалар үшін берген.

Бұл ретте ӘКК басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген инвестициялық емес жобаларды іске асыру үшін жер және кәсіпкерлік кодекстердің талаптарын бұза отырып, заңды тұлғаларға жер учаскелерін рәсімдеген.

Мысалы, Қарағанды облысында 2019-2021 жылдар аралығында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімдіктері «Сарыарқа» ӘКК-на 36 жер учаскесін беріп, оның 14-і Кәсіпкерлік Кодексінің нормаларын және қалалардың бас жоспарын бұза отырып берілген.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы әкімдігінің қаулылары негізінде «Солтүстік» ӘКК үшін 6 жер учаскесі берілді. Одан кейін олар сауда-саттықсыз құрылыс салушыларға берілді.

Астана қаласы мен Жамбыл облысында осыған ұқсас бұзушылықтармен сәйкесінше 8 және 5 учаске берген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттерінің ұсынысы бойынша әкімдіктер заңсыз берілген 33 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарған.

Осылайша, қабылданған шаралар мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірудің алдын алды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424