ANTIKOR 🇰🇿
17.7K subscribers
1.92K photos
579 videos
91 files
1.76K links
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жаңалықтары

Новости Агентства по противодействию коррупции РК

Call-центр: 1424
@AntikorKZ_Bot
Download Telegram
📣 Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Должностные лица Управления спорта города Алматы подозреваются в хищении более 360 млн тенге

Антикоррупционной службой по городу Алматы установлено, что экс-руководитель Управления спорта города Алматы и его подчиненные по предварительному сговору с директором ТОО совершили хищение бюджетных средств на сумму 369 млн. тенге путем оформления фиктивных договоров на аренду спортивного инвентаря, приобретение сертификатов и кубков в рамках государственного закупа и необоснованного перечисления денежных средств на банковские счета родственников директора ТОО.

Иная информация в интересах следствия не подлежит разглашению.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Фармбақылау департаментінің басшысына сөгіс жарияланды

Ағымдағы жылдың 1 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша ҚР Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дулат Тұрманов жұмыстан босатылды.

3 тамызында Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сейітжамал Пакеев ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сот үкімімен басшының орынбасары Тұрманов бірқатар тұлғалардан клиникалық практикаға жіберуге маман сертификатын бергені үшін жалпы сомасы 60 мың теңге болатын жүйелі парақорлыққа кінәлі деп танылды. Оған 2 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындалып, белгілі бір лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Руководителю Департамента фармконтроля объявлен выговор

1 августа т.г. по представлению Антикоррупционной службы, приказом Председателя Комитета медицинского и фармацевтического контроля РК за ненадлежащее исполнение своих должностных обязанностей уволен заместитель руководителя Департамента Комитета по г. Шымкент Дулат Турманов.

3 августа т.г. руководитель Департамента Комитета по г. Шымкент Сейтжамал Пакеев привлечен к дисциплинарной ответственности в виде «выговора» за отсутствие ведомственного контроля.

Напомним, 14 июля т.г. приговором суда заместитель руководителя Турманов был признан виновным в системном взяточничестве от ряда лиц в общей сумме 60 тысяч тенге за выдачу сертификата специалиста для допуска к клинической практике с назначением штрафа в размере 2 миллионов тенге с пожизненным лишением права занимать определенную должность.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 60 000 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген антикоррупциялық мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталды.

Сарысу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 шілдедегі шешімімен «БН Экотехнология» ЖШС-на 49 жыл мерзімге 60 000 га жайылымдық жер уақытша пайдалануға берілді. Бұл ауданның барлық жайылымдық алқаптарының 10,2%-ын құрайды.

Алайда бүгінгі күнге дейін «БН Экотехнология» ЖШС мал басын тіркеу жүргізілмеген, демек, жайылымдық жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаған.

Осыған байланысты, Департаменттің Жамбыл облысы әкіміне ағымдағы жылғы 28 шілдедегі жер пайдаланушыдан жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша шаралар қабылдау туралы хаты негізінде ағымдағы жылдың 19 тамызында Сарысу ауданының әкімдігі мемлекетке 60 000 га жерді қайтарды.

Учаскенің кадастрлық бағалау құны 336,0 млн. теңгені құрайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 60 000 гектаров пастбищных угодий возвращены государству

В ходе проведенного Департаментом по противодействию коррупции по Жамбылской области антикоррупционного мониторинга установлен факт неиспользования крупного земельного участка сельскохозяйственного назначения.

Так, решением акимата Сарысуского района от 18 июля 2006 года ТОО «БН Экотехнология» передано во временное пользование сроком на 49 лет 60 000 га пастбищных угодий, что составляет 10,2% от всех пастбищных угодий района.

Однако регистрация поголовья скота по сегодняшний день ТОО «БН Экотехнология» не проводилась, следовательно, пастбищные угодья не использовались по целевому назначению.

В связи с чем, на основании письма Департамента акиму Жамбылской области от 28 июля текущего года о принятии мер по принудительному изъятию земель у землепользователя, 19 августа текущего года акиматом Сарысуского района государству возвращено 60 000 га земли.

Кадастровая оценочная стоимость участка составляет 336,0 млн. тенге.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Іс бойынша күдіктілердің бесеуі өтіп жатыр, олардың біреуі қамауда, екеуі - үй қамақта.

Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды.

Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде.

Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасуда.

Елде және шетелде қосымша жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам немесе 900 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражат анықталып, жақын арада мемлекетке қайтарылатын болады.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Антикоррупционной службой завершено досудебное расследование в отношении Кайрата Сатыбалдыулы и других лиц по фактам хищений средств AО «Казахтелеком» и AО «Центр транспортного сервиса» в особо крупном размере.

По делу проходят пятеро подозреваемых, из них один содержится под стражей, двое - под домашним арестом.

В ходе расследования государству возвращены незаконно приобретенные активы и денежные средства фигурантов на общую сумму свыше 240 миллиардов тенге или более 500 миллионов долларов США.

В отношении Сатыбалдыулы дополнительно расследуются уголовные дела по фактам уклонения от уплаты налогов и таможенных платежей, легализации преступных доходов.

Активно продолжается поиск других нелегальных активов обвиняемых.

B стране и за рубежом дополнительно установлены и в ближайшее время будут возвращены государству недвижимость, автомобили и денежные средства на общую сумму свыше 400 миллиардов тенге или более 900 миллионов долларов США.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣Антикор білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін еске салды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов «Адами капитал - Жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты Ғылым және жоғары білім-2022 форумында сөз сөйледі.

Ахметжанов өз сөзінде жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы жаңа министрлік пен ЖОО миссиясын табысты іске асыру үшін маңызды кедергі болып табылатынын еске салды.

Мұндай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін елемеудің нәтижесі соңғы үш жылда жоғары оқу орындарының өкілдеріне қатысты жыл сайынғы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тұрақты тіркеу болып табылады.

2021 жылы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры, ректорының кеңесшісі және инженері айшықталды, олар Университетке тиесілі 110 жер телімін заңсыз бөліп, оларды 72 жалған тұлғаға ресімдеп, 95 млн теңге сомасында залал келтірді.

Сыбайлас жемқорлық фактілері регламенттеуші НҚА мен бизнес-процестерді қайта қарау, шешімдер қабылдаудың есептілігі мен ашықтығын күшейту қажеттігін растайды.

Агенттік 2018 жылы Ғылым комитетінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, 16 ұсыныс енгізді. Оларды орындау бойынша оң өзгерістер байқалуда.

Алайда, қызмет басшысы атап өткендей – «Салалық ғылымды қаржыландыру жүйесі мәселелері әлі де өзекті болып отыр. Ол осы мақсаттарға бөлінетін мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануды ынталандырмайды».

Бұл ретте мемлекет бөлетін қаражаттың негізгі бөлігі тікелей ғалымдарға, яғни нәтижелерге сұранысты күшейте отырып, тікелей қаржыландыру схемасын енгізу ұсынылды.

Сондай-ақ, жаңадан құрылған министрлік пен ЖОО басшылығы жоғары білім беру саласындағы ашықтық пен парасаттылықты ілгерілету бойынша бұрын қабылданған ұсынымдар мен стандарттарға назар аударылды.

Бұл ретте, бұрынғы ведомствоның мүдделілігі болмағандықтан, жоғары оқу орындарының оларды сапалы және тиімді қолдануын қамтамасыз ете алмады.

Қорытындылай келе, Жоғары білім және ғылым министрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ұстанымын білдіріп, жоғары оқу орындарының басшылығына парасаттылық қағидаттарын сақтау қажеттігін айтты.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Антикор напомнил про коррупционные риски в сфере образования

Руководитель Службы превенции Агентства по противодействию коррупции Саян Ахметжанов выступил на Форуме науки и высшего образования-2022: «Человеческий капитал – ключевой ресурс развития Нового Казахстана».

В ходе выступления Ахметжанов напомнил, что наличие системных коррупционных рисков является серьезным барьером для успешной реализации миссии нового министерства и вузов.

Результатом игнорирования таких коррупционных рисков является стабильная регистрация ежегодных коррупционных преступлений в отношении представителей высших учебных заведений в последние три года.

В 2021 году изобличены бывший ректор, советник ректора и инженер Казахского Национального женского педагогического университета, которые незаконно сегментировали на 110 участков земли, принадлежащие Университету, и оформили их на 72 подставных лица, чем причинили ущерб в сумме 95 млн тенге.

Коррупционные факты подтверждают необходимость пересмотра регламентирующих НПА и бизнес-процессов, усиления подотчетности и прозрачности принятия решений.
Агентством еще в 2018 году проведен внешний анализ коррупционных рисков в деятельности Комитета науки, внесено 16 рекомендаций, по которым наблюдаются позитивные изменения.

Однако, как отметил руководитель Службы – «Все еще актуальными остаются вопросы системы финансирования отраслевой науки. Она не стимулирует эффективное использование государственных средств, выделяемых на эти цели».

Предлагалось внедрить схему финансирования, при которой основная часть выделяемых государством средств будет предоставлена непосредственно ученым, т.е. прямое финансирование, с усилением спроса за результаты.
Также внимание руководства вновь образованного министерства и вузов обращено на ранее принятые рекомендации и стандарты по продвижению открытости и добропорядочности в сфере высшего образования.

При этом, ввиду отсутствия заинтересованности прежнего ведомства, не удалось обеспечить их качественное и эффективное применение вузами.

В заключении, министр высшего образования и науки озвучил собственную принципиальную позицию против коррупции и указал руководству вузов на необходимость соблюдения принципов добропорядочности.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда.

Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде.

Бұдан басқа, А.Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды.

А.Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін, яғни ағымдағы жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартылды.

Тергеу жалғасуда.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Антикоррупционной службой продолжается расследование в отношении директора Национального музея Республики Казахстан А.Мұхамедиұлы и других лиц по фактам хищения бюджетных средств в особо крупном размере и злоупотребления должностными полномочиями.

Расследование проводится по фактам хищения бюджетных средств, выделенных на проведение международной выставки «Шествие Золотого человека по музеям мира», а также на проекты «Общегосударственное фотограмметрическое 3D-сканирование национальных сакральных объектов Казахстана и музейных фондов» и «Оцифровка Национальной цифровой киноколлекции Республики Казахстан».

Кроме того, проверяется причастность А.Мұхамедиұлы к незаконной передаче в период нахождения в должности Министра культуры и спорта в собственность родственников и аффилированных лиц РГКП «Республиканская школа высшего спортивного мастерства по водным и прикладным видам спорта», АО «Казак энциклопедиясы» и ТОО «Казахстанский научно-исследовательский институт культуры».

Предварительная сумма ущерба государству по расследуемым уголовным делам составляет порядка 7 млрд тенге.

Срок содержания под стражей А.Мұхамедиұлы продлен до 4-х месяцев, то есть до 26 сентября т.г.

Расследование продолжается.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогіне арналған жекпе-жек бойынша турнир аяқталды

27 тамызда ASPAN спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогіне арналған жекпе-жек бойынша республикалық турнир өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене шынықтыру даярлығы деңгейін және қатысушылардың спорттық шеберлігі мен біліктілігін арттыру болып табылады.

Турнирге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторинг агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері қатысты.

Спортшыларды қолдауға бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев пен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит келді.

Барлығы алты түрлі салмақ дәрежесі арасында 6 медаль жиынтығы ойнатылды.

Турнир жеңімпаздары:
67 кг дейінгі салмақ санаты
3 орын - Қанат Абдулла (ҰҚК)
2 орын - Ертарғын Мәліков (МКҚ)
1 орын - Аманбек Жаманқараев (ІІМ)
73 кг дейінгі салмақ санаты
3 орын - Абылай Табанов (ҰҚК)
2 орын - Әлішер Қайырбеков (ІІМ)
1 орын - Данияр Қойшыбек (МКҚ)
80 кг дейінгі салмақ санаты
3 орын - Арман Әбетанов (ҚМА)
2 орын - Нұрдәулет Байбосынов (МКҚ)
1 орын - Айдын Төленбаев (ІІМ)
88 кг дейінгі салмақ санаты
3 орын - Мәди Хабиев (МКҚ)
2 орын - Ілияс Мұхамадиев (ҰҚК)
1 орын - Рахметолла Сатыбалдиев (ІІМ)
97 кг дейінгі салмақ санаты
3 орын - Дәурен Ибрагимов (ҰҚК)
2 орын - Қанағат Мағмұр (ІІМ)
1 орын - Ердәулет Жеңіс (МКҚ)
97 кг жоғары салмақ санаты
3 орын - Мұхтархан Мұқат (ҚМА)
2 орын - Мейрамбек Алматов (ІІМ)
1 орын - Райхан Мәди (ҰҚК)

Жеңімпаздарды құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары марапаттады.

Жалпы командалық есепте мемлекеттік органдар арасында орындар былайша бөлінді:
3 орын - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамасы;
2 орын - Мемлекеттік күзет қызметінің құрамасы;
1 орын - Ішкі істер министрлігінің құрамасы.

Іс-шара соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов турнирге қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы Конституция күнімен құттықтап, баршаға зор денсаулық, гүлдену және бақ-береке тіледі.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣Завершился турнир по рукопашному бою на Кубок Председателя Агентства по противодействию коррупции

27 августа т.г. в спортивном комплексе ASPAN состоялся республиканский турнир по рукопашному бою на Кубок Председателя Агентства по противодействию коррупции, посвященный Дню Конституции Республики Казахстан.

Целью данного мероприятия является пропаганда здорового образа жизни, повышение уровня специальной физической подготовки сотрудников и военнослужащих правоохранительных органов, силовых и специальных структур Республики Казахстан, повышения спортивного мастерства и квалификации участников.

В турнире приняли участие сотрудники Агентства по противодействию коррупции, Агентства по финансовому мониторингу, Комитета национальной безопасности, Министерства внутренних дел, Министерства обороны, Министерства чрезвычайной ситуации, Службы государственной охраны.

Поддержать спортсменов пришли Олимпийский чемпион по боксу Серик Сапиев и серебряный призёр Олимпийских игр Василий Левит.

Всего было разыграно 6 комплектов медалей среди шести разных весовых категорий.

Победители турнира:
Весовая категория до 67 кг
3 место – Канат Абдулла (КНБ)
2 место – Ертаргын Маликов (СГО)
1 место – Аманбек Жаманкараев (МВД)
Весовая категория до 73 кг
3 место – Абылай Табанов (КНБ)
2 место – Алишер Кайырбеков (МВД)
1 место – Данияр Койшыбек (СГО)
Весовая категория до 80 кг
3 место – Арман Абетанов (АФМ)
2 место – Нурдаулет Байбосынов (СГО)
1 место – Айдын Толенбаев (МВД)
Весовая категория до 88 кг
3 место – Мади Хабиев (СГО)
2 место – Ильяс Мухамадиев (КНБ)
1 место – Рахметулла Сатыбалдиев (МВД)
Весовая категория до 97 кг
3 место – Даурен Ибрагимов (КНБ)
2 место – Канагат Магмур (МВД)
1 место – Ердаулет Женис (СГО)
Весовая категория свыше 97 кг
3 место – Мухтархан Мукат (АФМ)
2 место – Мейрамбек Алматов (МВД)
1 место – Райхан Мади (КНБ)

Победителей награждали первые руководители правоохранительных и специальных органов.

В общекомандном зачете среди госорганов места распредились следующим образом:
3 место – сборная Комитета национальной безопасности;
2 место – сборная Службы государственной охраны;
1 место – сборная Министерства внутренних дел.

В завершении мероприятия Председатель Агентства по противодействию коррупции Олжас Бектенов поблагодарил всех участников турнира, поздравил с наступающим Днем Конституции и пожелал всем крепкого здоровья, процветания и благополучия.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті.

2022 жылғы 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды.

Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды.

Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
📣 Антикоррупционной службой по Северо-Казахстанской области пресечена коррупционная деятельность в филиале «Енбек-Кызылжар» РГП на ПХВ «Еңбек» КУИС МВД РК.

23 августа 2022 года задержан руководитель данного учреждения при получении части взятки от индивидуального предпринимателя, за беспрепятственное подписание актов приема-передачи продуктов питания для осужденных по договору о государственных закупках.

Подозреваемый водворен в ИВС города Петропавловска.

Учитывая полное признание вины и поступившее ходатайство о производстве ускоренного досудебного расследования, в отношении него следственным судом избрана мера пресечения в виде домашнего ареста.

Степень виновности лица будет определена судом.

Иная информация в интересах следствия не подлежит разглашению.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында табысты ұлтты қалыптастырудың маңызды факторларының бірі орта білім беру сапасы болып табылатынын атап өтті.

Әрбір қазақстандық оқушының оқуы және жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайы болуы тиіс.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы соттардың нәтижесінде мемлекет билігіне түсетін барлық заңсыз алынған қаражат мектеп құрылысына жұмсалуы керек» - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұрланған активтерді қайтаруға, мемлекетке және Қазақстан халқына келтірілген залалды өтеуге ерекше көңіл бөледі.

2022 жылдың 8 айында шамамен 500 миллиард теңге сомаға мүлік, активтер мен ақша қаражатын қайтару қамтамасыз етілді.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Послании народу Казахстана Глава государства Касым-Жомарт Токаев отметил, что одним из значимых факторов формирования успешной нации является качество среднего образования.

Каждый казахстанский школьник должен иметь достойные условия для обучения и всестороннего развития.

«Все незаконно полученные средства, которые поступают в распоряжение государства в результате судов над коррупционерами, должны расходоваться на строительство школ», - Касым-Жомарт Токаев.

Агентство по противодействию коррупции уделяет особое внимание возврату похищенных активов, возмещению ущерба государству и народу Казахстана.

За 8 месяцев 2022 года обеспечен возврат имущества, активов и денежных средств на сумму порядка 500 миллиардов тенге.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424