СЕНІҢ ДЕ ҚОЛЫҢНАН КЕЛЕДІ!
(өнегелі мысал)
⠀
Баяғыда бір көзі соқыр әрі бір аяғы шолақ патша өмір сүріпті. Бір күні өз портретін салдырмақшы болып, еліндегі барлық суретшілердің басын қосыпты. Оларға өз портретін салып шығуды, алайда денесіндегі ешбір кемістіктің байқалмай тұруын тапсырыпты. Мұндай қиын шартты орындай алмаған суретшілердің барлығы дерлік сурет салудан бас тартыпты. Себебі, кемістігін білдірмеу ешкімнің қолынан келмеген екен.
Алайда, араларынан бір-ақ суретші шығып, тапсырманы орындай алатынын айтыпты. Осылайша тәуекелге бел байлаған азамат біраз уақыттан кейін елді таңдай қақтырған шынайы суретті дүниеге әкеліпті. Қалай дейсіз ғой?
⠀
Тапқыр суретші қолына мылтық кезеніп, шолақ аяғымен тізерлеген күйі соқыр көзін жұмып, әлденені көздеп тұрған патшаны салған екен!
Міне, керемет! Бұл тапқырлыққа патша да риза болып, сыйын көрсетіпті!
Иә, кейде адамның бойындағы кемшілік анық көрініп тұрса да, оны даналықпен жасырып қалуға болады. Мына өмірде де біреудің мінін қазбаламай, оны ұтымды жеткізе алудың шеберлігін меңгерсек қандай ғанибет болар еді, ә?

🔰1 жасқа дейін балалардың бас миында жиі киста анықталады!
Алайда кистаның қауіптілігі ол бас мидың қай бөлігінде орналасуына байланысты. Ең жиі нәрестелерде 1️⃣ жасқа дейін болатын киста - бас мидың тамырлық өрімдегі киста (киста сосудистого сплетение). Бұл ЕШҚАНДАЙ ҚАУПІ ЖОҚ🙅♀️ киста және де ӨЗДІГІНЕН 1 жасқа дейін сіңіріліп жойылады☝️
⠀
❇Сонымен қатар, бұл киста баланың өсіп дамуына ешқандай кері әсер етпейді!
⠀
✔Баланың жылауық болуы
✔Иегінің дірілдеуі
✔Мазасызданғанда қол немесе аяғының дірілдеуі
✔Кейде ауыз айналасының көгеруі
✔Ұйқысының бұзылысы
✔Емізгеннен кейін, кейде өздігінен аздап құсуы
✔Ішінің кебуі
⠀
🔝🔝🔝 жоғары да аталған көріністер кистаның кесірінен емес, яғни кистаның бұған ешқандай байланысы жоқ!
⠀
✡Бұл кистаны емдеу қажет пе?🤔
⠀
Бұл өздігінен жойылатын киста болғандықтан, емдеудің қажеті жоқ! Сонымен қатар, кистаны жоятын препарат жоқ☝️
.
📌 Бас мидың басқа аймағында киста анықталса, оны тек қана бақылап қадағалаймыз, яғни киста өсіп жатыр ма, әлде бірқалыпты тұр ма?🤔
⠀
Егер киста өссе, онда нейрохирург кеңесі қажет, ары қарай емді сол маман шешеді!
⠀
Ал, өспесе киста бірқалыпты тұрса, оны тек бақылаймыз!
⠀
Сонымен қатар, науқасты қандай да бір клиникалық көріністер мазаламаса, невропатологқа қаралу қажет!

📌 Ата-аналарға айтарымыз:
өзінің алғашқы қадамын жасарда, бала физиологиялық және эмоционалдық жағынан дайындықтан өтуі керек. Асықтырудың да тежеудің де қажеті жоқ!
Ортопед мамандар ата-аналар балаға жүруден гөрі еңбектеуді үйретуге кеңес береді. Сәби қадам жасауға ептілік танытқан сәтте оны итарбаға, яғни ходунокке отырғызуға асығып жатамыз. Ендігі әңгімеміз соған қатысты. Дәрігерлер де оны қолдануға келгенде екіұшты пікірде, бұл орайда ата-ана соңғы шешімді өзі қабылдайды. Дегенмен көңілге қонымды, әрі тәжірибеде кездесіп жүрген кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз.
.
📍 Мамандар пікіріне сүйеніп, итарбаның балаға әкелетін кері әсерін тізбелесек:
🔎 Бала табанын дұрыс қоя алмайды;
🔎 Ұзақ уақыт қолдану аяқтарының қисаюына әкеледі;
🔎 Омыртқа сүйектері дұрыс қалыптаспайды;
🔎 Өз бетінше жүруге ынтасы оянбайды;
🔎 Итарбада өзін қауіпсіз сезінген баланың қорғау, сақтану түйсігінің дамуы тежеледі;
🔎 Еркін қозғалысты шектейді.
.
📍Енді пайдасы туралы айтайық:
🔎Ата-анаға тигізер пайдасы аз уақыт болсада баланы итарбаға салып қойып, үй шаруасымен айналысуға уақыт табады, тынығып алады.
🔎Сәбиі итарбада отырса оның қауіпсіз екеніне сенімді жүреді.
🔎Балада әр бөлмені аралап айналасындағы заттармен еркін танысады.
🔎Жүру дағдыларын үйренеді. Бұл жағын да жоққа шығара алмаймыз.
.
⚠️ Егер бала аяғының ұшымен жүріп әдеттенсе ол итарбаның әсері деп бей-жай қарауға да болмайды. Өзге де себеп болу мүмкін. Сондықтан дер кезінде маман кеңесіне жүгінген жөн.

Мұхамеджан ТАЗАБЕК:
"Қыз бала ағаның ақылына, әкенің сесіне мұқтаж" «Негізі қыздарда кінә жоқ. Қыз баланың өзі табиғаты сондай. Олар әлсіз ғой. Біреудің еркелетуіне, қолдауына мұқтаж болып жүреді. Міне, дәл сондай уақытта, қыздың дәл бір ер адамның қамқорлығын қажет ететін кезінде біз оларды оқуға, жұмысқа, анда-мында деп алысқа жіберіп аламыз. Сөйтеміз де, ақырын-ақырын олармен қарым-қатынасымыз сиреп, нәтижесінде әлгі қызымыз көлденең көк аттымен қол ұстасып кете барғанын байқамай қаламыз. Былайша айтқанда, оларға сол "витамин" жетіспей жатыр. Сондықтан да олар әр жігітпен бір сөйлесіп, соның орнын толтырып жатыр. «Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті» дегендей ғой. Мысалы, менің төрт қызым бар. Мен төртеуін киноға апарамын, паркта қыдыртамын. Кейде гүл алып беріп, күлдіртіп, кейде әкелік мысымды көрсетіп ұрсып та аламын. Ақылмен айтып, сөзіммен нұсқап, барынша түсіндіріп жүрмін. Сондықтан қызыңыз ағасының ақылына, әкесінің сесіне мұқтаж болып қалған кезде оған сол дәруменді дер кезінде бере алмай, қапыда қалып жүрмеңіз»
*** Иә, қыз бала – ағасының намысы, әкесінің үміті. Олар – өте әлсіз және тез еліктегіш халық. Сондықтан ер адам ретінде оған бағыт-бағдар, жол көрсетіп, ақылыңызбен, ісіңізбен тоқтау салып, бақылап отыру – сіздің міндетіңіз, құрметті аға, асқар тау әке!

❗Балаңызға йогурт бермеңіз!
деп айтқым келіп кетті, кеше @nazym_ismahanbet ханымның йогурттарға жасаған экспериментін көріп...
📍Өзім йогурт жемеймін, балама да бермеймін. Бірақ сол посттағы көпшілік аналардың: "енді не береміз?" дегенін оқып, көп балалардың йогурт сияқты, құрамы химиялық қоспадан тұратын улы заттарды жеп жүргені жаныма батты.
⚠️ Бала - бізге Алланың берген аманаты. Оған не болса, соны беріп, денсаулығына бей-жай қарамайықшы деген оймен жазып отырмын.
⁉️ Сізге холодильникте 1-1.5 жыл тұрған айран немесе сүтті іш десе, ішер ме едіңіз? Жылы жерде 1-1.5 жыл тұрған, қуырылған картоп пен нанды же десе, жейсіз ба?
🔎 Енді өзіңіз ойлап қараңызшы, йогурт, кириешки, чипсы, т.б жарамдылық мерзімін қарасаң, 1-2 жыл аралығында, соны балаңыз жеп жүр 😩 Айран дегенді бір жыл емес, бір ай тұрып қалса ішпейсіз ғой, нанды екі күннен артық сақтай алмайсыз, көгеріп кетеді. Сақтау мерзімі қаншалықты ұзақ болған сайын, соншалықты зиян деп ойласаңыздар екен..
🔎 Осындай улы заттарды бергенше, неге үйден дайындап бермеске? Қазіргі уақытта аналар, баласына дүкендегі пюре, сок, т.б беруге құмар екені белгілі. Сол пюрені үйден де істеуге болады ғой, теркадан өткізіп немесе блендермен езіп. Соктың орнына үйден компот қайнатып беруге, қолдан гранат, апельсин сығып сок жасап беруге болады. Барлық нәрсенің жолын табуға болады, егер іздесеңіз..
☑️ Енді не береміз? Қандай йогурт жақсы? деген аналарға пайдасы тисін деген ниетпен, үй жағдайында қалай пайдалы йогурт жасауға болатынын жазайын:
✔️ Үй жағдайындағы айран + банан + жеміс - жидек ( ягоды) ➡️ клубника, смородина, нектарин, т.б + қалағаныңызша қант. Жемістерді блендермен немесе вилкамен езіп, айран мен қант салып араластырамыз, болды дайын 😊
Дүкенде тұрған йогурттан 💯 пайдалы, дәмі де керемет болып шығады.
📌 Дүкендікін бергенше, үйден осылай жасап көріңіздер. Жасап жатсаңыз, мені белгілеуді ұмытпаңыз! Бір адамның болса да, қажетіне жарасам қуанып қаламын ғой 😊

САЛИҚАЛЫ БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
🍃 Үйде жүрсіз. Көршіңіз бірдеңе деп ұрыс шығарды. Сіз сабырлық таныттыңыз. Бетінен алып, төсіне шапқан жоқсыз. Керісінше, жақсылық жасадыңыз. Бұл үнемі солай қайталана берді.
Ылғи осы көріністі көріп жүрген бала бір күні сізден:
- Әке, ол сізге дауыс көтерді ғой. Бірдеңе деп айтып тастасаңызшы, - дейді. Сонда сіз:
- Мен Құдайдан қорқамын. Алла бізді көріп тұр ғой, - деп жауап берсеңіз, бала санасына тәрбиенің ұрығын ектім деп есептей беріңіз...
🍃 Кейде үнемі басқаларға жақсылық жасап, туыс-туған мен көрші-қолаңның, дос-жаранның бәріне жомарттық танытып жүрген сізге балаңыз кейіп:
- Әке, өзімізге де керек қой, неге ел-жұртқа таратып бере бересіз? - дейді.
- Оны бізге Алла берді ғой, егер қаласа, тағы да береді. Тыққаның жоғалады, бергенің оралады, балам, - десеңіз, бұл нәрсе оның санасының ең терең түкпірінде жатталып қалады. Жұртқа жұғымды болу, қолдан келгенше жақсылық жасау бірте-бірте бойына сіңе бастайды. Сөйтіп, есейе келе ол да ізгілікке жаны құмар, адамгершілігі мол қоғамдағы «тірі» балаға айналады!
Өз кіндігімізден тараған ұрпағымыз жамандыққа жоламай, керісінше өзгелерге жақсылықты жұқтырып жүретін болса, асыл мұратымыздың орындалғаны осы емес пе?!
_________________________

📚 Ғылым бала миы бүлдіршін жаста жылдам дамитынын айтады. Оның дамуына жәрдемдесу - денсаулығы және болашағы үшін маңызды.
⚠️Есіңізде болсын, сіздің балаңыз – жеке тұлға, оның жеке көзқарасын құрметтеу, пікірімен санасу қажет. Бала өзін жақсы көретінін сезіне білуі керек, оны жиі еркелету, онымен қарым-қатынас кезінде оның мүмкіндіктерін, сөйлеу және қабылдау деңгейін есепке алу керек. Балада қоршаған ортаны қабылдау, ойлау, жад, елестету және тілі 3 жасқа дейін қарқынды түрде қалыптасады. Бұл дағдыларды дамытуға көмектесу ересектерге қатысты. Ата-ана баламен туғаннан бастап жиі сөйлесуі керек, кітапшаларды бірге оқып, бірге қарауы керек. Бала сөйлеуді еліктеу арқылы үйренеді.
👶6 айдан бастап балаға кітап оқып беру - оның дамуына көмектесудің ең жақсы әдісі. Кітап оқу - сәбидің тәуелсіз болу сезімін күшейтеді және таңдау жасау қабілетін дамытады. Балаларға арналған кітап баланың жасына сай болуы тиіс. Бүлдіршін жастағы бала үшін ол қатты, жеңіл, түрлі-түсті суреттері болу керек. Физикалық белсенділігін бүлдіршін кезінен мақтау керек, мысалы, сәбиге еңбектеуге ашық кеңістік болуы, ойыншықтарды алу үшін белгілі бір қимыл жасап, қолына алу талап етілетіндей етіп ойыншықтарды қойып шығыңыз. Бала жүре бастаған кезде оған көмектесу қажет және сүйеніш болатын нәрсені беру керек.
👨🦱5 жасқа дейін ұйымдасқан спортқа бермеген дұрыс. Бұл жаста дұрысы, серуендеу, доппен ойнау т.б. Сурет салу, жапсыру, түрлі ойыншықтармен ойнау өте маңызды.
⚠️Есіңізде болсын, бала үшін ойын – тек көңіл көтеру ғана емес,оның ақыл-ой дамуының және қоршаған ортаны тануының міндетті шарты. Сондықтан баланы ойыншықпен қамтамасыз ету, ойыншықты және ойын түрлерін баланың жасына сай таңдауды ескеруі тиіс. Ойыншық және ойын алаңы қауіпсіз болуы тиіс. Баламен бірге ойыншықты қолдан жасаудың да маңызы зор. Ол ерік-жігерін тәрбиелеуге көмектесетін алғашқы қиындықтарды жеңуді үйренеді. Балаға түсініксіз және жиі тыйым салатын ережелер орнату қисынсыз: ескертуді уақытында беріңіз, ол өз қылығын ескертумен байланыстыра алатындай болсын.
❗Баланы ешқашан ұрып-соқпаңыз, жәбірлемеңіз және қорқытпаңыз!

Басыңызға түскен қиындықтардың да сіз үшін үлкен пайдасы бар екенін білесіз бе?
Хазіреті Омар былай дейді: «Бірде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құзырына хауазин тайпасынан қолға түскен тұтқындар әкелінді. Тұтқындар арасында емізулі бір әйел бар еді. Ол әйел баласын жоғалтып алған екен. Әйел омырауына толған сүтін тұтқындар арасындағы емізулі балаларға беріп жатады. Кенет әйел тұтқындар арасынан өз баласын тауып алғанда, баласын бауырына қысып, құшақтап, аймалап, емізе бастайды. Әйелдің баласына деген махаббатын көрген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге: «Анау әйел баласын отқа тастайды деп ойлайсыңдар ма?» - деп сұрады. Біз: «Жоқ, оңайлықпен баласын отқа тастамайды», - деп жауап бергенімізде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағала да құлдарына мына әйелдің баласына деген махаббат пен мейірімінен де артық мейірімді әрі жұмсақ», - деп жауап қатты.[1
.
Ата-анаңыздан айырылып қалдыңыз ба? Пайғамбарымыз Мұхаммед те (с.ғ.с.) бала кезінде ата-анасынан айырылған. Бауыр етіңіз балаңыз қайтыс болды ма? Пайғамбарымыз Мұхаммедтің де (с.ғ.с.) балалары көз алдында қайтыс болған. Айналаңыздағы адамдардан қиындық көрдіңіз бе? Пайғамбарымыз Мұхаммедті де (с.ғ.с.) туысы мен дінсіз адамдар қорлаған. Осыған қарамастан Ол (с.ғ.с.) үмітсіздікке салынған жоқ. Алла Тағала Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) абыройы мен даңқын екі дүниеде де ардақты етіп қойды. Сіз де ешқашан жасымаңыз, үмітсіздікке салынбаңыз, себебі: «Алла Тағала сабыр етушілерді жақсы көреді»[8] және «Алла кімге жақсылық қаласа, оған сынақтар (қиындықтар) жібереді»[9].
Қайғы келсе, қарсы тұрып, сабыр қылыңыз!
Бұл сынақ мәңгі емес, өтер де кетер. Өйткені біз де мәңгі емеспіз!

📌2 АЙЛЫҚ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
👶Егер бала емшек еметін болса, онда бұл жаста баланың өзінің тамақтану режимі қалыптасады әрі Сіз оған үйренесіз. Егер Сіз емізу уақыты шамамен 1 сағатқа жылжығанын байқасаңыз (ұйықтағанды жақсы көретін бала), онда баланы оятып, қолыңызға алып, түймелеріңізді ағытып, баланың еріндеріне үрпіні жақындатып салуыңызға немесе оны оятпай-ақ емшек беруіңізге болады. Бала түнде оянып, емшек сұрап, бір-екі минут сорып, қайтадан ұйықтап кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда оған емшекті тықпалап, зорлықпен беруге болмайды, ол шөлдеген болуы немесе Сіздің жанында екеніңізді сезінгісі келген болуы мүмкін.
Ананың балаға және өзіне жасайтын күтімі бұрынғысынша қала береді. Баланы күн сайын кемінде 2 сағатқа таза ауаға шығарыңыз.
⚠️6 айға толмаған баланы тікелей күн көзінен сақтау қажет. Бөлменің ауасын тазартып, дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Қолыңызды
жиі жуыңыз. Баланың заттарына мұқият күтім жасаңыз. Бала үшін өзі көріп, ести алатын,қолымен немесе аяғымен итеріп, қозғай алатын ойыншықтар ең мінсіз ойыншықтар болып табылады.
📌 БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Бала бұл жаста қозғалмайтын заттарға тесіліп, көзін ұзақ қадайды, ойыншықтың қозғалысына көз жүгіртеді, шуға селк кете қалады, тігінен жатқанда басын жақсы ұстайды, басын бұрып, жиі шалықтап күледі,түрлі дыбыс шығарады.
❗Назар аударыңыз! Егер 2 екі айлық бала күлмесе, оны міндетті түрде дәрігерге көрсету қажет!