Ана мен бала
483 subscribers
270 photos
39 videos
18 links
☑️ Ана мен бала
👶 Бала күтімі туралы мәліметтер
📚 Әр анаға қажетті кеңестер
Insta: @anabalakz
Download Telegram
Бір кісі психологқа келіп, өзінің көп нәрсеге мұқтаждығын, жағдайының төмен екенін айтып шағымданады:
"Қиналған кезде қол ұшын созар нағыз досым – жоқ;
Жоғары айлығым – жоқ;
Қымбат көлігім – жоқ;
Баспанам – жоқ;
Әдемі киімдерім – жоқ;
Бұрынғыдай қайрат-жігерім – жоқ;
Осылардың барлығы бір күні болады-ау деген үмітім – ол да жоқ!"
Сонда психолог сәл ғана езу тартып, жымияды да әлгі жігітке былай дейді:
«Иә, шынымен де, сізде көп нәрсе жоқ екен. Бұл тізімді дәл бұлай бітіре салғаныңыз дұрыс болмады. «Жоқ» нәрселер сізде көп еді ғой!
Мысалы,
Бойыңызда емі жоқ жаман ауруыңыз – жоқ;
Басыңызда қарызыңыз – жоқ;
Ауру ата-анаңыз – жоқ;
Мүгедектік туралы анықтамаңыз – жоқ;
Елге жаманатты қылып, жерге қаратқан қылмыскер балаңыз – жоқ!
Сізде көп нәрсе жоқ қой! Егер жоқтарыңызды санар болсаңыз, қайғырғаннан емес, риза болғаннан бөркіңізді аспанға атып қуанар едіңіз. Сондықтан қайғырудың да жөні жоқ!"
.
______
Кез келген жаңа туылған бала 1 айдан соң дәрігерлік тексеруден өтуі тиіс!👆 Не үшін? Постқа лайк ❤️басуды ұмытпаңыздар, басқа аналар да көрсін😘👍 .
.
.
☑️Кейбіріміз сол тексеруді елең қылмай 5-6 ай өткен соң барып дәрігерге қаратып жатамыз. Сол бей– жай қараудың нәтижесінде «дисплазия» ұршықтың даму ақауын кеш байқап жатамыз. Дисплазия, бұл туабітті жамбас ұршығының дамымауы немесе мүлдем болмауы.
.
. ⚠️Тексерілуге келген 10 баланың 5 де дисплазия. Себебі неде?
Бұл ауру баланың жатырда жатқан кездегі жағдайы, инфекция түсуінен, жүктіліктің алғашқы кезеңдеріндегі токсикоздан, экологиялық жағдайлардың әсерінен, минералды заттар мен дәрумендердің жетіспеушілігінен де болады.
.
Дисплазия ауруының клиникалық белгілері қандай?
.
‼️Бала дүниеге келгеннен бастап-ақ, бұл аурудың белгілерін байқауға болады:
.
1️⃣Ең бірінші жамбастағы және сандағы қатпарлардың сәйкес келмеуі;
.
2️⃣екіншіден, ауырған буын жақтағы аяқ ұзындығының салыстырмалы түрде қысқалығын байқауға болады;
.
3️⃣үшіншіден, аяқты айналдырғанда сан мен жамбас сүйегінің жалғасқан жерінен сытырдың естілуі;
.
4️⃣төртінші белгісі аурудың ең асқынған кезі, бір аяқ, екінші аяқтан қысқа болғандықтан, аяқты сілтіп басуынан байқауға болады. .
Балаларда дисплазия ауруы қай кезден басталады?
‼️Жаңа туылған балалардың 20 пайызы­ дисплазия ауруымен туылады. Көбінде ер балалардан гөрі қыздарда 3-4 есе көп болады. Және бұл ауру тұқым қуалауы да мүмкін. .
.
Дисплазия емделетін ауру ма, оны қалай емдеуге болады?
‼️ Сәби туылғаннан бастап, дәрігердің қабылдауында болып, алдын алса емдеуге болады. Егер де бұл ауруды өте кеш білсе, емдеу қиынға түседі. Негізінен балада бұл ауруды байқаған кезден бастап, әсіресе, 88-95 пайыз 3-6 ай аралығындағы балаларға емдік курс жүргізсе, ауруынан толықтай айығып кету мүмкіншілігі бар. – Бір айдан бір жасқа дейінгі балалардың дисплазия ауруында арнайы шиналар кигізіп, массаж, ЛФК, электрофарез, кальций, мультивитаминдер тағайындап емдейді.
👆Бұл уақытта емді дұрыс қабылдамаса, баланың жүрісі, дені сау баланың жүрісінен ерекшеленеді. Баланың сал болып қауіпі жоғары!
"Отбасы мүшелеріңнің суретін салып келіңдер" деп тапсырма берген бастауыш сынып мұғалімін жоғарыдағы сурет таңқалдырады. Суретте әкенің қолы және аузы салынбаған екен. Оның мәнісін түсінбеген мұғалім суретті салған кішкене Махамбеттен:
- Суретте әкеңнің екі қолы мен аузын салмапсың ғой, Махамбет? Неге? - деп сұрайды.
Махамбет: - Анамды ұрмасын, оны балағаттамасын деп, әдейі салмадым! - деп жауап берген екен. (Болған оқиға)

📌 Кейде кішкентай балалар үлкендер ойы қорыта аламайтынды ойлайды...
Етеккір кезіндегі ауырсыну
Етеккір кезінде іштің төмен тартып ауыруы мен толғаққа ұқсас ауырсыну сезімі көпшілік әйелді мазалайды.

👆Бұл ауырсыну сезімін медицинада АЛЬГОДИСМЕНОРЕЯ деп атайды.

Қыз-келіншектердің жас айырмашылығына қарамайтын бұл аурудың түрлі себептері анықталған.

🌿👆 Жас қыздарда етеккір келіп бастаған уақыттан алғашқы бір-екі жылға дейін созылуы мүмкін. Бұнда негізгі себеп гармондардың тұрақталуында.

🌿💃Ал орта және үлкен жастағы әйелдерді мазалайтын альгодисменория организимдегі қандай да бір ауытқудың белгісі. Ол созылмалы қабыну аурулары, гормоналды ауытқулар тб.

Егер сізде осы мәселе мазаласа дәрігерге(терапевт, гинеколог, эндокринолог) қаралып, негізгі себептерін анықтағаныңыз абзал.
-УЗИ ОМТ ( узи органов малога таза)
- ОАК, биохимиялық анализдер.
- жасырынды анемияға тапсыруға кеңес берем (Латентный дефицит железа)
- міндетті түрде гормоналды фонды тексеру, ол эндокринолог дәрігерге жүгіну.

Қандай болсын ауытқулар болса емделуге арекет жасаңыз.

🧠Кеңес:
Науқасқа ауырсынуды басатын және жалпы және жергілікті әсер ететін қабынуға қарсы препараттар тағайындалады.

Қажет болса гормоналды препараттар тағайындалады.

Жалпы нығайту терапиясының әдістері: 🤗👍дәрумендер мен минералды кешендерді, негізінен Е, В6 тобының дәрумендерін, кальций 👆цинк, магнийді- себебі осы микроэлементтер гормоналды жүйені ретіне келтіреді, әсіресе жыныс гормонларын, +физиотерапия әдістерін қолдану. + ⠀
Кейбір жағдайларда психокоррекциялық жұмыс, психологпен және психотерапевтпен кеңесу қажет.+Қимылдау+ күн тәртібі маңызды. .
Баламен ойнауды ұнату үшін 5 кеңес

1.Баламен ойнаудағы ең басты нәрсе - ойнау. Барлық көңілмен, эмоциямен, беріліп, тура бір кішкентай балаша... Түсіндіңіз ғой мені?! Ары қарай өзіңіздің қалай ғана ойнауға тәбетіңіздің ашылып кеткенін білмей қаласыз. Бәріміз жүрегіміздің түбінде кішкентай баламыз ғой. 🐥🦁🐶

2.Бала ойнау арқылы көп нәрсе үйреніп, тез жетілетінін есіңізге салып отырыңыз. Өзіңізді үйретуші рөлге қойғанда қалай сапалы түрде ойнап кеткеніңізді байқамай қаласыз👨‍🏫👩🏼‍⚕

3.Бала үшін маxаббат тілінің бірі ойнау екенін ұмытпаңыз. Онымен уақыт өткізіп, қызықты ойнау арқылы өзіңіздің оны қалай жақсы көретіңізді білдіріп отырасыз. Бұл сізге ойнауға мотивация береді 🥰😍

4.Ең баста өзіңізге сөз беріңіз бір 15 минут тек балаға ғана көңіл бөліп ойнаймын деңіз. Сосын күніге 5 минуттан қосып отырыңыз. Ғалымдар сапалы түрде 30 минут ойнаса жеткілікті дейді 💪🏻👪

5.Ойын ойнауға кіріскенде телефоныңызды басқа бөлмеге апарып тастаңыз. Телефонсыз ішіңіз пысып балаңыз ға өзіңіз-ақ көңіл аударып, бірге ойнауға сұранасыз 🙃😁😅

Ал сіздер "беріліп" неше минут ойнайсыздар?
Омыраудан қалай дұрыс шығаруға болады?

Омыраудан шығаруды 1 жастан кейін ғана қолға алыңыз,мүмкін болса 2 жасқа дейін емізуді жалғастырыңыз.

Омыраудан шығарудың екі түрлі жолы бар.Бірі шұғыл (экстренно) шығару болса,екіншісі біртіндеп,жәймен шығару.
🌿Шұғыл шығару өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларға байланысты болуы мүмкін.Бірақ бұл кезде анасының бала жанында болғаны дұрыс.
Өйткені бала емшектен ажыраған кезде стресс алады,ал сіз бір күнде басқа жаққа кетіп қалып + емізбедіңіз ол балаға екі есе стресс тудырады.Бала омырауды емес,сізді жоғалтып алдым деп түсінеді.Сол себептіде қайта келгенде сұрауы мүмкін.
🌿Біртіндеп шығару кезінде балада психологиялық травма,анасында лактостаз болмайды.Бұл кезде емізуді біртіндеп азайтасыз.
Оны 5 этапқа бөлсек болады.
1️⃣күндіз болатын кездейсоқ,аз мерзімді емізулерді азайтамыз.Бала көңілін ойынға,басқа жаққа бұрамыз.
2️⃣күндізгі ұйқы кезіндегі емізуді азайту.Бұл кезде басында еміп жатуына болады,бірақ ұйықтаған кезде алып тастайсыз.
3️⃣түнгі емізулерді азайту
4️⃣таңғы емізулерді азайту
5️⃣түнгі ұйқыға жатар кездегі емізуді азайту.Бұл этаптар бірнеше күннен айға дейін жалғасуы мүмкін.Баланың жеке дайындығына байланысты.

Омыраудан шығару кезінде сүттің барлығын сауып тастамаңыз.Олай жасайтын болсаңыз миға " бала сүттің бәрін тауысып емді" деген сигнал барады да,сүттің өндірілуі жалғаса береді.Ал жеңілдеп сауып тастайтын болсаңыз, сүттің өндірілуі азайып,біртіндеп тоқтайды.
ЖЫЛЫ СӨЗ ЖАН ЖЫЛЫТАДЫ!

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізді жақсы сөз сөйлеуге үйретіп, «шынында жақсы сөздің сиқыры бар, өлеңде даналық бар», - деген. (Имам Малик, Муатта)
«Жақсы сөз – садақа». Айтшы, ең жақсы сөзді естуге кім лайықты? Әрине, ата-анаң, балаларың, әйелің, туыстарың, т.б. Біз өзгелердің алдында қалай көркем мінезді, көңілді, жақсы адам болсақ, үйде одан да қатты көңілді болуымыз керек. Жеку мен айқайдан, қаталдықтан әйелдің көңілі қалады. Негізі әйел адам өздері айтатын екі есігі бар тоңазытқыш, айнасы бар шкаф, тон дегендерден гөрі еркектің қамқорлығы мен құшағына көбірек мұқтаж. Әйел адам - сезімнің адамы. Күйеуінің үнемі қамқорлығында, оның махаббатына бөленіп, алақанында еркелеп жүрген әйел лашықта тұрса да, өміріне шағым айтпайтынын біл. Оған мейіріміңді төксең, сезіміңді ауызбен айтпасаң да, көзіңнен оқып қояды.
Жүктілік кезіндегі су ісік (водянка)
Əйел үшін өмірге сəби алып келуі қуаныш əрі бақыт. Дегенменде сол кезде кейбір аурулар шығып көңіліңді түсіріп жатады.
Сондай бір ең көп кездесетін аурудың түрі - су ісік (водянка).
Бұл өте қауіпті, сондықтан кішкене ізі байқалса,көңіл бөліп дұрыс емделеуді қажет етеді.Əрине мұндай жағдайда дəрігер -гинекологыңыздың кеңесін алыңыз🗳
Осы ауру жайлы айта кетейін.Бұл патологиялық процеске алып келеді,токсикоздың кеш басталуынан болады.Көбіне 2ші триместрде кездеседі.
🔺Ағымы 4 стадияға бөлінеді:
1ші ст: Сырттай білінбейді, жасырын түрде жүреді
.2ші ст: тобықтан жоғарғы балтырға дейін барады.
.3ші ст: ісіктер белге, ішке дейін тарайды.
.4ші ст: Өте қауіпті бетке шауып көрініп тұрады.

СЕБЕПТЕРІ
Жүктілік деген əйелдер үшін қалыпты жағдай , бірақ бала көтеріп жүргенде, гормондар өзгеріске ұшырап,іштегі артық суды сыртқа итеріп шығарады.
Содан денеде ісік пайда бола бастайды.
Мұндай əйелдері дəрігер қатаң тексеруде ұстап отырады.
Мұндай ісікке мынадай əйелдер тап болады.
.1 Жүрек ауруы,бауыр,бүйрек,қан қысымы жоғары адамда.
.2 Егіз жүктілікте.
.3 Салмақ көп болса,кеш жəне ауыр токсикозы бар əйелдерде болады.
.4. Жас мөлшері 18 бен 35 жаста
⚠️ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?
Мұндай жағдайда қан ұю ұлғайып, бала жолдасында (плацентада) іштегі балаға кислород жетіспей қауіп төнеді.
Осымен өте қауіпті, емделмесе арты жақсы болмай жатқан жағдайлар кездесіп жатады.
🤗Қымбатты жүкті ару аналар, өздеріңізді қараңыздар, болып кездесіп жатқан жағдайда дəрігермен кеңесіп емін алыңыздар!
Айтады ғой, дені сау анадан дені сау бала туылады деп. Сіздер екі адамның өміріне жауаптысыздар!
.
ӘЙЕЛДІ ЕРІ САҚТАМАЙДЫ, АРЫ САҚТАЙДЫ!

Бұл оқиға Омардың (оған Алла разы болсын) мұсылмандарға әмірші болып тұрған шағында орын алған. Ол түн ішінде серігімен бірге Медине көшелерін аралауға шығады. Бір үйдің қабырғасына сүйеніп тұрғанда, ар жақтан анасы мен қызының әңгімесі естіледі. Анасы: «Қызым, анау тұрған сүтке су қосып, таңертең сатуға шықсаңшы» деді. Сонда қыз: «Омар бізге сүтке су қосуға тыйым салды емес пе?» дегенде анасы: «Сені Омар көріп тұр деймісің?» деп жекиді. Қыз: «Омар көрмесе де, Алла көріп тұр ғой» деп жауап береді. Мұны естіген Омар үйіне қайтып, ертесіне әлгі қызды ұлы Асимге айттырып келеді. Екеуі отбасын құрып, қабырғаның ар жағындағы иманды әйел дүниеге қыз баласын әкеледі. Ол қыз бойжетіп заманында халифа болған Абдул Мәлик ибн Мәруанға тұрмысқа шығып, олардан Абдулазиз деген салихалы кісі дүниеге келді. Ал Абдулазиздың баласы Омар бесінші ізгі халифа атанған салихалы тұлғаға айналды.
Расымен де, иманы бар ибалы қыздар айналар ертең елдің анасына! Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) де ерлерге қызды иманына қарап таңдаудың ең абзал амал екендігін айтып кетті. Хадисте: «Әйелге төрт нәрсесі үшін үйленеді: байлығы үшін, тегі үшін, сұлулығы үшін және діні үшін. Сен діндарды (иманына қарап) ұнат. Алла қолыңды кеңітеді. (Яғни, әйел иманды болса үйге берекет кіреді Х.Алтай)» делінген (Бұхари, Муслим, Насаи, Ибн Мәжәһ). Иманды жар – тәрбиелі ұрпақ мәйегі, еркектің иманының жартысы, жанының тыныштығы мен тынымы, көзінің қуанышы.
.