Ана мен бала
472 subscribers
270 photos
39 videos
18 links
☑️ Ана мен бала
👶 Бала күтімі туралы мәліметтер
📚 Әр анаға қажетті кеңестер
Insta: @anabalakz
Download Telegram
АНА ДЕГЕН - ОСЫНДАЙ!

Менің анамның жалғыз ғана көзі болатын. Оны сондай жек көрдім. Себебі, оның осы келбеті мені өзгелердің алдында қатты ұялдыратын. Анам мектеп асханасында жұмыс істеді. Бір күні менің халімді білу үшін сыныбыма келіпті. Бұрын-соңды дәл бұлай ешқашан ұялған емеспін. Достарымның алдында намыстанып, кірерге тесік таппадым. Қалай ғана дәті барды? Оны көрмеген кейіп таныттым... Келесі күні сыныптас достарымның бірі «әәә, сенің анаң жалғыз көзді екен ғой» деп бәрінің көзінше айтып қалып еді, бүкіл сынып күлкіге басты. Шарасыз күйге ендім. Анамның біржола өмірімнен жоқ болып кеткенін қаладым да үйге келіп: «Егер сенің мақсатың мені мазаққа қалдыру болса, неге өліп қала салмайсың осы?!» деп айқайладым. Үндемеді. Ашуға берілгендігім соншалық, үйден кетуге бел будым. Мектепті бітірген соң жұмыс істеп, Сингапурға оқуға кеттім. Үйлендім. Үй алдым. Балалы болып, тағдырыма риза күн кештім.
Бірнеше жылдан кейін сыныптастарымызбен туған елімізде бас қостық. Ескі үйге соққым келді. Көршілерім анамның қайтыс болғанын айтты. Қамықпадым. Қайғырмадым. Үйге оралсам, пошта арқылы анамнан хат келіпті. «Қымбатты, балам, әр секунд сайын сені ойлаймын. Сыныптастарыңмен кездесуге келетіңді естіп қатты қуандым. Бірақ мен енді тұра алмаймын. Үнемі сені ұятқа қалдырғаным өкінішті... Білесің бе, сен сәби кезіңде апатқа түсіп бір көзіңнен айырылдың. Анаң ретінде сенің жалғыз көзбен өскеніңді көруге шыдамай, өз көзімді берген едім... Сен жарық дүниені жазбай көре алғаныңда шын бақытқа бөлендім...
Саған деген ыстық махаббатпен – анаң!»
Бұл анамның соңғы хаты еді... Осыдан кейін менің өмірімде де, көзқарас, түсінігімде де үлкен төңкеріс басталды. Ана тек баласының бақыты үшін өмір сүреді екен ғой! Иә, бауырым, кейде анаңның жұқарған жүйкесінен, әжім басқан жүзінен ұялатын шығарсың. Бірақ соның бәрінің себепкері өзің екеніңді ұмытпа. Оның ақ шашы мен қатпар-қатпар әжімдерінде сенің бүкіл өмірің тізбектеліп жатыр...
Бiрде Сырым Датұлы сапардан қайтқанда үйiне асығады екен, сонда жанындағы жолдастары әзiлдеп былай деген екен: 

- Сен қайда асығасың? Сен асығатындай әйелiң сұлу емес қой, бiз асықсақ болады, - дептi. 

Сонда Сырым сабырлы кейiппен:

Әркiмнiң мiнген аты өзіне тұлпар, 
Алған жары өзіне сұңқар.

Қойды қой деп қомсынбаңдар, 
Əйелді əлсіз деп қорсынбаңдар.

Қойсыз елге үй бітпейді, 
Əйелсіз ерге күй бітпейді.

Əйелді теппе аяқпен,
Баланы ұрма таяқпен.
Əйелді тепсең бағы сынар,
Баланы ұрсаң сағы сынар.
Əйел ашуланса қатты айтар,
Бала ашуланса бетің қайтар.

Еркек үйдің егесі,
Əйел үйдің шегесі.
Мықты болса егесі,
Майыспас оның шегесі.
Майыспаса шегесі,
Жаман болмас егесі.

Алтын да тас,
Тас та тас.
Алтындай болмас басқа тас, 
Алтынға алтын қосылса,
Алтынды алтын тастамас.
"МЫНАУ ТӘТТІ ЕКЕН!!!"

Кішкентай қыз қолына екі алма ұстап отыр еді. Қасына анасы келіп біреуін беруін өтінді. Қыз анасына аз ғана көз тоқтатып қарады да, жалма-жан алманың екеуін де кезек-кезек тістеп алды. Анасы қызынан мұндай оқыс қимыл күтпеген еді. Бұл қылықты балалық қимастыққа балап, сәл жымиды да, «жарайды» деп кері бұрылып кете бергені сол еді, қызы: "Анашым!" деді.
Қараса қызы «алыңыз» деп бір алманы ұсынып тұр екен. "Мынауысы тəтті екен!" - деді майысып😊

Сөйтсе, кішкентай қыз ең тәттісін бермек болған екен ғой!)

Кейде біз де адамдар туралы жаман ойға беріліп, асығыс шешім жасап қойып жатамыз. Алайда, көп адамның көңілі осы қыздікі секілді тап-таза екенін ұмытпайықшы!👌🏻
📌Күйеуі әйелін...

🌺Күйеуі әйелін өзіне де, басқаларға да пайдасы тиетін білім иесі ете алады немесе дінге ешқандай қызығушылығы жоқ надан ете алады.

🌺Ері әйелін түнін құлшылықпен өткізетін тақуаға айналдыра алады немесе күні бойы теледидардан бас алмай онымен қоса ұйқыбас әйелге де айналдыра алады.

🌺Отағасы әйелін ең нәзік, ең биязы отанасы ете алады немесе оны қатыгез әрі парықсыз дел-сал әйел ете алады.

🌺Күйеуі жан-жарын үнемі күліп жүретіндей ете алады немесе әрдайым көзінің жасы кеппейтін әйел ете алады.

🌺Ері зайыбын сабырлы әрі ұстамды ете алады немесе ашушаң, ызақор ете алады.

🌺Күйеуі әйелін әрдайым қуантып жүре алады немесе шамбайына тиіп ренжіте де алады.

🌺Күйеуінің кесірінен әйелі «өлуге шақ қалуы» мүмкін немесе күйеуінің арқасында «аяққа тұруы» мүмкін.

🌺Ері жұбайын ең бақытты әрі ең бақытсыз ете алады.

🌺Азаматы әйелін ең игі әйелге айналдыра алады немесе әрқашан өміріне шағымданғыш пәс әйелге айналдыра алады.

🌺Әке-шеше қыздың өмірі мен ахуалына дәл күйеуіндей әсер ете алмайды.

Әйелдің қандай болатыны ер азаматтың қолында...
АНАНЫҢ БАЛАСЫНА ЖАСАҒАН ДҰҒАСЫ ӘРДАЙЫМ ҚАБЫЛ БОЛАДЫ!
Перғауынның тұсында жаңа туылған нәрестелер аналарының бауырынан тартып алынып бауыздалатын. Мұса пайғамбардың туылуы да дәл осындай жылға тұспа-тұс келеді. Перзентін өлімге қимаған анасы оны аман алып қалудың барлық жолдарын қарастыра бастайды. Жан далбасамен жүргенде ана жүрегіне Алла Тағала «Оны еміз, егер оған (бір қауіп келуінен) қорықсаң, өзенге таста...» – деген ой салады. Кішкентай Мұсаны анасы сандықшаға салып, аузын бекітіп, Ніл өзеніне тастайды. Аласұрып, абыржыған ол өзінің кішкене қызын өзенге тасталған сандықшаның соңынан ілесіп, бақылау үшін жүгіртіп жібереді. Баласы үшін отқа да, суға да түсуге дайын тұратын ана жүрегінің қобалжуын Алла Тағала Құранда: «Мұсаның анасының жүрегі боп-бос болып қалды...», – деп сипаттаған (Қасас сүресі, 10-аят)
Адам ақылы жете бермейтін Алланың даналығын қараңыз. Сандықша өзен ағысымен бойлап отырып перғауынның сарайының тұсына жетеді. Сарай әйелдері сандықшаны өзеннен шығарып қараса, ішінде кішкентай нәрестенің қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқанын көреді. Осы тұста Әсия анамыздың балаға деген мейірімі оянып, оны өзі асырап алғысы келеді. Бірақ нәрестеге сүт-ана іздеуде олар үлкен қиындыққа тап болады. Бала ешбір әйелді ембей қояды. Асып-сасқан перғауын сарайы жан-жаққа ат шаптырып балаға сүт-ана іздейді. Осы кезде Мұсаның кішкене әпкесі келіп: «Баланы емізетін әйелді сендерге мен тауып беремін», – деп, шабармандарды өзінің анасына алып келеді. Алланың жомарттығы, ананың риясыз көңілі мен балаға деген махаббаты осындай-ақ болар! Бұл туралы Құранда:
«Көзайым болып, қайғырмауы үшін және Алланың уәдесінің хақ екендігін білуі үшін оны (Мұсаны) өз анасына қайтардық...» - деп баяндалған (Қасас сүресі, 13-аят).
Жоғарыда айтқанымыздай, Алланың даналығы, құдіреттілігі сондай, Ол Өз уәдесіне сай ұлын анасына қайтарып берді! Кім баласын Аллаға тапсырса, Алла оны сізге қайтарып береді!
.⠀
Баланың 1 жасқа дейін дамуы әр ананы алаңдататыны сөзсіз. Маған жиі қойылатын сұрақтарыңыздың бірі: "Балам 4 ай әлі отырмады🧐, Балам 7 ай әлі еңбектемеді, Балам 1 жас неге жүрмейді?🙄"т.б. жаза берсем кете береді. Барлығы дерлік баласының отырмауын, жүрмеуін, еңбектемеуін қандай да бір неврологиялық аурудан деп ойлайды...

Бүгін осы сұрақтарыңызға жауап беремін🤗🤗🤗

🔰Әр баланың жеке даму ерекшеліктері болады. Медициналық жағынан, БҮКІЛӘЛЕМДІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ бойыншада қатып қалған қағида жоқ, тек қана болжамды уақыт бар. Яғни бала мына айдан мына айға дейін деген...

Баланың еркін отыруы 4-9 ай аралығында қалыптасады

Баланың бірдеңеге сүйеніп, көмекпен тұруы 5-11 ай аралығында болады

Еңбектеуі 5,5 - 13 айға дейінгі аралықта дамиды

Баланың бірнәрсенің көмегімен жүруі 6 -14 айға дейінгі аралықта қалыптасады

Бала өздігінен еркін тұруы 7 - 17 айға дейінгі аралықта толық қалыптасады

Бала еркін жүруі 9 - 18 айға дейінгі аралықта болады

Суретте жоғарыда аталғандардың графигін көре аласыздар
.
‼️Балалардағы стоматит‼️
🔻Стоматит бұл ауыз қуысының қабынуы, стоматитті тудырушы факторлар: бактерия мен вирустар. .
.
🔻Көбіне балалардың ауыз қуысының қабынуы ЖРВИ (ОРВИ) фонында болады, себебі бұл кезде ауыз қуысының жергілікті иммунитеті әлсірейді, шырыштың бөлінуі бұзылады. .
🔻Балалар ойыншықты ауызға салғаннан, соскадан, жуылмаған қолды ауызға салғаннан стоматиттің пайда болуына себеп болады. .
.
⁉️Стоматитті қалай байқаймыз?
.
🔻Балалар бұл кезде мазасыз, ұйқысы бұзылған, ауыз қуысының ауырсынуына байланысты тамақтан бас тартады. Қалыптыда ауыз қуысы біркелкі қызғылт түсті, ылғалды болуы керек‼️ .
.
✔️Егер сіз қандай да бір түзілісті байқасаңыз дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
Жақыныңызбен бөлісіңіз! 😘
Жамбас сүйегінің дисплазиясы - ол жамбас сүйегінің дамуының бұзылысы болып саналады. Яғни ол ұршық ойысына жамбас сүйек басының салыстырмалы түрде дұрыс емес орналасуы. Әрі қарай ол аяқ-қолының тірек қызметі бұзылады.
Жамбас сүйегінің дисплазиясының 3 дәрежесі бар:
1️⃣ дәрежелі дисплазия, оны біз предвывиx деп атаймыз. Яғни, жамбас буынының жетілмеуі, алайда ұршық ойысынан ығыспайды.
2️⃣ дәрежелі дисплазия, подвывиx- ол жамбас буыны жетілмей салыстырмалы түрде жамбас сүйегінің ұршық ойысынан жартылай ығысуы!
3️⃣ дәреже ол вывиx яғни шығып кетуі- ол жамбас буынының дамымауы және жамбас сүйегінің ұршық ойысынан толық ығысып шығып кетуі😱. дисплазияның ең ақырғы көрінісі- жамбас сүйегінің туа шығып кетуі. Бұл патологияны көбінесе 1 жасқа дейінгі балаларда анықтайды👆🏻және көбінесе қыздарда 5 есе жиі кездеседі.
.
📌Себептері:
📎 тұқым қуалаушылық;
📎 жүктілік кезіндегі гормоналды бұзылыстар;
📎 баланың жамбаспен жатуы, баланың ірі болуы, қағанақ суының аздығы (маловодие). Солай баланың қозғалысы шектеледі де, оның жамбасының дамуына кедергі болады.
📎 гинекологялық аурулар ( Миома, спайкалық процесстер) яғни іштей жамбастың қозғалысын шектейтін себептер.
📎 кейде салмағы аз салмақпен туылған нәрестелерде жамбас сүйегінің шығуы болады(2500 гр төмен).
Қалай көрініс береді🤷🏻‍♀️
Ол:
Жамбас сүйегінің шығып кетуін сіз байқай аласыз‼️ Ол үшін келесі симптомдарға мән беру керек:
📍бір аяғы екіншісінен қысқа;
📍жамбастағы қосымша қатпар (складка орысша айтқанда😁);
📍бөксе қатпарының және бөксенің ассиметриясы;
📍тізені бүгіп бөксені екі жаққа қарай толық жаза алмайсыз;
📍тізе және жамбас сүйегін бүккен кезде сырт еткен дыбыс естисіз👂
⚠️ Егер сіз осындай белгілерді байқасаңыз, дереу тезірек дәрігерге барыңыз! Консультация алып жаныңызды тыныштандырыңыз❤️.