Almaty_akimdigi
5.76K subscribers
15.2K photos
1.83K videos
66 files
6.26K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы мерзімінен бұрын ашылады

Депо тәулік бойы 4 ауысыммен жұмыс істейді. Үш қабатты ғимараттың ауданы 3,7 мың шаршы метрден асады, ал өрт сөндіру бөлімі заманауи техникамен жабдықталған. Іске қосылғаннан кейін құтқарушылардың өрт орнына келу уақыты қысқарады.

Бостандық ауданындағы өрт сөндіру депосы «Қазақфильм», «Көкшоқы», «Алатау», «Нұр-Алатау» «Ерменсай» сынды бес шағын ауданға есептелген. Құрылыс қараша айында аяқталады. Қазір ішкі әрлеу, сонымен бірге іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарды жүргізіліп жатыр.

Биыл мамыр айында жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Ерболат Досаев нысанды желтоқсан айында пайдалануға беруді тапсырды.

Қалада барлығы 19 өрт сөндіру бөлімшесі бар, тағы 3 жаңа депоны жобалау жұмыстары қолға алынған.
***
В Алматы новое пожарное депо откроется раньше запланированного срока

Депо будет работать круглосуточно в 4 смены. Площадь трехэтажного здания составляет свыше 3,7 тыс. кв. м, а пожарная часть оснащена современной техникой. После запуска оно сократит время прибытия спасателей на место пожара.

Пожарное депо расположено в Бостандыкском районе и рассчитано на пять микрорайонов: «Казахфильм», «Кокшокы», «Алатау», «Нур-Алатау», «Ерменсай». Строительство завершится в ноябре. Сейчас ведутся работы по чистовой внутренней отделке, а также благоустройству прилегающей территории.

В мае этого года во время рабочего объезда аким Алматы Ерболат Досаев, поручил сдать его в эксплуатацию в декабре.

Всего в городе 19 пожарных подразделений, ведется работа по проектированию еще 3 новых депо.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыда үй жануарларын қай жерде тегін чиптеуге болады

Алматыда 1 қарашадан 20 желтоқсанға дейін үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы басталады.

Үй жануарларын есепке алу жануарларды жоғалтқан немесе ұрлаған кезде оңай анықтауға мүмкіндік береді. Бұл иесіз жануарларды азайтуға және оларды ұстау жағдайын жақсартуға көмектеседі. Бағдарлама аясында 15 мың ит пен мысықты чиптеу және тіркеу көзделген.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, барлық үй мысығы мен итте болюс, чип, қарғы, электронды белгі, бирка немесе TANBA үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасында тіркелген таңбасы болуы керек.

Алматылықтар қаланың 8 ветеринарлық клиникасында тегін чиптеуге және тіркеуге жазыла алады.
***
Где в Алматы можно бесплатно чипировать домашних питомцев

В Алматы с 1 ноября по 20 декабря запускают программу бесплатного чипирования и регистрации домашних животных.
Учет домашних животных позволит легко идентифицировать животных в случае их потери или кражи. Это поможет сократить количество бездомных животных и улучшить их условия содержания. В рамках программы предусмотрено чипирование и регистрация 15 тысяч собак и кошек.

Согласно Закону «Об ответственном обращении с животными» все домашние кошки и собаки должны быть мечены: болюсом, чипом, браслетом или ошейником, электронной меткой, биркой или татуировкой и зарегистрированы в единой базе учёта домашних животных TANBA.

Алматинцы могут записаться на бесплатное чипирование и регистрацию в 8 ветеринарных клиниках города. Подробнее в наших карточках.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыда Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Осы демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Оған облыстың 5 ауданының, сонымен қатар, Өскемен қаласының фермерлері қатысады.

Жәрмеңкеде 50-ден астам өнім бар.
Өнімнің жалпы көлемі – 200 тонна, оның ішінде:

* ет өнімдері - 35 тонна,
* жеміс – көкөніс өнімдері - 70 тонна,
* сүт өнімдері - 15 тонна,
* бал - 50 тонна,
* балық өнімдері - 5 тонна,
* басқа өнімдер - 25 тонна.

🗓 Күні: 28-29 қазан, 08:00-ден 17:00-ге дейін.

📍Орны: Ш. Уәлиханов алаңы, Шевченко көшесі, Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейін аралық
***
Ярмарка сельхозпроизводителей Восточно-Казахстанской области пройдет в Алматы

В эти выходные состоится ярмарка сельхозтоваропроизводителей Восточно-Казахстанской области. В ней примут участие фермеры 5 районов области, а также г.Усть-Каменогорск.

В ассортименте продукции более 50 наименований.
Общий объем продукции – 200 тонн, в том числе:

• мясная продукция – 35 тонн,
• плодоовощная продукция – 70 тонн,
• молочная продукция – 15 тонн,
• мед – 50 тонн,
• рыбная продукция – 5 тонн,
• прочая продукция – 25 тонн.

🗓 Дата: 28-29 октября, с 08:00 по 17:00.

📍Место: Площадь Ш. Валиханова, ул.Шевченко, от ул.Кунаева до ул.Пушкина

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Күзгі ағаш отырғызу аясында қаланың түрлі ауданында 23 мыңнан астам көшет отырғызылды. Наурызбай ауданында 10 мың ағашты отырғызу 30 қазанда басталады.

Ғалымдардың ұсынысымен көше бойына жалпақ жапырақты қарағаш, емен, үйеңкі, шаған, терек, ал саябақтар мен скверлерде катальпа, қайың, акация, шырша және жеміс ағаштары отырғызылады. Бұл ұйыса өсіп, саялы көлеңке болады және ластанған ауаны жақсы ұстайды.

Көшеттерді жақсылап суару үшін суару жүйелері орнатылған, ал жеткізушілер 3 жылға дейін ағашты күтіп-баптауға міндетті.

Биыл Алматының жасыл қоры 320 мың жасыл желекпен толығады, оның 22 мыңы көктемде, 298 мыңы күзде отырғызылды. Бұл қаладағы экологиялық ахуалды жақсартып, жайлы өмір сүруге септігін тигізеді.
***
В Алматы проводится осенняя посадка деревьев

В рамках осенней посадки деревьев уже высажено более 23 тыс. насаждений в разных районах города. В Наурызбайском районе массовая посадка 10 тыс. деревьев начнется 30 октября.

По рекомендации ученых вдоль улиц высаживают широколиственные вязы, дубы, клены, ясени, тополя, а в парках и скверах - катальпы, березы, акации, ели и плодовые. Эти породы имеют густую и широкую крону, создают плотную тень и хорошо задерживают потоки загрязненного воздуха.

Для обеспечения качественного полива установлены системы автополива, а поставщики обязаны обеспечивать уход за деревьями в срок до 3 лет.

В этом году зеленый фонд Алматы пополнится на 320 тыс. зеленых насаждений, 22 тыс. из которых было высажено весной, 298 тыс. - осенью. Это поможет улучшить экологическую ситуацию в городе и сделать его более комфортным для жизни.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыдағы «ИТП» АЭА кәсіпорындарында 6,7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Алматыда «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылған сәттен бастап 50 млрд теңгеден астам инвестиция тартты. Осы уақыт ішінде АЭА қатысушылары 6,7 мыңнан астам жұмыс орнын құрды, ал экспорт көлемі 7,46 млрд теңгеге жетті.

Бүгінде «ИТП» АЭА-да 160 компания жұмыс істейді, оның 105-і (Kolesa Group, Azimut Labs, PayBox, Личная касса және т.б.)
«эксаумақтық» қағидаты бойынша жұмыс істейді, ал 55-і аймақ аумағында орналасқан.

2023 жылы АЭА қатысушыларының қатарына 15 млрд теңге көлемінде инвестиция тартып, 1200 жаңа жұмыс орнын құратын 39 компания қосылды.

АЭА қызметінің негізгі бағыттары ІТ, телекоммуникация, электроника, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу, табиғатты тиімді пайдалану, сонымен бірге, фармацевтика және медициналық бұйымдар. АЭА-ның барлық қатысушысына салық және кедендік жүктемені төмендетуде түрлі жеңілдіктер мен артықшылықтар беріледі.
***
Свыше 6,7 тысячи рабочих мест создано предприятиями СЭЗ «ПИТ» в Алматы

Более 50 млрд тенге инвестиций привлекла специальная экономическая зона (СЭЗ) «Парк инновационных технологий» в Алматы с момента ее создания. За это время участниками СЭЗ было создано более 6,7 тысячи рабочих мест, а объем экспорта составил 7,46 млрд тенге.

На сегодня в СЭЗ «ПИТ» действует 160 компаний, из которых 105 (Kolesa Group, Azimut Labs, PayBox, «Личная Касса» и др.) работают по принципу «экстерриториальности», а 55 размещены на территории зоны.

В 2023 году к числу участников СЭЗ присоединились 39 компаний, которые привлекут инвестиции в размере 15 млрд тенге и создадут 1200 новых рабочих мест.

Основными направлениями деятельности в СЭЗ являются IT, телекоммуникации, электроника, возобновляемые источники энергии, ресурсосбережение, эффективное природопользование, а также фармацевтика и медицинские изделия. Все участники СЭЗ получают различные льготы и преференции в части снижения налоговой и таможенной нагрузки.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok