Almaty_akimdigi
5.76K subscribers
15.5K photos
1.85K videos
66 files
6.37K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматыға кіреберістерде жаңарған экопостар жұмыс істей бастайды

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде газанализатормен және түтін өлшеуішпен жабдықталған Құлжа трактісі бойындағы посттың дайындығын тексерді.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Instagram-аккаунтындағы 19 посттың орнатылатыны, оның екеуінің осы күндері жұмыстарын бастайтыны туралы айтты.

«Жұмыс сапарымен Құлжа тас жолында орнатылған жаңа экологиялық бекетке бардым. Мұнда көп компонентті газ талдағыштың көмегімен бензин және газбен жүретін көліктен шығатын улы газдың құрамындағы көмірсутегі, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді, азот оксиді, оттегі тексеріледі. Дизельді отынмен жүретін көліктердегі газдың түтіні де тексеріледі», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Оның мәліментінше, қалаға кіре берісте барлығы 19 экопост жұмыс істейді. Жақында алғашқы екеуі Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінде іске қосылады. Тестілік режимдегі тексеру кезінде түтіні нормадан асатын шамамен 5 мың жеңіл және 1 мыңнан астам жүк көлігі анықталды.

Жақында газ талдағышы мен түтін өлшегіші бар жылжымалы экопатрульдерді іске қосамыз.
Сондай-ақ барлық эко-бекеттерде ауа сапасын өлшеп, оның дерегін онлайн-карта мен LЕD-дисплейде көрсететін стансалар орнатылады.

«Бұл – қала экологиясын сауықтырып, атмосфераны ластайтын автокөліктердің үлесін азайтуға бағытталған», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Бұрын хабарланғандай, экологиялық көрсеткіштерді бақылаудың онлайн картасы мегаполис тұрғындарына қоршаған ортаның жай-күйі туралы, оның ішінде атмосфералық ауаның сапасы туралы мәліметтерге кеңейтілген қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Жоба Алматының экологиялық жағдайы туралы барлык қолжетімді мәліметтерді біріктіретін динамикалық платформа болып табылады. Әр 20 минут сайын онлайн-бақылау станциялары ауа жағдайы туралы ақпаратты жүйеге жібереді. Станциялар атмосферадағы ластаушы заттардың көлемін, сондай-ақ ылғалдылық, температура, қысым, жел бағыты мен жылдамдығын өлшейді. Белгілі бір кезеңдегі орташа мәндер және орташа күндік белгіленген көлемде рұқсат етілген концентрация мәндері көрсетіледі.

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жобаның мақсаты — қарапайым азаматтарға, сарапшылар мен мамандарға онлайн форматтағы мәліметтерді беру. Сонымен қатар, оларды талдау негізінде ауа сапасының және басқа параметрлердің өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы құрылады.
На въездах в Алматы начинают работу обновленные экопосты

Аким мегаполиса Бакытжан Сагинтаев во время рабочего объезда проверил готовность поста на Кульджинском тракте, оснащенного газоанализатором и дымомером.

В своем аккаунте в Instagram аким Алматы Б. Сагинтаев рассказал об установке на въездах в город 19 экопостов, два из которых начнут работу в эти дни.

«Во время рабочего объезда посетил новый экологический пост, установленный на Кульджинском тракте. При помощи многокомпонентных газоанализаторов здесь будут проверять выхлопные газы бензиновых и газовых автомобилей на содержание углеводородов, оксида углерода, диоксида углерода, окислов азота, кислорода. Дизельные машины будут проверять на дымность выхлопных газов», — написал Б. Сагинтаев.

По его данным, всего будут работать 19 экопостов на въездах в город. Первые два – на Кульджинском тракте и на ул. Бухтарминской запускаются в эти дни. При проверках в тестовом режиме выявлено порядка 5 тыс. легковых и более 1 тыс. грузовых автомобилей, превышающих нормы токсичности.

В ближайшее время начнут работу передвижные экологические патрули, оборудованные газоанализаторами и дымомерами. Кроме того, на всех экопостах устанавливаются станции измерения качества воздуха с выводом данных на онлайн-карте и LED-дисплеях.

«Эти меры направлены на оздоровление экологии города и снижение доли автотранспорта, загрязняющего атмосферу», — подчеркнул аким Алматы Б. Сагинтаев.

Как сообщалось ранее, онлайн-карта мониторинга экологических показателей предоставит жителям мегаполиса расширенный доступ к данным о состоянии окружающей среды, в том числе качестве атмосферного воздуха.

Проект является динамической платформой, объединяющей все доступные данные о состоянии экологии Алматы. Каждые 20 минут в режиме онлайн мониторинговые станции передают в систему информацию о состоянии воздуха. Станции измеряют объем загрязняющих веществ в атмосфере, а также параметры влажности, температуру, давление, направление и скорость ветра. Отображаются средние значения за определенный период и среднесуточные показатели ПДК.

Целью проекта, реализованного по поручению акима Алматы Б. Сагинтаева, является предоставление рядовым горожанам, экспертам и специалистам данных в формате онлайн. Кроме того, будет сформирована база данных, которая позволит на основе их анализа прогнозировать изменения качества воздуха и другие параметры.
Алматы полициясында «Adaldyq alańy» жобасы іске қосылды

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік органдардың жұмыстарын сервистік қызмет моделі форматына айналдыру жалғасуда.

Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің озық тәжірибесі бойынша Алматы қалалық полиция Департаментінде және оның барлық бөлімшелерінде «Adaldyq alańy» фронт-офисі ашылды.


Кеңсені ПД басшысы Қанат Таймерденов пен Алматы қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Нығмеджан Сапаров ашты.

«Мақсат – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру. Жобаны жүзеге асыруға департаменттің және бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлері, сондай-ақ көпшілік қатысады. Жобалық кеңсенің басты міндеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ететін ұсыныстарды жинау, қалыптастыру, себептер мен жағдайларды жою бойынша жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеу болып табылады.Жинақталған ұсыныстар мен шешімдер қоғамдық талқылауға ұсынылып, кеңінен талқыланатын болады», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Спикерлердің айтуынша, Алматыдағы «Adaldyq alańy» кеңсесін белгілі журналист Василий Шупейкин басқаратын болады.

Жобада қала тұрғындары үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған және қажетті санитарлық-эпидемиологиялық стандарттар сақталған. Фронт-офисте білікті мамандар тұрғындарға құқықтық кеңес береді. Азаматтардың мүдделері бірінші кезекке қойылады, сонымен қатар ашықтық пен айқындылық, қоғамның сенімі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қағидаттары іске асырылады.

Құқық қорғау органдарының жаңа жұмыс форматына көшуі — ашық диалогты қалыптастырады, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытады. Бұл технология сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық заманауи талаптарына сай.

«Біздің жұмысымыздағы басты міндет – мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығы. Біз барлық мемлекеттік органдарда "Адалдық алаңының" фронт-офистерін ашуды жалғастырудамыз. Мемлекеттік органдардың мұндай өзгеруі сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді», — деді Нығмеджан Сапаров.
В алматинской полиции заработал проект Adaldyq alańy

В рамках концепции «Слышащего государства» продолжается трансформация государственных органов в формат сервисной модели обслуживания. Так, по передовому опыту Антикоррупционной службы в Департаменте полиции Алматы и во всех его подразделениях состоялось открытие фронт-офиса Adaldyq alańy.

Презентацию офиса провели начальник ДП Канат Таймерденов и руководитель Антикоррупционной службы по Алматы Ныгмеджан Сапаров.

«Цель – сокращение уровня коррупции и повышение доверия населения к органам внутренних дел. К реализации проекта подключены опытные сотрудники служб и подразделений, а также общественность. Первостепенной задачей проектного офиса является осуществление сбора предложений, формирование, вырабатывание новых подходов и решения по устранению причин и условий, способствующих коррупции. Они будут выноситься на общественное обсуждение и рассматриваться коллегиально», — информировал начальник Департамента полиции города Алматы Канат Таймерденов.

По данным, спикерами алматинским офисом Adaldyq alańy будет руководить известный журналист Василий Шупейкин.

Начинается проект непосредственно с фронт-офиса ДП, в котором созданы все комфортные условия для граждан, а также соблюдены все санитарные и эпидемиологические нормы. Здесь квалифицированными специалистами населению оказывается консультативно-правовая помощь. Во главу угла ставятся интересы граждан, а также реализация принципов открытости и прозрачности, доверия населения и непримиримости к коррупционным проявлениям.

Переход правоохранительных органов на новый формат работы является открытой формой для диалога с услугополучателем, что способствует повышению доверия граждан к институтам государственной власти и формирования антикоррупционной культуры. Использование такой технологии отвечает всем требованиям современной антикоррупционной политики.

«Открытость и прозрачность госорганов – главные приоритеты в нашей работе. Мы продолжаем открытие фронт-офисов "Адалдық алаңы" во всех государственных структурах. Данная трансформация государственных органов позволяет снизить бытовую коррупцию и оперативно реагировать на обращения граждан», — отметил Ныгмеджан Сапаров.
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында 2019 жылғы тамыз айынан бастап Алматы қаласының ауданындарында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істеуде.

«Бақытты отбасы» орталықтарында ақпараттық-конусльтациялық және ресурстық қолдау, әдістемелік және заңнама бойынша көмек көрсетіледі, жеке даму, балаларды тәрбиелеу, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар бойынша базалық тренингтер, көпбалалы отбасылардың мүшелері үшін оқу курстары өткізіледі.

Жыл басынан бері орталықтарда барлығы 537 адам тіркелді.
(2020 — 33,8 мың адам), 5 мыңнан астам адамға (2020 — 78,8 мың адам) ақпараттық-консультативтік және ресурстық қолдау көрсетілді, 539 адам (2020 — 35,7 мың адам) әдістемелік және заңнама бойынша көмек алды.

«Бақытты отбасы» орталықтарында жеке бизнесін ашуға ниет білдіргендер үшін «ІСКЕР АNА» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы жұмыс жасауда, оның аясында бір күндік мотивациялық және «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша курстар, сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту қарастырылған.

Жыл басынан бері барлығы 391 адам (2020 — 31,2 мың адам) — базалық тренингтерден өтті (тұлғалық өсу, бала тәрбиесі, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар), 786 адам (2020 — 33,7 мың адам) — түрлі бағыттар бойынша білім алу курстарында оқиды.

«Бақытты отбасы» орталықтарымен қатар Алатау ауданының аз қамтылған және көпбалалы отбасылары үшін «Дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығы» жұмыс істейді.

2020-2021 жылдары барлығы 12,5 мың адам ақпараттық-консультациялық көмек алды, 1000-нан астам адам дәстүрлі қолөнер, киім дизайны, визаж және маникюр, 2 мың бала білім беру және шығармашылық үйірмелерге қатысты, 1,1 мың адам ересектер үшін жеке өсу, отбасылық құндылықтар, көшбасшылық, балаларды тәрбиелеу бойынша базалық тренингтерден өтті, 5,5 мың адам заңгер қызметін, 4 мың адам — әлеуметтік қызметкер көмегін, 1,5 мың адам — психолог қызметтерін алды.

Зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қалада 9 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді.

Орталықтарда мынадай қызметтер көрсетіледі: скандинавиялық жүріс, емдік йога, би, компьютерлік сауаттылық курстары, қазақ және ағылшын тілдері курстары, еңбек терапиясы, психологиялық тренингтер, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық кеңестер, мастер-класстар, сауықтыру бойынша тренингтер, әлеуметтік-демалыс іс-шаралары, геронтолог-дәрігерлердің кеңестері, кенезиолог-психологтың тренингтері, өзін-өзі сауықтыру жүйесі бойынша психолог тренингтері, Айкуне емдік-сауықтыру гимнастикасы, классикалық және заманауи билер, шахмат, нарды, домино, сурет салу.

2018 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 22,3 мың адам тіркелді, 46,8 мың адам қамтылды, 91,2 мың қызмет көрсетілді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған аға буын өкілдерін қоғамдық өмірге тарту мақсатында бастауыш мектеп жасындағы балаларға өмірлік тәжірибе, білім мен дағдыларды беру арқылы 2020 жылдан бастап «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жобасы іске қосылды.
Күн сайын кәсіби педагогтар (зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар) оффлайн және онлайн режимінде бастауыш мектептің негізгі жалпы білім беретін пәндері бойынша авторлық сабақтарды (математика, қазақ тілі, Орыс тілі, ағылшын тілі, IT-технология), сондай-ақ қосымша білім берудің шығармашылық және спорттық сабақтарын (шахмат, қолөнер, хореография, музыка, актерлік шеберлік) ұсынады.

2021 жылы аз қамтылған отбасылардан шыққан 2120 баланы және мүгедек балаларды қамту жоспарлануда (2020 жылы 900 бала оқытылды).

Бүгінгі таңда клубтың онлайн және оффлайн режимінде клубтың 8 бөлімшесі жұмыс істейді. Клуб 1-4 сыныптардан 672 баланы қамтыды. 110-нан астам зейнеткер, мүгедектігі бар тұлғалар, көп балалы аналар тартылды.
2020 жылдың мамыр айында «Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау орталығы құрылды, осының негізінде мүкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасыларына ақпараттық-консультациялық, психологиялық және заңнама бойынша көмек көрсетіледі, қоғамға бейімделу мақсатында тұрмыстық және әлеуметтік дағдылар оқытылады, жұмысқа орналасуға және жұмыс орнын іздеуге, жұмыспен қамту саласындағы әлеуетті арттыруға жәрдемдеседі, тақырыптық оқыту тренингтері өткізіледі.

Орталықта колл-орталық ашылған, жұмысқа орналастыружөнінде жетекші психологтар, коучтер және құқық жөніндегі консультанттар жұмыс істейді. «Ten Qogam» орталығының маңызды функцияларының бірі — джоб-коучинг, бұл ізденушілерге жұмысқа орналасу және жұмысқа тұрудың бастапқы кезеңінде қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, компания басшылығы мен қызметкерлерін ұжымға мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау бойынша кеңестер беріледі.

Мұнда онлайн оқыту, әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану, жеке даму бойынша шеберлік сыныптарын өткізу қолға алынған әрі кәсіпкерлік бойынша оқу бағдарламасы әзірленеді.

2020 жылдан бастап қазіргі кезге дейін 102 адамға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілді, 122 адам заңгердің, психологтың қызметтеріне жүгінді, 165 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, 22 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы мүмкіндігі шеутеулі тұлғаларға психологиялық көмектер көрсетіліп, олардың өздерінің күш-жігерін жани түседі, келер күнге деген сенімдері артуда.

Бүгінгі күні мектепте 7 жаттықтырушының қатысуымен 16 мүгедек жан оқыды (2020 жылы 3 мектепте 48 адам оқыған болатын).

Мектеп бағдарламасына тренингтер, семинарлар, мастер-кластар, тақырыптық консультациялар енген.

Мектептің ерекшелігі — мүмкіндігі шектеулі жандардың қайратын жігерлендіріп, болашаққа деген сенімін арттыру. Ал бұл істе жаттықтырушылардың атқаратын рөлі зор.