Islam Ілімі 🌙
4 subscribers
4 photos
3 links
Ең әуелі дұрыс жол жайында🌙
Download Telegram
«Егер Алла бір құлына жақсылық қаласа, оның тілін Пайғамбарға салауат айтуға жеңіл етеді».

©️Ибн әл-Жәузи

اللهم صل وسلم وبارك على محمد
«Бір адам біреуге «кәпір» деген кезде екеуінің біреуі кәпір болады. Егер айтылған адам кәпір болса, әлгі адамның сөзінің рас болғаны. Ал егер олай болмаса, айтушының өзіне айтқан сөзі кері оралады (өзі діннен шыққан болады)».

Бухари, Әдеп, 73.
Күн батыстан шыққан кезде неге адамның тәубесі қабыл етілмейді?

Себебі ғайып болған қиямет – анық болды. Ал, адам мүмін болу үшін ғайыпқа сену керек еді.

Барлығы анық болған кезде – иман келтіруі, тәубе етуі кеш
- Сөздің ең жақсысы аз және нақты болғаны.
- Егер ақыл толық болса сөз аз болады.
- Көп сөйлеу ақылдың аздығынан.
- Әзілі көп болғанның байсалдығы кетеді.
قيمة الإنسان ما يحسنه

Адамның қадірі қолынан келетін ісінде.

📚 Әл-ләмияту ибн әл-Уәрди

Демек бұл өмірде адамның қолынан ешнәрсе келмесе, қадірі болмайды.
Егер Алла Тағала бір құлына жақсылық қаласа, адамдардың қажеттілігін сол құлына қарай бұрып қояды.
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
Әр емтихан алдында (мейлі ол жеңіл болса да) әке-шешемнен бата сұраймын. Себебі олардың дұғасы қабыл
10.16_uiden_shyqqanda
Àìðå Åðñií
ҮЙДЕН ШЫҚҚАН КЕЗДЕ

بِسْمِ اللَّهِ, تَوَكَّلْتُ عَلى اللَّهِ, وَ لَا حَوْلَ وَ لَا قُوُّةَ إِلَّا بِااللَّهِ

Аудармасы: «Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алладан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ» («...тек Алла қана күш пен қуат беруші» деп аударуға да болады»).

t.me/yersin_amire #dua #zikir
9.1_daret_algannan_keiin
Àìðå Åðñií
ДӘРЕТ АЛЫП БОЛҒАННАН КЕЙІН #1

أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ وَ أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّداً عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ

Аудармасы: «Серігі жоқ Жалғыз Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екеніне куәлік беремін және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін».

t.me/yersin_amire #dua #zikir
ДӘРІСКЕ КЕЛУШІЛЕР САНЫ НЕГЕ АЗ?

Біріншіден, білімнің маңыздылығын түсіну жетіспейді.

Екіншіден, тыңдап жүрген уағыздарын білім деп ойлайды.

Негізі уағыз білім емес. Уағыз — ол адамның көңілін жібітетін, босататын, арасында эмоция араласатын, көбіне эмоцияға бағытталған сөздер. Білім — ол басты қатыратын, кішкене, үйрену керек, ойлану керек, жазу керек, жаттау керек. Ол жерде ешқандай эмоция жоқ, таза мәліметтер. Оны қорыту үшін де кішкене әрекет ету керек. Сол себепті жамағатта қатты құлшыныс жоқ деп ойлаймын. Салыстырып келгенде бұрынғы уақытта жамағатта құлшыныс көбірек еді. Ал, жаңа жамағат бір минуттық, екі минуттық форматқа үйреніп алды.

©ұстаз Ерсін Әміре
@yersin_amire
Қазіргінің ауыр күйзелісінен болашақтың жарқын шуағы ғана алып шығады. Қазір қаншалықты қиналып жүрсең де, болашағыңның жарқын болатынына сен. Аллаһ туралы әрдайым жақсы ойда бол.

©️Ясир әл-Хузейми
Жетістіктің бес кілті: Таң, бесін, аср,ақшам, құптан.
Пайғамбарымыздың ‎ﷺ өзі сұрақ қойылғанда: “Менің ойымша былай” – деп айтпаған еді. Алладан уахи күтті.

Ал қазір әрқайсысымыз білсек те, білмесек те дін туралы өз ойымызды айта бастадық…
Шабытың болмай, мақсатыңа жетер жолдан тайғың келіп, берілгің келген кезде:

“Мықты мұсылман – әлсіз мұсылманға қарағанда хайырлы әрі Аллаға ұнамды” деген хадисті есіңе ал.

Шейх Али әс-Сабуни осы хадистің түсіндірмесінде: “Мықты мұсылман, яғни барлық қырынан мықты мұсылман. Рухани, интеллектуалды әрі табанды мұсылман” – дейді.

#берілме
Күндердің күні мына бір нәрсені түсіне бастайсың:

Егер Алла сені сол кездерде өз таңдауларыңа қалдырса, сөзсіз құрдымға батар едің.

Алайда Алланың саған жасаған таңдаулары қайырлы болды…

©️Әл-Ғәнзи
Қазіргі таңда ең көп мән беретін тақырыптарымыз:

“шығындарыңды есепте, қаражатты ақылмен жұмса, импульсивті сауда жасама” және тағысын тағы.

Назарымыздың басым бөлігі ақшаны жұмсауға қатысты.

Ал дінімізде “Ақшаны қайда жұмсадың?” деген сұрақтан бұрын “Ақшаны қайдан әрі қалай таптың?” деген сұраққа көбірек мән беріледі.

«Адалынан тауып жүрмін бе, ешкімнің ақысын жеп қоймадым ба, саудаға өсім араласып кетпеді ме, тауарға лайық емес мақтау сөздерді қосып айтып, сатып жібермедім бе?» – деген сұрақтармен де жұмыс жасау қажет.
Кейбір хадистерді оқысаң, жәннатқа кіру мүмкін емес секілді көрінеді. Дәл солай басқа хадистерді оқысаң, керісінше барар жерің тек жәннат болатын секілді. Бұл дегеніміз мұсылман адам әрқашан үміт пен үрейдің арасында жүруі керектігін білдіреді.

Күнәға бой алып бара жатсаң, өлім мен ақыретті еске ал. Ал үмітің үзілсе, Алланың Мейірімді әрі Рахымды екенін еске түсір.

©️Олжас Ханафин
(тредс парақшасынан)