ҚАРТТАР ҚУАНҒАН КҮН
Қарасай ауданына қарасты Мерей ауылының тұрғындары Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бір жылдығын атап өтті. Алғаш ашылғанда мұнда 65 зейнеткер болса, бүгінде олардың саны 135-ке жетіп отыр.
Ғимарат кіреберісіндегі түрлі-түсті безендірулер, әсем әндер, кимешек киген әжелер, қолөнер көрмесі және берекелі дастарқан жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жылы жүздесуден кейін Мәдениет үйінің акт залында мерекенің негізгі бөлімі жалғасты. Құрметті қонақтар қатарында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асыл Уаисов, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Әдіс Сейдақматов және басқалар болды.
Бұл орталық 2025 жылдың 16 сәуірінде мемлекеттің қолдауымен ашылып, зейнет жасындағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, оларды қоғамға бейімдеуге, физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға, сондай-ақ бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Мұнда «Бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, мәдени және құқықтық қызметтер көрсетіледі. Орталықта 11 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі: йога, вокал, еңбек терапиясы, шахмат, тоғызқұмалақ, тренажерлер, жүгіру жолдары, массаж креслолары және тағы басқалар қамтылған. Сонымен қатар психолог, әлеуметтік және медицина қызметкерлері де үлкен үлес қосуда. Мұның бәрі қарттардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.
Асыл Уаисов құттықтау сөзінде Мерей ауылындағы орталық ұжымы өз миссиясын сәтті орындап, қарттарға қамқорлық жасап жатқанын атап өтті. Сондай-ақ облыстық белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жетекшісі Жәния Сақташеваға ерекше алғыс білдірді.
Қарасай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов Шамалған және Мерей ауылдарындағы орталықтар Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің қолдауымен ашылғанын тілге тиек етті.
Атқарылған жұмыстар туралы облыстық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жетекшісі Жәния Сақташева баяндап, бірқатар орталық қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, ардақты ата-әжелер ән айтып, би билеп, цифрлық сауаттылық және басқа бағыттардағы жетістіктерін көрсетті. Олардың айтуынша, бұл орталық көптеген қарт адамның өмірін көркейтіп, мазмұнды әрі қызықты еткен. Қатарластарымен қарым-қатынас орнатуға, қабілеттерін дамытуға және өздерін қажет сезінуге мүмкіндік берген.
Жәния Жүрсінқызының айтуынша, Қарасай ауданында 168 адам тіркеліп, оларға 200 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Филиалда 15-тен астам қызметкер жұмыс істейді. Облыстық орталықта 26 қызмет түрі көрсетілсе, мұнда 11 қызмет ұсынылады. Сондай-ақ ол облыстық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 2023 жылы Есік қаласында ашылғанын атап өтті. Қазіргі таңда оның тоғыз аудандық және екі қалалық филиалы бар. 2024 жылы Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында бөлімшесі ашылса, 2025 жылы облыстың барлық ауданында іске қосылған. 2025 жылдың 1 қазанында орталықтың ұйымдастыруымен халықаралық деңгейдегі ауқымды форум өткен. Сол кезде шетелдік әріптестер 10-15 жылда атқарған жұмысты облыстық орталық екі жыл ішінде жүзеге асырғаны атап өтілді.
– Біздің ауданда осындай орталықтың бар екеніне өте қуаныштымын, – дейді Елтай ауылының тұрғыны Нәзира Сүлейменова. – Алғашында йогамен айналыстым, кейін би үйірмесіне ауыстым. Жолдасым дене жаттығулары мен үстел ойындарын жақсы көреді. Осындай тамаша орталықты ашқандарға алғысымыз шексіз, – деді.
Қуат Қайранбаев
Қарасай ауданы

❤1
Балуандар бәсекесі
Жамбыл ауданында спорттық және жауынгерлік самбодан облыстық чемпионат өтті. Аталған жарыс Ауған соғысының аты аңызға айналған ардагері, ел «Қара майор» атап кеткен ержүрек қолбасшы Борис Керімбаевтың құрметіне арналды.
Спорт додасына облыстың әр өңірінен 16 мен 23 жас аралығындағы 100-ден астам спортшы қатысты. «Борис Керімбаевтың құрметіне арналған жарыс – аңыз тұлғаға деген тағзым. Оның өмір жолы мен қызметі жас спортшылар үшін үлгі», – деді жарыстың бас хатшысы Қуанжан Күлпейісов.
Балуандар бозкілемде 8 салмақ дәрежесінде (53 келіден 98 келіден жоғары) белдесті. Жарыс қорытындысы бойынша Іле ауданынан – Жақсыбай Шыңғыс, Әкімбек Қимадинов, Ерік Нұрбол, Жайық Мұрат, Құдайберген Бейбарыс, Ботанбай Ақан, Эльдар Доскеев, Қызайбай Мейірбек, Жамбыл ауданынан – Айтбек Қыран, Малахум Ислам, Әбдуәли Ғалымжан, Қонаев қаласынан – Өтеген Нұрбол мен Бірлес Асқарбек, Ұйғыр ауданынан – Мехрижан Мерианов жеңімпаз атанды.
58 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеген Іле ауданының балуаны Азамат Байзақов үшін бұл турнир маңызды республикалық жарыс алдындағы дайындық болды.
«Батыр атамыздың құрметіне арналған турнирде өнер көрсету – үлкен жауапкершілік. Әр белдесу тартысты өтті, бұл самбошылар деңгейінің өсіп келе жатқанын көрсетеді. Жарыста бар күшімді салдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Мамыр айында Қазақстан чемпионаты басталады, сондай-ақ биыл бірнеше халықаралық турнир күтіп тұр. Енді сол жарыстарға тыңғылықты дайындаламыз», – деді турнир жеңімпазы.
Өз тілшіміз
Жамбыл ауданы

Диқандар дала төсінде
Балқаш ауданында көктемгі дала жұмысы қарқынды жүруде. Биыл аудан диқандары 28 825 гектар суармалы егіс алқабына егін егуді жоспарлап отыр. Оның 5800 гектарына күріш, 4870 гектарына бидай, 870 гектарға арпа, 16057 гектар жерге жоңышқа егілсе, қалған суармалы жерге көкөніс дақылдары себіледі.
Арпа-бидай себу жұмысын қолға алған диқандар қауымы бүгінгі таңда 1352 гектар жерге егін егіп үлгерген. Жұмысты қарқынды атқарып жатқан диқандар жауапты науқанды дер кезінде аяқтауды мақсат тұтып, таң ағарып атқаннан, кеш қарайып батқанша тынымсыз еңбек етуде. Дала төсін дүбірге бөлеген аудан диқандарының жұмыс қарқынын көзбен көру мақсатында «Бауыржан – 7» ЖШС-ның егіс алқабына аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бүркіт Мұқановпен бірге барып қайттық. Шаруашылық егін егу жұмысына кірісіп кеткен. Олар шаруашылыққа тиесілі егіс алқабының 185 гектарына бидай егуді жоспарласа, оның 60 гектарына дәнді дақылды сіңіріп үлгерген. Бидай егу аяқталысымен, 165 гектар жерге күріш себілмек. Ал 382 гектар жерде көпжылдық жоңышқа шөбі өсіріледі екен. Егін егудің қыр-сырын жетік меңгерген шаруашылық басшысы Талғат Сұлтановты егіс басында жолықтырдық. Оның айтуынша, көктемгі дала жұмысын жүйелі атқару үшін үш «МТЗ-80», бір «КА-700» тракторлары тіркемесімен және бір тұқым сепкіш, бір тырма, бір жер тегістегіш, бір соқа, бір топырақ таптағыш құралдарын пайдаланса, 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еткен. Механизаторлар Айбар Сабырбай мен Мәди Дүйсенбеков бидай егу жұмысын атқарып жатса, дәнекерлеуші Айболат Қуанышбекұлы техникаларға жөндеу жүргізуде.
Бақтығали ДӘУІТБАЙ Балқаш ауданы

Ұлттың үнбайрағы
13.04.2026
0
SHARES
ҚР Ұлттық кітапханасында «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты жиынға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ернұр Бурахан, «Қазақ радиолары» ЖШС басшысы Нұртас Солтанұлы, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, «Шалқар» радиосының ардагерлері мен қызметкерлері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты жиында Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласын жеткізді. – «Шалқар» радиосының қазақ руханияты мен ел тарихында алатын орны ерекше. Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде қазақ тілінде хабар таратып, ұлттық құндылықтарды паш еткен «Шалқар» атты бағдарламаның, одан кейін ұлттық радионың өмірге келуі – сол кезеңдегі ұлтын сүйген, елінің қадір-қасиетін, болашағын ойлаған ардақты аға-апаларымыздың ерлігі. Осы орайда аға буын өкілдеріне зор алғыс айтамыз! 1966 жылы алғашқы рет эфирге шыққан «Шалқар» радиосы бүгінде ұлтымызға қалтқысыз қызмет етіп келеді. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен төл өнерін, ұлттық мәдениеті мен әдебиетін, сағындырған ретромузыкасын, өткенімізден сыр шертетін «Алтын қордағы» асыл қазыналарымызды насихаттап, мемлекеттік тілде хабар тарататын нағыз ұлттық арнаға айналып отыр. Бұл белеске радионың қызметкерлері мен ұжымның ұзақ жылғы қажырлы еңбегімен, үздіксіз ізденуімен жеткені анық. Радиожурналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін бірегей кәсіп. Сондықтан да ақпарат айдынында жүрген сіздерді үлкен белеспен құттықтай отырып, шабыттарыңыз шарықтай берсін дегім келеді, – деген Мәлік Нұржанұлы «Шалқар» радиосының негізін қалап, ұлттық сана мен тіліміздің өз биігінде қалуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге ҚР Президентінің төсбелгісін, Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Өз кезегінде сөз алған Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Aида Балаевaның арнайы құттықтауларын жеткізді. Сонымен қатар ол «Шалқар» радиосы қазіргі таңда еліміздің 75 пайыз аумағына эфир тарататынын айтып, Аида Ғалымқызының тапсырмасы бойынша хабар тарату аумағын 95 пайызға дейін арттырып, шалғай ауылдарға дейін жеткізу көзделіп отырғанын айтты. Сондай-ақ Қанат Ысқақов радио саласында еңбек сіңірген бірқатар ардагер мен қызметкерлерді ведомстволық наградалармен марапаттады. Шара барысында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың және Мәжіліс төрағасы Ерлан Кошановтың да құттықтаулары оқылды. Арнаның 60 жылдығына орай жарық көрген «Ұлттың үнбайрағы» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, таныстырылымы жасалды. Бұл – «Шалқар» радиосының тарихында алғаш рет жарық көріп отырған үлкен еңбек. Осы кітаптың шығуына демеушілік жасап, қолдау көрсеткен «Асыл кітап» баспа үйі директорының орынбасары Ермұхамед Ғалымның иығына ата жолымен шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Жиын барысында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, диктор Сауық Жақанова, радио ардагерлері Руслана Құдайбергенова, Құсман Игісінов, Намазалы Омашев, Әшірхан Телғозиев, Нұржан Мұхамеджанова, Ғалия Балтабай, Алтын Иманбаева сөз сөйлеп, қиын-қыстау кезеңде радио жұмысын жолға қойып, қиыннан жол тауып еңбек еткендері жайлы қызықты естеліктерін айтып берді. Сонымен қатар «Шалқар» радиосының 60 жылдық мерейтойына орай, қазақтың тұңғыш радиодикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның Құрметті радисі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мина Сейітова атындағы дикторлар байқауының жарияланғаны хабарланды.
Жалғасы сайтта.⬇️
https://alatauaraiy.kz/2026/04/ulttyn-unbajragy/

Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді
Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 68 құқықбұзушылық дерегі анықталды. Оның 30-ы қылмыс ретінде тіркелсе, 38-і қылмыстық теріс қылық санатына жатқызылған. Бұл туралы Өңірлік комуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дастан Жексенбеков хабарлады.
Спикердің мәліметінше, жыл басынан бері есірткі заттарын өткізуге қатысты 21 факт тіркелген. Сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 2 дерегі анықталған. Бұдан бөлек, трансұлттық қылмыстық топ құрып, оны басқару фактісі бойынша 1 іс тіркелген.
Қазіргі таңда 57 қылмыстық іс сотқа жолданған. Оның ішінде 26 іс аса ауыр қылмыстар санатына жатады.
«Жүргізілген кешенді шаралар нақты нәтиже беруде. Заңсыз айналымнан 46 келі 195 грамм есірткі заты тәркіленіп, екі бірдей есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды» – деді Дастан Жексенбеков.
Аймақта есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері бұл бағытта 265 іс-шара ұйымдастырылған.

Шегірткеге қарсы науқан: Алматы облысында 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады
Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында аса қауіпті зиянкестерге, әсіресе шегірткеге қарсы күрес мәселесіне арналған семинар-кеңес өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы шегіртке дернәсілдерінің таралуының алдын алу және химиялық өңдеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың маңызын атап өтті.
Оның айтуынша, биыл облыста аса қауіпті зиянкестерге қарсы 1 831 690 гектар алқапта мониторинг жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 1 650 700 гектар жерде үйірлі шегірткелер, ал 180 990 гектар аумақта саяқ шегірткелердің таралу қаупі жоғары. Көктемгі-жазғы кезеңге арналған тексеру көлемі – 887 700 гектар.
Биыл шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 153 963 гектар жерде жүргізіледі. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен бөлінген 257,2 млн теңге есебінен 83 389 гектар алқапта үйірлі шегірткелерге қарсы шаралар атқарылады. Оның ішінде итальяндық прусқа – 61 369 гектар, азиялық шегірткеге 22 020 гектар жер тиесілі. Ал жергілікті бюджеттен бөлінген 292,8 млн теңгеге саяқ шегірткелерге қарсы 70 574 гектар жер өңделмек.
Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдар да анықталған. Әуе арқылы өңдеуді AVIASILA және КазАвиация жүзеге асырады. Бұл мақсатта 1 жеңіл және 6 аса жеңіл ұшақ жұмылдырылады. Ал жер үсті тәсілімен өңдеу жұмыстарын 7SU TRADE атқарып, 30 бірлік техника пайдаланылады. Сонымен қатар 2 дрон аппараты, «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік мекемесінің 4 бүріккіші және басқа да арнайы техникалар тартылады.
Қазіргі уақытта шегірткенің күбіршіктерін бақылау үшін 12 778 гектар жерде мониторинг жүргізілген. Оның ішінде итальяндық прус – 9 083 гектар, азиялық шегіртке – 2 070 гектар, ал саяқ шегіртке 1 625 гектар аумақта анықталған.
Науқан барысында барлығы 156 адам мен ондаған техника жұмыс істейді. Атап айтқанда, инспекция қызметкерлері, фитосанитариялық орталық мамандары мен зерттеушілер іске кіріседі. Сондай-ақ жергілікті әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтары арқылы қосымша 48 адам аталған іске жұмылдырылады.
Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айының алғашқы онкүндігінде басталады. Бұдан бөлек, Алматы қаласы мен Жамбыл, Қарағанды және Жетісу облыстарымен шекаралық аумақтарда бірлескен мониторинг жүргізу және жедел әрекет ету бойынша ынтымақтастық келісімдері жасалған.
Жиын барысында аталған іс-шаралардың барлығы қатаң бақылауда екені атап өтіліп, ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты міндеттердің бірі екені айтылды.

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды
Алматы облысының Қарасай ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, оны қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Кешен жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптап, 14 мың тоннадан астам шикізатты қайта өңдеп шығаруға қауқарлы. Бұл өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға оң ықпал етеді. Сонымен қатар 300-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Бүгін Әйтей ауылында «ONDEU» зауытының негізі қаланып, уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, бұл бастама ұзақ мерзімді мемлекет саясатының маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық ахуалды түбегейлі жақсарту кезек күттірмейтін, стратегиялық маңызы зор міндеттердің бірі екенін үнемі атап өтеді. Қоқысты өңдеу жүйесін реттемей, өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Әйтей ауылы маңындағы бұл полигонда 40 жылға жуық уақыт бойы қоқыс жиналған. Қалдық көлемі күннен күнге артып барады. Ал оны жай ғана жинап қою – мәселені шешу емес, оны уақытша шегеру ғана. Сондықтан бізге қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жаратуға мүмкіндік беретін жүйелі шешім қажет.
Біз ертеңгі ұрпаққа экологиясы таза, өндірісі дамыған, табиғаты бай мемлекетті аманаттауға міндеттіміз. Бүгінгі шара осы игі мақсатқа қызмет етеді», – деген аймақ басшысы жобаның жүзеге асуына атсалысып жатқан инвесторларға, инженерлер мен құрылысшыларға ризашылығын білдірді.
Жобаның жалпы құны – 15 миллиард теңге. Кешен 5 гектар аумақты қамтиды. Қатты тұрмыстық қалдықтар «Suzhou JONO» компаниясының 100 пайыз автоматтандырылған технологиясы арқылы сұрыпталады. Соның нәтижесінде төрт түрлі таза шикізат – шыны, қағаз, пластик және металл бөлініп алынады. Ал қайта өңдеуге келмейтін қалдықтардан RDF балама отыны дайындалады. Осылайша қоқыс қайтадан экономикалық айналымға енеді.
Эко-кластердің екінші кезеңі пластик қалдықтардан жаңа өнім жасалатын «Bottle to Bottle» жобасы болмақ. Мұнда «ONDEU» кешенінен алынған 3000 тоннадан астам пластик терең өңделеді. Бұл кешеннің құны – 10,5 миллиард теңге. Қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде.
Зауыт құрылысы 2027 жылдың соңында аяқталады. Осылайша, жоба экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізіп, өңірдің тұрақты дамуына серпін береді.

Таза бейсенбі: Қонаев қаласының жастары Іле жағасынын 9 тоннадан астам қоқыс жинады
Алматы облысында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара Іле өзенінің бойындағы «Көшпенділер қаласы» мен «Таңбалы тас» шатқалы маңында ұйымдастырылып, аумақ қоқыстан тазартылып, жартастарға жазылған бейберекет жазулар өшірілді.
Акцияға 150-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында партия мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар бар. Бір күннің ішінде 9 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы полигонға шығарылды.
«Іле бойы – өңірдің табиғи ажарын айқындап тұрған, көпшілік жиі баратын ерекше мекен. Алайда демалушылар саны артқан сайын бұл аумақта қоқыс көлемі де көбейіп, жартастарға ретсіз жазу қалдыру секілді келеңсіз әрекеттер белең алып отыр. Өткен жылы осы аумақта жүргізілген тазалық жұмыстары кезінде 30 тоннадан астам қоқыс шығарылған болатын. Биыл да мәселенің әлі күнге дейін өзекті күйінде қалып отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл акцияның басты мәні аумақты тазартумен ғана шектелмейді. Ең маңыздысы – елдің санасына тазалық мәдениетін сіңіріп, туған жерге деген жауапкершілікті күшейту», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров.
Тазалық жұмыстары кезінде қатысушылар қоқыс жинап қана қоймай, шатқалдағы жартастарға жазылған бейберекет жазуларды өшіруге де атсалысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көптеген туристер бұл жерде өздері туралы естелік қалдыруға тырысады. Соның салдарынан жартастарда түрлі есімдер мен махаббат жайлы жазулар көбейген.
«Табиғи аумақтың бүгінгі ахуалы алаңдатарлық. Өзен жағасында пластик бөтелкелер, тамақ қалдықтары, орамалар, шыны сынықтары мен тұрмыстық қоқыс үйіліп қалған. Бұған қоса, «Таңбалы тас» шатқалы маңындағы жартастарда демалушылар қалдырған түрлі жазулар да көбейген. Табиғи ландшафт пен тарихи кеңістіктің көркін бұзатын мұндай көріністер бұл аумақтағы экологиялық мәдениет мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетеді», – деді облыстық «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Әділет Айтқазы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Іле бойындағы тазалық мәселесін тек қоғамдық белсенділердің күшімен шешу мүмкін емес. Бұл үшін туристік аймақтарда санитарлық инфрақұрылымды күшейтіп, қоқыс контейнерлерінің санын арттыру, бейнебақылау жүйесін енгізу және табиғатты ластағандарға бақылауды қатаңдату қажет.

Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
Бүгін Алатау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді. Сенбілікке мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене ат салысты. Қатысушылар көшелерді, аулаларды, қоғамдық орындарды тазалап, қоқыстарды жинады, жасыл аймақтарды ретке келтірді. Сонымен қатар, ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл аймақты кеңейтуге үлес қосылды.Қала тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің бірлескен еңбегі нәтижесінде аймақтың тазалығы артып, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптасты. Мұндай іс-шаралар қоғамдағы ынтымақты күшейтіп қана қоймай, әрбір азаматтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады.
Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, бұл акция тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен бірге қоғамды біріктіретін, ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды қадам болып табылады. «Таза Қазақстан» аясында өткізілген сенбілік – болашақ ұрпаққа таза әрі жасыл қала қалдыруға бағытталған игі бастама.

Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясында Қонаев қаласындағы «Көшпенділер» қалашығы аумағында жалпы облыстық сенбілік өтті. Аталған шара аясында мәні зор мәдени нысанның маңы қоқыстан тазартылып, айналасына ағаштар егілді.
Аталған тазалық жұмыстары мен тал егуге мемлекеттік мекемелер, жеке ұйымдар мен діни бірлестіктердің мүшелері, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ эко белсенділер қатысты. Аталған ауқымды сенбілікте облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев тазалық акциясының тағылымды шара екенін еске салды. «Табиғаты таңғажайып Іле өзенінің жағасындағы «Көшпенділер» қалашығы алда көрнекті туристік нысанға айналмақ. Сондықтан бұла аумақта келушілерге жайлы орта жарату үшін мұнда экопарк салынбақ. Бұл қадам өңіріміздің туристік әлеуетіне тың серпін береді деп ойлаймын. Бүгін сол игі бастамаға үн қосу үшін жиналдық» – деді Ғани Айдарұлы.
300-ге жуық адам қатысқан шарада «Көшпенділер » қалашығы маңына 500 түп ағаш егіліп, Іле өзенінің бойы тазаланды. Экологиялық акцияға қатысушылар табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау – адам баласына жүктелген міндет екенін айтысты. «Жер бетіндегі тау, тастар, теңіздер, яғни, барша табиғат атаулы мен барлық нәрселер – Ұлы Алланың жаратқандары. Әсіресе, осы Табиғат ананы қорғап қалу мәселесінде ағаштарға көңіл бөлудің, тал, шыбық отырғызудың мәні өте зор. Себебі, тал егудің адамзат баласына тигізер пайдасы, жалпы қоршаған ортаға жақсы әсері бар екені баршаға белгілі» – дейді Қонаев қаласындағы Абай мешітінің наиб имамы Хожанепес Сейітұлы.
Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенер болсақ, аймақ аумағындағы сенбілікке 32000-ға жуық адам қатысып, 225 техника жұмылдырылды. Сенбілік қорытындысы бойынша 264 тонна қоқыс шығарылып, 17800 түп ағаш отырғызылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аймағымызда қарқынды түрде жалғасуда.
Ерзат АСЫЛ
Қонаев қаласы

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34%-ға қысқарады
Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітілді. Оның аясында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды заманауи экологиялық шешімдер негізінде жаңғырту қарастырылған. Жобаларда қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған «таза көмір» технологияларын енгізу көзделген, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Жаңа станциялар бу мен температураның аса жоғары критикалық параметрлерінде жұмыс істейді, бұл электр энергиясын өндіру тиімділігін 5–6%-ға арттырып, көмір шығынын азайтуға және зиянды шығарындыларды төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар түтін газдарын тазартуға арналған заманауи жабдықтар орнатылады, оның ішінде шаң мен күлді ұстауға арналған электрофильтрлер мен қап сүзгілер, азот оксидтерінің шығарындыларын азайтатын селективті каталитикалық қалпына келтіру жүйелері, сондай-ақ түтін газдарынан күкірт қосылыстарын жоятын десульфурация қондырғылары қарастырылған.
Бұған қоса, қолданыстағы көмір электр станцияларын ең озық қолжетімді технологияларды енгізе отырып кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарлануда.
Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде көмір электр станцияларындағы зиянды заттар шығарындылары 34%-ға қысқарып, негізгі генерациялайтын жабдықтардың тозу деңгейі төмендейді және энергия жүйесінің сенімділігі артады.

Рингтегі тәртіп сақшылары: Талғардағы тартысты дода
Талғар ауданында Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері арасында бокстан облыстық іріктеу жарысы өтті. Турнирге Алматы облысының аудандық және қалалық бөлімшелерінен 150-ден астам тәртіп сақшысы қатысып, оларға Жетісу облысының өкілдері де бәсекелестік танытты.
Полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығында бокстың маңызы ерекше. Бұл спорт түрі тек күш пен төзімділікті ғана емес, сонымен қатар реакция таныту жылдамдығын, тактикалық ойлауды, психологиялық тұрақтылықты және күйзеліс жағдайында жедел шешім қабылдай білу қабілетін дамытады. Аталған қасиеттердің бәрі қызметтік міндеттерді тиімді орындаумен тікелей байланысты. Облыстық жарыс мықты спортшыларды іріктеудің маңызды кезеңіне айналып, мамыр айының ортасында Қарағанды қаласында өтетін Қазақстан Республикасы ІІМ чемпионатында өңір намысын қорғайтын құрама команданы жасақтауға мүмкіндік берді.
«Полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығы – қызметіміздің ажырамас бөлігі. Бокс – қолданбалы спорт түрлерінің бірі ретінде рухты шыңдап, сенімділікті қалыптастырады. Мұндай жарыстар тек мықтыларды анықтап қана қоймай, командалық рухты, тәртіпті және үнемі жетілуге деген ұмтылысты күшейтеді» – деп атап өтті Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Табеев.
Жарыс ерлер арасында 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг, 85 кг, 90 кг және 90 кг-нан жоғары барлығы сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жекпе-жектер бокстың халықаралық ережелеріне сәйкес олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылып, жоғары қарқын мен тартысты бәсеке тудырды. Талғар ауданындағы дода мықтыларды анықтаумен қатар, спорттың полиция қызметкерлерінің кәсіби тиімділігін арттырудағы маңызын айқын көрсетті.
Жалғасы сайтта.⬇️
https://alatauaraiy.kz/2026/04/boks-kyzmettin-bir-boligi/

Жалғасы сайтта.
https://alatauaraiy.kz/2026/04/boks-kyzmettin-bir-boligi/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Қонаевта ағаштарды биологиялық өңдеудің алғашқы кезеңі аяқталды
Қонаев қаласында жасыл желектерді қорғауға бағытталған биологиялық өңдеудің бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Аталған жұмыстар қала экологиясын жақсарту және ағаштардың өміршеңдігін арттыру мақсатында жүргізілді. Жалпы биоөңдеу екі кезең бойынша жүзеге асырылады.
ТҮКШ бөлімінің басшысы Мадияр Зәкеровтың айтуынша, биологиялық өңдеу ағаштарды зиянкестерден қорғап, көзге көрінбейтін паразиттердің таралуының алдын алады. Сондай-ақ бұл шара өсімдіктердің табиғи қорғаныс қабілетін күшейтіп, олардың дұрыс өсіп-жетілуіне оң әсер етеді.
Өңдеу барысында адамдарға және қоршаған ортаға қауіпсіз биологиялық препараттар қолданылды. Олар құстар мен үй жануарларына зиян келтірмейді.
Жұмыстар түнгі уақытта, яғни 23:00-ден 05:00-ге дейін жүргізілді.
Биоөңдеу қаланың барлық аумағын қамтыды. Оның ішінде саябақтар, қоғамдық кеңістіктер және шағынаудандар бар.

Тоқаев: Түркияның халықаралық аренадағы рөлі артып келеді
Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанның басшылығымен Түркияның халықаралық аренадағы беделі артып келе жатқанын айрықша атап өтті.
– Ең алдымен, көреген көшбасшы Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның осы аймақта зор рөл атқаратынын айтқым келеді. Өңір әлсін-әлсін бетпе-бет келіп отырған өзекті мәселелердің шешімін табуға елдеріміз айтарлықтай атсалыса алады деп ойлаймын. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Президент Ердоғанның келесі айда Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанымызды жеткізгім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Содан кейін Қазақстан Президенті биыл әлемдік қоғамдастық алдында тұрған және жақын перспективадағы халықаралық күн тәртібін қалыптастыратын негізгі сын-қатерлер мен үрдістер жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.
– Дипломаттар мен саясаткерлер адамзат жолайрықта тұр дегенді мысал етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның: «Біз әлі де жолайрықта тұрмыз» деп жиі айтатыны есімде. Халықаралық шиеленісті азайтуға қатысты айтар болсақ, бұл жағдай ешқашан өзгермейді. Қазіргі қақтығыстар өңірлік ауқымнан шығып, жаһандық сипатқа ие болды. Әрине, БҰҰ – баламасы жоқ әмбебап ұйым, сондықтан әрбір мемлекетке белгілі бір жауапкершілік жүктеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымына қолдау көрсету керек екенін жұрттың бәрі айтады. Бұл – факт. Бірақ Ұйымға қолдау көрсетіп қана қоймай, оған реформа жасау керек. Бұл да шындық. Ашығын айтқан жөн, «Ұйымға тез арада реформа жасалады» дегенге ешкім сенбейді. Өйткені БҰҰ-ны реформалау, өзгерту, қызметін қайта қарау мәселесін көптен бері көтеріп жүрміз. Одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау, ең алдымен, Қауіпсіздік Кеңесінен басталуы керек екенін мойындауымыз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Президент: Бүгінгі көшбасшылар халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумында сөйлеген сөзінде бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды.
– Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет деп санаймын. Қазіргі сәтте стратегиялық ұстамдылық өте маңызды. Менің ойымша, бүгінгі күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы әлемдегі шиеленістердің түйінін тарқату аса қиын емес. Жай ғана жауапкершілік танытып, сабырлы болу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты пікірін жеткізді. Президент келіссөздер барысында басты мәселелерге ден қою керек деп санайды.
– Әлемде орын алған жағдайларға байыппен қарауға кеңес берер едім. Мәселен, бәрі Иранды талқылап жатыр. Әрине, бұл елдегі ахуал өте күрделі. Оған қатысты қандай да бір пікір айту қиын. Қазақстан Шығанақтағы елдерге тілектестігін білдірді. Біз тараптарды стратегиялық ұстамдылыққа және әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырдық. Бұл қақтығыстың ауыр салдарын бәрі сезінді. Ең әуелі экономика құлдырады. Бүгінде Ормуз бұғазында кемелердің еркін жүзуіне қойылған тосқауыл туралы айтылып жатыр. Бірақ дәліздің қақтығысқа дейін еркін сауда жасауға ашық болғанын ескеру қажет. Сондықтан мәселенің мәніне үңілгеніміз жөн. Ал түйткіл ядролық технология мен ядролық қарудың таралуында еді. Бұл Иран төңірегіндегі қақтығысқа қатысты келіссөздердің басты тақырыбына айналуы керек. Бірақ қазір жаһандық сауда мәселесін талқылауға көшіп кеттік. Қиындықтарға қарамастан, ғаламдық сауда-саттық көлемі өсіп келеді. Былтырдың өзінде өсім 2,5 пайызды құрады. Яғни әлемдік саудадағы жағдай жаман емес. Алайда сауда-саттықтың сапасы мен мазмұны – үлкен проблема, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті
– Біз өңірлік және жаһандық қақтығыстарды талқылаймыз. Алайда Сіз Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі ретінде келіссөздер БҰҰ мен басқа да ірі халықаралық ұйымдар алаңында емес, одан тысқары жерлерде өтіп жатқанын аңғарған шығарсыз. Тараптар БҰҰ-да емес, белгілі бір елдердің астаналарында, жекелеген конференц-залдарда кездеседі. БҰҰ жоғары өкілдерінің қақтығыстарға араағайындық жасағанын көре бермейміз. Бұл ойланатын мәселе. Демек БҰҰ-ның рөлі төмендеп кетті деген сөз. Мен оған қатты алаңдаймын. Өйткені өзім де БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарда қызмет еттім. Қазір жұрт келесі БҰҰ Бас хатшысы кім болады деген тақырыпты талқылап жатыр. Менің ойымша, бұл аса маңызды емес. Ең басты түйткіл, ұйым қазіргі күйінде әрі қарай қызметін жалғастыра ала ма? – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің халықаралық ұйымдар қызметіне ықпалын зерделеуге шақырып, жаһандық Ұйымды түбегейлі реформалау қажет екеніне тоқталды.
– Әлгінде айтқанымдай, өте өзекті халықаралық мәселелердің шешілуіне Қауіпсіздік Кеңесінің өзі кедергі келтіріп отыр. Бұл оғаш, бәлкім, ақылға сыймайтын жағдай. Адамдар, дипломаттар мен саясаткерлер басқа алаңдарда келіссөз жүргізуге мәжбүр. Айтпақшы, бұл проблеманы былтыр қыркүйек айында өткен БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті сессиясында Президент Дональд Трамп дәл сипаттады. Мен онымен толық келісемін. Ол БҰҰ штаб-пәтеріндегі бұзылған телесуфлер мен эскалаторды сынға алып, «БҰҰ-да бәрі істен шыққан!» деді. Алайда ең маңызды мәселе – Біріккен Ұлттар Ұйымында және басқа да халықаралық құрылымдарда бейбітшілікті сақтау үдерісі тоқырап тұр. Мен – көпжақты дипломатияның жақтаушысымын. Бейбітшілікке бастайтын әділдік идеясының төңірегіне топтасқан адамзаттың жарқын болашағына әлі де сенемін, – деді Мемлекет басшысы.