AQ$HANEWS
11K subscribers
47 photos
6 videos
737 links
Қаржы жайлы, қысқа да нұсқа. Басқа да тақырыптар табу емес. Жазамыз. Оқыңыз.
Download Telegram
Қазақстанда мал шаруашылығы өсіп келеді

📊 2024 жылы мал шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі – 103,6%

🔹 Ет өндіру – +3,9%
🔹 Сүт өндіру – +4,5%
🔹 Жұмыртқа – +1,3%

🐄 2025 ж. 1 қаңтарда ірі қара саны – 7,98 млн бас (+20,6%)
🐎 Жылқы – 4,4 млн бас (+13%)
🐑 Қой мен ешкі – 20,2 млн бас (+8,3%)

2025 ж. қаңтар-наурызда:
– Сүт өндірісі +8,6%
– Жұмыртқа өндірісі –2,3%
Қазақстанда дәстүрлі банктер ислам қаржыландыру қызметін ұсына алады

🔹 Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дәстүрлі банктерге «исламдық терезе» форматы арқылы шариғат қағидаттарына негізделген қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін заң жобасын дайындады.
🔹 Бұл жаңалық инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және халық пен бизнеске ислам банкингін қолжетімді етеді.
🔹 Барлық исламдық операциялар негізгі банктік қызметтен бөлек жүргізіледі.
🔹 Банктер үшін минималды біліктілік талаптары, жеке қаржылық нормативтер енгізіледі.
🔹 Өзгерістер жаңа «Банктер және банк қызметі туралы» заң жобасына енгізілді.
Жаңа банктер пайда болмақ

🔹 BNK Finance Kazakhstan мамырда банктік лицензия алуы мүмкін
🔹 KMF құжаттарды 3 ай ішінде жинайды
🔹 Solva – капитал талабы орындалмаған
🔹 Барлығы базалық лицензияны алуға ұмтылуда
🔹 Jusan Bank бойынша жаңа акционер құжаттары сәуірде қаралады
Ұлттық банк төлем жүйелері арқылы 1 487,4 трлн теңге өтті

💳 2024 жылы Ұлттық банк жүйелері арқылы төлемдер көлемі – 1 487,4 трлн теңге
📊 Орташа төлем – 16,9 млн теңге (+27,4%)
🕓 Ең белсенді уақыт – 16:00–17:00
Жұмысқа қабілеттілік деңгейі – 99,96%
Ажырасқанда қарыз, кредит қалай төленеді?

Ажырасу — тек қана екі адамның жолы екіге айырылады деген сөз емес, бұл сонымен қатар олардың бірлесіп жинаған мүлкін бөлуді талап ететін күрделі құқықтық процесс. Осы кезде мүлік қалай бөлінеді? Қандай құжаттар қажет? Мұны – «Білген абзал».

https://youtu.be/fRePaFijWlM
Президент Тоқаев ЕАҚДБ төрағасы Николай Подгузовпен кездесті

🔹 2024 жылы Қазақстанға $1,4 млрд инвестиция тартылды
🔹 2025 жылы $1 млрд-тан астам қаржы энергетикаға, жолдарға және цифрландыруға бағытталады
🔹 ЕАҚДБ инвестициялық портфелінің 60%-ы — қазақстандық жобалар
Полиция бүтін бір отбасын аман алып қалды

Бүгінгі "Кезекші бөлім" бағдарламасында:
Күзетке де қарауыл керек. Күзет агенттігі директорының үйінен 11 миллион теңге тұратын затты тонаған кімдер?
Ұрылар қолға түсті ме? Абдырауға уақыт жоқ. Өрт шыққан үйден балалар терезе арқылы құтқарылды.

https://youtu.be/qO1Vt5KAwCk
📊 2024 жылы Қазақстан экономикасы 4,8%-ға өсіп, 135,3 трлн ₸ болды
🔹 Негізгі қозғаушы — ішкі тұтыну сұранысы
🔹 ЖІӨ мен тұтынушылық несие арасындағы байланыс – 98%
🔹 Сауда ЖІӨ құрылымында 19,1%-ға жетті

Экономикалық өсім — халықтың тұтыну белсенділігіне және несиеге деген қолжетімділікке тәуелді. Бірақ шектеу шаралары экономикалық динамикаға кедергі келтірмеуі тиіс.
📊 Қазақстан экономикасы 2025 жылдың 1-тоқсанында 8,3%-ға өсті

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМЭИ) 108,3%-ды құрады.

🔹 Негізгі салалардағы өсім:
• көлік және қоймалау — +21%
• құрылыс — +16,9%
• өнеркәсіп — +6,7%
• сауда — +6,3%

🔹 Ең жоғары өсім — Астана мен Түркістан облысында
📊 Қазақстанда инвестициялық белсенділік артып келеді

2025 жылдың 1-тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,07 трлн ₸ болды — бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ға артық.

🔹 Үздік 3 сала:
• өнеркәсіп — 39,2%
• жылжымайтын мүлік — 20,6%
• көлік және қоймалау — 13,4%

🔹 Инвестиция өскен өңірлер:
• Шымкент — +67,9%
• Түркістан облысы — +57,1%
• Жамбыл облысы — +54,4%

🔹 Инвестицияның 70%-ы құрылыс пен күрделі жөндеуге бағытталған.
Атыңызға тіркелген SIM-карталарды қалай тексеруге болады?

Ұялы телефон өміріміздегі маңызды құралдың біріне айналды. Ондағы SIM-карта немесе нөмір ұялы телефонның маңызды бөлігі. Ал атыңызға тіркелген SIM-карталарды бақылау — жеке қауіпсіздік пен қаржылық тұрақтылықтың негізі. Оны қалай тексеру керек және ол не үшін қажет? Мұны – «Білген абзал».

https://youtu.be/mDkyFMeSCOc
🚫 Алматыда 1 мамырға дейін рұқсатсыз сауда орындары жойылады

«Таза Қазақстан» және «Алматы – ортақ үйіміз» бағдарламалары аясында қалада заңсыз саудамен күрес шаралары басталды.

664 сауда нысаны жойылды
📍49 проблемалы орын анықталды
💰4,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды
📅 Қалған 133 НТО сәуір соңына дейін алынады

Назарда — базар маңы, жаяу өткелдер мен автотұрақтар.
Семейде қырағы келін енесін алаяқтардан құтқарып қалды

Бүгінгі "Кезекші бөлім" бағдарламасында:

1) Семейде қырағы келін енесін алаяқтардан құтқарып қалды. Әйел адам тәртіп сақшылары деп ойлап, 10 миллион теңгесін аудармақ болған. Сөйлесудің жазбасын сәлден кейін ұсынамыз.
2) Бес адамның ақшасын иемденген алаяқ әйел Қырғызстаннан отанына қайтарылды. Ол қанша қаражатты қалтасына басқан?
3) Терроризмді насихаттап, Сирияға баруға итермелеген: Танысын террористік ұйымдарға тартуға тырысқан Шымкент тұрғыны сотталды. Ол қандай жаза арқалады?

https://youtu.be/PZp-ECqkVj8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Право знать» на @tv24kz_rus — ваш навигатор в мире права, финансов и технологий.
Простые объяснения, реальные кейсы и советы, которые работают.

Гости — эксперты, юристы, представители госорганов.

Темы — острые, важные, актуальные

Каждый выпуск — это знания, которые экономят вам время, деньги и нервы.

Смотрите, чтобы знать, применять и выигрывать.

@tv24kz_rus — включайте ежедневно по будням.

Архив выпусков — на сайте @tv24kz_rus
🏃‍♀️ Almaty Half Marathon 2025 — басталуына аз қалды!

20 сәуірде Алматыда сегізінші жартылай марафон өтеді. Биыл 40-тан астам елден 10 000 қатысушы жиналады 🌏

📍 Қашықтықтар:
▪️ 21,1 км
▪️ 10 км
▪️ 10 км (скандинавиялық жүріс)
▪️ Командалық эстафета

📍 Старт: Тұңғыш Президент саябағы
Басталуы: 07:00

‼️ 07:00–11:00 аралығында қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі (әл-Фараби, Абай, Саин, Сейфуллин даңғылдары).

🚍 Старт орнына қоғамдық көлікпен жеткен жөн. Жақын маңдағы автотұрақтар жабық болады.
📉 2025 жылғы наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы орта есеппен 4,4%-ға төмендеді. Ең көп арзандаған өнім — бидай (-11,8%).

📈 Сонымен қатар, картоп (+23,4%), күнбағыс тұқымы (+10,5%) және сүт (+7,5%) қымбаттады.

🥚 Ал жұмыртқа 12%-ға арзандаған.
📈 Еліміздің зейнетақы активтері 11 жылда 5 есе өсіп, 22,3 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық банктің өкілі Нұржан Тұрсынханов хабарлады.

💬 Қазіргі портфельдің 60%-ы – теңгемен, 40%-ы – шетел валютасымен (шамамен $17,7 млрд). Негізгі бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға, квазимемлекеттік сектор мен банктердің облигацияларына салынған.

🔍 I тоқсандағы табыстың уақытша төмендеуі нарықтағы өзгерістерге байланысты. Алайда, бұл қысқа мерзімді құбылыс, ал жыл соңына қарай нақты табыстылық 9,24% деңгейінде болады деп күтілуде.
Ақшаны қай жерде айырбастаған дұрыс?

Валюта айырбастау – бұл бір елдің ақшасын басқа елдің ақшасына ауыстыру процесі. Мұны тек қаржы операциясы деп қана қарастырмау керек. Себебі бұл туралы ақпарат болмаса немесе мұқият қарамасаңыз, алданып қалуыңыз мүмкін. Валютаны қауіпсіз әрі тиімді айырбастаудың жолдары қандай? Нені ескеру керек? Мұны – «Білген абзал».

https://youtu.be/g7CQCMS9rlQ
Алматыда «Барахолка» маңында заңсыз сауда жойылуда

Жетісу ауданында «Северное кольцо» бойында рұқсатсыз сауда орындарын жою жұмыстары жалғасуда.
🔹 100-ден астам сауда орны жойылды
🔹 42 әкімшілік хаттама толтырылды
🔹 70 м³ қоқыс шығарылды

Сауда гигиеналық талаптар сақталмай, тротуарлар мен аялдамаларды басып алған. Рейдтер Алматы әкімі тапсырмасымен «Таза Қазақстан» және «Алматы – ортақ үйіміз» аясында күн сайын өтуде.

📅 Акция 1 мамырға дейін жалғасады. Мақсат – тазалық пен тәртіп.
Шымкентте жоғалған оқушы Алматыдан табылды

Бүгінгі "Кезекші бөлім" бағдарламасында:
Күдікті азаматтар, түнгі уақыт, мефедрон. Талдықорғанда есірткі жасырып жүрген жас жігіттер ұсталды. Олар қанша жыл жаза арқалауы мүмкін? Сауда орталығындағы жарылғыш зат. 8-сынып оқушысының әзілі Қостанайды тікесінен тік тұрғызды. Жас баланың бұл бір жылдағы екінші жалған хабарламасы Қазақстандық полицейлердің қонақжайлығы америкалықты таңқалдырды. Мұхиттың арғы бетінен келген велосаяхатшы Түркістан облысында адасып кеткен.

https://youtu.be/37v83dIsiL8