АҚМЕШІТ АПТАЛЫҒЫ ақпарат агенттігі
729 subscribers
520 photos
73 videos
1.88K links
Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтарды білгіңіз келсе Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» қоғамдық-саяси газетінің ақпараттық алаңына жазылыңыз.
Download Telegram
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов әр туған баласы үшін әйелдердің зейнетке шығу жасын екі жылға қысқартуды ұсыныпты.

Оның айтуынша, елімізде әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілген. Алдағы жылдары Үкімет зейнетақы жүйесіне қатысты оңтайлы шешім жасауы тиіс екенін айтты.

Оның айтуынша кеңестік кезеңде әйелдер шамамен 5-6 баланы өмірге әкеліп, үй жұмысымен қатар, өндірісте де еңбек ететін.

«Сондықтан зейнетке ерте шығуы әйелдер мен ана еңбегін бағалаудың әділ өтемақысы ретінде қаралатын. Қазіргі әлемде әйелдердің еңбек және өмір сүру жағдайлары өзгерді. Біз гендерлік теңдікке ұмтылып отырмыз, сондай-ақ жұмыс және өндіріс жағдайлары жақсарып келеді. Үй шаруалары жеңіл және қауіпсіз болып жатыр. Алайда бір факт өзгеріссіз қалды. Бұл тұрғыда бала туған кезде әйелдер жұмыстан уақытша кетіп, кәсіби мансабы мен тәжірибесі тоқтап қалады. Еліміздегі әр әйел орта есеппен үш баланы өмірге әкеледі. Осы кезеңде тиісті жарна аударылмағандықтан, олардың зейнетақысы да жоғары болмайды. Бұл ретте әйелдердің зейнетке ерте шығуы түрінде жеңілдік жасалуы керек. Дегенмен мұндай құқық заманауи жағдайларды ескере отырып, әділ түрде ұсынылуы керек», – деді депутат.
https://aqmeshit-aptalygy.kz/qogam/qazaqstanda-depwtattar-aer-twghan-balasy-ueshin-aejelderding-zejnetke-shyghw-zhasyn-qysqartwdy-usyndy-32802/
Құрметті оқырман!
Қызылорда қаласына қарасты ауыл әкімдерінің жұмысын бағалау мақсатында телеграм арнамызда сауалнама жүргізілуде.
Осыған орай «Халқына жақын әкімді» бірге таңдауға жұмыла атсалысайық.
Облыстағы білім ордасы «Болашақ» университеті лицензиясынан айырылуына байланысты оқу орнының ұжымы, оқытушылар мен ғалымдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.