AIMAGAMBETOV
14.4K subscribers
333 photos
30 videos
5 files
232 links
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Актуальные вопросы развития сферы образования рассмотрены на совещании под председательством Премьер-Министра РК Алихана Смаилова.

Так, Министерство просвещения выступило с предложением дать возможность детям из социально-уязвимых слоев населения получать помощь из фонда Всеобуча (обеспечение школьной формой, питанием и т.д.) при обучении в частных школах в рамках госзаказа. В настоящее время данная норма действует только при обучении в государственных школах. Премьер-Министр поддержал данное предложение.

Также рассмотрен вопрос реализации механизма по оплате питания за детей из семей, находящихся в кризисной ситуации и не имеющих возможности посещать детсады, получающие госзаказ. Эту меру предлагается реализовать посредством сервиса «Цифровая карта семьи», который будет запущен в начале 2023 года. Планируется выявлять детей, из семей находящихся в кризисной ситуации, чтобы в дальнейшем адресно за них оплачивать расходы на питание.

Алихан Смаилов поручил завершить интеграцию необходимых информсистем госорганов и проработать механизм финансирования данной инициативы. При этом он заострил внимание на необходимости обеспечить эффективный контроль расходования средств, чтобы исключить их нецелевое использование.

«По поручению Президента мы выделяем колоссальные средства на образование и готовы выделять дополнительные деньги на реализацию новых инициатив, но нужно обеспечить качество и должный контроль», — сказал Алихан Смаилов.

Кроме того, участники совещания обсудили запуск единой очередности в детские сады на централизованном уровне, что позволит сэкономить бюджетные средства и исключить коррупционные риски при распределении мест. В частности, планируется дать возможность вставать в очередь и получать соответствующее направление через приложения банков второго уровня и Egov. Алихан Смаилов поддержал эту инициативу и подчеркнул важность обеспечения полного организационного порядка в новой системе: исключения двойной очередности, проверки данных детей и т.д.
Елорда маңында орналасқан «Лесозавод» ауданындағы №49 мектепке бардым. Мұнда 1 300-ден астам бала оқиды.

Мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстармен танысып, оқу кабинеттерін араладым, кітапханада оқушылармен және кітапханашымен әңгімелестім. Сондай-ақ әріптестеріммен жұмыс мәселелерін талқыладық.

Астанадағы білім басқармасының мектептерде оқушылар сарайының филиалдары мен басқа да қосымша білім беру ұйымдарын ашу бойынша оң тәжірибесін атап өткім келеді. Мысалы, бұл мектепте авиамодельдеу, бокс, волейбол және т.б. үйірмелер жұмыс істейді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында жаңа мектептер салу жоспарланып отырған бірнеше орынға бардық. Бұл Керей және Жәнібек хандар көшесіндегі (әрқайсысы 2 000 оқушы орны), Төле би көшесіндегі (2 000 оқушы орны) және Байтұрсынов 7 көшесіндегі (600 оқушы орны) мектептер.

2024-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде екі ауысымда 85 мыңнан астам оқушы орнын қамтамасыз ететін 24 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Басым көпшілігі 2024 салынып бітеді.

Ұлттық жобаны іске асыруға жетекшілік ететін Астана әкімдігінің өкілдері жер учаскелерін бөлу, ЖСҚ дайындау, инженерлік инфрақұрылым және т.б. мәселелерді шешіп жатқанын атап кеткім келеді.

Болашақта елордада білім беру объектілерін салу үшін 102 жер учаскесін бөлу жөніндегі шешім де уақытылы қабылданды.

Президенттің жаңа ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында алдағы уақытта үшауысымды оқыту мәселесі ғана емес, оқушы орындарының тапшылығы да толық шешіледі.
Посетил школу №49 в столичном пригородном районе «Лесозавод». Там обучаются более 1300 детей.

Ознакомился с работой по обеспечению безопасности в школе, осмотрел учебные кабинеты, в библиотеке побеседовал со школьниками и библиотекарем. Обсудили рабочие вопросы и с другими коллегами - педагогами.

Отмечу практику столичного управления образования по открытию филиалов Дворца школьников и других организаций допобразования в школах. К примеру, в данной школе работают кружки по авиамоделированию, боксу, волейболу и др.

В рамках подготовки Нацпроекта «Комфортная школа» посетил несколько локаций, где планируется строительство новых школ. Это школы по ул. Керей и Жанибек Хандар (по 2000 ученических мест), по ул. Толеби (2000 ученических мест), по ул. Байтурсынова 7 (600 ученических мест).

В рамках Нацпроекта в 2024-2025 г. запланировано завершение строительства 24 школ в две смены на более чем 85 тысяч ученических мест.

Отмечу, что представители акимата города, курирующие реализацию Нацпроекта, оперативно решают вопросы по выделению земельных участков, подготовки ПСД, инженерной инфраструктуры и др.

Своевременным является и решение по выделению 102 земельных участков в столице для строительства объектов образования в дальнейшем.

Благодаря поручению Президента по реализации нового Нацпроекта, вопрос не только с трехсменным обучением, но и с дефицитом ученических мест в ближайшие годы будет полностью решен.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды шахматшы, Румынияда өткен 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Зарина Нұрғалиевадан болашақтағы жоспарын сұрап, сәттілік тіледі.

***

Президент Касым-Жомарт Токаев поинтересовался планами на будущее юной шахматистки, победителя чемпионата мира среди игроков до 14 лет в Румынии Зарины Нургалиевой и пожелал ей дальнейших успехов.

t.me/bort_01
Мұғалімдер құқықтары бұзылған жағдайда Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-чатына хабарлай алады

Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Педагогті қорғау» (https://t.me/KOKSO_MP) Telegram чатын іске қосты. Қазірдің өзінде чатқа 2 мыңнан астам адам қосылды.

Бұл чатта мұғалімдер өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Мысалы, міндеттен тыс функцияларға тарту, шамадан тыс есеп беру және т.б. туралы. Телеграмдағы чатқа келген барлық ақпарат тексеріліп, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің мамандары өтініштерге жедел түрде жауап беріп, мұғалімдермен байланысады.

«Мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден босатылды. Қазіргі күні педагогтер күніне тек екі құжат қана, яғни сынып журналын мен қысқа мерзімді (сабақ) жоспарын толтыруы керек. Құжаттардың нақты тізімі бар және оны барлығы сақтауы қажет. Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден басқа құжаттарды толтыруды талап етуге құқығы жоқ. Егер мұғалімдердің құқықтарын бұзу анықталса, онда комитет тиісті шараларды қабылдайды. Сонымен қатар өңірлерде аумақтық департаменттер жанынан педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейтінін еске саламыз», - деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.
«Білім-инновация» лицейлерінде оқитын мектептің өзін-өзі басқару ұйымдарының 40 көшбасшысымен кездестім.

Бейресми форматтағы кездесуде балалар түрлі сұрақтарын қоя алды. Сондай-ақ бірге шай ішіп, еркін әңгімелестік.

Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше қуантты. Сондықтан олардың сұрақтарына қуана-қуана жауап бердім.

Балаларды мектептегі үштілді оқыту және тілдерді кезең-кезеңімен үйрену, академиялық дербестік, дебаттар өткізу, мектептің өзін-өзі басқаруын дамыту, мектептерде құндылықтарды сіңіру және т.б тақырыптар қызықтырды.

Жергілікті өзін-өзі басқару көшбасшылары музыкаға, кітаптарға деген қызығушылықтары туралы, балалар арасында осы бағыттардағы негізгі трендтер туралы айтты.

Мектептегі өзін-өзі басқару институты балалардың мектептен бастап құқықтық және саяси мәдениетін арттыру, қосымша машықтарды үйрету және азаматтық белсенділігін дамыту мақсатында құрылған.

Бұған дейін білім беру ұйымдары мектептің өзін-өзі басқаруын жүзеге асыратын арнайы әдістемелік нұсқау әзірленген болатын.

Осылайша балаларға мектептің қоғамдық өміріне қатысуға, бастама көтеруге, ұсыныстар жасауға, сыныптастарының мүдделерін білдіруге және мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, бар мәселелерді шешуге мүмкіндік беріледі.

Әріптестерім де балалардың мектептегі өзін-өзі басқаруға қатысуға қызығушылығын қолдайтынына сенімдімін. Ал біз бұл жобаны сандық және географиялық тұрғыдан кеңейтуді жалғастыра береміз.

Сондай-ақ өзін-өзі басқару көшбасшыларымен дәстүрлі кездесуді жалғастыра бермекпіз.
Встретился с 40 лидерами организаций школьного самоуправления,
которые обучаются в лицеях «Білім-инновация». Дети задавали самые разные вопросы, мы побеседовали и вместе попили чай в неформальной обстановке.

Порадовали активность и любознательность детей, поэтому с удовольствием ответил на все их вопросы.

Ребят интересовали темы трехъязычия и поэтапного изучения языков в школах, академической мобильности, проведения дебатов, развития школьных самоуправлений, привития ценностей в школах и др.

Лидеры самоуправлений рассказали о своих предпочтениях в музыке и книгах, об основных трендах по этим направлениям среди своих сверстников.

Институт школьных самоуправлений создан для того, чтобы повышать правовую и политическую культуру, давать дополнительные навыки и развивать гражданскую активность детей уже со школьной скамьи.

Ранее было разработано специальное методическое руководство, на основе которого организации образования внедряют школьное самоуправление.
И детям, таким образом, предоставляется возможность участвовать в общественной жизни школы, проявлять инициативу, вносить предложения, представлять интересы одноклассников и вместе с администрацией школы решать имеющиеся проблемы.

Надеюсь, что мои коллеги также будут поддерживать интерес детей к участию в школьных самоуправлениях. А мы, со своей стороны, будем количественно и географически масштабировать этот проект.

Ну, а наша традиция встреч с лидерами самоуправлений будет продолжена.
Елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға жағдай жасалып жатыр.
Сондай-ақ биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары (2022 жылы 27 жеңімпаз) 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алды.

Сонымен қатар бұған дейін дарынды балаларды да, әлеуметтік осал топтан шыққан балаларды да қолдауда меритократия тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын көрсететін халықаралық зерттеулер туралы айтқан болатынмын.

Мемлекет басшысы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды қолдау және білім берудің инклюзивтілігін дамыту жөнінде тапсырма берді.

Осы тапсырма аясында тиісті бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мамандандырылған мектептерге түсу үшін 15 пайыз квота алуға мүмкіндік береді.

Яғни енді осындай отбасылардан шыққан 1500-ға дейін бала жаңа квота бойынша «БИЛ», «Дарын» және т.б. мектептерге оқуға түсе алады.

Бүгінгі таңда жаңа бұйрықтың арқасында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар осындай мамандандырылған мектептерге қабылданды.

Тұрмысы төмен болғандықтан қосымша білім алуға мүмкіндігі жоқ балалар үшін осындай мектептерде оқуға мүмкіндік беру олардың болашақтағы жетістіктеріне оң әсер ететініне сенім бар.

Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсыныстары аясында колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге осыған ұқсас квоталарды енгізген болатынбыз. Сол шешімнің арқасында мыңдаған балалар оқуға түсті.

Біз жас дарындарға да, өзін әлі көрсете алмағандарға да тең жағдай жасауымыз керек. Ал ұстаздарымыз озат балаларға да, оқуда үлгерімі нашар болса да, қолдау мен жылы сөзге мұқтаж балаларға да мейіріммен қарайды деп үміттенемін.
В стране создаются условия для поддержки одаренных детей. Это и выделение образовательных грантов, и проведение различных олимпиад, интеллектуальных конкурсов, и выделение квот при поступлении в специализированные школы и др. Также, к примеру, с этого года, впервые призеры международных предметных олимпиад ( 27 призеров в 2022 году) получили премии до 4,5 млн тенге.

Ранее я писал о том, что международные исследования показывают важность соблюдения баланса в поддержке как талантливых детей, так и школьников из социально уязвимых групп.

Главой государства было дано поручение по поддержке детей из социально уязвимых категорий и развитию инклюзивного образования. И для реализации этой задачи подписал приказ, благодаря которому дети из социально уязвимых семей получат 15-процентную квоту для поступления в специализированные школы. То есть теперь до 1500 детей из таких семей смогут поступить по новой квоте в школы «БИЛ», «Дарын» и т.д.

На сегодня, благодаря новому приказу, в такие специализированные школы уже зачислены дети из социально уязвимых семей.

Есть уверенность в том, что предоставление детям из таких семей возможности учиться в специализированных школах лучшим образом отразится на их дальнейших успехах.

Ранее, в рамках предложений НСОД, похожие квоты вводили для поступления в колледжи и вузы.

Мы должны создавать больше сбалансированных условий как для юных талантов, так и для тех, кто еще не сумел проявить себя из-за социально-экономических факторов.
AIMAGAMBETOV
Елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға жағдай жасалып жатыр. Сондай-ақ биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары (2022 жылы 27 жеңімпаз) 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алды. Сонымен қатар бұған дейін дарынды…
«Merit-based» және/немесе «need-based»?

Инклюзивтілік - білім берудің маңызды аспектілерінің бірі.

Көптеген зерттеу дарынды оқушыларды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларды да қолдаудың маңызды екенін көрсетіп отыр.

Кеше әлеуметтік осал отбасылардың балаларын оқытуға бөлінген квота туралы жазбамды жарияланған болатынмын. Осы және басқа да мәселелерді жақсырақ түсіну үшін арнайы әдебиеттер сериясын ұсына аламын.
Мысалы осы кітаптан да бастауға болады: Michael J. Sandel «THE TYRANNY OF MERIT. What’s Become of the Common Good?»
AIMAGAMBETOV
В стране создаются условия для поддержки одаренных детей. Это и выделение образовательных грантов, и проведение различных олимпиад, интеллектуальных конкурсов, и выделение квот при поступлении в специализированные школы и др. Также, к примеру, с этого года…
«Merit-based» и/или «need-based»?

Инклюзивность является одним из важнейших аспектов образования.

Многочисленные исследования показывают важность поддержки не только талантливых школьников, но и школьников из социально уязвимых групп.

На днях опубликовал пост о квотах, выделенных для обучения детей из социально уязвимых семей. Было немало вопросов. Чтобы лучше понять эти и другие идеи, могу предложить к чтению целую серию специальной литературы.
Начать можно с этой книги: Michael J. Sandel «THE TYRANNY OF MERIT. What’s Become of the Common Good?»
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесті

Президент «Жаңа адамдар» жастар қозғалысын құру туралы бастаманы құптап, белсенді жас қазақстандықтарға әрдайым қолдау көрсетететін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті түбегейлі жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі реформалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

– Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың еңбекқорлық қағидатын ұстануы маңызды. Сырттан көмек күтудің қажеті жоқ. Қазір заман басқа, яғни маңызды шешімдердің уақыты, серпіліс жасайтын сәт. Жастар болмаса, мұнымен кім айналысады? Қазір Илон Масктың тәжірибесі мен өмірлік ұстанымын үлгі ету үрдіске айналды. Иә, ол отбасымен бірге Оңтүстік Африканың шалғай провинциясынан Америка Құрама Штаттарына келді. Өзінің креативтілігінің, батылдығының, өзіне тән ерекшелігінің арқасында «Илон Маск феноменін» қалыптастыра алды. Мұндай мысалдар өте көп. Жақында Мен Нью-Йоркте Американың жоғары оқу орындарын бітіріп, америкалық компанияларға жұмысқа орналасқан жастарымызбен кездестім. Мен оларға: «Біз сіздерді Қазақстан азаматтары деп білеміз. Сіздер – қазақсыздар. Нью-Йорк немесе Еуропа елдері болсын, әлемнің дамушы елдері болсын, қай жерде жұмыс істесеңіз де, қазақ болып қаласыздар» деп айттым, – деді Мемлекет басшысы.

Президент жастар өкілдерін толерантты, дамыған қоғамды бірге құруға шақырды. Мемлекет басшысының пікірінше, жастар өзін-өзі ұдайы жетілдіріп, жан-жақты дамытып, тіл үйренуі қажет.

Мемлекет басшысы жауапкершілік мәселесін де қозғады. Президенттің айтуынша, тек жауапкершілігі бар азаматтар ғана өзінің мемлекеті үшін міндеттеме ала алады.

– Абай кезінде «толық адам» деген терең ұғымды енгізді. Абай заманынан оза туды. Ол «толық адам» туралы білім, түсінік, қоғамның қажеттілігі тұрғысынан айтты. Қазір ағылшынша айтылып жүрген «a person of integrity», яғни барлық қарым-қабілеті мен білімі тоғысқан адам дегеніміз осы. Сондықтан біз бәріміз «толық адам», жауапты азамат болуға тырысуымыз керек. Шын мәнінде, біз қоғамымызда тәртіп пен заң үстемдігі культін орнатуға ұмтылуымыз керек. Менің міндетім – еліміздің заңдары әділ болғанын, адамдардың ол заңдарға сенуін қамтамасыз ету. Осы заң аясында қоғамымызда тәртіп болуын талап етеміз, – деп мәлімдеді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жастар еліміздің қоғамдық өміріне белсенді түрде араласып, өз ұстанымына берік болып, түрлі идеялар ұсынып, оларды іске асыруға атсалысқаны жөн.

– Белсенді азаматтық әрекет арқылы сіздер, біріншіден, мемлекетке пайда әкелесіздер, екіншіден, өздеріңізді таныта аласыздар. Қалай болғанда да, біз мамандар іріктелетін, сәйкесінше уақыт өте келе мемлекетті басқару жауапкершілігін арқалай алатын өте қабілетті адамдар шығатын ашық қоғамға қарай қадам басып келеміз. Сіздердің араларыңызда келешекте депутат немесе министр болатын, тіпті мемлекетіміздің президенті болатын азаматтар отыр деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент сөз соңында «Жаңа адамдар» жастар ұйымына табыс тіледі.

– Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар шарада қозғалыс жетекшілері мен белсенділері Әсел Бәденова, Елдана Кәденова, Ризабек Рашит, Күннұр Болатбек және Дильназ Қапезова сөз сөйледі.

t.me/bort_01
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Еліміздің әр өңірінің тұрғындары алдында есеп беру кездесулерін өткізуді жалғастырып жатырмын.

Бүгін Абай облысына іссапармен барамын. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, білім беру ұйымдарының басшыларымен жұмыс кездесулерін өткізіп, білім ордаларын аралауды жоспарлап отырмын.

Продолжаю проводить отчетные встречи с жителями разных регионов нашей страны. Сегодня рабочая поездка в Абайскую область. Планирую провести отчетную встречу, рабочие совещания с руководителями организаций образования и посетить объекты образования.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды.

Сондықтан Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді.

Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым»

t.me/bort_01