AIMAGAMBETOV
14K subscribers
418 photos
34 videos
7 files
289 links
Download Telegram
Бүгін Үкімет отырысынан кейін менен ұлыма мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанымды сұрады.

Ұлым мемлекеттік мектепте оқиды және оқу жылына басқа ата-аналар сияқты дайындаламыз. Жексенбі күні ұлым екеуіміз «….» дүкенінен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық.

Түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болады. Сондай-ақ мектеп формасынан бөлек шамамен 20 мың теңгеге портплед сатып алынғанын да байқауға болады.

Жауабымды растау үшін сатып алынған заттардың түбіртектерін қоса салып отырмын.
Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (Пиджак. Шалбар. Жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портплед шамамен 20 мың теңге.

Бұрын сатып алынған мектеп формасы барын да айтқым келеді. Яғни былтырғы киімдерін балам биыл да киеді.

Министрліктің 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өткім келеді. Оқу жылы қарсаңында Үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді.
БОЛЕЕ 200 ТЫСЯЧ ШКОЛЬНИКОВ АЛМАТЫ И СКО ПЕРЕЙДУТ НА ПЯТИДНЕВНОЕ ОБУЧЕНИЕ

Более 200 тысяч школьников города Алматы и Северо-Казахстанской области перейдут на пятидневное обучение с 1 сентября 2022 года. Суббота также станет выходным днем для более чем 25 тысяч педагогов данных регионов. Переход на 5-дневное обучение будет обеспечен для 100% школ.

В Алматы 124 школы с контингентом в 166 тыс. детей и 13 тыс. учителей, которые ранее учились и работали по субботам, теперь перейдут на пятидневку. При этом ученики 16 школ будут учиться только в 1 смену в формате пятидневки.

В СКО переход на пятидневное обучение будет обеспечен также в 100% школ, а их более 470, и в них обучаются около 74 тысяч детей. В одну смену будут учиться ученики 254 школ с контингентом в 23 тысячи детей.
Тем самым будет снижена нагрузка как на педагогов, так и на школьников.

Об этом на совещании в Министерстве просвещения доложили руководители управлений образования Алматы и СКО.

Отметим, что это стало возможным в рамках решения о завершении учебного года 31 мая и снижении учебной нагрузки.

«Президент уделяет особое внимание повышению статуса педагога. Только благодаря личной поддержке Касым-Жомарта Кемелевича Токаева был принят Закон «О статусе педагога», повышены зарплаты учителей, и снижена нагрузка. Приняты подзаконные акты, и акиматы не привлекают педагогов к осуществлению несвойственных функций, как это было ранее.
В рамках дальнейшей работы, проводимой по поручению Президента, суббота официально станет выходным днем для педагогов школ, что позволит коллегам готовиться к занятиям, проводить время с семьей. В этом есть и преимущества для детей, у которых также будет больше свободного времени. Мы взяли этот вопрос на особый контроль», – отметил министр в ходе совещания.
Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін қайта құру аяқталды. Үкімет тиісті қаулы қабылдады.

Мемлекет басшысының министрлікті бөлу туралы шешімі - отандық ғылымның да, жоғары білім беру жүйесінің де, жалпы білім беру саласының дамуы үшін де өте маңызды. Бұл құрылған екі министрлікке алға қойылған міндеттерге және проблемаларды шешуге егжей-тегжейлі назар аударуына мүмкіндік береді.

Жаңа министрліктің басшысы – әріптесім Саясат Нұрбек.

Саясат Нұрбекұлының мол тәжірибесі, білімі мен жоғары кәсібилігі министрлік жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Бұған дейін әріптесім Білім және ғылым министрлігі жанындағы жұмыс топтарының құрамында болып, осы салалардың көркейіп, дамуына септігін тигізген маңызды жобаларды жүзеге асыруға үлес қосты.

Әріптестеріме қазақстандық ғылым мен жоғары білімді елімізде және шет елдерде дамыту үшін алға қойған барлық жоспар мен жобаны жүзеге асыруға тілектеспін!
Завершена реорганизация двух министерств – Министерства просвещения и Министерства науки и высшего образования.

Принятое Главой государства решение о разделении министерства является очень важным как для развития отечественной науки и системы высшего образования, так и для развития сферы образования в целом. Это позволит двум созданным министерствам детальнее сфокусироваться на поставленных задачах и решении имеющихся проблем.

В ведении Министерства просвещения вопросы дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования, охраны прав детей.

Вопросами высшего образования и науки занимается Министерство науки и высшего образования.

Главой нового министерства является мой коллега Саясат Нурбек. Уверен, что большой опыт, знания и высокий профессионализм Саясата Нурбековича позволят поднять работу министерства на новый уровень. Ранее он состоял в рабочих группах при Министерстве образования и науки и вносил вклад в реализацию важных проектов, которые способствовали улучшению и развитию данных сфер.

Желаю коллегам воплотить в реальность все намеченные планы и проекты по продвижению казахстанской науки и высшего образования в стране и за рубежом!
Азаматтарды қабылдаудан кейін ауыл және қала мектептерін араладым.
Қонаев атындағы орта мектептің оқу кабинеттерін, асханасы мен кітапханасын, спорт залын аралап көрдім. Химия, қазақ тілі және басқа да пәндер мұғалімдерімен әңгімелестім.

Талғар ауданы Дәулет ауылындағы №11 орта мектептің жағдайы алаңдатады. Онда 624 оқушы оқиды. Қабырғалардың, төбелердің және жалпы ғимараттың жағдайына байланысты ата-аналардың да, мұғалімдердің де қорқынышы мен уайымын түсінемін. Балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі бірінші орында, шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды. Мектепті қаржыландыру әкімдіктердің құзырында болғандықтан, әкімнің орынбасары мектептің күрделі жөндеуден өтетінін жеткізді. Дегенмен оқу жылы басталмай тұрып, алдымен ғимаратты апатты жағдайға сараптамадан өткізу қажет. Ғимаратта мұғалімдер мен оқушылардың болуы үшін оның қауіпсіздігі туралы нақты деректер қажет.

Сонымен бірге Іле ауданындағы №9 орта мектепте болдым. «Жайлы мектеп» жобасы аясында оқушылар орнының жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін аумақта қосымша құрылыс салу жоспарланып отыр. Құрылыстың басталуы 2023 жылға жоспарланған. Сондай-ақ мұғалімдермен әңгімелестім. Жаңа оқу жылына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына қатысты мәселелерді талқыладық.

Талғар ауданы Жаңа Қуат ауылындағы «Дана» жекеменшік мектебіне де бардым.
Мектептің жағдайы, материалдық-техникалық жабдықталуы қуантты. Таза аумақ, оқушыларға арналған сапалы парталар мен орындықтар, бассейн, заманауи кітапхана, педагогтер, жалпы мектептің инфрақұрылымы мен атмосферасы мақтауға тұрарлық.

Іс-сапар қорытындысы бойынша облыстың түйткілді мәселелерін шешу бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бөлімі мен жергілікті білім басқармасы басшыларына тапсырмалар берілді. Министрлік Алматы облысы бойынша білім беру инфрақұрылымын дамытуда да, педагогтердің біліктілігін арттыруда да қажетті қолдау көрсетеді.
Алматы облысында жұмыс сапарымен болдым. Тамыз конференциясына қатысып, азаматтарды жеке қабылдадым, Қонаев қаласы мен өңірдегі ауыл мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын қарадым.

Тамыз конференциясына 200-ден астам педагог қатысты. Әріптестеріме алдағы оқу жылына қойылған міндеттер, атқарылған жұмыстар туралы баяндап бердім.

Әкім Марат Сұлтанғазиев бастаған жаңа облыс әкімдігі білім саласын дамыту мен қаржыландыру мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отыр, сондай-ақ кешенді бағдарлама бекіту жоспарланған.

Ең түйткілді мәселе – облыста 50-ден астам үш ауысымды мектептің болуы. Бұл мәселені шешу үшін жаңа стандарттар бойынша 60-тан астам мектеп салу жоспарланып отыр. Облыста мектептердің құрылысын келесі жылы бастау жоспарланған.
Состоялась рабочая поездка в Алматинскую область. Принял участие в августовской конференции, провел личный прием граждан, изучил готовность школ города Конаева и сельских школ региона к новому учебному году.

В августовской конференции участвовали более 200 педагогов. Рассказал коллегам о задачах на предстоящий учебный год.

Акиматом новой области во главе с акимом М. Султангазиевым уделяется большое внимание вопросам финансирования системы образования, запланировано утверждение комплексной программы ее развития.

Наиболее проблемным вопросом является наличие более 50 трёхсменных школ в регионе. Для его решения планируется строительство более 60 школ по новым стандартам. Начало строительства большого количества школ в области запланировано уже на следующий год.

После проведения приема граждан посетил школы.
В средней школе им. Д. Конаева осмотрел учебные кабинеты, столовую, библиотеку, спортзал. Побеседовал с коллегами – учителями химии, казахского языка и других предметов.

Большие опасения вызвала средняя школа №11 села Даулет Талгарского района. В ней обучаются 624 школьника. Понимаю тревогу и переживания как родителей детей, так и педагогов из-за состояния стен, потолков и всего здания в целом. Безопасность детей и учителей у нас на первом месте, поэтому поручено принять срочные меры. Поскольку финансирование школ находится в ведении акиматов, заместитель акима доложил, что в школе будет проведен ремонт. Тем не менее необходимо до начала учебного года провести экспертизу здания на предмет аварийности. Нужны исчерпывающие данные о безопасности здания для нахождения в нем педагогов и школьников.

Также был в средней школе № 9 Илийского района. В рамках проекта «Комфортная школа» планируется построить на территории пристройку для решения проблемы нехватки ученических мест. Начало строительства запланировано на 2023 год. Побеседовал с педагогами, обсудили вопросы, касающиеся нового учебного года, учебных планов и программ.

Также посетил частную школу «Дана» в селе Жаңа Куат Талгарского района.
Состояние школы и материально-техническое оснащение порадовали. Аккуратная территория, наличие качественных парт и стульев для школьников, бассейн, современная библиотека, инфраструктура и атмосфера в школе достойны похвал.

По итогам поездки даны поручения руководителям регионального департамента по обеспечению качества в сфере образования и местного управления образования по решению проблемных вопросов.

Со стороны министерства Алматинской области будет оказана необходимая поддержка как по развитию инфраструктуры образования, так и по повышению квалификации педагогов.
Провели церемонию награждения школьников-призеров международных олимпиад.
Провели церемонию награждения школьников-призеров международных олимпиад.
В этом году наши талантливые дети обновили рекорды прошлых лет, завоевав 27 медалей.

Само поздравление в этом году также стало по-особенному радостным для детей, их родителей и педагогов.

Благодаря поддержке Президента Касым-Жомарта Кемелевича Токаева мы вручили 27 призерам сертификаты на сумму до 4,7 млн тенге.

Это стало возможным после поручения Президента провести работу по поощрению одаренных детей. Также школьники получили гранты для обучения в казахстанских вузах без сдачи ЕНТ.

Работа в этом направлении будет проводиться и дальше.

Если в этом году в перечень вошли 7 международных олимпиад, то в следующем году он пополнится еще 7 престижными международными олимпиадами. Особое внимание мы продолжим уделять прозрачности проведения олимпиад на всех уровнях в нашей стране.

Также единовременные денежные выплаты получат и педагоги, подготовившие школьников-призеров.

Родителям талантливых детей также вручил благодарственные письма.

Уверен, что прямая поддержка Президента страны и государства увеличит интерес к олимпиадам и у других наших школьников.

Еще раз благодарю всех призеров, достойно защитивших честь страны на международной арене.

Пусть ваши упорство, труд, стремление к знаниям приводят вас к новым победам и успехам!
Халықаралық олимпиадалардың жүлдегер оқушыларын салтанатты түрде марапаттадық. Биыл дарынды балаларымыз 27 медаль жеңіп алып, өткен жылдардағы рекордтарын жаңартты.

Биыл құттықтаудың өзі де балалар, олардың ата-аналары және мұғалімдер үшін ерекше қуанышты болды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауының арқасында 27 жеңімпазға 4,7 млн теңгеге дейінгі сертификаттар табыстадық.

Бұл Президенттің дарынды балаларды ынталандыру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмасынан кейін мүмкін болды. Сондай-ақ оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар алды.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады.

Биыл тізімге 7 халықаралық олимпиада кірсе, келесі жылы ол тағы 7 беделді халықаралық олимпиадамен толығады. Біз еліміздегі барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізудің ашықтығына ерекше назар аударуды жалғастыра береміз.

Сондай-ақ жүлделі орын алған оқушыларды дайындаған ұстаздар да біржолғы ақшалай төлем алады.

Дарынды балалардың ата-аналарына да алғыс хаттар табыстадым.

Ел Президентінің және мемлекеттің тікелей қолдауы басқа да оқушыларымыздың олимпиадаға қызығушылығын арттыратынына сенімім мол.
Жыл басында мұғалімдердің, ауыл директорлары мен директор орынбасарларының, қала мектептерінің, білім бөлімдері мен білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен педагогтердің аттестациядан өту жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы өз ұсыныстарын жасады. Негізінен олар әдістемеге, әрбір біліктілік санатына қойылатын талаптарға, күтілетін нәтижелерге, кәсіби стандарттың өзара байланысына және т.б. қатысты.

Қазіргі уақытта барлық педагог аттестацияның екі кезеңінен өтеді: бірінші кезең - барлық педагогтің пән мен оқыту әдістемесін білуге арналған тестілеуден міндетті түрде өтуі және екінші кезең-педагог портфолиосын, жетістіктерін бағалау.

Мынадай өзгерістер ұсынылады.
Бірінші кезеңге, яғни ҰБТ-ға (Ұлттық біліктілік тесті) қатысты.

1. Әдістеме бойынша тестілеу сұрақтарын қамтитын толық тақырыптар мен әдебиеттер барлығына қолжетімді болады.

2. Педагогикалық өтілі 30 жыл және жаңа аттестация жүйесі бойынша санаты бар педагогтерді біліктілік тестілеуден босату ұсынылады. Олар аттестацияның екінші кезеңінен ғана өтеді, яғни портфолио тапсырады. Бұл ретте егер олар біліктілік санатын көтергісі келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді. Мысалы, 30 жылдық еңбек өтілі бар педагог-сарапшы өз санатын растаса, аттестациядан тек екінші кезеңнен ҰБТ-сыз өтеді, ал арттырғысы келсе қосымша ҰБТ тапсырады.

3. Сондай-ақ педагогикалық өтілі 30 жыл, бірақ ескі аттестаттау жүйесі бойынша жоғары, бірінші санатты педагогтер, «педагог-модератор» санатына ауысатын болса, онда олар біліктілік тестілеуден өтуден босатылады. Бұл жағдайда олар аттестацияның екінші кезеңінен өтеді, яғни портфолио тапсырады. Ал егер бұл педагогтер аттестацияның жаңа жүйесі бойынша басқа санаттарды алғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.

4. Зейнетке шығуына 4 жыл қалған мұғалімдер де жаңа жүйе бойынша бар санатын растаған жағдайда оларды аттестациядан босату ұсынылады. Ал егер олар қолданыстағы біліктілік санатын, тиісінше алатын үстемақысын арттырғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.

Аттестацияның екінші кезеңінде де өзгерістер болады.

1. Құжаттардың саны айтарлықтай қысқарады. Екінші кезеңдегі негізгі бағалау критерийлері: сабаққа қатысуы және оны талдауы, педагогтің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі. ҰБДҚ-да әр мұғалім үшін маңызды ақпараты бар электронды портфолио құру жоспарланып отыр, мұғалімдер аттестация кезінде мәліметтерді сол жерден ала алады.

2. Оқушылардың білім сапасы туралы ақпарат ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.

3. Педагогтің кәсіби жетістіктері мен оқушылардың жетістіктеріне келетін болсақ (олимпиадалар мен конкурстар), олимпиадалар мен конкурстардың тізбесі айтарлықтай кеңейтіледі.

4. Сабақтардың бейнежазбалары міндетті болмайды, оның орнына қатысқан сабаққа және lesson study талдау жасалады.

5. Сонымен қатар тестілеуден өту тәртібін бұзған және өз жетістіктері туралы жалған ақпарат көрсеткен тұлғаларға 5 жылға аттестациядан өтуге тыйым салатын норманы енгізу ұсынылды.

6. Педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер «педагог-тағылымгер» уақытша біліктілігін алып, бір жылға жұмысқа қабылданады, содан кейін оларда мамандыққа бейімделу, ену бағдарламасы басталады. Бұл бағдарлама бойынша жас маманға тәлімгер бекітіліп, оның кәсіби даму бағдарламасы әзірленеді, курстардан өтіп, lesson study жүргізеді және бағдарлама қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес «педагог» санатын беру және шартты ұзарту туралы тиісті шешім қабылдайды.

7. Аттестация мерзімін 3 жылға дейін қысқартпай, 5 жылда бір рет, яғни сол күйінде қалдыру туралы шешім қабылданды.

Қабылданып жатқан шаралар мұғалімдерге өздерінің біліктілік деңгейін арттыру мәселелеріне тиімдірек қарауға мүмкіндік беріп, негізгі міндетті, яғни білім сапасын арттыруды шешетініне сенімдімін.
В начале года была создана рабочая группа по совершенствованию системы аттестации педагогов с участием учителей, завучей и директоров сельских, городских школ, представителей отделов и управлений образования.

Группа сформировала свой пакет предложений. В основном, они касаются методологии, требований к каждой квалификационной категории, ожидаемых результатов, взаимосвязанности с профессиональным стандартом и др.

В настоящее время аттестация всех педагогов состоит из двух этапов: первый этап – обязательное прохождение всеми педагогами тестирования на знание предмета и методики преподавания, второй этап – последующая оценка портфолио, достижений педагога и учеников.
Предлагаются следующие изменения.

Касательно первого этапа – НКТ.

1. Подробные темы и литература, охватывающие вопросы тестирования по методике, будут в открытом доступе.

2. Предлагается педагогов, имеющих 30 лет педагогического стажа и уже имеющих категорию по новой системе аттестации, освободить от прохождения квалификационного тестирования. Они будут проходить второй этап аттестации, то есть сдавать портфолио. При этом если они захотят повысить имеющуюся квалификационную категорию, то аттестация будет проходить на общих основаниях. К примеру, педагог-эксперт с 30-летним стажем, если подтверждает свою категорию, проходит аттестацию только через второй этап, без НКТ, при повышении категории дополнительно сдает НКТ.

3. Педагогов, также имеющих 30 лет педагогического стажа, но имеющих высшую/первую категорию по старой системе аттестации, освободить от прохождения квалификационного тестирования, если они переходят на категорию «педагог-модератор». В этом случае они будут проходить только второй этап аттестации, то есть сдавать портфолио. Если же они захотят получить другие категории по новой системе аттестации, то аттестация будет проходить на общих основаниях.

4. Педагогов, которым осталось 4 года до пенсии, предлагается освободить от аттестации, если они подтверждают имеющуюся по новой системе категорию. Если же они захотят повысить имеющуюся квалификационную категорию и соответственно получать надбавку, то аттестация будет проходить на общих основаниях.

Второй этап аттестации также претерпит изменения.

1. Количество документов будет значительно сокращено. Главными критериями оценивания на втором этапе будут итоги анализа посещенного урока, прохождение педагогом курсов повышения квалификации. Планируется создать для каждого учителя в НОБД электронное портфолио со всей актуальной информацией, откуда будут поступать данные при аттестации.

2. Информация о качестве знаний школьников также будет получена автоматически из информационных систем.

3. Что касается профессиональных достижений педагога и достижений учащихся (олимпиады и конкурсы), то перечень олимпиад, конкурсов будет значительно расширен.

4. Видеозаписи уроков не будут обязательными, вместо них будут анализ посещенных уроков и lesson study.

5. Кроме того, предложена норма по запрету прохождения аттестации в течение 5 лет для нарушивших процедуру тестирования и указавших заведомо ложные сведения в портфолио.

6. Впервые приступающие к педагогической деятельности будут приниматься на работу на один год, получив временную квалификацию «педагог-стажер», и далее у них начинается программа по введению в профессию. Данная программа включает закрепление за молодым специалистом наставника, разработку программы его профессионального развития, прохождение курсов, проведение lesson study, и по итогам программы педсоветом будет приниматься соответствующее решение о присвоении категории «педагог» и продлении договора.

7. Сроки аттестации решено не сокращать до 3 лет, а оставить прежними – раз в 5 лет.

Уверен, что принимаемые меры позволят учителям более эффективно подходить к вопросам повышения своего уровня квалификации и будут решать основную задачу – повышение качества образования.
Мемлекет басшысының ертеңгі Жолдауы қарсаңында Президенттің 2021 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмалардың қалай орындалғаны жайында есеп беруді жөн көрдім.

Бір жыл бойы «айтылды-орындалды» форматында әр тармақ бойынша ақпарат беріп келдік. Бұл жазбада негізгі тармақтар туралы ақпарат бар.

1. Мемлекет басшысы дарынды балаларды қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілді.
Халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 4,7 млн теңгеге дейін бір реттік ақшалай сыйлыққа, сондай-ақ ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-да оқуға білім гранттарына ие болды.

Енді жыл сайын тұрақты негізде халықаралық олимпиадалардың барлық жеңімпазы мен жүлдегері, сондай-ақ олардың тәлімгерлері бір реттік ақшалай сыйлық алады. Онымен қоса халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық сайыстардың жеңімпаздары ҰБТ-дан өтпей қазақстандық университеттерде оқуға грант алады.

2. Мемлекет басшысы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды, оның ішінде «Цифрлы ұстаз» жобасы аясында қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.

а) Әлеуметтік осал отбасы балаларына арналған «Цифрлы ұстаз» жобасын іске асыру басталды. Үкіметтің 64 Қаулысына өзгерістер енгізілді.

б) Осы жылдан бастап әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балаларға «Дарын», БИЛ сияқты мамандандырылған мектептерде оқу үшін 15% квота берілді.

в) «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында 475 мың балаға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға берілетін материалдық көмек көлемі 17 мыңнан 37 мыңға дейін көбейтілді. Сондай-ақ енді ақша тікелей ата-аналардың банктегі шотына аударылады.

Президент сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен қамтуды және білім беру бағдарламаларын жаңа шындыққа бейімдеуді тапсырды.

а) Техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты қайта бағдарлау бойынша жұмыстар жүргізілді және техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі былтырмен салыстырғанда 27 мыңнан астам орынға өсті.

б) Республикалық бюджеттен бөлінетін гранттар саны 45 мыңға ұлғайып, рекордтық көрсеткішке, яғни 128 мыңға жетті.

В) Колледждерге түсу кезінде квотаға ілінетін адамдардың тізімі кеңейтілді. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға – 5%, толық емес отбасы балалары үшін – 1%, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардан шыққандарға – 1%.

Г) Колледждерге академиялық дербестік берілді. Яғни енді колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімдерін дербес анықтайды.

Д) Білім беру бағдарламаларының тізілімі жасалды. Онда 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы бар, оның ішінде 250-ден астамы инновациялық бағдарлама.

Балаларға ерте кәсіптік бағдар беруді енгізуге қатысты тапсырма берілді.

А) балаларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесу үшін ерте кәсіптік бағдар беру жүйесі енгізіліп жатыр.

Б) Мектептерде кәсіптік бағдар беруші мұғалім лауазымы енгізіліп жатыр. Бұл мамандық таңдау бойынша белсенді жұмыс түрлері арқылы оқушылардың қажетті құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.

В) Оқушылардың кәсіптік бағдарын анықтау мақсатында 7-11 сынып оқушылары арасында диагностика жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар қабылданып, кәсіби бағдарды анықтау және диагностика жүргізу бойынша әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл бағытта жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін 1 000 мектеп салуды тапсырды.

A) 2021 жылы 277 мектеп салынды.

Б) Биыл тағы 230 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

В) №70 бұйрық қабылданып, мектептерді жабдықтаудың жаңа және заманауи стандарттары енгізілді.

Сонымен қатар Президент толық жинақталған ауыл мектептерін 2023 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшіруді тапсырды.

Бүгінгі таңда жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін анықтау үшін толық жинақталған ауыл мектептерін қаржыландыру әдістемесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2023 жылдан бастап осы бастаманы іске асыру көзделіп отыр.
Жолдауда сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру мерзімін 5 жылда бір реттен 3 жылда бір ретке дейін өзгерту тапсырмасы берілді.

A) Тиісті заң қабылданды. Енді бюджет қаражаты есебінен біліктілікті арттыру 3 жылда бір рет өткізіледі.

Б) Биылғы 1 тамыздан бастап мұғалімдерді оқыту басталды. 18 қарашаға дейін 48 500 мұғалім біліктілігін арттырады. Пән мұғалімдеріне арналған курстар, балалардың ойын әрекеті мен үйлесімді дамуына бағытталған мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бойынша білім беру бағдарламалары дайындалды.

В) 12 негізгі пән бағыты бойынша 44 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді.

Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы ерекше бақылауда тұр.
В преддверии завтрашнего Послания Главы государства хочу рассказать о том, как исполнены поручения, озвученные Президентом в Послании 2021 года.

В течение года мы по каждому пункту представляли информацию в формате «Сказано – Сделано». В данном посте содержится информация по основным пунктам.

1. Главой государства было поручено принять меры по поддержке талантливых детей.

Для выполнения данного поручения внесены изменения в законодательство.

Победители и призеры международных предметных олимпиад уже получили единовременные денежные вознаграждения в сумме до 4,7 млн тенге, а также образовательные гранты для обучения в казахстанских вузах без сдачи ЕНТ.

Теперь уже каждый год на постоянной основе все победители и призеры международных олимпиад и их наставники будут получать единовременные денежные премии. Кроме того, призеры международных предметных олимпиад, творческих конкурсов и спортивных соревнований без сдачи ЕНТ получат гранты для обучения в казахстанских вузах.

2. Главой государства было дано поручение принять меры по поддержке детей из социально уязвимых семей, в том числе и в рамках проекта «Цифровой учитель».

а) Начата реализация проекта «Цифровой учитель» для детей из социально уязвимых семей. Внесены изменения в постановление Правительства № 64.

б) Также детям из социально уязвимых семей с текущего года предоставлена 15-процентная квота для обучения в специализированных школах, таких, как «Дарын», «БИЛ» и др.

в) В рамках фонда «Всеобуч» объем материальной помощи для приобретения школьной формы и канцтоваров каждому из 475 тысяч детей увеличен с 17 тысяч до 37 тысяч тенге. При этом деньги теперь перечисляются напрямую на карточные счета родителей.

3. Президентом поручено обеспечить охват бесплатным ТиПО по востребованным специальностям и адаптацию образовательных программ к новым реалиям.

а) Проведена работа по переориентированию госзаказа на технические специальности. Объем госзаказа на технические специальности по сравнению с прошлым годом увеличен на более чем 27 тысяч мест.

б) Число грантов из республиканского бюджета увеличено на 45 тысяч и составило рекордное количество – 128 тысяч.

в) Расширен перечень лиц, для которых предусматривается квота при поступлении в колледж. В частности, для детей из многодетных семей – 5%, из неполных семей – 1%, из семей, имеющих детей с ограниченными возможностями развития, – 1%.

г) Колледжам предоставлена академическая самостоятельность, теперь колледжи совместно с работодателями самостоятельно определяют содержание образовательных программ и сроки обучения.

д) Создан Реестр образовательных программ. В нем размещено более 8 тыс. образовательных программ, в том числе более 250 инновационных.

4. Президентом было дано поручение по введению ранней профориентации детей.

а) Внедряется система ранней профориентации детей, чтобы помочь им определиться с выбором будущей профессии.

б) В школах вводится должность учителя-профориентатора. Это позволит развить необходимые компетенции обучающихся через активные формы работы по выбору профессии.

в) Проведена диагностика среди учащихся 7-11 классов по определению профессиональной ориентации школьников. По итогам анализа приняты рекомендации, и внесены изменения и дополнения в Методические рекомендации по проведению диагностики и определению профессиональной ориентации.

Работа продолжается.

5. Глава государства поручал принять меры по строительству 1000 школ до 2025 года.

а) В 2021 году было возведено 277 школ.

б) В этом году планируется ввод еще порядка 230 средних учебных заведений.
в) Принят приказ № 70, в соответствии с которым введены новые, современные стандарты оснащения школ.

6. Кроме того, Президентом было дано поручение осуществить поэтапный переход сельских полнокомплектных школ на подушевое финансирование с 2023 года.

В настоящее время ведется работа по определению оптимального норматива подушевого финансирования сельских полнокомплектных школ.

С 2023 года предусмотрено начало реализации данной инициативы.

7.
В Послании также было дано задание изменить действующую периодичность повышения квалификации педагогов 1 раз в 5 лет до одного раза в 3 года.

а) Принят соответствующий закон. Теперь повышение квалификации педагогов будет проходить 1 раз в 3 года за счет бюджетных средств.

б) С 1 августа т.г. стартовало обучение педагогов. До 18 ноября будут обучены 48 500 педагогов. Разработаны курсы для учителей-предметников, образовательные программы по дошкольному воспитанию и обучению, сфокусированные на игровой деятельности и гармоничном развитии детей.

в) Разработаны 44 новые образовательные программы по 12 ключевым предметным направлениям.

Все поручения Главы государства находятся на особом контроле.