AIMAGAMBETOV
14.1K subscribers
401 photos
34 videos
7 files
284 links
Download Telegram
Арнама үш сағаттың ішінде бірнеше мың қолданушы жазылды. Бұл мен үшін күтпеген жағдай.
Әрқайсыңызды арнамда көргеніме қуаныштымын! Министрліктің жаңалықтары мен жүргізіп жатқан жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісіп отырамын. Арнаны өзім жүргіземін.

* * * *

Интересно и неожиданно, что мой канал сразу же, буквально за три часа, набрал несколько тысяч подписчиков.
Рад приветствовать каждого из вас!
С радостью буду рассказывать вам о новостях и работе, проводимой министерством. Канал веду сам.
Мына кітапті оқып бітірдім. Өте қызықты әрі пайдалы.
Петропавлдан елордаға қайтып келе жатырмын. Бүгін Солтүстік Қазақстанда тарих мұғалімдерінің республикалық съезін өткіздік. Оқу бағдарламалары, бағалау жүйесі, оқыту курстары тағы да басқа мәселелерді қызу талқыладық.

Сондай-ақ, бүгін оқу орындарын, соның ішінде оқушылар сарайын, Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін де араладым. Онда жаңа оқу корпусы мен жатақханалар салынуда. Жұмыс сапары аясында әріптестермен сөйлесіп, пікір алмасу әрқашан жақсы әсер қалдырады.
* * *
Возвращаюсь из Петропавловска в столицу. Сегодня в СКО мы провели Республиканский съезд учителей истории. Бурно обсуждали учебные программы, систему оценивания, учебники, подготовку кадров, организацию и проведение курсов.

Кстати, еще я посетил ряд объектов образования: побывал во Дворце школьников, в СКУ им. М. Козыбаева. Там строятся новый учебный корпус и общежития. Общение с коллегами во время поездок всегда мотивирует.
«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын».
Бүгін - Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхановтың туған күні!
Бүгін барлық арулардың мереке алдындағы көңіл-күйлері көтеріңкі болды деп ойлаймын. Жұмыстан шығып келе жатып, аруларымызға: ұстаздарға, тәрбиешілерге, ғалымдарға, оқытушыларға мереке күні қоңырау шалып немесе хабарлама арқылы осындай жарқын, көктем мерекесімен құттықтап, алғыс білдірсек артық болмас деп ойладым.
Қымбатты арулар, келе жатқан мерекелеріңізбен!

Надеюсь, что сегодня у
всех наших прекрасных женщин настроение было предпраздничным. Выходя с работы, подумал, что 8 марта всем нам было бы не лишним поздравить звонком или сообщением, поблагодарить наших прекрасных женщин–учителей, воспитателей, учёных, преподавателей – с таким светлым, весенним праздником.
С наступающим, милые дамы!
Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер көктемнің бейнесі мен гүлдер сияқты біздің өмірімізді күн сайын сұлулыққа толтырып, айналаңыздағы барлық адамға жылулық пен қамқорлық сыйлайсыздар.

Сырт көзге нәзік көрінгендеріңізбен, сіздердің бойларыңызда кез келген қиындық пен сынақты жеңе алатын күш бар. Жылдан жылға жаңа белестерді бағындырып, алға ұмтыласыздар.
Нәзік, батыл, ақылды, аяулы әйелдердің есімдері ел тарихының беттеріне жазылған.

Бүгінде елімізде мақтанышпен айта алатын, ардақты аруларымыз жетерлік. Сіздер отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ана мен қыз ғана емес, сонымен бірге өз саласының кәсіби маманы, дәрігер, мұғалім, инженер, ғалым ретінде елімізді дамытуға үлес қосып жатырсыздар. Сіздердің мүмкіндіктеріңіз бен күш-жігерлеріңізде шек жоқ.

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, ашық аспан және амандық тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Дорогие девушки и женщины!

Поздравляю вас с Международным женским днём! Вы являетесь олицетворением весны и, подобно цветам, каждый день наполняете нашу жизнь красотой, дарите теплоту и заботу всем, кто вас окружает.

Хрупкие и нежные внешне, вы обладаете силой, способной справиться с любыми невзгодами и испытаниями. Из года в год вы двигаетесь вперед, покоряя новые вершины.

Имена нежных, смелых, умных и любящих женщин вписаны в страницы истории нашего народа. Одни, как Зере и Улжан, воспитывали таких достойных сыновей нашего народа, как Абай, другие защищали родину, как Алия Молдагулова и Маншук Маметова, о других слагали легенды, как о Кыз-Жибек и Баян-Сулу.

И в наши дни много женщин, которые являются гордостью и достоянием нашей страны. Вы не только хранительницы домашнего очага, прекрасные супруги, мамы и дочери, но и профессионалы своего дела – врачи, учителя, инженеры, ученые.

Всего вам самого доброго, крепкого здоровья, счастья, благополучия, любви и мира!
Небольшой анализ к 8 марта.

1.Больше половины наших научных работников, а именно 54%, – женщины.

2. Девушки, обучающиеся по программам докторантуры, чаще выпускаются с защитой диссертации. Например, в 2020 году 67,5% выпуска с защитой диссертации составили именно представительницы прекрасного пола.

3. О женщинах-учителях.
По сравнению со странами Организации экономического развития и сотрудничества (ОЭСР) система образования в Казахстане более феминизированная (TALIS-2018). Порядка 80% учителей-женщины.

4. Эксперты ОЭСР отмечают, что во многих странах женщины-учителя делают более осознанный выбор профессии, нежели мужчины-учителя. Например, 76% казахстанских женщин-учителей рассказали, что при выборе будущей специальности профессия педагога была самой приоритетной

5. А еще девочки обошли мальчиков по читательской грамотности (на целых 27 баллов!) и естественнонаучной грамотности (на 7баллов) и сломали стереотип о том, что мальчики сильнее в математике. А в целом, PISA-2018 показала, что знания и тех и других находятся на одинаковом уровне.

6. Результаты уже другого исследования (TIMSS-2019, IEA) также показали, что девочки 4-ых и 8-ых классов достигают больших положительных результатов, нежели мальчики. Или как минимум демонстрируют одинаковые успехи в математике и естествознании.

7.Подавляющее большинство девушек (свыше 68%) получают высшее образование по специальностям в рамках следующих направлений:
1.Социальные науки, журналистика и информация - 79,1%
2.Искусство и гуманитарные науки - 71%
3.Педагогические науки - 70%
4.Естественные науки, математика и статистика - 68%

Гендерное равенство отмечено по следующим группам образовательных программ:
1. Сельское хозяйство и биоресурсы - 49,5%
2.Бизнес, управление и право - 48%

А вот в меньшинстве девушки обучаются по следующим направлениям:
1. Технические науки и технологии – 31,6%
2. ИКТ – 30%
3. Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли – 28,7%
8 наурызға арналған кішігірім талдау.

1. Ғалымдарымыздың жартысынан астамы, яғни 54%-ы әйелдер.

2. Докторантурада оқитын қыздар оқуларын көбінесе диссертация қорғаумен аяқтайды. Мысалы, 2020 жылы диссертация қорғаған түлектердің 67,5%-ы қыздар болды.

3. Әйел мұғалімдер туралы.
Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭЫДҰ) елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы білім беру жүйесі анағұрлым феминизацияланған (TALIS-2018) 80% жуық.

4. ЭЫДҰ сарапшыларының айтуынша, көптеген елде әйел мұғалімдер ер мұғалімдерге қарағанда мамандық таңдауды саналы түрде жасаған. Мысалы, қазақстандық әйел мұғалімдердің 76%-ы болашақ мамандықты таңдаған кезде педагог мамандығына басымдық берілгенін айтқан.

5. Сондай-ақ қыздар оқу сауаттылығы (27 ұпайға) және жаратылыстану сауаттылығы бойынша (7 ұпайға) ұлдардан озып шықты. Сонымен бірге ұлдар математикадан мықты деген стереотипті «бұзды». PISA-2018 ұлдардың да, қыздардың да білімі бір деңгейде екенін көрсетті.

6. Басқа зерттеулердің (TIMSS-2019, IEA) нәтижелері де 4 және 8-сынып қыздарының ұлдарға қарағанда оң нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті. Немесе кемінде математика мен ғылымда бірдей жетістіктерді көрсетеді.

7. Қыздардың басым көпшілігі (68%-дан астамы) келесі мамандықтар бойынша жоғары білім алады:
1. Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 79,1%;
2.Өнер және гуманитарлық ғылымдар - 71%;
3. Педагогикалық ғылымдар - 70%;
4. Жаратылыстану, математика және статистика - 68%.

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гендерлік теңдік белгіленді:
1. Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 49,5%;
2. Бизнес, менеджмент және құқық - 48%.

Ал қыздар көп бармайтын салалар мыналар:
1. Техникалық ғылымдар мен технологиялар – 31,6%;
2. АКТ - 30%;
3. Инженерлік, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары – 28,7%.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында, екінші оқылымда маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды. Негізгілері:

1. Халықаралық пәндік олимпиадалардың, сондай-ақ халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар беру. Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың тәлімгерлері үшін біржолғы ақшалай төлемдер көзделеді. Естеріңізге сала кетейін, Президент өз жолдауында осы тапсырманы берген болатын.

2. Жоғары білім беруде жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі. Енді ЖОО-лар оқытудың онлайн түрінде белгілі бір оқыту бағыттары бойынша кадрларды дайындай алады. Бұл - заман талабы. Бұл ретте біліктілік талаптарына сәйкес оқытудың белгілі бір бағыты бойынша (прокторинг, ақпараттық жүйе, цифрлық контент, кадрлар және т. б.) жеке лицензия алу міндетті болады.

3. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Яғни бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық. Сонымен бірге 2016 жылға дейін болғандай, басқа пәндер бойынша оқулықтардың балама нұсқалары болады.

* * *
Сегодня на пленарном заседании Мажилиса Парламента во втором чтении принят законопроект, где предусмотрены важные нормы. Остановлюсь на некоторых из них.

1. Предоставление грантов для бесплатного обучения в вузах победителям и призерам олимпиад, а также международных конкурсов исполнителей и спортивных соревнований. Для победителей и призеров международных олимпиад и их наставников дополнительно предусматриваются единовременные денежные выплаты. Напомню, соответствующее поручение ранее было дано в Послании Президентом страны.

2. В высшем образовании вводится новая форма – обучение онлайн. Теперь наши вузы смогут готовить кадры по определенным направлениям подготовки в форме онлайн-обучения. При этом обязательным будет получение отдельной лицензии на конкретное направление подготовки в соответствии с предъявляемыми квалификационными требованиями (прокторинг, информсистема, цифровой контент, кадры и т.д.).

3.Учебники по Истории Казахстана и Всемирной истории теперь будут едиными и базовыми для всех школ страны. То есть одна учебная программа и один базовый учебник. В то же время учебники по другим предметам будут иметь альтернативные варианты, как это было до 2016 года.

Большинство принятых норм являются поручениями Президента страны К. К. Токаева. Все они направлены на дальнейшее повышение эффективности отечественной системы образования.
Бүгін екінші оқылымда қабылданған заң жобасы туралы жазбамның жалғасы.

4. Енді стипендиялар студенттердің шоттарына тікелей төленеді деп жоспарланып отыр. Яғни осыған дейінгі ЖОО-ға аударатын жүйе болмайды. Сонымен қатар біз уәде бергеніміздей, жоғары оқу орындарының гранттары үшін қаржыландыру да студенттерге тікелей жолдама ретінде беріледі. Ал кейін қаржыны студенттердің өздері жоғары оқу орындарына төлейді.

5. Жоғары білім деңгейі бойынша жаңадан берілетін лицензиялар үшін 5 жыл мерзім белгіленеді. Осыған дейін олардың нақты мерзімі көрсетілмеген еді. Мәселен, 1992 жылы алынған лицензия барлық өзгеріс пен жаңа шарттарға қарамастан жарамдық күшін сақтап келді. Бүгінге дейін мемлекет лицензия мерзіміне қатысты талап қойған жоқ.

6. Жабылған жоғары оқу орындарының студенттерін және олардың жеке істерін басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру, оқуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалардың жеке істерін, сондай-ақ осыған дейін білім беру ұйымында оқуды аяқтаған тұлғалардың жеке істері мен білімі туралы құжаттарының көшірмелерін мемлекеттік мұрағатқа уақытылы тапсыру үшін жауапкершілік енгізіледі.

7. Колледждерге академиялық еркіндік беріледі. Бірнеше жыл бұрын біз бұл реформаны жоғары білім деңгейінде жүргіздік. Енді колледждердің білім беру бағдарламалары ЖБП пәндерінің циклін қоспағанда, министрлік бекіткен типтік жоспарлар мен бағдарламалар емес, кәсіптік стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары негізінде құрылады.

8. Мұғалімдердің міндетті біліктілік арттыру курстарынан өту мерзімі өзгеріп жатыр. Қазір 5 жылда 1 рет, 3 жылда кемінде 1 рет өту ұсынылады. Бүгінде бәрі жылдам өзгереді, сондықтан мұғалімдердің де өз біліктіліктерін жиі арттырғаны абзал.

* * *

Продолжение поста о принятом во втором чтении законопроекте.

4. Планируется, что стипендии теперь будут выплачиваться напрямую студентам на карты без перечисления в вузы, как это происходило все эти годы. Кроме того, как мы и обещали, финансирование грантов также будет осуществляться в форме ваучеров для последующего их перечисления в вузы самими студентами.

5. Устанавливается 5-летний срок для вновь получаемых лицензий по уровню высшего образования. Ранее они были бессрочными. То есть, если вуз получил лицензию в 1992 году, она сохранялась вне зависимости от каких-либо изменений и новых условий. И никакие новые требования со стороны государства не предъявлялись.

6. Вводится ответственность закрываемых вузов по переводу студентов в другие учебные заведения с последующей передачей их личных дел в другие вузы, а также передачей личных дел лиц, не завершивших образование или не прошедших итоговую аттестацию, а также личных дел и копий документов об образовании лиц, завершивших обучение в организации образования в предыдущие годы, в соответствующий государственный архив.

7. Колледжам предоставляется академическая свобода. Несколько лет назад мы провели эту реформу по уровню высшего образования. Теперь и образовательные программы колледжей будут составляться на основе профстандартов и требований работодателей, а не по утверждаемым министерством типовым планам и программам, за исключением цикла дисциплин ООД.

8. Меняются сроки обязательного прохождения курсов повышения квалификации педагогов. Сейчас это 1 раз в 5 лет, предлагается не реже 1 раза в 3 года. Изменения происходят стремительно, и, безусловно, важно, чтобы педагоги чаще повышали свою квалификацию.
Сборник_КазАссоциация_политнауки.pdf
1.2 MB
Сборник публикаций Казахстанской ассоциации политической науки

Была такая ассоциация в 2001-2003 года, ее возглавлял Нурбулат Эдигеевич Масанов. Делали всякие мероприятия, конгрессы политологов, конференции, даже сделали базу политологов.

Я вот собрал и оформил публикации с их сайта – получилось 215 страниц, 36 публикаций. Есть очень интересные и сейчас, но все в целом интересно как памятник эпохи и позволяет оценить развитие политологии как науки.

Скачивайте, читайте, используйте и распространяйте.
Бүгін министрлік ұжымымен жиналып, ізгі тілектерімізбен вице-министр Б.А. Асылованы шығарып салдық.

Бибігүл Амангелдіқызы 2016 жылдан бастап министрдің орынбасары лауазымында жұмыс істеді және жақында қызметінен босату туралы өтініш жазды.

Былтыр ротация жүргізу қажеттігіне қарамастан, менің өтінішім бойынша оған осы лауазымда жұмыс істеу үшін еңбек шартының мерзімі бір жылға ұзартылды.

Бибігүл Амангелдіқызы тәжірибелі қаржыгер ретінде білім беруді қаржыландыру жүйесін реформалауға, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін дамытуға зор үлес қосты.

Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне де үлкен көңіл бөлді. Сол үшін бүгін әріптесімізді «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттадық.

Бибігүл Амангелдіқызы біздің Қаржы орталығымыздың Директорлар кеңесінің төрағасы болып қалу туралы ұсынысымды қабыл алғанын, сонымен қатар қаржы мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесші болатынын да атап өткім келеді.

Бүгін министрлік ұжымы Бибігүл Амангелдіқызына жылы сөздерін айтып, ізгі тілектерін жеткізді.
Бибігүл Амангелдіқызына бірлескен және жемісті жұмысы үшін тағы да алғыс айтқым келеді. Сәттілік тілеймін!
Сегодня собрали коллектив министерства и добрыми словами проводили вице-министра Асылову Б. А., которая работала на этой должности с 2016 года и на днях написала заявление об освобождении от должности.

В прошлом году, несмотря на необходимость проведения ротации, по моему ходатайству ей на 1 год был продлен срок действия трудового договора для работы на данной должности.

Бибигуль Амангельдиновна как опытный финансист внесла большой вклад в реформирование финансирования системы образования, развитие системы подушевого финансирования, уделяла большое внимание вопросам защиты прав детей. За что сегодня она была награждена знаком «Почётный работник образования Республики Казахстан».

Отмечу также, что Бибигуль Амангельдиновна приняла мое предложение остаться председателем Совета директоров нашего Финансового центра и также будет внештатным советником по финансовым вопросам.
Сегодня коллектив министерства сказал много теплых слов в адрес Бибигуль Амангельдиновны. Я также хочу еще раз поблагодарить Бибигуль Амангельдиновну за совместную плодотворную работу. Желаю дальнейших успехов!
Отандастарым сияқты мен де Талдықорғандағы №4 орта мектепте түсірілген мұғалім мен оқушы арасында жағдай туралы видеоны көрдім. Әрине, оқушының ұстазға дауыс көтеріп сөйлегені көңілімді түсірді.

Қай заманда болмасын азаматтарымыз үлкендерге, әсіресе ұстаздарға құрметпен қарайтын, оларды сыйлайтын. Үлкенді сыйлау, отбасы құндылығы, адалдық, инабаттылық, еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, заңға бағыну және отансүйгіштік болашақ ұрпақты тәрбиелеудің негізі болуы керек.

Бүгін мен №4 орта мектептің мұғалімімен телефон арқылы сөйлестім. Ол білім саласында 11 жыл бойы қызмет етіп келеді. Әріптесіме қолдау сөздерін айттым.

Оқушы мен кәмелетке толмаған балалар үшін жауапты ата-анаға қатысты заңнамаға сәйкес шара қабылданады. Әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Енді шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды.

Өз тарапымыздан педагогтерге деген мұндай қарым-қатынасты, көзқарасты жойып, жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылдайтынымызды ескертемін. Қоғамда мұғалімнің мәртебесі жоғары болуы керек.

Бұған дейін оқушыға психологиялық көмек көрсету және оны есепке қою туралы мәселе қаралатынын хабарлаған болатынбыз.

Мұндай жағдайда ата-ана мен мектептің бірлесе жүргізетін тәрбие жұмысы маңызды рөл атқарады. Балаларды үлкендерге, әсіресе қоғамымыздың дамуына үлес қосып жүрген ұстаздарға құрметпен қарау сияқты қасиеттерге баулуға шақырамын.
Как и многие казахстанцы, посмотрев видео с участием педагога и школьника в СШ #4, я был возмущен таким отношением к учителю.
Во все времена наши граждане отличались уважением к старшим, в особенности – к учителям. Уважение к старшим, семейные ценности, честность, добропорядочность, трудолюбие, культ знаний, законопослушность и патриотизм должны быть основой воспитания и нашего подрастающего поколения.

Сегодня я поговорил с учителем. Она работает в сфере образования 11-й год. Выразил ей слова поддержки и поблагодарил за столь важный труд и терпение.

Что касается школьника и родителей, которые несут ответственность за несовершеннолетних детей, будут приняты меры в соответствии с законодательством. Составлен административный протокол. Также возбуждено административное производство в отношении родителей. Решение будет принято Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Алматинской области.

Отмечу, что, со своей стороны, мы будем принимать строгие меры для пресечения такого отношения к педагогам. В обществе статус учителя должен быть высок. Ранее мы сообщали, что будет рассмотрен вопрос об оказании школьнику психологической помощи и постановке его на учет.

В этом вопросе важна совместная воспитательная работа родителей и школы.
О вере в свои силы и академические успехи обучающихся

В рамках PISA-2018 было изучено, как мыслят 15-летние обучающиеся, а именно верят ли они в рост и развитие человеческого интеллекта.

В исследовании это определяется как прогрессивное мышление, которое означает веру в то, что способности и интеллект человека могут развиваться со временем. Это противоречит фиксированному мышлению, или убеждению в том, что кто-то рождается с определенным уровнем способностей и интеллекта, который практически не изменяется на протяжении жизни. В исследовании отмечается, что человек с прогрессивным мышлением способен настроиться на успех (OECD, 2019).

Исследование показало, что 55% участников не согласились с тем, что интеллект нельзя изменить, а оставшаяся половина (45%) согласилась.
В странах ОЭСР большинство обучающихся (63%) не согласились с этим утверждением. Результаты, схожие с казахстанскими, наблюдаются в B-S-J-Z (Китай) (56% не согласились), Беларуси (55%), в 26 странах и территориях-участницах PISA, в том числе в трех странах ОЭСР (Греция, Мексика и Польша): большинство обучающихся проявили фиксированное мышление. Напротив, в Эстонии, Дании, Германии, Австрии, Ирландии, Исландии, Латвии, Литве и Великобритании по меньшей мере 70% обучающихся показали, что мыслят прогрессивно.

​Наблюдаются также значимые различия в зависимости от контекстных факторов. В Казахстане в гендерном аспекте различий не обнаружено. Но в среднем в странах ОЭСР и еще 39 странах мальчики чаще, чем девочки, считают, что интеллект невозможно развить.

Практически в каждой стране-участнице, включая Казахстан, обучающиеся с низким социально-экономическим статусом (СЭС) с большей вероятностью считают, что их интеллект не может сильно измениться со временем, чем их сверстники с высоким СЭС. Результаты показали, что обучающиеся городских школ мыслят более прогрессивно, нежели учащиеся сельских школ. Разница между обучающимися в Казахстане составила 14 процентных пунктов.

Примечательно, что обучающиеся с прогрессивным мышлением показывают более высокие результаты. В Казахстане такие обучающиеся показали результат в среднем на 29 баллов (ОЭСР − 32) больше по читательской грамотности после учета СЭС обучающихся в сравнении с теми, кто не верит, что интеллект можно развить со временем.

Данные результаты подчеркивают необходимость создания благоприятной среды и обеспечения поддержки обучающихся, особенно группам, которые демонстрируют низкие показатели.
Оқушылардың өз күшіне және академиялық табыстарына сенімі туралы

PISA-2018 аясында 15 жастағы оқушылардың қалай ойлайтыны, дәлірек айтқанда, олардың адам интеллектінің өсуі мен дамуына сенетіні зерттелді. Зерттеуде ол прогрессивті ойлау ретінде анықталады, яғни бұл адамның қабілеттері мен ақыл-ойының уақыт өте келе дами алатындығына сенімін білдіреді. Бұл біреудің өмір бойы өзгермейтін белгілі бір қабілет пен ақыл-ой деңгейімен туылады деген сенімге қайшы келеді. Зерттеу прогрессивті ой-өрісі бар адам табысқа (OECD, 2019) жетуге қабілетті екені айтылған.

Зерттеуге қатысушылардың 55%-ы интеллектті өзгертуге болмайды деген пікірмен келіспейді, ал қалған 45%-ы келіседі. ЭЫДҰ елдерінде білім алушылардың көпшілігі (63%) бұл тұжырыммен келіспеді. Қазақстандық нәтижелерге ұқсас нәтижелер B-S-J-Z (Қытай) 56%-ы келіспейді, Беларусь (55%), PISA-ға қатысушы 26 ел мен аумақта, оның ішінде ЭЫДҰ-ның үш елінде (Грекия, Мексика және Польша) білім алушылардың көпшілігі тұрақты ойлау қабілетін көрсеткені байқалады. Керісінше, Эстония, Дания, Германия, Австрия, Ирландия, Исландия, Латвия, Литва және Ұлыбританияда оқушылардың кем дегенде 70%-ы прогрессивті түрде ойлайтынын көрсетті.

Сонымен қатар контекстік факторларға байланысты айтарлықтай айырмашылықтар бар. Қазақстанда гендерлік айырмашылықтар анықталған жоқ. Бірақ ЭЫДҰ елдерінде және тағы 39 елде ұл балалар қыздарға қарағанда интеллектіні дамыту мүмкін емес деп есептейді.

Жалпы әрбір қатысушы елде, соның ішінде Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен білім алушылар өздерінің интеллектісі әлеуметтік-экономикалық мәртебесі құрдастарымен салыстырғанда уақыт өте келе өзгермейді деп санайды. Нәтижелер қала мектептеріндегі оқушылардың ауыл мектептеріндегі оқушыларға қарағанда прогрессивті ойлайтынын көрсетті. Қазақстандағы оқушылар арасындағы айырмашылық 14 пайызды құрады.

Айта кетерлігі, прогрессивті ойлау қабілеті бар білім алушылар жоғары нәтиже көрсетеді. Қазақстанда мұндай білім алушылар ақыл-ойды уақыт өте келе дамытуға болатынына сенбейтіндермен салыстырғанда білім алушылардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесін есепке алғаннан кейін оқу сауаттылығы бойынша орташа есеппен 29 ұпайға (ЭЫДҰ-32) жоғары нәтиже көрсетті.

Мұндай нәтижелер оқушыларға, әсіресе төмен нәтиже көрсететін топтарға қолдау көрсету ортасын құру қажеттігін көрсетеді.