ADYRNA.KZ
3.66K subscribers
9.29K photos
2.94K videos
7 files
11.1K links
Download Telegram
Мектеп оқушысы Гонконгтағы оқу орнына шақырту алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі жария етті.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Әділби Сәкенов фармакологияға қызығады. Ол QS Ranking 65-орында тұрған Гонконг политехникалық университетінен (PolyU) шақырту алды. Оқушының бағыты – химиялық технология және биотехнология.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
⚡️ Қызылордада екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өзенге аққан балалар жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде суға батып кеткені хабарланды.

Жергілікті 112 құтқару қызметіне 1 маусым күні 18:27-де шұғыл хабарлама келіп түскен. Қызылорда қаласы маңындағы “Ягодка” саяжайында дарияға суға түсіп жүрген 2008 және 2009 жылғы екі жасөспірім суға кетті.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
⚡️ Әнші Жеңіс Ысқақова Ақтөбе қаласына гастрольдік сапармен барып, көңілі қалғанын жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жеңіс Ысқақова желідегі парақшасында Ақтөбе қаласының әкімдігіне наразылығын жеткізді.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Атырауда ер адам сотта өзін өлтірмек болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақжайық басылымына сілтеп.
Сот залында 40 жастағы ер адам қағаз кесуге арналған пышақпен өз тамырын кескен. Сотталушының оқыс әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (“Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару”) бойынша 1,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде үкім шығарған сот шешімімен келіспеу белгісі ретінде жасалған.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Украина президенті Қытайды Бейбітшілік саммитіне қатысты айыптады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Gazeta.ru хабарлауынша Владимир Зеленский Қытайдың Бейбітшілік саммитіне көптеген елдердің өкілдерінің келуіне жол бермеуге тырысып жатқанын Сингапурде өткен конференцияда айтты.

«Ресей бүгінде әлемнің көптеген елдерін аралап, азық-түлік өнімдерін, ауылшаруашылық өнімдерін немесе химикаттарын шектеп, энергия бағасына қауіп төндірітенімен қорқытуда. Ресей әлемнің басқа мемлекеттеріне саммитке келмеу үшін қысым көрсетіп жатыр. Одан бөлек, Бейбітшілік саммитін дипломатиялық жолмен бұзуда кейбір мемлекеттердің Ресейге көмектесе бастағаны туралы да ақпарат бар», - деді Украина президенті Зеленский.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
⚡️Шығыс Қазақстанда үш жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталының тілшісі.
Бұл туралы ТЖМ телеграм арнасында хабарланды.
2 маусымда ШҚО-ның Уланка көлінде 2021 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға құлап, батып кеткен.
ТЖМ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Алматы облысында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kris_p_almaty-ға сілтеп.
Алматы-Бішкек тас жолында жеті көлік соқтығысты. Қайғылы оқиға жолдың 28-ші шақырымындағы "Барыс" базарында болған.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі екі жүк көлігі мен бес жеңіл көлік соқтығысқанын хабарлады.
🇩🇪Германияның оңтүстігін су басып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Euronews-қа сілтеп.
Елді жаңбыр салдарынан су басып жатыр. Оңтүстіктегі Фишах қаласының көшелері мен көпірлерін тасқын шайып, маңайдағы егіс алқабын құртқан.
Метеорологтар жауын-шашын үдейтінін айтып, ескерту жасады.
КХДР Оңтүстік Кореяға тағы да қоқыс толтырылған шар жіберген. Ел билігі азаматтарға шарларға жоламау керектігін ескертті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Yonhap-қа сілтеп.
Сеул қаласының әкімшілігі қалада Солтүстік Кореяның үгіт-насихат парақшалары бар белгісіз нысанның ұшып бара жатқаны туралы тұрғындарға SMS жолдады.
«Біз Солтүстік Кореяға өзінің адамгершілікке жатпайтын және өрескел әрекеттерін дереу тоқтатуын қатаң ескертеміз», - деді Оңтүстік Кореяның Біріккен Штаб бастықтары.
Шарларды жіберер алдында Солтүстік Корея қорғаныс министрінің орынбасары Ким Ганг Ир республика аумағында Оңтүстік Корея таратқан үгіт-насихат материалдары байқалғанын айтты.
Бұған дейін 28 және 29 мамырда Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс пен нәжіс толтырылған 260-қа жуық шар жібергені хабарланған болатын.
Желіде революцияға дейін түсірілген қазақтардың суреті тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сурет саясаттанушы Серік Белгібайдың желідегі парақшасында жарияланған. Суреттің Омбыда түсірілгені анықталды.

“Оң жақтағы орамал таққан әйел – атамның анасы Қадиша. Қасында менің арғы атамның әпкесі, Қадишаның қайын сіңілісі бар. 1920 жылдардың басындағы алғашқы ашаршылық кезінде Қадиша жеті баласымен бірге аштықтан өлді. Арғы атамның әкесі Белгібай Омбыда саудагер болған. Большевиктер келгенде оны өлтірді.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
АҚШ-тың экс-президенті TikTok желісінен жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті Дональд Трамп 1 маусым күні TikTok желісіне қысқа видео жүктеді. Алғашқы жазбасы жарияланған аккаунтта қазірдің өзінде 700 мыңнан астам жазылушысы бар.
Алайда бұрынғы басшы 2020 жылы Америка Құрама Штаттарының президенті ретінде әлеуметтік желіге тыйым салуға тырысқан болатын.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мәссаған😳. Мына пікірге не дейсіз?👇
2024 жылы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес елдің бүкіл аумағы бірыңғай сағаттық белдеуге көшті. Содан бері бүгін тура 3 ай өтті. Алайда уақыт белдеуі теңескенге дейін де, теңескеннен кейін де өзгеріске қарсы жұрттың қарасы азаймады.  Өйткені, елдің сағаты жылжыған аймағы жаз шығып,  күн ұзарғанда уақыттың зардабын көріп отырғандарын айтуда. 

Қазақстан Үкіметі бірыңғай сағат белдеуіне көшуді көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартады, бизнесті жүргізуге, мемлекеттік органдар мен шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылына оң әсер етеді деп түсіндірді. Сондай-ақ, бірыңғай уақыт белдеуінде болған кезде сапарларды жоспарлау, мемлекеттік басқару, банктік аударымдар жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ыңғайлы, бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттыратынын және көптеген қызмет салаларына оң әсерін беретінін айтты. Алайда, халықтың басым көпшілігі жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлері мен педагогтарға ыңғайсыздық тудыруда. 

Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
Қызылордада дене шынықтыру пәні мұғалімін өлтірді деген күдікпен сол мектептің ұстазы ұсталды. 

Ақпаратты Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
растады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дұрыс айтады👏 Сіз келісесіз бе?👇
Қазақстанда қай өңірдің қызметкерлері ең көп жалақы алатыны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҚР Ұлттық статистика бюросында 2024 жылдың 3 маусымында 2023 жылғы еліміздегі еңбек бойынша негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат жарияланды.
Бюро мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа жалақы көлемі 364 295 теңгені құраған. 2023 жылғы алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық екені анықталып отыр.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 000 теңге мөлшерінде белгілен болатын.

Ал 2023 жылы өңірлік бөліністе ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленген. Атырау азаматтарының ең жоғарғы жалақысы - 607 635 теңге. Жалақысы жоғары өңірлер қатарында екінші орынға Маңғыстау облысы жайғасқан. Мұнда айлық мөлшері – 535 156 теңге. Ал Ұлытау облысында жоғарғы жалақы 483 812 теңгені құрап, Қазақстан бойынша үштікке енген.

Ал ең төменгі жалақы алатын өңірлер қатарында 4 облыс бар.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Елімізде 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
Жыл сайын тойланатын атаулы күн мемлекеттілігіміз бен ұлттық бірегейлігіміздің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін бекітуге арналған.
Тәуелсіздікті айшықтайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне Елтаңба, Ту және Әнұран кіреді.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы 1992 жылғы 26 маусымда бекітілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің негізі ретінде Қазақ киіз үйінің символдық бейнесі қабылданған. Елтаңбада "Шаңырақ", "Кереге", "Босаға", "бес бұрышты жұлдыз", "Кереге", "Уық", "желбау", "босаға", "Тұлпар", "арқар мүйізі", "Үлкен буын", "Үлкен масақ", " Ортаншы буын", "Ортаншы масақ", "кішкентай буын", "кішкентай масақ", "Желбаудың шашағы", "Желбаудың сақинасы" және латын қарпіндегі "Qazaqstan" сөзі элементтері бейнеленген.
Қазақстан Республикасының Туы 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді.
Ресейлік журналист Тувалық баланы оңалтуды ұйымдастырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталының тілшісі.

Шетелдік БАҚ беттерінде тележүргізушінің жоғарғы сынып оқушыларының зәбір көрген балаға көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.

Ксения Собчак игі ісі туралы алдын ала жазба жарияламай, тек баланы ауруханаға орналастырған соң айтуды жөн санағанын атап өтті. 3 маусым күні БАҚ өкілі баланың қауіпсіздікте екенін мәлімдеді.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
“Қазақ тілі міндетті емес” деп жарнама таратқан Forte банк басқарма төрағасы Бекжан Пірматов қазақ тіліне қатысты дауға жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.
Өткен айда Қазақстандағы банк әлеуметтік желіде жарнама таратып басы дауға қалған. Себебі қызметкерлерді шақыру мақсатында жасалған жарнамада қазақ тілін білудің маңызы жоқ екені көрсетілген. Желі қолданушылары тақырыпты қызу талқылап, көптің ашуын тудырған. Бүгінде банк басшысы басқарма тарапынан кеткен қателікті мойындады.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Алматыда полиция қызметкерінің пара алып жатқан сәті бейнеге түсіп қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тәртіп сақшысының заңсыз әрекеті түсірілген видео желіге тарап кетті.

Ол шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алған. Антикор желідегі видеоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
😍Биыл елімізде талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Абитуриенттер арасында ҰБТ тестінен ең жоғарғы балл жинағандар бар. Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жалпы 140 баллдың 138-ін еншіледі. Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже.
Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.