адекватные мысли неадекватной девушки
1.27K subscribers
139 photos
25 videos
1 file
37 links
немного и много обо всем
Download Telegram
Махаббат жұптары әртүрлі. Біреулері тым тәтті: бір-біріне мына әлемдегі барлық жылы сөзді арнайды, енді бірі мүлде айтпайды,тек қана көздерімен. Енді біреулері инстаграм желісінде жарасымды жұп, ал шын өмірде қырғи-қабақ, ит пен мысық. Сол үшін кітаптағы, кинодағы, жан-жағыңдағы махаббатқа қарап махаббат мынау екен ғой деп ойлама. Әр махаббат жазылмаған дастан, өзгеше жыр, таусылмайтын әңгіме.
#үзінділер
–Мен сенен алыстамын ғой. Қиналған сәтіңде қасыңнан табыла алмаспын. Бірақ сен әрдайым менің дұғаларымда жүресің. Сені Аллаға аманат етем. Аллаға аманат етілген дүние жоғалмайды.
#үзінділер
–Сен де жұрт сияқты арман қуып, Алматыға келдім дейсің ғой.
–Тым банально естіледі, бірақ жауабым иә.
–Сені Алматыға әкелген қандай арман соншама?
–Арманым сенсің, алтыным.
#үзінділер
Білесің бе, мен кейде өзімді сондай бақытсыз сезінемін.
Бірақ, бақыт деген не?
Меніңше бақыт тек жанның тыныштығы екен. Ал мына заманда жан тыныштығы бола ма? Әрдайым әртүрлі дүние жаныңды қинайды.
Болашақ ше?
Болашағым не болады?
Болашақта кім бар, кім жоқ?
Тіпті, мен бармын ба?
Әрдайым сол затты ойлай бересің. Сүйтіп жан тыныштығы кетеді. Бір ойлаған затыңа жетесің, кейін тағы бір мақсат ойлайсың. Солай-солай тоқтаусыз өте беретін өмір тізбегі жалғасады. Сол үшін қазіргі сәтпен өмір сүр. Деген ел дей берсін. Жай ғана өзіңе сеніп, қателесуден қорықпа. Себебі, бұл өмірде идеальный дейтін дүние жоқ. Өз ережеңмен, жүрек қалауыңмен өмір сүр. Ұнаса айт, ұнамаса да айт.
Таңдаулар көп, бірақ сен қалауыңды жаса. Жүрек нені қалайды, соны жаса.
#үзінділер