Абылай Кенжалы
44.5K subscribers
160 photos
4 videos
7 files
41 links
Талқы, ойлар, шолу, аударма
Download Telegram
перфекционизм біржола түбімізге жетпей тұрғанда қолда бар дүниемен амал жасау қажет.
Сені таңқалдырған сөздің бәрі ақиқат емес…
Атақты Жәбірейіл хадисін білетін шығарсыздар. Пайғамбарымызға ‎ﷺ келіп: “Маған иман, ислам, ихсан” жайлы айтшы дейтін хадис.

Ғалымдарымыз осы хадистен көптеген даналықтар ала білген.

Соның бірі мұсылман үшін ең әуелі Алланы тану “ақида” ілімін үйрену маңызды. Бұл өз кезегінде иман.

Одан кейін фиқһ ілімін үйрену қажеттігі. (намаз, ораза, зекет, қажылық және т.б.) Бұл өз кезегінде ислам.

Одан кейін барып ихсан ілімі. Бұл ілімге – тақуалық, жүрек ілімдері және сопылық ілімдерін кіргізген. Әрі әлбетте бұл ілімге тереңдеу үшін алғашқы білімдерді терең білу ләзім.

Маған ең қызығы, қазір көптеген ағартушы ағалар, бастапқы екі ілімді аттап кетіп, қарапайым халыққа бірден үшінші ихсан ілімін терең үйреткісі келетіндігі.

#жалғасы_бар
«Тірі жүректің мысалы – ақиқатты тани алады, оны қабылдай алады әрі ақиқатты жақсы көріп, оны басқаларға да қалайды».

(Шифа📚)
Мысық – лас емес. Ол бар болғаны сендерді айналшықтап кезіп жүреді🤍 (хадис)
Мені ашуландыру өте оңай. Мысалға, бір-екі сөйлемге сыйдыруға болатын әңгімені 2-3 бет қып жазу.
«Кімнің жазда миы қайнаса, қыста қазаны қайнайды».

(Ғуйун әл-әхбар,ибн Қутейбә)

Жаз бойы ұйқы көрмей әрекет қыл деген сөз)
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
قيمة الإنسان ما يحسنه

Адамның қадірі қолынан келетін ісінде.

📚 Әл-ләмияту ибн әл-Уәрди

Демек бұл өмірде адамның қолынан ешнәрсе келмесе, қадірі болмайды.
“Мағыналары бір-біріне жақын қолданылатын екі термин бар:

“Итқан” және “Ихсан”.

Итқан дегеніміз – бір істі ең кемел түрде аса шеберлікпен жасау.

Ихсан – сол бір іске махабат қоя отыра шеберлікпен жасау.

Адам жасайтын ісін тек шеберлікпен емес, онымен қоса ихсанмен жасаса, жасампаздықтың шегіне жетері анық».

©️шейх Усәмә әл-Әзһәри (хафизаһулла)
Өз салаңды шебер атқарсаң, үмметке тигізген ең үлкен пайдаң сол.
Алла жаққан кеудеде оты болса,

Су бүріккенге пенденің қайтіп сөнер?

©️Міржақып Дулатұлы

(Насихат ғумумия)

Кеудеңдегі отты Алла жақса, оны ешбір пенде сөндіре алмайды🔥
Ниетің таза болса, ақиқат кімнің аузынан шықса да қабылдай аласың.

©️Әбілқайыр Мәдиұлы
Forwarded from Nurbol Rakhmatilla
Жан ризқы - сәресі уақытында бөлінеді .
Тән ризқы - таңнан кейін бөлінеді .

©️ Шейх Юсуф Хаттар
(ХафизаһуЛлаһ)

#Руханият
Жаңбыр – тек қана терезеге қараап, қиялданып кофе ішіп отыру үшін емес. Жаңбыр – дұға қылуың үшін)

#дұға_қыл
«Алла сен жақсы көретін істерді тұрақты етсін десең, сен де Алла жақсы көретін істерде тұрақты бол».

©️Ахмад ибн Хәнбәл (рахимаһулла)

(Әл-бидая уән-ниһая 14/392)
Бастап кету қиын деймісің…

Көптеген істерге кірісіп кету біз ойлағандай оңай емес. Әрбір істің бастамасы өте көп еңбекті талап ететіні ақиқат.

Тіпті зымыранның өзі жерден көтеріліп жатқан кезде өзінің 80% жанармайын жағып көтеріледі екен. Ал қалған жолының барлығына небәрі 20% ғана жанармайы жұмсалады.

#баста🚀
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
https://t.me/nurbol_zakirov

Тіркеліп алыңыз. Нұрбол ұстаздың әлі айтары көп.
Күнәнің жазасы – күнәдан кейін тағы да күнә жасау. Күнәнің жазасы – берекеден мақрұм қалу. Оның бір мысалы:

1. Күнін пайдасыз амалдармен өткізіп алу.
2. Күнә жасап, ұйқыға кету.
3. Таң намазын қаза қылу.
4. Беймезгіл уақытта кеш ояну.

©️Сүлеймен Әли
Forwarded from Ержан Бақытжанов (Ержан Бахитжанов)
Әзіл шыны аралас білімге қызықтыру насихаты.

Бірде ардақты сахаба Әбу Һурейра (оған Алла разы болсын) базарға кіріп, сонда жүргендерге: "Мешітте Мұхаммедтің ﷺ мирасы таратылып жатыр, сендер болса, осында жүрсіңдер", – дейді.

Сөйтіп мұны естігендер мешітке барады. Онда намаз оқылып жатқанын және бірнеше кісінің Құран оқып отырғанын, біреулері харам мен халалды талқылып отырғандарын әрі ешнәрсе үлестіріліп жатпағанын айтып Әбу Һурейраға қайта келеді.

Сонда ол: "Сендерге өкініш болсын! Мұхаммедтің ﷺ мирасы сол емес пе еді?!", – деген екен.