Калейдоскоп☕️
2.52K subscribers
1.57K photos
71 videos
276 files
396 links
бұл дүниеге жатпын.

буржуаз-демократ.
Download Telegram
Өткен ғалымдар өз еңбектерінде он мыңдаған адам аттарын, олардың өмірбаяндарын, оларға қатысты деректерді жинақтап, бізге дұрыс ақпараттарды саралап, қолымызға кітап күйінде жеткізді.

Сол ақпараттар қазір үстелімізде тұрған компьютерде, қолымыздағы ұялы телефонда бар. Гуглге кіріп, "Фулан ибн Фулан" десеңіз, сіз іздеген ғалым туралы ақпараттар шыға келеді.

Ал, бұрынғының ғалымдары бір адам туралы ақпаратты жаттап алатын болған. Олардың миында бір ғана емес, жүздеген, мыңдаған, тіпті он мыңдаған адам туралы ақпарат, қала берді жаттаған хадистері, жаттаған Құраны, мәтіндері бар еді.

Күнімізде ақпараттың қолжетімдігі бола тұра, біз неге осыншама ақпаратты жаттай алмаймыз?

Шейх Мужир әл-Хатиб (حفظه الله) бұған қатысты: "Ол ғалымдардың жүрегі күнәдан таза еді", - деп қысқа ғана жауап берді.

Ал, біздің жүрегіміз ластанған ыдысқа ұқсайды. Біз оны қанша тазалап, тырыссақ та, ластық түбінде қалып қоюы мүмкін...
18💯5
الراشد: من عرف الحق واتبعه
الغاوي: عرفه ولم يتبعه
الضال: لم يعرفه بالكلية

شرح الأربعين لابن رسلان رحمه الله
5
Калейдоскоп☕️
الراشد: من عرف الحق واتبعه الغاوي: عرفه ولم يتبعه الضال: لم يعرفه بالكلية شرح الأربعين لابن رسلان رحمه الله
Шейх Ибн Раслян аш-Шафиғи (рахимаһуллаһ) "Қырық хадиске" жазған түсіндірмесінде хақ жолын ұстануда адамның үш типі бар екенін айтады:

1. Рашид (туралықтағы) – ақиқатты танып, әрі сол жолды ұстанған адам.
2. Ғауи (алжастырушы) – ақиқатты таныған, алайда ол жолға ермеген адам.
3. Дааль (адасқан) – ақиқатты танымаған, әрі ол жолды білмейтін адам.
10👍3
профессор қайын ағаммен гайфаньға бұқтырылған пуэр ішіп отырған жайымыз бар.

ғалымдармен сұхбат құрудың бақытын сезіндірген Аллаға мадақ болсын!
27👍2
Ілім жиындар міндетті түрде бісмілләмен, хәмдалямен, Пайғамбарымызға [салллаһу алейһи уәс сәләм] салауат айтумен және кітаптың авторына дұға оқумен басталуы керек.

#дәрістен
37
Кез келген ақпаратты естігенде, оның қайдан келгенін, кім жеткізгенін, жеткізген адамның әділдігі мен есте сақтау қабілетін тексеру адам болмысында бар нәрсе екені мәлім. Сахих хадистерге қойылатын шарттар да [негізгі бес шарт] адамның болмысынан алынған.

#дәрістен
28
Хадис әдіснамасы [мусталахуль хадис] ілімі - хабардың нақтылығын зерттейтін ғылым. Бұл ғылым белгілі бір мағұлматтың бізге дұрыс жетуін зерттейді, оны қалай іске асыруды зерттемейді.

Хабардың дұрыс жеткеніне көз жеткізгеннен кейін, онымен амал ету немесе белгілі бір себептерге байланысты [үкімін жою және т.б.] амал етпеу мәселесін усул әл-фиқһ ілімі зерттейді.

#дәрістен
20👍4
"чемпион болу – оңай, бірақ, адам болу – қиын".

мұстафа өзтүрік
28
Пұтқа табынушыға пұт тастан жасалған құдайы болса, ғашық жігітке қыз баласы қиялдан жасалған пұтындай...

Шейх Әли ат-Тантауи (رحمه الله)
37
Жастық шағын [күнәдан] сақтаған адамның қарттығын [алжасудан, ауру-сырқаудан] сақтайды.

#кітаптан
47
Бойдақтық өмір – адамның өзіне де, қоғамға да қауіпті өмір.

Шейх Әли ат-Тантауи (رحمه الله)
27💯5💔3
0924_عمل_اليوم_والليلة_ت_البرني_أحمد_بن_محمد_بن_إسحاق_بن_إبراهيم.pdf
10.6 MB
0924_عمل_اليوم_والليلة_ت_البرني_أحمد_بن_محمد_بن_إسحاق_بن_إبراهيم.pdf
5
الدرة في تكوين الأسرة (1).pdf
1.5 MB
الدرة في تكوين الأسرة (1).pdf
3
ықылым заманда Имам Ибн Жәузидің (رحمه الله) "Хифз әл-умр" атты еңбегін қазақ тіліне аударып едік.

сол аударманы электронды нұсқада арнаға салғанбыз. жоғарыда болар.

біз аударған кітаптарды үлкен ұстаздарымыз оқып, керегіне жаратып жатқаны мотивация береді екен, кәдімгідей😁
38🕊2
Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды.

Абай Құнанбайұлы (رحمه الله)
37🕊1
الجبر_والاختيار_عند_المتكلمين_العثمانيين_في_القرن_العاشر.pdf
397.2 KB
الجبر_والاختيار_عند_المتكلمين_العثمانيين_في_القرن_العاشر.pdf
3🕊1
Калейдоскоп☕️
الجبر_والاختيار_عند_المتكلمين_العثمانيين_في_القرن_العاشر.pdf
Һ.10 ғасырдағы Осман империясының мутакаллим ғұламаларының түсінігіндегі жабр және ихтияр ұғымы

Авторы: Шейх Хамза әл-Бакри (حفظه الله)
6🕊1
Адамды арсыз әрекеттен тосқауылдап тұратын екі нәрсе бар:

1. Алладан қорқу (тақуалық)
2. Адамдардан ұялу

#дәрістен
32👍7🕊3
Калейдоскоп☕️
Адамды арсыз әрекеттен тосқауылдап тұратын екі нәрсе бар: 1. Алладан қорқу (тақуалық) 2. Адамдардан ұялу #дәрістен
Адамдардан ұялу — жалған куәліктен тосады.

Оған мысал ретінде Әбу Суфьянның Гераклге Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم) туралы ақпарат беруін келтіруге болады.

Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم) түрлі елдердің патшаларына Ислам дінін қабылдау туралы хат жібереді.

Сол уақытта Византияны Геракл (Ираклий) басқарып отырады. Хатты алған кезде Шам жерінде Хиджаз аймағынан келген, әрі Пайғамбарды танитын, білетін адамды іздеттіреді.

Сол уақытта оған Әбу Суфьян бірнеше құрайыштықпен сауда мәселесі бойынша Шам жерінде сапарлатып жүреді. Сөйтіп, оларды Гераклдың алдына алып келеді.

Геракл Әбу Суфьяннан Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم) туралы сұрақ қойғанда, Әбу Суфьян бірде-бір жалған сөз айтпайды.

Ойлап қарасақ, сол уақытта Әбу Суфьянда Гераклге жалған сөз айтып, Пайғамбарымызды жамандауға мүмкіндік болды.

Бірақ, ол сол жерде, Гераклдың алдына келген Әбу Суфьянмен бірге өзге де құрайыштықтар болған еді. Егер Әбу Суфьян жалған сөз айтса, құрайыштықтар оның сөзін теріске шығаруы мүмкін. Құрайыштықтардың алдында ұялғаны себепті Әбу Суфьян Пайғамбар туралы бар шындықты айтып береді.
23👍5🕊3👏1
Имам Ибн ар-Раслян (رحمه الله) былай дейді:

Адамды тозаққа айдайтын ағзаның бірі – тіл.

Себебі, дінімізде ауыр саналатын күнәлардың көбісі тілмен орындалады.

Аллаға серік қосу, Алла хақында білімсіз сөз айту, жалған куәлік беру, жала жабу, Пайғамбарымыздың (صلى الله عليه وسلم) атынан жалған сөйлеу сынды ауыр күнәларды мысал ретінде келтіруге болады.

📜Шарх әл-арбағина ән-науауия, 257 бет
38🕊3