Forwarded from Абылай Кенжалы
Жамағат ұстаздарына әдеп көрсететін заманнанмын. Кіші үлкенді сыйлайтын заманнанмын. Тәңіршілер әлі жоқ заманнанмын. Дінді хайп қылғандар жоқ заманнанмын. Орамалды арулар хиджабын шешпеген заманнанмын.
❤38👍4💔3
Forwarded from meruyert.books
Зерттеуге сенгіш, ғылымды Құдай көретіндер өздері ғылыммен айналысып көрмегендер деп ойлаймын. Себебі кішкентай болсын зерттеу жасап көрген адам 100% дұрыс зерттеу жасау мүмкін емес екенін түсінеді, зерттеу кезінде тіпті үлкен қателіктер кетіп, шыққан нәтиже түкке жарамауы да мүмкін. Бірақ оны әдемілеп жазып, жылтыратып тапсырсаң, журналға ақшасын төлесең, шығасың журналға ғалым болып. Біздің мықты профессорымызбен магистратурала "paper critique" деген дәріс болды. Сонда кез келген мықты деген зерттеудің өзін сынап, шашып тастайтын еді, шіркін. Осыны білмейді ғой көп адамдар. Және ғылымдағы тағы бір сөз, бізге биоститистикадан берген ағай айтқан, ол бір атақты ғалымның сөзі: "all models are wrong but some are useful". Яғни, "барлық модельдер қате, бірақ кейбірі пайдалы". Модель құру деген зерттеу кезінде статистикада жасалатын әдіс. Ол сөздің орнына зерттеу деп те алсақ болады. Яғни, қатесіз, 100% шындықты көрсететін зерттеу жоқ, тек кейбірі пайдалы болуы мүмкін.
❤22👏3👍1
Поверь мне: часть времени у нас отнимают другие, часть его тратится даром, часть уходит незаметно для нас самих. И самая постыдная потеря времени та, которая происходит от нашей собственной небрежности.
Сенека
Сенека
❤24
Ведь в том-то и есть наша ошибка, что мы смотрим на смерть только как на будущее событие.
Сенека
Сенека
❤26
Условий богатства, по-моему, два: во-первых, иметь необходимое и, во-вторых, довольствоваться им.
Сенека
Сенека
❤26
Каждый человек привьет нам хоть частицу своих пороков: или научит им, или заразит ими. И чем больше количество людей, тем больше опасности.
Луцей Анней Сенека
Луцей Анней Сенека
❤22
соңғы алған кітаптарымның ішінде өзіме қатты ұнағаны – Луцей Анней Сенеканың "Нравственные письма к Луцилию" кітабы.
Бұл кітап б.з. 65 жылы дүниеден өткен Рим империясының ойшылы, стоицизм философиясының көрнекті өкілі Луцей Анней Сенекаға тиесілі.
Автор өзінің досы, әрі шәкірті Луцилий Младшийге 120-дан астам тақырыпты қамтыған хаттар жазған. Автор хаттарда шәкіртіне стоицизм пәлсапасының негізгі қағидаттарын, мораль, құндылық, адам мен қоғам арасындағы байланыс, рухани хәл жайлы өз кеңестерін жазған.
Аталған кітап стоицизм бағытының негізгі кітаптарының бірі ретінде саналады екен.
__
Стоицизм бағытының Ислам дінімен сәйкес келмейтін тұстары көп. Кітапты тек мағұлмат үшін оқуға кеңес беремін. Түртіп алар жақсы ақпараттар бар.

❤20
Кейде намазхан бауырларға айтқым келеді:
"Тәжуид, дәрет бабы мен намаз бабынан басқа да оқитын зат бар".)
Қайырлы түн! Сау болыңыздар!
"Тәжуид, дәрет бабы мен намаз бабынан басқа да оқитын зат бар".)
Қайырлы түн! Сау болыңыздар!
❤60👍4
Калейдоскоп☕️
دليل_الفالحين_لطرق_رياض_الصالحين_ج7_8.pdf
Имам ан-Науауидің (رحمه الله) "Риядус салихин" хадис жинағына жазылған түсіндірмелердің бірі – Ибн Аллянның (رحمه الله) "Далиль әл-фалихин" шархы.
Авторы – Мұхаммад Әли ибн Мұхаммад Аллян әл-Бәкри әс-Сыддықи әш-Шафиғи.
һижри жыл санауы бойынша 996 жылы Мекке қаласында дүниеге келген.
Ерте жасынан ілім алып бастаған. 18 жасында тәлімгерлікке тағайындалған. 24 жасында пәтуә беруге жауапты болған.
Хадис, тәпсір саласын терең меңгерген. Хадисті зерттеу, талдау, кітап пен трактаттар жазу тұрғысынан Имам ас-Суютиге (رحمه الله) ұқсаған.
Сол себепті, ғұламалар: "Ол – өз заманының Суютийі", - деп сипаттаған.

❤20👏3
Калейдоскоп☕️
Имам ан-Науауидің (رحمه الله) "Риядус салихин" хадис жинағына жазылған түсіндірмелердің бірі – Ибн Аллянның (رحمه الله) "Далиль әл-фалихин" шархы. Авторы – Мұхаммад Әли ибн Мұхаммад Аллян әл-Бәкри әс-Сыддықи әш-Шафиғи. һижри жыл санауы бойынша 996 жылы Мекке…
араға 3-4 күн салып, тағы бір жазба шығарармын🙂 ұмытып кетпесем.
қызық статистика:
соңғы айда арнадан 500+ адам шығып кетті.
қызық статистика:
соңғы айда арнадан 500+ адам шығып кетті.
❤18💔7
Әулие ғалым Сәһл әт-Тустаридің (рахимаһуллаһ) тәуекел қылудың хақында былай дейді:
"Кімде-кім кәсіп етуге, еңбек қылуға қарсылық танытса, онда ол сүннетке қарсылық танытқаны. Сондай-ақ, кімде-кім тәуекел етуге қарсы шықса, имандылыққа қарсы шыққаны. Себебі, тәуекел ету - Пайғамбар صلى الله عليه وسلم хәлі, еңбек ету - Оның сүннеті. Пайғамбардың хәлін амалға асырған адам Оның сүннетін тастап қоймайды".
📒Хусн әл-фәһми уә-тағаққули фи жамғи әл-кәсби уә-т-тәуәккули, 57 бет

❤34
күллі адам баласы - қателесуші. қателескендердің ішінде ең жақсысы - тәубе етушілер.
сунан ат-тирмизи
❤24👍2
Калейдоскоп☕️
соңғы алған кітаптарымның ішінде өзіме қатты ұнағаны – Луцей Анней Сенеканың "Нравственные письма к Луцилию" кітабы. Бұл кітап б.з. 65 жылы дүниеден өткен Рим империясының ойшылы, стоицизм философиясының көрнекті өкілі Луцей Анней Сенекаға тиесілі. Автор…
ӨЗІ БАЙ БОЛА ТҰРА КЕДЕЙЛІКТІ НАСИХАТТАҒАН.
Сенека Луцилийге жазған хаттарында байлықты жақтырмауға, одан алыс болуға қанағатшылдықты, шүкіршілікті іске асыру керектігін айтады. Себебі, адам бай болған сайын уайымы көбейіп, пәлсапашылықпен шұғылдануға уақыты болмайтындығын жеткізеді.
Сонымен қатар, "кедейліктің жеңіл екенін түскен адам байлыққа немқұрайлы қарайды" дейді.
Тіпті, Сенека шәкіртіне қатты төсекке жатуды, қатқан нан жеуді, тозығы шыққан киім киюді насихаттаған.
Жалпы, стоицизм философиясы дүниетәркілік жағынан Ислам дініне жақын келеді екен. Қызық...

❤12
мы будем равнодушнее к богатству, если убедимся в том, что и бедным быть не тяжело.
сенека
сенека
❤18