Калейдоскоп☕️
2.51K subscribers
1.57K photos
71 videos
276 files
397 links
бұл дүниеге жатпын.

буржуаз-демократ.
Download Telegram
Forwarded from dapterone
Жылдар бойы көлденең кезген кір көшең дәл сен басқа қалаға қоныс аударған соң гүлденіп шыға келетіні қызық иә? Пәлен жыл білім берген ескі мектебің дәл сен универге кеткен жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуші еді ғой. Енді осының бәріне қарап, мынандай бір идея пайда болды: Бәлкім, біз баршамыз сәл ғана уақыт шет елге кетіп қалсақ ше? Біз жоқта бәрі реттеліп, қайта келіп алатын:)
16🌚6
Әке атанғалы өмірімде тұңғыш рет үйде баламмен жалғыз қалдым. Жұбайым 2 күндік демалыста😁

Байқап отырсам, балам араласуға жақсы адам екен) Осы жаңа ғана үйдің жанынан ашылған кофейняға барып, кофелетіп алдық.
48😍6👏4🌚2
Бірде Юнус ибн Убейдқа (рахимаһуллаһ) қажылыққа баруға ниетті адам келіп: "Маған өсиет айтшы!", - деп өтінеді. Сонда Юнус (рахимаһуллаһ):

"Аллаға тақуалық қыл! Расында, Аллаға шынайы тақуалық қылған адам жалғыздықта қалмайды", - деген.

📜Шарх әл-арбағина ән-науауия, 161 бет
38
Бірде бір адам Жунейдтен (рахимаһуллаһ): "Көзді тыюға қалай дағдыланса болады?", - деп сұрапты. Сонда Жунейд (рахимаһуллаһ):

"Алланың саған деген назары сенің қарап тұрған назарыңнан да тез екенін білумен",
- деп жауап берген екен.

📜Шарх әл-арбағина ән-науауия, 161 бет
36👏5
Мен үйде түшкірген кезде тахмид айтамын. Соны үш жасар балам естіп жүр ғой.

Бүгін түшкіріп едім, маған қарап: "Әссамакем", – дейді)

"Әльхамдулилләһ" пен "Әссаламуалейкум" дегенді әлі ажырата алмайды😁
38🥰20🕊5
Омар ибн Хаттаб (радый Аллаһу анһу): "Ілімді жазу арқылы бекітіңдер!", - деген.

Сол себепті, шәкірт дәріс кезінде қалам-дәптерсіз отыруы дұрыс емес. Дәріс кезінде пайдалы мағұлматтарды қағаз бетіне түсіру - ілімнің негізі. Өйткені, әрбір жазылған мағұлмат жүрегіңізде бекіген, бекітілген құрылыс іспетті. Ал, тыңдалып, бірақ қағазға түспеген ақпарат сізді лезде тастап кетеді.

Шейх Ибраһим Шағбан әл-Муршиди (хафизаһуллаһ)
44
Жамағат ұстаздарына әдеп көрсететін заманнанмын. Кіші үлкенді сыйлайтын заманнанмын. Тәңіршілер әлі жоқ заманнанмын. Дінді хайп қылғандар жоқ заманнанмын. Орамалды арулар хиджабын шешпеген заманнанмын.
38👍4💔3
Forwarded from meruyert.books
Зерттеуге сенгіш, ғылымды Құдай көретіндер өздері ғылыммен айналысып көрмегендер деп ойлаймын. Себебі кішкентай болсын зерттеу жасап көрген адам 100% дұрыс зерттеу жасау мүмкін емес екенін түсінеді, зерттеу кезінде тіпті үлкен қателіктер кетіп, шыққан нәтиже түкке жарамауы да мүмкін. Бірақ оны әдемілеп жазып, жылтыратып тапсырсаң, журналға ақшасын төлесең, шығасың журналға ғалым болып. Біздің мықты профессорымызбен магистратурала "paper critique" деген дәріс болды. Сонда кез келген мықты деген зерттеудің өзін сынап, шашып тастайтын еді, шіркін. Осыны білмейді ғой көп адамдар. Және ғылымдағы тағы бір сөз, бізге биоститистикадан берген ағай айтқан, ол бір атақты ғалымның сөзі: "all models are wrong but some are useful". Яғни, "барлық модельдер қате, бірақ кейбірі пайдалы". Модель құру деген зерттеу кезінде статистикада жасалатын әдіс. Ол сөздің орнына зерттеу деп те алсақ болады. Яғни, қатесіз, 100% шындықты көрсететін зерттеу жоқ, тек кейбірі пайдалы болуы мүмкін.
22👏3👍1
Поверь мне: часть времени у нас отнимают другие, часть его тратится даром, часть уходит незаметно для нас самих. И самая постыдная потеря времени та, которая происходит от нашей собственной небрежности.

Сенека
24
Ведь в том-то и есть наша ошибка, что мы смотрим на смерть только как на будущее событие.

Сенека
26
Условий богатства, по-моему, два: во-первых, иметь необходимое и, во-вторых, довольствоваться им.

Сенека
26
Сколь многие лишены не друзей, а именно дружбы!

Луцей Анней Сенека
18👏4👍1🌚1
Каждый человек привьет нам хоть частицу своих пороков: или научит им, или заразит ими. И чем больше количество людей, тем больше опасности.

Луцей Анней Сенека
22
соңғы алған кітаптарымның ішінде өзіме қатты ұнағаны – Луцей Анней Сенеканың "Нравственные письма к Луцилию" кітабы.

Бұл кітап б.з. 65 жылы дүниеден өткен Рим империясының ойшылы, стоицизм философиясының көрнекті өкілі Луцей Анней Сенекаға тиесілі.

Автор өзінің досы, әрі шәкірті Луцилий Младшийге 120-дан астам тақырыпты қамтыған хаттар жазған. Автор хаттарда шәкіртіне стоицизм пәлсапасының негізгі қағидаттарын, мораль, құндылық, адам мен қоғам арасындағы байланыс, рухани хәл жайлы өз кеңестерін жазған.

Аталған кітап стоицизм бағытының негізгі кітаптарының бірі ретінде саналады екен.

__

Стоицизм бағытының Ислам дінімен сәйкес келмейтін тұстары көп. Кітапты тек мағұлмат үшін оқуға кеңес беремін. Түртіп алар жақсы ақпараттар бар.
20
Кейде намазхан бауырларға айтқым келеді:

"Тәжуид, дәрет бабы мен намаз бабынан басқа да оқитын зат бар".)

Қайырлы түн! Сау болыңыздар!
60👍4
– араб тілін неден бастаған дұрыс, аға?
– алфавиттен...
46🌚2