Калейдоскоп☕️
2.53K subscribers
1.57K photos
71 videos
275 files
395 links
бұл дүниеге жатпын.

буржуаз-демократ.
Download Telegram
Жалпақтал. 1985 жылғы мектеп түлектерінің ауылға тартуы.

Бұл туындының ерекшелігі – тоқтаусыз Абайдың қарасөздерін айтып отыруында.

Біз келген кезде Абай атамыздың 38 қарасөзін айтып жатыр екен.

Совпадение? Не думаю)
56🌚2
ең болмағанда өз-өзімізді құттықтайық!

Әкелер күні құтты болсын)😁
40
الفوز في الدنيا كالنجاح أو المال أو غير ذلك هو فوز مُعرَّض لأن يضيع. وهو عُرضة لأن يترك الإنسان أو يتركه الإنسان، لكن فوز الآخرة هو الفوز الدائم الذي لا ينتهي.

مولانا الشعراوي رحمه الله.
19
Өзіңнің білімсіз екеніңді білу — нағыз білім.


Мүфти Әбу Әлидің (хафизаһуллаһ) дәрісінен
46
📚Усус ан-назар фи ильм аль-асар
Шейх Мужир аль-Хатиб (حفظه الله)
14
لكل وقت حال، ولكل زمان رجال...!
11
"Бір күнге адам болып кетсең не істейсің?" - деп едім.
23
жылына кемінде 2 рет іс-сапармен Алматыға бару сән болып кетті ғой😁
35🌚1
Габриел Ле Бра (1970 ж.д.о) дінге қатысты адамдарды 4 топқа бөлген:

1. "Бөтендер". Яғни, шіркеуден немесе діннен көңілі қалғандар.

2. Маусымдық конформисттер. Яғни, мейрам, мереке күндері ғана шіркеуге баратындар.

3. Тәртіпті діндарлар. Діни канондарды толық сақтауға тырысатындар.

4. Екіжүзділер немесе жауынгерлер. Яғни, олар дін атын жамылып, радикалды әрекеттерге баратындар.
25🌚3
Жақсы сөз үнсіздіктен артық.
Үнсіздік жаман сөзден артық.

Ибн Дақиқ әл-Ғид رحمه الله
39
Тәубесін шегере берген адам туралық пен даналықтан алыс болады.

Мұттақий әл-Һинди رحمه الله
30
Сенің жасаған күнә әрекетіңнің зардабы өзіңнен басқаларға да әсер етеді. Тіпті, жануарлар мен міскіндер де зиянын көреді.



وَلَوۡ يُؤَاخِذُ ٱللَّهُ ٱلنَّاسَ بِمَا كَسَبُواْ مَا تَرَكَ عَلَىٰ ظَهۡرِهَا مِن دَآبَّةٍ
Фатыр: 45

"Егер Алла адамдарды істеген күнәлары үшін бірден жазалайтын болса, онда жер бетінде бірде-бір қыбырлаған тіршілік иесін қалдырмас еді".



👤Мұттақий әл-Һинди رحمه الله
29
Құдайдан шынайы қорыққан адамның әр түні – Қадір түні, әр күні – Айт күні.

Мұттақий әл-Һинди رحمه الله
41
дәрістен алған пайда:

қазақ қоғамында 3-5-7 жастағы балаларды сүннеттеу, әрі оған "мұсылман болуың құтты болсын" деп айтуы — санасы енді қалыптасқалы жатырған балаға мұсылманшылық жауапкершілікті сіңіру".
32
Калейдоскоп☕️
дәрістен алған пайда: қазақ қоғамында 3-5-7 жастағы балаларды сүннеттеу, әрі оған "мұсылман болуың құтты болсын" деп айтуы — санасы енді қалыптасқалы жатырған балаға мұсылманшылық жауапкершілікті сіңіру".
бұл ритуалда – молданы шақырту, балаға сый беру, оны мұсылманшылығымен құттықтау, әрі ол ритуалды "сүннеттеу" деп атау, бұның бәрінде мұсылманшылық белгілер мен нышандар бар
28
Ғалымның парасаты әулиенің кереметінен артық.


Бұл сөз туралы не ойлайсыз?
25
кеше ақылды болып, әлемді өзгерткім келді.
бүгін дана болып, өзімді өзгерткім келді.
49🌚4
Құдси хадисте келген "Оның Аршысы судың бетінде" деген үзіндісіне қатысты Шейх Мұхаммад Аууама (хафизаһуллаһ): "хадисте айтылған су — біз ішіп, көріп жүрген су емес, арнайы Аршы үшін жаралған, біздің санамызға кіріп-шықпаған су", – дейді.

Өз сөзінін қуаттау үшін Хафиз Ибн Хажар әл-Асқаланидің (рахимаһуллаһ) "Фатх әл-Бари" еңбегіндегі сөзін келтірген.

Ибн Хажар (рахимаһуллаһ): "Хадисте айтылған "су" – теңіз суы емес. Бәлки, ол – Аршының астындағы, Аллаға Өзі қалағандай қылып жаратқан суы", – дейді.
43
Халық ауызында қажылыққа бара жатқан құмырсқа туралы әңгіме бар.

Бірде қажылыққа бара жатқан құмырсқаны көрген адам оған: "Мына кішкентай аяқтарыңмен қашан ол жаққа жетесің?", – дегенде, құмырсқа: "Жетпесем де, сол жолда дүниеден өтемін ғой", – деп жауап берді дейді.
58
кез келген мамалар:

– Мынау 9 мың ба? 3 мыңға бер!
37
һижри 1447 ж. басталды.

берекелі жыл болсын!
45