Калейдоскоп☕️
2.52K subscribers
1.57K photos
71 videos
276 files
396 links
бұл дүниеге жатпын.

буржуаз-демократ.
Download Telegram
Жүзіңді Алладан басқаға сәжде етуден қалай сақтасаң, жүрегіңді де Алладан басқаға байлап қоюдан солай сақта.
49
Абу Баракат ан-Насафидің "Канз әд-дақаиқ" атты фиқһ мәтініне жазылған 100-ден астам шархтар бар. Солардың ішінде ағайынды Ибн Нужеймдердің де шархы бар:

1. "әл-Бахр әр-райқ" - Зейн әд-дин Ибн Нужейм (970 һ.). Аталған шарх ханафи мәзһабында маңызды еңбектердің қатарына жатады. Ибн Абидин өзінің әйгілі "Хашиясында" осы кітапқа көп жүгінген.

2. "ән-Нахр әл-файқ" - Омар Ибн Нужейм (1005 һ.). Бұл түсіндірмеде Омар Ибн Нужейм өзінің ағасы, әрі ұстазы Зейн әд-диннің кейбір пікірлеріне қарсы өзінің ұстанымдарын келтіріп отырған.

(Алла аты аталған ғалымдарды өз рақымына бөлесін)
27
Мұсылманның әлеуметтік желідегі әдебі

Бүгінгі күні әлеуметтік желі – әр адамның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Біз онда ой бөлісеміз, жаңалықтарды қадағалаймыз, байланыс орнатамыз, білім аламыз. Алайда мұсылман үшін тек желіде болу емес, ондағы өзін-өзі ұстауы да аса маңызды. Себебі әрбір сөз, лайк пен бөлісудің де салдары болуы мүмкін.

1. Ниет – бәрі содан басталады
Әрбір әрекет ниетке байланысты. Жазба жариялар алдында өзіңізге: «Мен мұны не үшін істеп жатырмын?» – деген сұрақ қойыңыз. Пайдалы болу үшін бе, еске салу үшін бе, әлде адамдардың мақтауын күтесіз бе?

2. Ұят пен ұқыптылық
Алла мұсылман ерлер мен әйелдерге көздерін төмен салып, ар-намыстарын сақтауын бұйырды. Әлеуметтік желі бұл қағидалардан тысқары емес. Ашық-шашық суреттер, билеу, артық сән-салтанат көрсету, жеке өмірді тым көп жариялау – мұның бәрі иманмен байланысты ұятты әлсіретеді.

3. Сөзге сақ болу

Жазбалар мен пікірлерде ғайбат, кекету, қорлау, өсек айту – тыйым салынған. Бір ашумен жазылған пікір біреудің көңілін құлатуы немесе тағдырын бұзуы мүмкін. «Жақсылық айт немесе үндеме» деген хадисті естен шығармаңыз.

4. Жалған ақпарат таратпау
Расталмаған жаңалықтарды, қауесет пен арандатушы мазмұнды таратпаңыз. Бұл арқылы сіз қорқыныш, дау-дамай немесе бүлік таратуыңыз мүмкін.

5. Әсер ету жауапкершілігі
Әр адамның кем дегенде бір көрермені бар. 100 жазылушыңыз болса да, сіз олар үшін үлгісіз. Егер біреу сіз арқылы жақсы іске ынталанса – сізге сауап, теріс жолға түссе – сіз де жауаптысыз. Әлеуметтік желі – аманат.

6. Жақсылықты үлгі ету
Қанша адам Исламды әлеуметтік желі арқылы танып, иманға келген? Әдемі аят, жүректен шыққан кеңес, пайдалы жазба, мейірімді бейне – бұлардың барлығы сізге садақа-джария бола алады.

7. Уақытша үзіліс жасау
Кейде «сандық и‘тикаф» жасау – яғни желіден уақытша алыстап, жүректі тазартып, Алламен байланысты нығайту пайдалы. Бұл – Пайғамбарымыздың ﷺ сүннеті.

Қорытынды:
Әлеуметтік желі – құрал ғана. Ол сізді Алланың разылығына жақындатуы да, күнәға батыруы да мүмкін. Бәрі – оны қалай қолданғаныңызға байланысты. Алла Тағала баршамызды нұр, ілім және ізгілік таратушылардан етсін.
28
қандай кітап оқып жатсыңдар? (әдеби, діни, ғылыми, т.б)

мысалы, мен әлем әдебиетінен В.Гюгоның "Человек, который смеется" деген кітабын бастадым.
29
пост ұрлағанға қол кесілетін болса, біраз адам қолсыз жүрейін деп тұр ғой😁

Олжас ұстаздың пікірінен кейін келген ой еді. осында жазып қойып жатқаным баяғы)
34🌚5
кеше БҚО, Бөрлі ауданы мешітінде 21:45–00:45 аралығында (шам және құптан намаздарынан кейін) ақида ілімінен "Умм әл-бараһин" мәтінін оқып және кішігірім уағыз-насихат айтқан едік.

аталмыш шараны ұйымдастыруға себеп болған Бөрлі мешітінің басшылығына алғыс айтамын.

ұстаз болуға лайықты болмасақ та, бізді арнайы шақыртып, дәріс оқуға мүмкіндік беріп жатыр.

жамағаттың да дәріске қатысуын, түн ортасы болса да, соңына дейін отырып тыңдауын Алла сауаптан жазсын, Алла осы жамағаттың ілімін арттырып, берекет берсін.

дәріс соңында бір ағамыз келіп: "Ойым шашырап, ниетім бұзылып жүр еді, Құдай Өзі мені осы жерге айдап әкепті, айтқандарыңыз жүрекке дәл тиді" - деп, өз алғысын білдірді.

الحمد لله❤️
36
Калейдоскоп☕️
кеше БҚО, Бөрлі ауданы мешітінде 21:45–00:45 аралығында (шам және құптан намаздарынан кейін) ақида ілімінен "Умм әл-бараһин" мәтінін оқып және кішігірім уағыз-насихат айтқан едік. аталмыш шараны ұйымдастыруға себеп болған Бөрлі мешітінің басшылығына алғыс…
жалпы, бұл мешітке арнайы шақыртумен үшінші рет келуім.

алғаш келгенде Имам Ағзамның (рахимаһуллаһ) "әл-Уасия" мәтінін оқыдық.

екінші келгенде "Ақида іліміне кіріспе" атты арнайы әзірленген дәріс оқыдық.

үшіншісі – осы кездесу.
26
Forwarded from Suleiman Sukhorukov
Только на Тахзиб аль-Мантык имама ат-Тафтазани есть 56 шархов включая современные
7
Forwarded from Suleiman Sukhorukov
Если практикующему мусульманину все еще делают «даават» — то это явный признак сектантского мышления.
8
Имамдарға, ұстаздарға, теологтарға, исламтанушыларға Абу Али ұстаздың (хафизаһуллаһ) уаһһабилерге өткен "Ақида ат-Тахауия" дәрісін тыңдау керек. Пайдасы көп
22
"Тафуид аль-ма`ани" ұстанымында әл-уарағ пен тақуалық бар.

Муфти Абу Али (хафизаһуллаһ)
🌚87
ақпарат — кофе ұнтағы
сенің ақылың — фильтр қағазы
сенің жүрегің — ыдыс

қалай былай тәмсіл?)
29
Сөйлеушіні сипаттайтын сөзі болса, ғалымды сипаттайтын – оның кітабы.

#кітаптан
24
арнадағылар кіріп-шыға бергенде:

"біреулер келер, біреулер кетер...")
19🌚3
Ұстазым (حفظها الله) айтқандай:

"Жансұлтан, 27-30 жасқа дейін көлеңкеде отырып, өзгелердің жұмысын жасап беріп, сол арқылы тәжірибе жина. Сосын барып өзіңе жұмыс істе!".

Ойлап қарасам, осы уақытқа дейін 40-қа жуық кітап, ғылыми жұмыс секілді нәрселерге көмектесіп келіппін.

Нақтырақ айтқанда, аудармашылық жағынан, ақпарат іздеу, тың мәлімет табу, редакторлық жұмыс, діни мәтіндерін тексеру секілді жұмыстар атқарғам.

Бірақ, бұларды арнайы жарнамалап жасамаппын. Көбісі біреуден естіп, біреудің ұсынғанымен мені тауып алады. Солай жасап жүре береміз.

Қашанға дейін осылай жүрер екем???
29
Имам Каусари занимался возрождением пророческой Сунны, раскрывая скрытые в недрах истории её книги, разъясняя методы её передатчиков и представляя людям в написанных им трактатах и книгах Сунну Пророка ﷺ: его слова, действия и одобрения. Затем он посвятил себя изучению трудов ранних учёных, которые поддерживали Сунну и должным образом заботились о ней, и публиковал их книги, в которых были записаны их усилия по возрождению Сунны, когда сердца были напоены любовью к религии, а души не были запятнаны порчей, и когда учёные не отвлекались от вечной жизни мирской и не находились в свите правителей.

Мухаммад Абу Захра (рахимахулла)
9
маған бүгіндікке осылай жазып жатқан екінші адам.

если че, хабарласыңдар)
27
4🌚3