Мұсылмандар үшін жақсылық қаламаған адамнан еш қайыр болмайды!
Шейх Мұхаммад Аууама (хафизаһуллаһ)
Шейх Мұхаммад Аууама (хафизаһуллаһ)
❤34
«Егер әйел күйеуінің төсегінен бойын аулақ салып, түнді одан теріс айналып өткізсе, періштелер оны таң атқанға дейін лағынеттейді».
📜Сахих әл-Бұхари; Сахих Мүслим.
❤25
Күйеуінің разылығын тауып дүниеден өткен әйел жұмаққа кіреді.
📜Сунан Ибн Мажа; әл-Мустадрак.
❤24🌚1
Адам баласының негізгі сипаты - Құдайға құл болу сипаты. Ол сипаттың кемелі - Құдайдың разылығы мен кеңшілігіне қол жеткізіп, бақытқа кенелу үшін құл болуды толықтай шарықтауына жеткізу.
Шейх Мұхаммад Аууама (хафизаһуллаһ)
Шейх Мұхаммад Аууама (хафизаһуллаһ)
❤39
Кімде-кім өзін өзгелерден ұлық санап, өз жанын білім, амал немесе тақуалық тұрғысынан өзгелерден жоғары қойса, онда ол адамдардың ішіндегі ең төмені, пәсі болғаны.
Шейх Мұхаммад Аууама (хафизаһуллаһ)
Шейх Мұхаммад Аууама (хафизаһуллаһ)
❤50
Кейбір адамдар ислам дінін есейген шағында қабылдайды. Мұндай кезде олардың балалары, әсіресе жасөспірім немесе ересек болса, ата-анасының діни жолға түсуін түсінуі қиын болуы мүмкін. Тіпті мұсылман отбасында өскен балалар да сыртқы орта әсерінен діннен алшақтауы ықтимал. Сондықтан ата-ананың міндеті — баланы дұрыс тәрбиелеу.
1. Жақсы орта табу:
Өзіңіз үшін діни білім беретін, ізгі адамдар жиналатын ортаны таңдаңыз. Дінге үйренуді біртіндеп бастаңыз, бірақ шектен шықпаңыз — исламды балаларыңызға күшпен үйретпеңіз.
2. Үлгі болу:
Көп сөйлегеннен гөрі, өз әрекетіңіз арқылы исламның көркемдігін көрсетіңіз. Балаларыңызға мейірімді, сабырлы болыңыз.
3. Исламның пайдаларын түсіндіру:
Балаларға діннің тек ережелер жиынтығы емес, өмірге мән беретін күш екенін көрсетіңіз. Пайғамбарлар мен ізгі адамдар жайлы әңгімелер айтып беріңіз.
4. Исламды ұстанатын құрдастармен таныстыру:
Олардан жақсы мінез, ата-ананы сыйлау және дінді ұстануды үйрене алады.
5. Араб тіліне үйрету:
Қасиетті Құранды түсіну үшін араб тілін үйренуге көмектесіңіз.
6. Үйде Құран тыңдау:
Көркем дауысқа жазылған Құран оқылымын тыңдату – баланың жүрегіне иман дәнін себуі мүмкін.
7. Исламдық мультфильмдер көрсету:
Мұсылман құндылықтарын қамтитын мультфильмдер арқылы баланың санасына дұрыс түсінік беру.
8. Жас ерекшелігіне сай мұсылман сайттарды таныстыру:
Интернетті қадағалап, пайдалы сайттармен таныстырыңыз.
9. Дінді қарапайым тілмен түсіндіру:
Баланың жасына сай Алланың бірлігі, көруші, естуші екені жайлы түсіндіріңіз.
10. Аллаға дұға ету:
Балаларыңыз үшін дұға етіңіз. Бұл — бала тәрбиесінде ең үлкен күштердің бірі.
Алла Тағала балаларымызды тура жолға салсын.

❤30
Если мы не позволим новому поколению читать и узнавать свою историю, то только мы будем способствовать их деградации.
Джордж Салиба
Джордж Салиба
❤18
Завоевание сердец и разума — гораздо хуже завоевания земель, и от него сложнее избавиться по сравнению с колонизацией городов.
Шейхуль Ислам Мустафа Сабри (рахимаһуллаһ)

❤16
«Бешти зевар» (что переводится как «Райские узоры») – это восьмитомный труд по фикху, составленный мавляной Ашрафом Али Танви (да помилует его Аллах), специально для обучения девочек и женщин.
В этой книге подробно разъясняются пять столпов Ислама и другие, менее очевидные, шариатские принципы. Книга «Райские узоры» уже многие годы остается одной из любимых книг в Индо-Пакистане.
В среде мусульман, относящих себя к ханафитам и деобанди, принято дарить «Бешти зевар» невесте. Смысл этого действия заключается в том, что женщина входит в новую роль – жены и будущей матери – и поэтому должна хорошо изучить основы нашей религии и исламские традиции.
(Ақпарат Azan.ru порталынан алынды)

❤17
Бірде Шейх Әдһам әл-Ғасимиден (хафизаһуллаһ) "Бүгінде "Шейх әл-Ислам" деп кімді айта аламыз?", - деп сұрапты.
Сонда Шейх Әдһам (хафизаһуллаһ):
Сонда Шейх Әдһам (хафизаһуллаһ):
"Бұл күннің "Шейх әл-Ислам" ғалымы — Әбу Ханифа, әш-Шафиғи сынды (рахимаһуллаһ) өткен ұлы ғұламалардың сөздерін дұрыс түсіне алған адам", – деп жауап беріпті.
❤25
Жүзіңді Алладан басқаға сәжде етуден қалай сақтасаң, жүрегіңді де Алладан басқаға байлап қоюдан солай сақта.
❤49
Абу Баракат ан-Насафидің "Канз әд-дақаиқ" атты фиқһ мәтініне жазылған 100-ден астам шархтар бар. Солардың ішінде ағайынды Ибн Нужеймдердің де шархы бар:
1. "әл-Бахр әр-райқ" - Зейн әд-дин Ибн Нужейм (970 һ.). Аталған шарх ханафи мәзһабында маңызды еңбектердің қатарына жатады. Ибн Абидин өзінің әйгілі "Хашиясында" осы кітапқа көп жүгінген.
2. "ән-Нахр әл-файқ" - Омар Ибн Нужейм (1005 һ.). Бұл түсіндірмеде Омар Ибн Нужейм өзінің ағасы, әрі ұстазы Зейн әд-диннің кейбір пікірлеріне қарсы өзінің ұстанымдарын келтіріп отырған.
(Алла аты аталған ғалымдарды өз рақымына бөлесін)

❤27
Мұсылманның әлеуметтік желідегі әдебі
Бүгінгі күні әлеуметтік желі – әр адамның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Біз онда ой бөлісеміз, жаңалықтарды қадағалаймыз, байланыс орнатамыз, білім аламыз. Алайда мұсылман үшін тек желіде болу емес, ондағы өзін-өзі ұстауы да аса маңызды. Себебі әрбір сөз, лайк пен бөлісудің де салдары болуы мүмкін.
1. Ниет – бәрі содан басталады
Әрбір әрекет ниетке байланысты. Жазба жариялар алдында өзіңізге: «Мен мұны не үшін істеп жатырмын?» – деген сұрақ қойыңыз. Пайдалы болу үшін бе, еске салу үшін бе, әлде адамдардың мақтауын күтесіз бе?
2. Ұят пен ұқыптылық
Алла мұсылман ерлер мен әйелдерге көздерін төмен салып, ар-намыстарын сақтауын бұйырды. Әлеуметтік желі бұл қағидалардан тысқары емес. Ашық-шашық суреттер, билеу, артық сән-салтанат көрсету, жеке өмірді тым көп жариялау – мұның бәрі иманмен байланысты ұятты әлсіретеді.
3. Сөзге сақ болу
Жазбалар мен пікірлерде ғайбат, кекету, қорлау, өсек айту – тыйым салынған. Бір ашумен жазылған пікір біреудің көңілін құлатуы немесе тағдырын бұзуы мүмкін. «Жақсылық айт немесе үндеме» деген хадисті естен шығармаңыз.
4. Жалған ақпарат таратпау
Расталмаған жаңалықтарды, қауесет пен арандатушы мазмұнды таратпаңыз. Бұл арқылы сіз қорқыныш, дау-дамай немесе бүлік таратуыңыз мүмкін.
5. Әсер ету жауапкершілігі
Әр адамның кем дегенде бір көрермені бар. 100 жазылушыңыз болса да, сіз олар үшін үлгісіз. Егер біреу сіз арқылы жақсы іске ынталанса – сізге сауап, теріс жолға түссе – сіз де жауаптысыз. Әлеуметтік желі – аманат.
6. Жақсылықты үлгі ету
Қанша адам Исламды әлеуметтік желі арқылы танып, иманға келген? Әдемі аят, жүректен шыққан кеңес, пайдалы жазба, мейірімді бейне – бұлардың барлығы сізге садақа-джария бола алады.
7. Уақытша үзіліс жасау
Кейде «сандық и‘тикаф» жасау – яғни желіден уақытша алыстап, жүректі тазартып, Алламен байланысты нығайту пайдалы. Бұл – Пайғамбарымыздың ﷺ сүннеті.
Қорытынды:
Әлеуметтік желі – құрал ғана. Ол сізді Алланың разылығына жақындатуы да, күнәға батыруы да мүмкін. Бәрі – оны қалай қолданғаныңызға байланысты. Алла Тағала баршамызды нұр, ілім және ізгілік таратушылардан етсін.

❤28
қандай кітап оқып жатсыңдар? (әдеби, діни, ғылыми, т.б)
мысалы, мен әлем әдебиетінен В.Гюгоның "Человек, который смеется" деген кітабын бастадым.

❤29
пост ұрлағанға қол кесілетін болса, біраз адам қолсыз жүрейін деп тұр ғой😁
Олжас ұстаздың пікірінен кейін келген ой еді. осында жазып қойып жатқаным баяғы)

❤34🌚5
кеше БҚО, Бөрлі ауданы мешітінде 21:45–00:45 аралығында (шам және құптан намаздарынан кейін) ақида ілімінен "Умм әл-бараһин" мәтінін оқып және кішігірім уағыз-насихат айтқан едік.
аталмыш шараны ұйымдастыруға себеп болған Бөрлі мешітінің басшылығына алғыс айтамын.
ұстаз болуға лайықты болмасақ та, бізді арнайы шақыртып, дәріс оқуға мүмкіндік беріп жатыр.
жамағаттың да дәріске қатысуын, түн ортасы болса да, соңына дейін отырып тыңдауын Алла сауаптан жазсын, Алла осы жамағаттың ілімін арттырып, берекет берсін.
дәріс соңында бір ағамыз келіп: "Ойым шашырап, ниетім бұзылып жүр еді, Құдай Өзі мені осы жерге айдап әкепті, айтқандарыңыз жүрекке дәл тиді" - деп, өз алғысын білдірді.
الحمد لله❤️

❤36
Калейдоскоп☕️
кеше БҚО, Бөрлі ауданы мешітінде 21:45–00:45 аралығында (шам және құптан намаздарынан кейін) ақида ілімінен "Умм әл-бараһин" мәтінін оқып және кішігірім уағыз-насихат айтқан едік. аталмыш шараны ұйымдастыруға себеп болған Бөрлі мешітінің басшылығына алғыс…
жалпы, бұл мешітке арнайы шақыртумен үшінші рет келуім.
алғаш келгенде Имам Ағзамның (рахимаһуллаһ) "әл-Уасия" мәтінін оқыдық.
екінші келгенде "Ақида іліміне кіріспе" атты арнайы әзірленген дәріс оқыдық.
үшіншісі – осы кездесу.

❤26