Калейдоскоп☕️
العصيدة_السماوية_١_المفتي_رضاء_الحق.pdf
Тахауи ақидасына заманымызда жазылған ауқымды түсіндірмелердің бірі.
Авторы — ОАР Даруль-ильм Закария ілім ордасының директоры Мүфти Рида әл-Хақ.

❤17👍7
Forwarded from Данияр Кенжеұлы (екінші парақша) (Данияр Кенжеұлы)
Қазіргі қоғамның беті
Көркем мінез жайлы сөз айтатындардың көбі бастарынан бір сөз асыра алмайды✅
Тақуалық жайлы сөз айтатындардың көбі сүннет намаздарын үзірсіз оқымай қоя салады✅
Дүниеге қызықпаңдар деп уағыз айтатындардың көбі ақша үшін өз әріптесін жұмыстан кетіруге дайын✅
Тоқал жайлы сөз айтатындардың көбінде бір ғана әйел✅
Білім алу парыз дейтіндердің көбі әрбір мұсылман білуі тиіс (ғилмул хәл) болған ілімнің өзін білмейді✅

👍35❤16🤯2
ҚР Қылмыстық Кодексi
174-бап.
Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру
1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса, – екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
➖➖➖
Ғаламторда Ислам діні туралы аузына келгенді оттайтындарға қатысты)
Тек ғаламтор емес, көшеде де хиджаб туралы балағат сөздер айтатындар болса, осы баптың аясында қаралады.
Былайша айтқанда, діни сезімді қорлау заң аясында қараластырылуы тиіс.

❤52👍14💯9
Алланы еске алмайтын бос сөздерді азайтыңдар. Себебі, Алла еске алынбаған, зікір етілмеген бос сөз жүректі қатайтады. Әрі адамдардың арасында Алладан ең алысы — жүрегі қатты адам.
Сахаба Абдулла ибн Омар رضي الله عنه
Сахаба Абдулла ибн Омар رضي الله عنه
❤90👍15🔥4🤯4👏2👀1
Имам Әбу Ханифаның (رحمه الله) сеніміне қарсы келетін сенім — адасу.
Имам Зәһид әл-Кәусари (رحمه الله)
Имам Зәһид әл-Кәусари (رحمه الله)
👍48❤16👀2
Кейде уағызда "Пәленше ғалым не деген?" деп айтып жатады ғой. Сонда ішімнен "тәжуидін білмейтін жамағат ғалым түгіл ғалымның не айтқанын қайдан білсін" деп ойлап қоямын...
👍35🤣16😁7❤5🌚4👀4
نصيبك في حياتك من حبيب
نصيبك في منامك من خيال
Шейх Саид Камалидің (حفظه الله) дәрісінен

😍23❤7👍5
Калейдоскоп☕️
نصيبك في حياتك من حبيب نصيبك في منامك من خيال Шейх Саид Камалидің (حفظه الله) дәрісінен
Қысқаша айтқанда, бұл дүниедегі біреуге деген махаббатың, жақсы көруін құдды түсіңдегі сағым, елес секілді.
Бұл дүниеде бауырыңды, досыңды, жұбайыңды жақсы көресің. Оларға деген махаббат болады. Бірақ, ол махаббат түс секілді. Түсіңде қаншама ғажап нәрселерді көргеніңмен, оянған сәтте ол түстің ақиқат еместігін білесің.

👍50❤26
📜Мемлекет және дін арақатынасы: Қазақстандық модель
👤Бауыржан Есмахан, Мұхан Исахан.
Ұстаз Олжас Бейсенәлі айтқандай, бұл кітапты әр дін маманы (теолог, имам) оқу керек.
Себебі бұл кітапта ҚР-ның діни ұстанымы, зайырлылық түсінік, зайырлылықтың Қазақстандық нұсқасы, діни заңнамалардың өзгеру кезеңдері, мемлекеттің тәуелсіздік алған уақытта діни сенім бостандығына қатысты жіберген қателіктері мен оны түзету жолдары туралы нақты ақпараттар бар.

❤27👍15
Тәуелсіз Қазақстанда ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Мұсылман қауымдастықтарының саны тез өсті.
Егер 1991 жылы олардың саны 68 болса, 2000-шы жылдардың басында олпрдың саны 1652-ге жетті, ал 2011 жылы 2756 болды.
📜Мемлекет және дін арақатынасы: Қазақстандық модель; 84 бет

👍20❤8🔥2🥰2
😁36❤5👍4🤣1
Калейдоскоп☕️
"Атака титанов" деген аниме бар. Бірақ... Неге "Әжека титанов" жоқ? #түнгігон
арнаға жаңадан тіркелген сүтқоректілер, қосаяқтылар және адамдар, мен анда-санда осылай "прикол" жазып, гон ұстап қалатыным бар. сондықтан ренжімессіздер.)
🤣41😁7👍6🤯4💘2
قال أحدهم عند حضور حكيم الأمة التهانوي: "لو كان الإسلام باطلا لم يكن الإمام الغزالي مسلما" فهو قال: "أنا أقول أيضا: لو كان المذهب الحنفي(الماتريدي) باطلا لما تبعه مولانا الشاه أنور الكشميري".
ملفوظات فقيه الأمة محمود حسن الكنكوهي
➖➖➖
Үмметтің данасы атанған әт-Таһанауидың мәжілісінде бір адам былай депті:
"Егер Ислам діні жалған болса, Имам әл-Ғазали (رحمه الله) мұсылман болмаушы еді".
Сол кезде Имам әт-Таһанауи (رحمه الله) айтты:
"Егер Ханафи (Матуриди) мәзһабы жалған болса Әнуар Шаһ әл-Кәшмири (رحمه الله) бұл мәзһабқа ермес еді".
[Махмуд Хасан әл-Гангохидің "Малфузатынан"]
[мұрағаттан]

❤48👍18
Бүгінгі таңда әлемдік саясатта әртүрлі антиисламдық ойындардың сызбасы жасалынып, дін құндылықтары көрер көзге құрбандыққа шалынып жатады. Нағында, қолдан көпе-көрнеу исламфобия жасау ХVIII-ХІХ ғасырлардағы вестернизация дәуірінде үдей түсті. Қазіргі күні де алпауыт күштердің мұсылмандарды абыройынан айыру үшін қасақана исламды қаралайтын түрлі айла-шарғымен қарақұйын пәлекеттер ұйымдастыратыны ешкімге жасырын емес. Өз басым еліміздегі исламға қарсы тәңіршілдерді де сондай саяси жобалардың бірі деп қабылдаймын.
Әсілі, алғаш рет Ресей патшалығы ХІХ ғасырда Сібір мен Қазақстанды рухани отарлау кезінде мұсылмандыққа тәңіршілдікті қарсы қойып көрді. Ресей Сібір халықтарына қарсы Д. Банзаровты, қазақтарға қарсы Ш. Уалихановты пайдаланды. Ш. Уалиханов «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты шығармасында біржақты исламды сынға алып, есесіне бақсылықты тірілтуге мән берді. Оның бұл тұжырымын кейін шоқындыру саясатын жүргізген И. Илминский, А. Алектров, Н. Остроумов секілді миссионерлер өз мақсаттарына ұтымды пайдалануға тырысты.
Ал, қазіргі тәңіршілдердің бет алысына қарап, оларды бірнеше санатқа бөлуге болады.
Бірінші тобы, ХІХ ғасырдағы Ресей ориентализмінің жымысқы саясатын ұқпай, сол дәуірде жазылған шығыстанушылардың тезистерін ақиқат санап, онымен қаруланып, исламға қарсы шығуда. Олар жалаң ұлтшылдыққа беріліп, ислам дінін тек арабқа теліп, қазақ халқының исламға дейінгі өзінің байырғы сеніміне оралу керектігін айтуда.
Екінші тобын кешегі Кеңес үкіметінің номенклатурасы құрайды. Олардың көпшілігі атеизммен уланғандар. Ислам құндылықтарын ұстану нәпсісіне ауыр тигендіктен, ештеңені талғамай емін-еркін жүріп тұруы үшін олар өздерінің қиялынан тәңіршілдік сенімін жасап алып, сонымен өмір сүргісі келеді.
Үшінші бір тобы, ислам атын жамылған әл-Каида, Талибан, Хизбут-Тахрир, ДАИШ, ән-Нусра, Тәкфир әл-Хижра секілді террористік ұйымдардың лаңкестік іс-әрекеттеріне наразылық танытамын деп білместіктен Хақ дінге қарсы келуде.
Мұқан Исахан

👍28❤5
Халықтың кейбір бөлігі қателесіп, зайырлылықты атеизм деп қабылдауда.
"ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясат 2017-2020"

❤35👍10