Калейдоскоп☕️
2.52K subscribers
1.57K photos
71 videos
275 files
395 links
бұл дүниеге жатпын.

буржуаз-демократ.
Download Telegram
Калейдоскоп☕️
الاختلافات_الأصولية_بين_مدرستي_العراق_وسمرقند.pdf
"Ирақ және Самарқанд медреселерінің арасындағы усули айырмашылық және оның Ханафи фиқһ усуліне әсері" атты зерттеу жұмысы.
🔥14👍5
мына заттың қазақша атауы "бетбелгі" екен)

қысқасы, кітаптың ортасына салатын нәрсені "бетбелгі" деп атайтынын бүгін білдім.

ақырындап мәңгүрттігімнен айырылып келемін. шүкір)
42👍22😁13
Бірде ғұлама Наср ат-Туси туралы (رحمه الله) бір адам "Ит болған иттің баласы" деп жазыпты.

Сөйтіп, ғалым әлгі жазбаға өз жауабын беріпті:

"Оның "ит болған иттің баласы" деген сөзі дұрыс емес. Себебі, ит — төрт аяқты. Ол үреді. Тырнақтары ұзын. Ал, мен — қос аяқтымын. Тұла бойыммен тік тұра аламын. Адам секілді денем бар. Тырнақтарым қысқа. Сөйлеймін, күлемін. Мен бойымдағы қасиеттер иттің бойындағы қасиеттерге сәйкес келмейді".¹

Бұл нені білдіреді?

Бұл — шынайы ғалымның жұмсақтығы, өз эмоциясын басқара алуы.

Қазақта бұны "таспен атқанды аспен ат" дейді.

____

¹. әл-Уәфи биль уәфият (1/149)
39👍20
Ғұлама Ибн әл-Жәузи мен замандасы Абдулмуғис әл-Харбидің арасында ғылыми пікірталас болған.

Бұл пікірталас бірнеше жылдарға созылған. Сөйте тұра Ибн әл-Жәузи шынайы ғұламаға тән іс-әрекет жасаған.

Бұған қатысты Ибн Ражаб әл-Ханбали Ибн әс-Сайрафидің сөзін келтіреді:

"Ұстазымыз Мұхиб әд-Дин Әбу әл-Бақо былай дейді:

"Ғалым Жамал әд-Дин Ибн әл-Жәузи: "Мен Алла Тағаладан жұмақта мені Абдулмуғиспен қауыштыруын тілеймін", – деп айтатын".
¹

_

¹. Зәйл әт-табақат әл-ханабиля (2/351)
👍307🔥3
құл болмаған күлге айналады.

#пікір
👍229
Арнаға қатысты сұрақтарыңыз болса, сілтеме арқылы өтіп, анонимді түрде қойсаңыз болады.

http://t.me/anonaskbot?start=795713500
👍103
Бақытқа білім мен зайырлы¹ ағартушылық жол арқылы ғана жетуге болады.

Эпикур (б.з.д. 342–270)

__

¹ Зайырлы — білгір, білімдар. Зайыр — анық, айқын, ашық.



Эпикурмен келісесіз бе?
🔥184👍3
Шейх Махфуз ибн Махмұт ән-Нисабури (رحمه الله) [һ.303] былай дейді:

"Адамдарды өз таразыңмен таразылама. Өзіңді мүміндердің таразысымен таразыла. Сол кезде олардың артықшылығы мен өзіңнің кемшіліктеріңді байқайсың".

📜Тариқ әл-ильм...ахлақ әл-ильм, 73 бет
39👍10🔥2
Бұны оқимын деп жүргеніме бірнеше уақыт болды. Енді қолыма тиді.

Басын бастап қойдым. Әзірге қызық болып жатыр.
24👍10🥰2🔥1
Forwarded from dapterone
Діни блог һәм продюсерлік орталық

Елімізде сапалы видеоконтент ұсынатын діндар блогерлер, мемлекеттік қызметтен тыс жас ұстаздар мен қарымды қаламгерлер қарасы көбейді. Құдайға шүкір дейміз. Дегенмен оларға жүйелі түрде жағдай жасап беретін «продюсерлік орталықтар» аса қажет деп ойлаймын.

Дұрыс идеология тарататын инфлюэнсерлер шынымен де көп. Бірақ олардың басым бөлігі күнкөріс қамымен басқа істерге көңіл бөлуге мұқтаж болып отыр. Сол үшін ең болмағанда ай сайын тұрақты түрде минималды жалақы беріп отыратын продюсерлер керек-ақ.

Ол үшін продюсер адал кәсіппен айналысушы тұлғалармен келісе отырып, тауарларына жарнама жасау, қызметкерлеріне діни консультация беру опциясын қарастыру керек. Өзара діни контент жүргізетін коммъюнити құруға да тырысу қажет. Белгілі бір уақытта бәрінің басын қосып, семинарлар өткізу, танымдық ақпараттар беріп отыру деген секілді істерді неге жасамасқа? Соны жасау керек…
👍253💯1
Калейдоскоп☕️ pinned «Арнаға қатысты сұрақтарыңыз болса, сілтеме арқылы өтіп, анонимді түрде қойсаңыз болады. http://t.me/anonaskbot?start=795713500»
Қаңтар айы басталғалы 4 кітап, 2 ғылыми зерттеу, 5 ғылыми мақала оқыдым.

Жылдың басы жақсы басталды. Енді тек тұрақтылық керек.

(әр ғылыми зерттеу кемі 150 бет)
👍4810👏10🤯8🔥1😁1
КЛЕРИКАЛДЫ МЕМЛЕКЕТ

Бұл тұрпатта мемлекет дінді басқарады һәм белгілі-бір дінге қолдау көрсетеді. Бұл жүйеде мемлекет халықтың басым көпшілігі нанатын дінге қолдау көрсетіп, бір дінге құқықтық тұрғыдан артықшылық беріп, бұл дінге қайшы келетін өзге сенімдердің насихатталуына жол бермейді. Төл тарихымыздағы «Жеті жарғы» заңында ислам дініне ресми қолдау білдіріп, өзге діндерге өткендерді ру мүшесі мәртебесінен айыру жазасы болған. Бұл хандық дәуірде біздің еліміздің осы клерикальді сипатты ұстанғанын көрсетеді.

📜Мемлекет және дін арақатынасы: Қазақстандық модель; 29-30 бет
👍333🤯2😁1💯1
"ЗАЙЫРЛЫ" СӨЗІ

Бүгінгі күні біз қолданып жүрген "зайырлы" термині орыс тіліндегі "светский" сөзінің аудармасы болып табылады. Бұл сөз араб тіліндегі "әз-зәһир" сөзінен шығады. "Зайырлы" сөзі біздің тілімізде "анық", "көрнекі", "белгілі" деген мағыналарды білдіреді.

📜Мемлекет және дін арақатынасы: Қазақстандық модель; 38 бет
25👍13👏4
Жұма мүбарак болсын!
67👍4
Калейдоскоп☕️
العصيدة_السماوية_١_المفتي_رضاء_الحق.pdf
Тахауи ақидасына заманымызда жазылған ауқымды түсіндірмелердің бірі.

Авторы — ОАР Даруль-ильм Закария ілім ордасының директоры Мүфти Рида әл-Хақ.
17👍7
Forwarded from Данияр Кенжеұлы (екінші парақша) (Данияр Кенжеұлы)
Қазіргі қоғамның беті

Көркем мінез жайлы сөз айтатындардың көбі бастарынан бір сөз асыра алмайды

Тақуалық жайлы сөз айтатындардың көбі сүннет намаздарын үзірсіз оқымай қоя салады

Дүниеге қызықпаңдар деп уағыз айтатындардың көбі ақша үшін өз әріптесін жұмыстан кетіруге дайын

Тоқал жайлы сөз айтатындардың көбінде бір ғана әйел

Білім алу парыз дейтіндердің көбі әрбір мұсылман білуі тиіс (ғилмул хәл) болған ілімнің өзін білмейді
👍3516🤯2
автобуста жарым адам сияқты күліп отырмын. себебі мына жазбаны оқыдым😂
😁19🤣17👀84👍1
ҚР Қылмыстық Кодексi
174-бап.

Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру

1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса, – екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



Ғаламторда Ислам діні туралы аузына келгенді оттайтындарға қатысты)

Тек ғаламтор емес, көшеде де хиджаб туралы балағат сөздер айтатындар болса, осы баптың аясында қаралады.

Былайша айтқанда, діни сезімді қорлау заң аясында қараластырылуы тиіс.
52👍14💯9