Калейдоскоп☕️
2.52K subscribers
1.57K photos
71 videos
275 files
395 links
бұл дүниеге жатпын.

буржуаз-демократ.
Download Telegram
Осы телеграмның алгоритмы қалай жұмыс жасайды? Арнада белсенділік көрсетіп, жазбалар шығарып жатсаң, оқырмандар саны азайып жатыр. Ал, дым жазбай, жазсаң да, жай әңгіме жазсаң, оқырмандар саны күрт көтеріліп кетеді. Неге екен?

Кеше жұбайым "оқырман саны екі мыңға толса, сыйлық сыйлаймын" деп еді. Соған неғылып жатқаным ғой, баяғы)))
36👍10👏5😁3
2024-те 2024 оқырман деп қоясың ғой, жаңағы)))
👍33😁231
https://youtube.com/playlist?list=PLWA9mQ1O5nGV-ql_22avCq3GQfrfibN5j&si=vWiaZlCvZCri5XVg

Шейх Ахмад ад-Даманһуридің (حفظه الله) Матуриди ақидасына қатысты дәрістері
👍16🔥2
https://youtube.com/playlist?list=PLWA9mQ1O5nGXGDSBTXMSw_C36V9jDHmvU&si=N04EDKqrjLu9w97E

Шейх Ахмад ад-Даманһуридің (حفظه الله) "Мадхаду илә әл-мәзһаб әл-матуридия" дәрістер топтамасы
👍18🔥1
Арнамызда оқырман саны 2К-нан асып кетті.

Жаңадан қосылған оқырмандарға өзімді қысқаша таныстырып кетейін:

1. Аты-жөнім — Жансұлтан Талғатұлы. 2001 жылғымын.
2. Үйленгенмін. Балам бар.
3. "Нұр-Мүбарак" ЕИМУ түлегімін (2018-22). Исламтанушымын.
4. Орал қаласында тұрамын, әрі сол жерде жұмыс істеймін.
5. БҚО ДІБ Дін мәселелерін зерттеу орталығында жұмыс істеймін.
6. Тапсырысқа араб тілінен кітап аударамын. 2023 жылы 10-ға жуық кітаптың аудармасына қатыстым.
7. Ақидадан онлайн сабақ беремін.
8. БҚО. Жалпақтал ауылынанмын.

Қысқаша осы.

Арнада арнайы бағыт жоқ. Оқып жүрген кітаптарымнан, тыңдап жүрген дәрістерімнен үзінділер салып отырамын. Кітап оқуға қатысты лайфхактармен бөлісемін. Кейде әзіл-жазбалар шығып отырады)

Сұрақтарыңыз болса, пікірге қалдыра беріңіздер.
👍64🔥118😍6🤗4
Ілім алуға мотивация іздегендерге Шейх Абдулхаким әл-Әнистың (хафизаһуллаһ) кеңес беретін кітаптар тізімі

1. Раудат әл-уқала - Әбу Хатим Ибн Хиббан
2. Әл-Хассу ғаля талаб әл-ильм - Әбу Һилал әл-Аскари
3. Әдаб әд-дин уад дунья - Имам әл-Мауарди
4. Ләфтат әл-кабад фи насихат әл-уалад - Ибн Жаузи
5. Әл-Хассу ғаля хифз әл-илья - Ибн Жаузи
6. Хизф әл-умр - Ибн Жаузи
7. Танбиһ ән-наим әл-ғумар - Ибн Жаузи
8. Қасида әл-алим ал-аби - Имам әл-Журжани
9. Қасидату ғинуан әл-хикам - Имам әл-Бусти
10. Қасида - Әбу Исхақ әл-Әлбири
11. Нашр таий әт-тағриф - Мұхаммад ибн Абдурахман әл-Уасаби
12. Әр-Рисала әл-жамиға ли уасф әл-улум ән-нафиға - Ташкубра Задаһ
13. Әд-Дурр ән-надыйт фи әдаб әл-муфид уәл мустафид - Имам әл-Ғиззи
14. Булуғ ақса әл-марам - Әбу Абдулла Мұхаммад ибн Масғуд әл-Фаси
15. Сафахат мин сабр әл-ғулама - Абдулфаттах Әбу Ғудда
16. Насаих манһажия ли талаби ильм әс-сунна ан-набауия - Хатим әл-Ауни
17. Такуин әз-зиһния әл-ғильмия - Мұхаммад ибн Хусейн әл-Ансари
18. Мағалим иршадия - Мұхаммад Аууама
19. Мағалим фи тариқи талаб әл-ильм - Абдулазиз ибн Мұхаммад әс-Садхан
20. Әл-Илмағ фи мирқат әт-таждид уаль ибдағ - Доктор Юсуф әл-Ғисауи

[Алла оларға разы болсын]

“Тариқ әл-ильм…уа ахлақ әл-ильм” кітабынан алынды
24👍9
ҒҰМЫРДЫ САҚТАУ - ИБН ӘЛ-ЖӘУЗИ.pdf
21 MB
Жоғарыда көрсетілген тізімдегі ғұлама Ибн Жәузидің (рахимаһуллаһ) "Хифз әл-умр" кітабын қазақ тіліне аударған болатынбыз.

Оқып, пайдасын алыңыздар. Оқып шықсаңыздар, бізге дұға етіп қойыңыздар.
👍41😍137👏1
«...Алты жасымда кітап оқып, сегіз жасымда Баянауылда Камараддин ахунның алдында сырып ой бастап, тоғыз жасымда ғылым хатқа, мұхтасар әл-уиқаяға шарх қылып, он жасымда шайырлық арқылы танылдым. 29 жасымда Бұқари шарифке барып, мырза Ұлықбекке мүдәріс болдым»

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы رحمه الله
39🤯11👍6🔥2🤩1
Forwarded from د. لؤي الخليلي الحنفي
الاختلافات_الأصولية_بين_مدرستي_العراق_وسمرقند.pdf
1.8 MB
الاختلافات الأصولية بين مدرستي العراق وسمرقند.
👍62🔥1
Калейдоскоп☕️
الاختلافات_الأصولية_بين_مدرستي_العراق_وسمرقند.pdf
"Ирақ және Самарқанд медреселерінің арасындағы усули айырмашылық және оның Ханафи фиқһ усуліне әсері" атты зерттеу жұмысы.
🔥14👍5
мына заттың қазақша атауы "бетбелгі" екен)

қысқасы, кітаптың ортасына салатын нәрсені "бетбелгі" деп атайтынын бүгін білдім.

ақырындап мәңгүрттігімнен айырылып келемін. шүкір)
42👍22😁13
Бірде ғұлама Наср ат-Туси туралы (رحمه الله) бір адам "Ит болған иттің баласы" деп жазыпты.

Сөйтіп, ғалым әлгі жазбаға өз жауабын беріпті:

"Оның "ит болған иттің баласы" деген сөзі дұрыс емес. Себебі, ит — төрт аяқты. Ол үреді. Тырнақтары ұзын. Ал, мен — қос аяқтымын. Тұла бойыммен тік тұра аламын. Адам секілді денем бар. Тырнақтарым қысқа. Сөйлеймін, күлемін. Мен бойымдағы қасиеттер иттің бойындағы қасиеттерге сәйкес келмейді".¹

Бұл нені білдіреді?

Бұл — шынайы ғалымның жұмсақтығы, өз эмоциясын басқара алуы.

Қазақта бұны "таспен атқанды аспен ат" дейді.

____

¹. әл-Уәфи биль уәфият (1/149)
39👍20
Ғұлама Ибн әл-Жәузи мен замандасы Абдулмуғис әл-Харбидің арасында ғылыми пікірталас болған.

Бұл пікірталас бірнеше жылдарға созылған. Сөйте тұра Ибн әл-Жәузи шынайы ғұламаға тән іс-әрекет жасаған.

Бұған қатысты Ибн Ражаб әл-Ханбали Ибн әс-Сайрафидің сөзін келтіреді:

"Ұстазымыз Мұхиб әд-Дин Әбу әл-Бақо былай дейді:

"Ғалым Жамал әд-Дин Ибн әл-Жәузи: "Мен Алла Тағаладан жұмақта мені Абдулмуғиспен қауыштыруын тілеймін", – деп айтатын".
¹

_

¹. Зәйл әт-табақат әл-ханабиля (2/351)
👍307🔥3
құл болмаған күлге айналады.

#пікір
👍229
Арнаға қатысты сұрақтарыңыз болса, сілтеме арқылы өтіп, анонимді түрде қойсаңыз болады.

http://t.me/anonaskbot?start=795713500
👍103
Бақытқа білім мен зайырлы¹ ағартушылық жол арқылы ғана жетуге болады.

Эпикур (б.з.д. 342–270)

__

¹ Зайырлы — білгір, білімдар. Зайыр — анық, айқын, ашық.



Эпикурмен келісесіз бе?
🔥184👍3
Шейх Махфуз ибн Махмұт ән-Нисабури (رحمه الله) [һ.303] былай дейді:

"Адамдарды өз таразыңмен таразылама. Өзіңді мүміндердің таразысымен таразыла. Сол кезде олардың артықшылығы мен өзіңнің кемшіліктеріңді байқайсың".

📜Тариқ әл-ильм...ахлақ әл-ильм, 73 бет
39👍10🔥2
Бұны оқимын деп жүргеніме бірнеше уақыт болды. Енді қолыма тиді.

Басын бастап қойдым. Әзірге қызық болып жатыр.
24👍10🥰2🔥1
Forwarded from dapterone
Діни блог һәм продюсерлік орталық

Елімізде сапалы видеоконтент ұсынатын діндар блогерлер, мемлекеттік қызметтен тыс жас ұстаздар мен қарымды қаламгерлер қарасы көбейді. Құдайға шүкір дейміз. Дегенмен оларға жүйелі түрде жағдай жасап беретін «продюсерлік орталықтар» аса қажет деп ойлаймын.

Дұрыс идеология тарататын инфлюэнсерлер шынымен де көп. Бірақ олардың басым бөлігі күнкөріс қамымен басқа істерге көңіл бөлуге мұқтаж болып отыр. Сол үшін ең болмағанда ай сайын тұрақты түрде минималды жалақы беріп отыратын продюсерлер керек-ақ.

Ол үшін продюсер адал кәсіппен айналысушы тұлғалармен келісе отырып, тауарларына жарнама жасау, қызметкерлеріне діни консультация беру опциясын қарастыру керек. Өзара діни контент жүргізетін коммъюнити құруға да тырысу қажет. Белгілі бір уақытта бәрінің басын қосып, семинарлар өткізу, танымдық ақпараттар беріп отыру деген секілді істерді неге жасамасқа? Соны жасау керек…
👍253💯1
Калейдоскоп☕️ pinned «Арнаға қатысты сұрақтарыңыз болса, сілтеме арқылы өтіп, анонимді түрде қойсаңыз болады. http://t.me/anonaskbot?start=795713500»
Қаңтар айы басталғалы 4 кітап, 2 ғылыми зерттеу, 5 ғылыми мақала оқыдым.

Жылдың басы жақсы басталды. Енді тек тұрақтылық керек.

(әр ғылыми зерттеу кемі 150 бет)
👍4810👏10🤯8🔥1😁1