ABAIUNIVERSITY
3.08K subscribers
1.47K photos
272 videos
47 files
1.56K links
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ресми парақшасы

Официальная страница КазНПУ имени Абая
Download Telegram
Жаратылыстану пәндері бойынша III халықаралық студенттік олимпиада ✏️

♦️ Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жаратылыстану пәндері бойынша III халықаралық студенттік олимпиада өтті. Білім сайысында педагогикалық мамандық студенттерінен құралған 13 команда бақ сынасты. Биылғы жылғы олимпиада академик Қ.И.Сәтбаевтың 125-жылдығына арналады.

✔️ Командалық сайыстың қорытындысы бойынша:

• I орын - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті;
• II орын - Термез мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан) мен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің командалары;
• III орын - Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, З.М. Бабур атындағы Әндіжан мемлекеттік университеті (Өзбекстан) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттері.

👍🏻 Осы екі күн ішінде қатысушылар бәсекелестік рухын шыңдап қана қоймай, достық және халықаралық қарым-қатынас тұрғысында мол тәжірибе алды деп сенеміз. Олимпиаданың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына іс-шараның сәтті өтуіне қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!

——

III Международная олимпиада среди студентов педагогических специальностей ✏️

♦️ Республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен» г. Конаев состоялась III Международная олимпиада по естественнонаучным дисциплинам среди студентов педагогических специальностей. Организатор конкурса стал Институт естествознания и географии Abai University, где приняли участие 13 студенческих команд.

✔️По итогам состязания:

• I место заняла команда Кызылординского университета имени Коркыт ата;
• II место разделили команды Термезского государственного университета и Южно-Казахстанского педагогического университета имени О.Жанибекова;
• III место взяли команды Павлодарского педагогического университета имени А.Маргулана, Андижанского государственного университета имени З.М. Бабура и КазНПУ имени Абая.

👍🏻Искренне верим, что за эти два дня участники не только показали свои знания и укрепили соревновательный дух, но и приобрели ценный опыт международного общения в дружественной и радостной атмосфере!

#олимпиада #abaiuniversity #жаратылыстану
Абай университетінде «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесі - 2024» өтті 👩🏻‍🏫

Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат:

🔸жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру.
🔸 нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, білікті мамандар даярлау.

🏫 Дәстүрлі іс-шараға 135-тен астам мекеме қатысты. Олардың қатарында орта білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жекеменшік ұйымдар, өндірістік және сатумен айналысатын компаниялар бар.

▫️Іс-шараға қатысушы жұмыс берушілер тарапынан 579 бос жұмыс орны, ынтымақтастық аясында республикамыздың түкпір-түкпірінен сұраныс хат арқылы 1211 бос жұмыс орындары ұсынылды.

-—

3 мая 2024 года в Abai University состоялось важное событие - Ярмарка вакансий-2024, организованная Центром карьеры 👩🏻‍🏫

Подобное мероприятие ежегодно проводится в разных форматах. В результате студенты узнают о вакансиях и находят нужную им работу. И после каждой ярмарки трудоустройство выпускников университета составляет 95%.

🏫 В традиционной ярмарке приняли участие более 135 организаций. Работодатели, участвовавшие в мероприятии, предложили 579 вакансий.
Кроме того, выпускники Abai University получили 1211 вакансий со всей страны по письменному запросу.

▫️Представители организаций, присутствующие на ярмарке, провели открытые собеседования с выпускниками, которые, в свою очередь, с гордостью объявили о принятии их на работу.

#abaiuniversity #босорынжәрмеңкесі #ярмаркавакансии #студенты #собеседование
📢📚 Aбай университетінде Ашық есік күні өтті. Іс-шараға Алматыдан және еліміздің басқа да өңірлерінен келген талапкерлер мен олардың ата-аналары қатысты.

🔸Шараның негізгі мақсаты – болашақ студенттерге университет атмосферасына енуге, оның білім беру бағдарламаларымен, инфрақұрылымымен және студенттік өмірімен танысуға мүмкіндік беру.

🟢 Іс-шара барысында талапкерлерге Абай университетінің бакалавриат, магистратура және докторантура бағыттары бойынша 180-нен астам білім беру бағдарламалары ұсынылып,қос дипломды және академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпарат берілді.
-----

📢📚В Abai University прошел День открытых дверей. В мероприятии приняли участие абитуриенты и их родители.

🔸 Цель - дать возможность будущим студентам погрузиться в атмосферу университета, ознакомиться с его учебными программами, инфраструктурой и студенческой жизнью.

🟢 В ходе мероприятии предоставилось возможность ознакомиться о более 180 образовательных программ, направленных на подготовку специалистов в соответствии со стандартами, а также программы двойного диплома и академической мобильности.

#ашықесіккүні #деньоткрытыхдверей #abaiuniversity
🌐 ЕЖЕНЕДЕЛЬНЫЙ ОБЗОР НОВОСТЕЙ МИНИСТЕРСТВА НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ

🔻 Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек поблагодарил руководство и сотрудников вузов, студентов, оказавших помощь во время паводков

🔻 Оздоровительный лагерь Ualikhanov University принял детей, пострадавших от наводнения

🔻 Саясат Нурбек встретился со студентами Abai University, прошедшими практику в школах Астаны

🔻 Университет Х. Досмухамедова завершил строительство 5-километровой плотины

🔻 Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек провел прием граждан

🔻 В Алматы построено новое современное студенческое общежитие для будущих учителей
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌐 ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА АПТАЛЫҚ ШОЛУ

🔻
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек су тасқыны кезінде көмек көрсетіп, ат салысқан жоғары оқу орындары басшылығы мен қызметкерлеріне, студенттерге алғыс білдірді

🔻 Ualikhanov University сауықтыру лагері су тасқынынан зардап шеккен балаларды қабылдады

🔻 Саясат Нұрбек Астана мектептерінде тәжірибеден өткен Abai University студенттерімен кездесті

🔻 Х. Досмұхамедов университеті 5 шақырымдық бөгетті салуды аяқтады

🔻 Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек азаматтарды қабылдады

🔻 Алматыда болашақ ұстаздарға арналған жаңа заманауи студенттер жатақханасы салынды
​​Құрметті университетіміздің ер азаматтары! ⭐️

Сіздерді бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, терезелеріңіз тең болсын. Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын⚜️

----------
Уважаемые мужчины нашего университета! ⭐️

Поздравляем вас с праздником нашего государства - Днем защитника Отечества! Будьте верны Родине, добры к стране и к семье. Пусть ваши сердца зажигаются, души всегда молоды. Пусть ваши дома будут высокими, а окна - широкими. Пусть всегда небо будет чистым, а жизнь нашей страны мирной и стабильной⚜️
Абай университетінде Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Жеңістің 79 жылдығына арналған «Бақыт гүлін терген күн» мерекелік іс-шарасы өтті 💫

✔️ Шараға жиналған қауым Жеңіс аллеясында майданда қаза болған жауынгерлерге тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Жиын соңында қонақтар университет асханасында арнайы дайындалған дастарханнан дәм татып, ардагерлерге арнайы сыйлықтар табысталды.

——
 
В Abai University прошла праздничное мероприятие «День сбора цветов счастья» посвященное 79-летию победы 💫

✔️ Собравшиеся почтили память воинов погибших на фронте и возложили цветы на Аллее Победы. Также ветеранам предложили отведать праздничное меню в университетской столовой и были вручены специальные подарки.

#жеңіскүні #ардагерлер #память #деньпобеды #abaiuniversity
​​Жеңіс күні құтты болсын! 🎖️

🎗️Бұл – халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Заманымыздың тыныш, еңсеміздің биік болуы осы жанқиярлық ерліктің арқасы.

🎗️Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

🎗️Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Сондықтан біз бұл бейбітшілік заманды қадірлеуіміз тиіс.



С Днем Победы!🎖️

🎗️Это - самый знаменательный праздник бессмертного подвига и неизмеримой славы советских солдат и офицеров в защите родной страны, безграничного героизма нашего народа.

🎗️Сегодняшнее поколение помнит, ценит и подражает героизму и самоотверженности старших поколений - ветеранов Великой Отечественной войны.

🎗️Этот героический день останется навсегда незабываемой страницей нашей истории. Она - в памяти каждой казахстанской семьи. Поэтому мы так сильно ценим и бережно храним мир, который достался нам в наследство, согласие и сплоченность народа.

#жеңіскүні #ардагерлер #отан #қазақстан #9мамыр #деньпобеды #ветераны #народ #казахстан #9мая #abaiuniversity
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇵 АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА ЛОТАРИНГИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының ашылуы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына, сондай-ақ ҚР Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Астанада Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау аясында министр Саясат Нұрбек Лотарингия университетінің (Université de Lorraine, Франция) делегациясымен кездесті.

Тараптар университеттер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады, Лотарингия университетінің Abai University базасында құқық, педагогика және мемлекеттік басқару саласындағы филиалын құруға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Abai University базасында құқық, педагогика және мемлекеттік басқару саласында Лотарингия университетінің филиалын құру туралы келісімге қол қойылды.

Толығырақ: facebook.com
🇰🇿🇨🇵 ПОДПИСАНО СОГЛАШЕНИЕ О СОЗДАНИИ ФИЛИАЛА УНИВЕРСИТЕТА ЛОТАРИНГИИ НА БАЗЕ УНИВЕРСИТЕТА АБАЯ

Открытие филиалов ведущих зарубежных вузов в стране реализуется в рамках поручения Президента РК Касым-Жомарта Кемеловича Токаева, а также согласно Концепции развития высшего образования и науки РК на 2023 – 2029 годы.

В Астане в целях исполнения данного поручения Главы государства министр Саясат Нурбек встретился с делегацией Университета Лотарингии (Université de Lorraine, Франция).

Стороны обсудили основные вопросы сотрудничества между университетами, особое внимание было уделено созданию филиала Университета Лотарингии в области права, педагогики и государственного управления на базе Abai University.

В завершение встречи было подписано Соглашение о создании Филиала Университета Лотарингии в области права, педагогики и государственного управления на базе Abai University.

Подробнее: facebook.com
Абай университетінде Жапонияның Тохоку университетінен келген ғалым Нұрбосын Жанпейісовтың «Кластерлік есептеулер негізінде жаңа энергетикалық материалдарды құру» тақырбында ашық дәрісі өтті 🔬🥼

Кездесу барысында Нұрбосын Жанпейісов Қазақстан мен Жапонияның білім саласындағы өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, өз зерттеулерін жүргізудегі тәжірибесімен бөлісті.

Ашық диалог форматында өткен дәріс қатысушыларға белсенділік танытып, пікір алмасуға мүмкіндік берді.

🔸Айта кетейік, Жапониядан келген профессор Абай Университетінде мамырдың 21-не дейін дәріс оқиды.

—-

В Abai University состоялась открытая лекция на тему «Создание новых энергетических материалов на основе кластерных расчетов» ученого Нурбосына Жанпейисова из японского университета Тохоку 🔬🥼

В ходе встречи Нурбосын Жанпейисов поделился уникальными особенностями образования в Казахстане и Японии, а также своим опытом в проведении исследований.

Лекция прошла в формате открытого диалога, что позволило участникам активно взаимодействовать и обмениваться мнениями

🔸Напоминаем, что профессор из Японии будет продолжать читать лекции в Abai University до 21 мая.

#химия #ашықдәріс #ғалым #ученый #исследование #профессор #abaiuniversity
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌐 ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА АПТАЛЫҚ ШОЛУ

🔻
Президент ғылым және білім беру туралы өзгеріс енгізілген заңға қол қойды

🔻 ҰБТ -2024: Өтініш қабылдау басталды

🔻 Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтына студенттерді қабылдау тестілеулері өткізілуде

🔻Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа Студенттер үйі пайдалануға берілді

🔻Абай университетінің базасында Лотарингия университетінің филиалын құру туралы келісімге қол қойылды
🟩 Абай университеті және Окаяма университетінің (Жапония) бірлесіп ұйымдастыруымен «Климат өзгерісі бойынша білім берудің болашағы: педагогтар мен стейкхолдерлер арасында синергия құру» Азиялық форумы өтеді.

🔹Форумның мақсаты - Азияның жоғары және орта білім беру саласына климаттың өзгеруі бойынша білім беруді енгізу мәселелерін талқылау және оқытушылар мен мүдделі тараптар (стейкхолдерлер) арасында синергия құру.

Форум серіктестері мен қолдаушылары:

- Жапонияның ғылымды дамыту қоғамы (JSPS);
- ЮНЕСКО-ның Алматыдағы аймақтық бюросы;
- ЮНЕСКО-ның Бангкоктағы бюросы;
- ЮНЕСКО-ның Бейжіңдегі бюросы;
- ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты мәдени орталығы (ACCU);
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы.

Өтетін күні: 15-18 мамыр 2024 ж.
Басталуы: Сағат 9.00.
Өтетін орны: Абай университеті, Конференц-зал (225)

🔸Ұйымдастырушы: Абай университеті, Жаратылыстану және география факультеті

—-

🟩 Состоится Азиатский форум «Будущее образования в области изменения климата: создание синергии между преподавателями и стейкхолдерами», организованный Abai University и Университетом Окаяма (Япония).

🔹Форум проводится в рамках образовательного проекта Азиатских педагогов по изменению климата (ATECCE) и предусматривает усиление международного сотрудничества в области образования в целях устойчивого развития.

Партнеры и сторонники Форума:

- Японское общество содействия развитию науки (JSPS);
- Региональное бюро ЮНЕСКО в Алматы;
- Бюро ЮНЕСКО в Бангкоке;
- Бюро ЮНЕСКО в Пекине;
- Азиатско-Тихоокеанский культурный центр ЮНЕСКО (ACCU);
- Национальная академия наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан.

Дата проведения: 15-18 мая 2024 г.
Время начало: 9.00 час.
Место проведения: Конференц-зал (225) Abai University.

#азиатскийфорум #abaiuniversity #Жапония #климат #юнеско #преподаватели
🎓 МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды. Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі.

Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» БББТ бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.

Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.

Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.

Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді.

Магистратураға түсуге 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1 900 астам грант бөлінген.

2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында келесі сілтемелер бойынша жарияланған:

Баклавриат https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6923
Магистратура https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6924
Докторантура https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6925