Абай облысының әкімдігі
3.92K subscribers
13.4K photos
1.91K videos
2.71K links
🇰🇿Абай облысы әкімдігінің ресми парақшасы

🇰🇿Официальная страница акимата области Абай
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Семей қаласының Половинка және Талица ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды

Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында.

Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды.

Бұлақ ауылынан барлығы 72 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланған.

—————————

⚡️Эвакуированные ранее жители села Половинка и Талица города Семей вернулись в свои дома

Жителей села эвакуировали из-за риска распространения фронта пожара. В настоящее время ситуация стабилизировалась и находится на полном контроле властей.

Было принято решение о возвращении жителей в свои дома.

Всего из села Половинка и Талица было эвакуировано 72 человека, из них 24 ребенка.
Forwarded from 112 KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысындағы өрт бақылауда: төтенше жағдайлар министрі аумақты әуеден барлады

Аэровизуалды барлау жүргізілгеннен соң министр кеңес өткізді. Қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігінің бірнеше техникасы мен қызметкерінен, үш тікұшақтан басқа жеке құрамын тұрақты жұмыс орнына қайтару туралы шешім қабылданды.

Бүгін таңертеңнен бері тікұшақтар 89 рет көлемі 249 тонна су төкті. Өрт басталғалы бері барлығы 2 525 рет көлемі 7423 тонна су төгілді.

Арнаға сілтеме жасауды сұраймыз

Пожар в области Абай под контролем: министр по чрезвычайным ситуациям провел облет территории

После проведения аэровизуального обследования, министр провел совещание, в ходе которого было принято решение о возврате сил и средств Минобороны на постоянные места дислокации, за исключением нескольких единиц техники, сотрудников и трех вертолетов.

С утра вертолетами было выполнено 89 сбросов воды объемом 249 тонн. Всего с начала борьбы было осуществлено 2525 сбросов, общим объемом 7423 тонны.

Просим делать ссылку на источник
Forwarded from 112 KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТЖ министрі: Алматы және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары тұрақты жұмыс орындарына кетті

Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілерді өртті сөндіруде көрсеткен ержүректілік пен батырлық, жоғары кәсібилік үшін алғыс білдірді.

Одан әрі жұмысты Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары, ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері және әуе кемелері қамтамасыз ететін болады.

Өрт басталғалы бері барлығы 2 636 рет көлемі 7 747 тонна су төгілді.

Арнаға сілтеме жасауды сұраймыз

Министр по ЧС: силы и средства ДЧС Алматинской и Карагандинской области убыли к месту постоянной дислокации

Сырым Шарипханов поблагодарил огнеборцев за высокий профессионализм, проявленное мужество и героизм в борьбе с огнем.

Дальнейшая работа будет обеспечиваться лесными пожарными станциями Министерства экологии и природных ресурсов, пожарными подразделениями МЧС и воздушными судами.

Всего с начала борьбы с пожаром осуществлено 2 636 сбросов, общим объемом 7 747 тонны.

Просим делать ссылку на источник
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысындағы өрттен зардап шеккен отбасыларға баспана берілді

🔗Хабар 24

#АбайОблысыныңӘкімдігі
⚡️Поступивших продуктов для помощи области Абай достаточно

Об этом стало известно в ходе осмотра склада по хранению гуманитарной помощи.

Со всех регионов страны и области привозят продукты и предметы первой необходимости. Поскольку объявлена локализация лесного пожара, их на сегодняшний день более чем достаточно.

Так, только питьевой воды поступило более 30 тысяч литров. Также привезено более 2 тонн мяса и 44 тонны других продуктов питания. Это мука, крупы, макаронные изделия, подсолнечное масло, консервы и колбасные изделия, молоко, чай, кондитерские изделия.

- Уважаемые земляки, спасибо всем, кто протянул руку помощи области Абай в период ЧС. Каждый район нашей области, каждая область нашей страны протянули свою руку и оказали нам помощь. Сегодня, когда пожар локализован, выражаем всем большую благодарность и объявляем, что прием продуктов питания и предметов первой необходимости на этом останавливается, - сказал председатель областного маслихата Куаныш Сулейменов.

При этом скоропортящиеся продукты в первую очередь отправляют в полевые кухни и готовят для задействованных в тушении пожара бойцов – пожарных, лесников, военных и других участников ликвидации стихийного бедствия. В данный момент на складах остается лишь продовольствие с продолжительным сроком хранения.

- Все, что было привезено, находится на складах, этим вопросом занимается фонд «Ақ Ертіс». Абсолютно вся продукция находится под описью и выдается так же под опись. В ближайшие дни работа по локализации будет проводиться военными и пожарными, данные продукты питания будут доставляться им. Если какие-то продукты останутся, специальная комиссия распределит эти продукты, возможно в Бородулихинский район, возможно в детские дома, - отметил Куаныш Сулейменов.

Обеспечили и товары первой необходимости: средства гигиены, одноразовую посуду, носки, перчатки и футболки.

Координацией по сбору и распределению гуманитарной помощи занимались партия «Amanat», Национальная сеть волонтеров, а также Общественный фонд «Ақ Ертіс», основной целью которого является консолидация финансовых средств, предоставляемых в виде пожертвований, благотворительной и гуманитарной помощи.

В состав Попечительского совета Фонда входят авторитетные общественные деятели региона с соответствующей компетенцией и опытом.

На сегодняшний день на спецсчет для оказания помощи поступило более 500 млн. тенге от физических и юридических лиц.

Мы выражаем слова искренней благодарности всем, кто откликнулся, и заверяем, что распределение поступившей помощи будет осуществляться комиссионно, открыто и прозрачно с участием представителей общественности и других заинтересованных лиц.

#АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысының әкімдігі
Video
⚡️Абай облысына келіп түскен гуманитарлық көмек жеткілікті

Бұл туралы гуманитарлық көмекті сақтау қоймасын тексеру барысында белгілі болды.

Еліміздің және облыстың барлық өңірлерінен азық-түлік пен қажетті заттар әкелінуде. Орман өрті оқшауланғандықтан, қазіргі кезде азық-түлік толық жеткілікті.

Мысалы, тек ауыз су 30 мың литрден асып түсті. Сондай-ақ, 2 тоннадан астам ет және 44 тонна ұн, макарон, күнбағыс майы, консервілер мен шұжықтар, сүт, шай, кондитерлік өнімдер сияқты азық-түліктер жеткізілді.

- Құрметті жерлестер, ТЖ кезінде Абай облысына көмек қолын созғандардың барлығына рақмет. Біздің облысымыздың әрбір ауданы, еліміздің әрбір облысы қол ұшын созып, бізге көмек көрсетті. Бүгін өрттің беті қайтқан кезде баршаңызға үлкен алғысымызды білдіреміз және азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды қабылдау тоқтатылатынын жариялаймыз, - деді облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов.

Бұл ретте тез бұзылатын өнімдер бірінші кезекте далалық асүйлерге жіберіледі және өрт сөндіруге тартылған – өрт сөндірушілер, орманшылар, әскери қызметкерлер және табиғи апатты жоюға басқа да қатысушылар үшін дайындалады. Қазіргі уақытта қоймаларда ұзақ сақтау мерзімі бар азық-түлік ғана қалды.

- Әкелінгеннің бәрі қоймаларда, бұл мәселемен «Ақ Ертіс» қоры айналысады. Барлық өнімдер тізімдемемен қабылданып, беріледі. Жақын күндері бұл азық-түліктер өрт сөндірушілер мен әскерилерге жеткізілетін болады. Егер қандай да бір өнімдер қалса, арнайы комиссия бұл өнімдерді Бородулиха ауданына, мүмкін балалар үйіне таратады, - деп атап өтті Қуаныш Сүлейменов.

Сондай-ақ, қажетті тауарлар: гигиена құралдары, бір реттік ыдыс-аяқ, шұлық, қолғап және футболкалар қамтамасыз етілді.
Гуманитарлық көмекті жинау мен бөлуді үйлестірумен «Amanat» партиясы, еріктілердің Ұлттық желісі, сондай-ақ «Ақ Ертіс» қоғамдық қоры айналысты. «Ақ Ертіс» қоғамдық қорының негізгі мақсаты қайырымдылық, қайырымдылық және гуманитарлық көмек түрінде берілетін қаржыны шоғырландыру болып табылады.

Қордың Қамқоршылық кеңесінің құрамына тиісті құзыреті мен тәжірибесі бар өңірдің беделді қоғам қайраткерлері кіреді.
Бүгінгі таңда көмек көрсету үшін арнайы шотқа жеке және заңды тұлғалардан 500 млн. теңгеден астам қаражат түсті.

Біз қол ұшын созып, көмек көрсеткен барлығына шын жүректен алғыс білдіреміз және келіп түскен көмекті бөлу жұртшылық өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен комиссиялық және ашық түрде жүзеге асырылатынына сендіреміз.

#АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті қазақстандықтар!

«Ақ Ертіс» қоғамдық қоры Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қаражат жинау және гуманитарлық көмек көрсету үшін қол ұшын созған еліміздің барлық тұрғынына үлкен алғысын білдіреді.

Барлық қазақстандықтардың бірігуінің арқасында бірнеше күн ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлық отбасыларына жан-жақты көмек көрсету үшін жеткілікті қаражат жиналды.

Сондықтан, алаяқтардың қандай да бір алыпсатарлық әрекеттерін болдырмау үшін «Ақ Ертіс» қоғамдық қорының жоғарыда аталған мақсаттарға қаражат жинауы АЯҚТАЛҒАНЫ туралы хабарлаймыз.

Жиналған қаражатты бөлу кезінде объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін тиісті уәкілетті комиссиялармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қор көмек көрсетуде бірыңғай тәсілді әзірлейтін болады.

#АбайОблысыныңӘкімдігі
Абай облысының әкімдігі
Құрметті қазақстандықтар! «Ақ Ертіс» қоғамдық қоры Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қаражат жинау және гуманитарлық көмек көрсету үшін қол ұшын созған еліміздің барлық тұрғынына…
Уважаемые казахстанцы!

Общественный фонд «Ақ Ертіс» выражает огромную благодарность всем, кто откликнулся на призыв по сбору средств и гуманитарной помощи для семей погибших и пострадавших от пожара в Бородулихинском районе области Абай.

Благодаря сплоченности всех казахстанцев за считанные дни было собрано достаточно средств для оказания всесторонней помощи всем семьям погибших и пострадавших от пожара.

Поэтому, во избежание каких-либо спекулятивных действий мошенников, информируем всех о ЗАВЕРШЕНИИ сбора средств общественным фондом «Ақ Ертіс» на вышеуказанные цели.

Для обеспечения объективности и прозрачности при распределении собранных средств, во взаимодействии с соответствующими уполномоченными комиссиями Фондом будет выработан единый подход в оказании помощи.

#АбайОблысыныңӘкімдігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы сөзі басталды

Началось выступление Президента Касым-Жомарта Токаева на втором заседании Национального курултая «Әділетті Қазақстан – Адал азамат»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Сөз басында бірден атап өтейін, меніңше, Ұлттық құрылтай бұл – арқаны кеңге салып отыратын жиын емес. Сән-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар кезде немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған.

Бүгінгі құрылтайдың отырысы еліміздегі қайғылы оқиғадан кейін өтіп жатыр. Абай облысында алапат өрт шығып, азаматтарымыз қаза тапты. Тағы да қайталап айтқым келеді: біз мұндай оқиғадан сабақ алуымыз керек, нақты шешімдер қабылдауымыз қажет.

Ел басына түскен қиындықтар, ең алдымен, біздің береке-бірлігімізді сынға салады. Осындай күрделі сәттер, ең бастысы – шынайы жанашырлық және терең жауапкершілік таныту қажет екенін айқын көрсетеді. Мұны өздеріңіз өте жақсы түсініп отырсыздар»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«В начале своего выступления хочу сразу подчеркнуть, что, на мой взгляд, Национальный курултай – это не торжественное собрание, на котором произносятся высокопарные речи. Наши предки созывали курултаи в критические периоды истории, чтобы обсудить и принять важные для страны решения.

Сегодняшний курултай проходит после трагедии, в результате масштабных пожаров в области Абай погибли наши сограждане. Еще раз повторюсь: мы должны извлечь уроки из этой трагедии и принять конкретные решения.

Выпавшие на нашу долю испытания прежде всего проверяют на прочность наше единство. Такие сложные моменты показывают, что самое важное – это взаимная солидарность, поддержка и ответственность. Вы это и сами хорошо понимаете»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Президент:

«Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым. Мен былтыр наурыздағы Жолдауымда осы құрылтайды шақыру туралы бастама көтердім. Бұл қадам қоғамдық диалогты нығайта түсу үшін жасалды. Сондай-ақ, мұнда ұлттың болашағына ықпал ететін елдік мәселелер талқыланады.

Біз құрылтайдың алғашқы отырысын осыдан дәл бір жыл бұрын Ұлт ұясы – Ұлытауда өткіздік. Көптеген маңызды істер мемлекеттігіміздің негізі қаланған қастерлі өлкеден бастау алды. Осы игі үрдіс биыл да жалғасын табуда.

Бүгінгі басқосу бүкіл түркі халықтары үшін киелі шаһарда өтіп жатыр. Халқымыз әдетте Түркістанды қазақтың рухани астанасы дейді. Дегенмен, қаланың мән-маңызы бұдан әлдеқайда жоғары. Киелі шаһар еліміздің тарихында айрықша рөл атқарған.

Көне заманнан бері Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі қала болған. Бауырлас халықтардың бәріне ілім-білім таратқан руханият ошағы саналған. Сондай-ақ, қазақтың тарихында өшпес із қалдырған көптеген тұлғаларымыз осы жерден мәңгілік мекенін тапқан. Шежірелі шаһардың қабырғасына қазақтың жылнамасы түгел жазылған деуге болады. Шын мәнінде, киелі Түркістан – ұлы дала өркениетінің мызғымас темірқазығы»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Прошел ровно год после первого заседания Национального курултая. Этот отрезок времени стал историческим на пути построения Справедливого Казахстана. Придав нашему Основному закону истинный дух справедливости, мы провели конституционную реформу, которая укрепила фундамент государства и задала долгосрочный демократический вектор развития страны.

За короткий срок мы сформировали качественно иную конфигурацию ключевых институтов власти, значительно расширили участие граждан в принятии решений, комплексно укрепили систему защиты прав и свобод человека. Все это серьезно повысило стратегическую устойчивость и эффективность нашей политической системы, сделало ее более справедливой, открытой и конкурентной.

Некоторые люди сомневались в успехе наших преобразований. Но мы не свернули с нашего курса, а последовательно реализовали намеченный план масштабной политической модернизации. Мы проделали эту огромную работу вместе. Сегодняшний Казахстан сильно отличается от того, каким он был три, два и даже год назад. Благодаря единству и солидарности народа, конструктивному общественному диалогу мы за небольшой период времени совершили настоящий прорыв»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Президент:

«Қазақстан – осы геосаяси аймақта саяси жүйесін қысқа мерзім ішінде түбегейлі өзгерткен бірден-бір мемлекет. Тың өзгерістердің арқасында саяси реформалардың Қазақстанға ғана тән ерекше үлгісі қалыптасты. Келешекте де оның мән-маңызы арта бермек. Алайда, қолда бар жетістікке тоқмейілсіп отыруға болмайды. Алда ұзақ жол, ауқымды жұмыс бар.

Жалпы, Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Ал, түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз.

Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгермесе, ештеңе де өзгермейді»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Глава государства:

«Сегодня мы видим беспрецедентное обострение международной ситуации. Некоторые крупные страны пытаются буквально продавить свою повестку, навязать свои стандарты.

Причем столкновение различных, зачастую диаметрально противоположных идей и подходов сейчас происходит не только в геополитике или экономике, но затрагивает даже сферу культуры и духовных ценностей, другими словами, идеологию.

Это чревато самыми серьезными негативными последствиями для безопасного существования целого ряда государств и народов. Международная ситуация не внушает оптимизма, поэтому Республика Казахстан должна быть едина как никогда»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біздің әлемдегі орнымыз, ең алдымен, ұлтымыздың сапасына байланысты болмақ. Қуатты ел боламыз десек, бірлесе отырып, бірқатар маңызды сауалға жауап беруге тиіспіз. Біз болашағы қандай мемлекет құрып жатырмыз? Ұлтымыз нені армандайды? Қазақстан азаматы қандай болуы керек? Еліміздің басты тірегі не? Миссиясы қандай?

Мен бүгін осыған қатысты ой-пікірімді ортаға салғым келеді. Біз қолға алған саяси-экономикалық реформаларды қоғамдағы терең әлеуметтік-мәдени өзгерістермен қатар іске асыруымыз керек. Бұл – маңызды міндет. Біз алға үздіксіз қадам басуымыз керек.

Елді дамытуға кедергі келтіретін нәрсенің бәрінен арылып, құндылықтарымызды нығайта түсуіміз қажет. Сонда ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастырамыз, сан ғасырлық мемлекеттілігіміздің тұғырын бекемдейміз. Олай болмаса, даму көшінің соңында қалып, ақырында құрдымға кетеміз. Жалпы, қандай да бір құндылықты Жарлықпен немесе Заңмен орнықтыру мүмкін емес. Мен мұны өте жақсы түсінемін»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Президент:

«Кез келген тұжырымдама немесе доктрина қарапайым әрі түсінікті болуы керек. Әйтпесе, бәрі жасанды болып шығады. Ондай идеяны халық қабылдамайды. Өміршең, келешегі зор идеологиялар мемлекет пен қоғамның ортақ ізденісінің арқасында ғана пайда болады.

Біз дәстүрлі құндылықтарымызды қазіргі мәдени үрдістермен үйлестіруіміз керек. Елімізде отаншыл, жасампаз, батыл, дарынды, білімді, озық әрі еңбекқор жандар өте көп. Мен осындай азаматтарды көргенде болашағымыздың жарқын боларына зор сеніммен қараймын.

Тәуелсіз Қазақстанда рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келеді. Олар ғылым-білім, музыка, кино, спорт және басқа да салаларда табысқа жетіп, бүкіл әлемге танымал бола бастады. Жастарымыз туған жердің қайталанбас ерекшелігін және туған елдің бірегей болмысын жер жүзіне танытып жүр»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Жас ұрпақ тарих тағылымын және елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бір арнаға тоғыстырып жатыр. Осылайша, олар ұлттың рухын жаңғыртуда. Осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейте түсу – мемлекеттің міндеті. Бұл міндетті абыроймен атқарсақ, қазақтың ренессанс дәуірі, яғни түбегейлі өзгерістер заманы келеді.

Біз, аға буын өкілдері, еңбекқорлық, іскерлік сияқты құндылықтарды өзіміз үлгі көрсету арқылы дәріптеуіміз керек. Жастарымыз көп сөзге құмар, жағымпаз, жалқау, енжар, масыл болмауға тиіс. Оларды осындай теріс әдеттерден қашық болуға үйретуіміз керек. Біздің қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, ең алдымен, өзі үшін жасауға тиіс. Мұны елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін қолға алуымыз керек.

Ашығын айтсақ, біз кейде өз өмірімізден гөрі жұрттың пікіріне көбірек мән береміз. Тіпті, бұл әдет қанымызға сіңген деуге болады. Әрине, қазақтың қонақжайлығы – жақсы қасиет. Бірақ, үйдің іші-сыртын қонақ келгенде ғана ретке келтіру дұрыс емес»

t.me/aqorda_resmi