𝐚𝐢𝐤𝐚 𝐬𝐭𝐮𝐝𝐲
481 subscribers
785 photos
166 videos
807 files
481 links
🖇 Ағылшын тіліне арналған каналымыз 🇺🇲
t.me/aikastudyenglish
Download Telegram
6 КҮН

📚 ҚАҢТАР ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ 📚

ДЕМ АЛУ

📌Бүгінгі күнге дейінгі дайындықтарыңды саралап, қандай нәтижеге жеттің, прогресс бар ма, қорытындылап ал. Осы күнгі жетістіктер үшін өзіңе сыйлық беріп, мақтап қойсаң болады😍🔥

📌Өзіңе ұнайтын іспен айналыс немесе мотивация беретін фильм, бейнероликтер қара.

📌 Ол үшін біздің ресми серіктесіміз 👇https://t.me/motivationchange каналынан дайындыққа мотивацияға толы жазбалар оқи аласыздар
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұйырса дайындығыңның арқасында ҰБТ-дан жоғары балл жинап, қалаған универге түсесің😍🔥

Әрекет жасауды тоқтатпа📚
Кезекті тегін сабак
7 КҮН

📚 ҚАҢТАР ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ 📚

Қаңтар ҰБТ-ҒА қажет заттарды түгел дайындап қой. Қалам, жеке куәлік, т.б

Сыртқа шығып серуендеп кел.

Ерте ұйықтап, ҰБТ тапсырар уақыттан бірнеше сағат бұрын оянып, өзіңді ретке келтір.

20-30 минут бұрын ҰБТ тапсыратын орынға барып, бойыңды үйретіп ал. Асығып, кешіктім дегеннен гөрі, ерте барған абзал :)

❤️‍🔥Ең бастысы өзіңе сен. Осы күнгі дайындығыңа байланысты нәтиже аласың. Көп балл жинасаң, көп алдым деп босаңсып кетпе. Дайындықты одан әрі күшейт. Аз балл алсаң ештеңе емес. Жай ғана сынақ тесті. Ең бастысы нағыз ҰБТ-ДА жоғары нәтижеге жетсең болды.

❤️‍🔥Барлығыңызға сәттілік Қаңтар ҰБТ-да жоғары балл жинап кетулеріңізге тілектеспін
📌Ертең Қаңтар ҰБТ тапсыратын оқушылар @aika_study ге сливтерді жіберіңіздер. 3К адамбыз, ақша төлеп сливтерді сатып алғанша, каналда тегін шығарып, талдап отырамыз. Бір-бірімізге көмектесейік❤️‍🔥
25 қаңтарда ҰБТ тапсыратын оқушылар бар ма?
Anonymous Poll
11%
Мен
89%
Басқа күні тапсырамын
Орта жүз билеушілері📌

⓵. Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.
⓶. Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.
⓷. Сәмеке хан, Тәуке хан ұлы, 1719—1734 жылдары билеген.
⓸. Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.
⓹. Күшік сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, (Шығай ханның Ондан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.
⓺. Барақ сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, 1731—1748(1750)? жылдары билеген.
⓻. Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.
⓼. Уәли хан(1741—1819), Абылай хан ұлы, 1781—1819 жылдары билеген.
⓽. Дайра хан, Барақ сұлтан ұлы, 1781—1784 жылдары билеген.
⓾. Бөкей хан, Барақ сұлтан ұлы, 1815—1817 жылдары билеген.
⑪. Шыңғыс сұлтан, Бөкей хан ұлы, (Барақ сұлтан немересі) 1819—1822 жылдары билеген.
⑫. Ғұбайдолла хан, Уәли хан ұлы, 1821—1824 жылдары билеген.
⑬. Кене хан (1802—1847), Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.

#қазақстантарихы 📖🖋
8 сыныпта өткен басты оқиғалар🖇🖇🖇
# к тарих◾️
2022 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ӨСЕДІ

Жоғары білім саласындағы жақсы жаңалықтар. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі. Бакалаврларда 20%-ға, магистранттар мен докторанттарда 15%-ға артады. Өткен жылы стипендия дәл осындай мөлшерде өскенін естеріңізге саламыз (15% және 20%). Мемлекет жастарды жоғары білім алуға осылайша ынталандыруда.

Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді.
Акпарат алынды👇
@bilim_jane_gylym
Жұбанышов 2021-2022 Аякоз.pdf
81 MB
📚Қазақстан тарихы жаңа форматтағы Жұбанышев кітабы + контекст тапсырмаларымен❤️‍🔥

https://t.me/+R0KbL7M_vZE4NTli
Матем.pdf
10.3 MB
📚Математика есептер❤️‍🔥
https://t.me/+R0KbL7M_vZE4NTli
Кинематика Динамика Физика .pdf
27.4 MB
📚Физика маңызды мәліметтер❤️‍🔥
https://t.me/+R0KbL7M_vZE4NTli
🧬 Биология ғылымдар

Альгология - балдырлар туралы ғылым.

Антропология - адамның шығу тегін, дамуын, нәсілдердің пайда болуын зерттейді.

Арахнология - өрмекшітектестерді зерттейтін ғылым.

Батрахология - қосмекенділерді зерттейтін ғылым.

Биогеографня - Жер бетінде турлердің таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Биоритмология - биологиялық ырғақ туралы ғылым.

Биосферология - биосфера туралы ғылым.

Биотехиология - тірі организмдер мен биологиялық процестерді адамның мақсатына сай өндірісте қолдану.

Бриология - мүктер туралы ғылым.

Валеология - салауатты өмір туралы ғылым.

Гельминтология - паразит құртгар туралы ғылым.

Гематология - канды және оның кұрамын зерттейтін ғылым.

Генетика - тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ғылым.

Генетикалық немесе ген инженериясы - генетика мен молекулалық биология негізіңде қалыптасқан ғылым, бұрын табиғатта болмаған жаңа генетикалық бағдарламалар жасау.

Герантология - қарт адамдар мен ұзақ өмір сүру туралы ғылым.

Герпетология - бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.

Гинекология - аналық жыныс мүшелерінің ауруларын емдейтін ғылым.

Гистология - ұлпалар туралы ғылым.

Дерматология - тері туралы ғылым.

Иммунология - организмнің қорғаныштық қасиеті туралы ғылым.

Ихтиология - балықтар туралы ғылым.

Кардиология - жүрек туралы ғылым.

Карцинология - шаянтектестерді зерттейтін ғылым.

Кинология - иттердің мінез-құлқы туралы ғылым.

Лихенология - қыналар туралы ғылым.

Малакология - ұлуларды зерттейтін ғылым.

Маммалогия (териология) - сүтқоректілер туралы ғылым.

Микология - саңырауқұлақтар туралы ғылым.

МикроБиология - микроағзалар туралы ғылым.

Миология - бұлшық еттер туралы ғылым.

Морфология - ағзаның сыртқы құрылысы туралы ғылым.

Невропатология - жүйке жүйесінің зақымдануы туралы ғылым.

Орнитология - құстар туралы ғылым.

Ортопедия - тірек-қимыл ауруларын зерттейтін және емдейтін ғылым.

Палеонтология - жойылып кеткен ағзалардың қалдықтары туралы ғылым.

Протозоология - қарапайымдарды зерттейтін ғылым.

Психология - әр адамның жеке қасиеттерін зерттейтін ғылым.

Селекция (сұрыптау) - өсімдіктердің жаңа іріктемелері (сорт) жануарлардың жаңа қолтұқымдары (порода) және микроағзалардың жаңа штаммаларын алу әдістері туралы ғылым.

Систематика (жүйелеу) - ағзалардың топтарға бөлінуін, яғни жіктелуін зерттейтін ғылым.

Стаматология - тіс туралы ғылым.

Урология - бүйрек, зәр шығару жүйесі туралы ғылым.

Фенология - табиғаттың маусымдық өзгерістерін зерттейтін ғылым.

Хронобиология - тірі организмдегі мерзімдік ырғақты зерттейтін ғылым.

Циогенетика – жасушалардағы хромосомаларды зерттейтін ғылым.

Цитология- жасуша туралы ғылым.

Экология - ағзалардың бір-бірімен және қоршаган ортамен байланысы туралы ғылым.

Эмбрнология - ұрықтың дамуы туралы ғылым.

Эндокринология - ішкі секреция бездері туралы ғылым.

Энтомология - бунақденелілер (насекомдар) туралы ғылым.

Этология - жануарлардын мінез-құлқын зерттейтін ғылым.

Эволюция – Жерде тіршілік пайда болуы мен дамуы туралы ғылым
ДЖТ My Study 2021.pdf
52.2 MB
📚Джт нұсқа жауабымен

https://t.me/+R0KbL7M_vZE4NTli