𝐚𝐢𝐤𝐚 𝐬𝐭𝐮𝐝𝐲
482 subscribers
785 photos
166 videos
807 files
481 links
🖇 Ағылшын тіліне арналған каналымыз 🇺🇲
t.me/aikastudyenglish
Download Telegram
Қанша сұраққа дұрыс жауап бердің 😇🙌 10/... ?
Қайырлы түн грант иегері ❤️

Аллаға шүкір, бүгін көп мәліметтерді біліп, әртүрлі тесттер тапсырдық. Пайдалы білім болсын 📚
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қайырлы таң болашақ грант иегері ❤️

Барлығына қол сілтеп тастап кеткің келіп, дайындықтан шаршасаң, видеоны міндетті түрде көру қажетсің 💥

Жай ғана #мотивация 🦋
📌 Қазақтың Тұңғыштары 🇰🇿
(XV-XX ғ.ғ.)

Бірінші хан - Керей хан Болатұлы (1465-1473)

Бірінші ойшыл - Асан Қайғы (Асан Сәбитұлы, XIV - XV ғ.ғ.)

Бірінші дәрігер - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1397-1492).
Еуропалықтардан бұрын оспадан вакцина тапқан.

Бірінші шешен - Жиренше шешен (XV ғ.)

Бірінші заң шығарушы - Қасым хан Жәнібекұлы (1455 - 1523/1524). Қасым ханның қасқа жолы есіңізде болар?!

Бірінші тарихшы - Қадырғали Қосынұлы Жалайри (1530–1605)

Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы - Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776)

Ұлы жүздің бірінші ханы - Жолбарыс хан Айтақұлы(1718-1740)

Орта жүздін бірінші ханы - Сәмеке (Шахмұхаммед) хан Тәукеұлы (1718-1734)

Кіші жүздің бірінші ханы - Әбілқайыр хан Айтақұлы (1718-1748)

Бірінші батыр қыз - Гауһар (XVIII ғ.). (Қаракерей Қабанбай батырдың әйелі, Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы)

Қазақ даласындағы көтерілістердің бірінші басшысы - Сырым батыр Датұлы (1783-1797)

Қазақтан бірінші шыққан Ресей генералы және қазақ даласындағы бірінші мектеп ашқан - Жәңгір хан Бөкейұлы (1831 жылы генерал лауазымын алған)

Бірінші зерттеуші-ғалым - Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865)

Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушысы - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы - Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Жоғары білім алған алғашқы қазақ - Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген)

Екі жоғары білім алған бірінші қазақ - Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану және құқық факультеттерін бітірген)

Тұңғыш кәсіби заңгер - Бақытжан Қаратаев

Қазақтан шыққан бірінші революционер большевик және дүниежүзін аралап келген қазақтын бірінші саяхатшысы - Әліби Жангелдин (1884-1953)

Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттің іргетасын қалаушы - Шаһмардан Ыбрайымов (Түркістан уәлаятының газеті, 1870-1882 ж.ж.)

Бірінші журналист - Нәзипа Құлжанова (1887-1933)

Бірінші елші, дипломат - Нәзір Төреқұлов (1892-1938)

Бірінші режиссер - Жұмат Шанин (1892-1938)

Бірінші әйел-мұғалім - Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап)

Бірінші қазақ, құрметіне астрономиялық нысанға есімі берілген ғалым - Қаныш Сәтбаев (1899-1964)

Тұңғыш кәсіби суретші - Әбілхан Қастеев (1904-1973)

Тұңғыш кәсіби мүсінші - Хәкімжан Исмаханұлы Наурызбаев (27.08.1925-04.09.2009)

Бірінші әйел-дәрігерлер - Гүлсім мен Мәриям Асфендияровалар (1908 жылы Санкт-Петербург медицина университетін бітірген)

Қазақ тіліндегі тұңғыш журналдың іргесін қалаушы - Мұхамеджан Сералин ("Айқап", 1911-1915 ж.ж.)

Әлем чемпионы лауазымын алған бірінші қазақ - Қажы Мұқан Мұнайтпасов (1909 ж.)

Роман жазған тұңғыш қазақ - Міржақып Дулатов ("Бақытсыз Жамал", 1910 ж.)

Қазақ алфавитін түзіп және оған оқулық бірінші шығарған - Ахмет Байтұрсынұлы (1912 ж.)

Бірінші биші - Шара Жиенқұлова (1912-1990)

Қазақстанның (Алаш Орданың) бірінші премьер министрі - Әлихан Бөкейхан (1917-1920)

Шетелде қазақ әндерін бірінші орындаған - Әмре Қашаубаев (Париж, 1925 ж.)

Әскери академияны бітірген қазақтың бірінші командирі - Рамазан Құрманғалиев (Ленинград, 1930 ж.)

Бірінші ұшқыш - Жақыпбек Малдыбаев (1938 жылы авиакатастрофада қайтыс болды)

Рейхстагқа ту тіккен Кеңес Одағының бірінші солдаты - Рақымжан Қошқарбаев (1924-1992)

Кеңес Одағының батыры атағын алған бірінші қазақтар - Нарсүтбай Есболатов, Әлиасқар Қожабергенов, Әліпбай Қосаев, Мұсабек Сеңгірбаев (Олардың бәрі 1941 жылы Мәскеуді қорғаған)

Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ - Талғат Бигельдинов (1944 ж., 1945 ж.)

Бірінші спорт шеберлері - Ш. Бекбаев (жеңіл атлетика, 1943 ж.), Шоқыр Бөлтекұлы (бокс, 1946 ж.), әйелдер арасында - Г. Майлыбаева (атқыш, 1953 ж.), А. Муслимова (шахмат, 1965 ж.)

Социалисттік Еңбек Ері атағын алған бірінші қазақтар - Асайынов (1943), Рысқұлова (1947), жазушылар арасында - Ғабит Мүсірепов (1974), дәрігерлер арасында - Ысқақ Әлібеков (1969).

Олимпиадаға қатысқан бірінші қазақ - Ғұсман Қосанов (Рим, 1960 ж.)
#тарих 🇰🇿 орта ғасырларда болған шайқастар

Таңертең тарих тез жатталады, бір қарап шығайық 😉
​​🆘 Қаңтар ҰБТ ға аз уақыт қалды 🤯
Міндетті үш пәнге әлі толық дайын болмасаң...
Тамаша жаңалық 🥳

Мен қатысқан үш пәндік курсқа тіркелу бүгіннен бастап ашық 😍🔥
Барлығын нөлден бастауға таптырмас мүмкіндік 💫

Мен сияқты нәтижеге жетіп, Қаңтар ҰБТ дан 13+ баллға жеткің келсе 😍
Мүмкіндікті жіберіп алма, әрекет ет 🔥
Математикалық сауаттылық видеосабақтар 📚

1-сабақ: Сандар ұғымы (https://www.youtube.com/watch?v=wOglG1R2jA8&feature=youtu.be)

2-сабақ: Статистика негіздері
(https://www.youtube.com/watch?v=ARLRM-oyxZY&feature=youtu.be)

3-сабақ: Заңдылықтар
(https://www.youtube.com/watch?v=u7WZU_bTvoA&feature=youtu.be)

4-сабақ: Салыстыру
(https://www.youtube.com/watch?v=TdlZPw9RNVQ&feature=youtu.be)

5-сабақ: Салыстыру
(https://www.youtube.com/watch?v=mnA7JmFMtmw&feature=youtu.be)

6-сабақ: Практикалық сабақ
(https://www.youtube.com/watch?v=1LsNrCGq0Hg&feature=youtu.be)

7-сабақ: Пропорция (https://www.youtube.com/watch?v=aZkXq5wczMM)

8-сабақ: Процент

(https://www.youtube.com/watch?v=xn2Jdw26Tfk&feature=youtu.be)

9-сабақ: Практикалық жұмыс (https://www.youtube.com/watch?v=ecXRvYsgtos&feature=youtu.be)

10-сабақ: Соңғы цифр (https://www.youtube.com/watch?v=QlfYMKuaeOQ&feature=youtu.be)

11-сабақ: Уақыт және сағат (https://www.youtube.com/watch?v=Yod7lgiqU9Q&feature=youtu.be)

12-сабақ: Практикалық сабақ (https://www.youtube.com/watch?v=HMhTA2OK2ns&feature=youtu.be)
🤯 ҚАҢТАР ҰБТ-ның бағасы белгілі болды!

Құрметті ата-аналар мен ҰБТ-ға қатысушылар!

Сіздерден 2022 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты сауалдар күнделікті келіп түсуде.
🤔Солардың ішінде ең жиі қойылатыны: ҰБТ-ға қатысу бағасының өсуі.

☝️Бірден басын ашып алайық. МАҢЫЗДЫ: 2022 жылы бітіретін МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ ҰБТ (маусым айындағы) ТЕГІН. Солай болды және солай болып қалады. Ал ЖОО-ға ақылы бөлімге түсетін ҰБТ ақылы – бұл да жаңалық емес.

ℹ️Мәселе бағаның өсуінде. 2012 жылдан 2021 жылға дейін ақылы ҰБТ-ның бағасы – 2242 теңге болса, 2022 жылдан бастап – 5640 теңге.

😳Неге??? Неге екі есе өсті деген сұрақ қоюларыңыз заңдылық.

☝️Бұл ойдан шығарылған дүние емес. Түсіндіремін.
Өзіңіз көріп отырғаныңыздай 1️⃣0️⃣ жылға жуық мерзім ішінде баға өзгеріссіз екі мың теңгенің шамасында болды. Оны келер жылы өсірудегі себептерді ары қарай жалғастырып оқысаңыз неге мұндай шешім қабылданғаны түсінікті болады.

1️⃣Біріншіден. Ақпараттық технологиялар заманында бастысы – компьютерлік тестілеуде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, бірыңғай цифрлық экожүйе (тіркеу-тестілеу процесі-бағалау) мен арнайы жабық VPN-желісін ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.

2️⃣Екіншіден. Түскен қаражат ҰБТ өткізу пунктерін жалға алуға (компьютерлер, камералар, Face ID сәйкестендіру құралдары, кеңсе, медициналық, санитарлық жабдықтар және т.б.) жұмсалады.

3️⃣Үшіншіден. ҰБТ тапсырмаларының мазмұнына баса назар аударылуда. Осыған орай тест әзірлеушілерге де қойылып жатқан талаптар өсуде. Сәйкесінше, тест тапсырмасын әзірлеушілер мен сарапшылардың, апелляция мүшелерінің еңбек ақысының да жоғарылауы қалыпты жағдай.

4️⃣Төртіншіден. Апелляцияны ұйымдастыру матрицасы да қарастырылған.

‼️Осылайша, Сіздер жасайтын төлемдер өз мақсаты бойынша жұмсалуда. Сондықтан барлығын дұрыс таразылап, бағаның өсуіне жоғарыда аталған жайттардың себеп болып отырғанын түсіністікпен қабылдап аларсыздар деп үміттенеміз 🙌.

☝️Міндетті түрде атап өтетін жайт: ҰБТ-ға қатысу/қатыспау тестіленушінің ӨЗ ЕРКІНДЕ.

🪶P.S.: Қосымша сұрақтарыңыз болса пікірге немесе Direct-ке жолдасаңыздар болады. Кері байланысқа ашықпыз!!!
@testcenterkz